Мемелекеттің инвестициялық тартымдылығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 18:03, курсовая работа

Описание работы

«Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады.» -деп атап өтілуі инвестициялардың еліміздің экономикасын дамытуға қажеттілігін көрсетеді.
2007 жылдың 9-сәуірдің Президенттік Қазақстан Жолдауында үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық - инновациялық даму бағдарламасын әзірлеген:
Инвестициялық сипаттағы тікелей мемлекеттік шығасылардың жылына орта есеппен 38 миллиард теңге (250 миллион доллар) болатынын жоспарлап отырмыз. Бұл қаражаттың едәуір бөлегі өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды жасақтау мен жаңартуға жұмсалатын болады.

Содержание

Кіріспе
3
І Мемлекеттік инвестицияның тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары
5
1.1 Инвестиция мәні мен қызметі
5


ІІ Негізгі бөлім

Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету
12
2.1 Қ. Р–ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері.
12
2.2 Бірлесім бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің инвестициялық есебі
15
2.3 Еншілес тәуелді және бірігіп бақыланатын заңды тұлғадағы инвестиция есебі
16
2.4 Қаржылық инвестиция есебі
20
2.5 Қысқа мерзімді инвестициялардағы ағымдағы құқық және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялық қайта бағалауын анықтау. Есеп беруде инвестицияны ашу және түгендеу.
23


ІІІ Қорытынды
34
3.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі инвестициялық бағыттар

IV Пайдаланған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету ж (1).doc

— 309.00 Кб (Скачать)

Деректер көзі : ҚР-сы статистика агентігі мәліметтері негізінде есептелген.

 

Бұл кестеден келтiрiлген көрсеткiштердiң өзара байланыстылығын көруге болады.

Егер, жалпы iшкi өнiм көлемi 2001 жылдан 2003 жылға дейiн төмендеу келсе, 2003-2002 жылдары жалпы iшкi өнiмнiң тұрақтануы, 2006-2008 жылдары оның өсiмiмен алмасты (106,7 және 113,1%). Осы кезеңде өнеркәсiптiк өнiм өндiрiсiнiң  көлемi бойынша дәл өзгерiстердi көруге болады.

2003-2004 жылдардағы өнеркәсiптiк өндрiсi көлемiнiң өсуi (100,5 және 101,7%), ол содан кейiнгi. 2002 жылдағы өндiрiс көлемiнiң төмендеуi (Қазақстан халық шаруышалығының Ресейдегi қаржылық және экономикалық көрiнiстерге тәуелдiлiгi әсерiнен), 2006 және 2007 жылдардағы өнеркәсiптiк өндiрiс көлемiнiң қарқынды өсуiмен ауысты (107,2 және 115%).

Экономикалық көрсеткiштер сияқты, негiзгi капиталға инвестициялардың көлемi өзгеру динамикасының сипаты ұлттық экономикадағы дағдарыстық көрiнiстерге сәйкес болды. Сондықтан да, алдыңғы жылдармен салыстырғанда инвестициялау қарқынының төмендеуi, 2003 жылы қомақты өсумен ауысты, ал 2004-2008 жылдар кезеңiнде бұл қарқын айтарлықтай жоғарылады.

Соңғы жылдары қаржылық емес активтерге бағытталған инвестициялар көлемiнiң өсуi де едәуiр. 2006 жылы кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржылық емес активтерiне 753 млрд. теңге (2004 жылы – 439 млрд. теңге, 2005 жылы – 512 млрд. теңге) бағытталды. Ал 2007 жылы 1196 млрд.теңге қаржылық емес активтерге бағытталды.

Қаржылық емесе активтерге инвестицияларға мыналар жатады: негiзгi капиталға инвестициялар, материалдық айналым құралдарының қорларын толықтыруға инвестициялар (өндiрiстiк қорлар, аяқталмаған өндiрiс, дайын өнiм, қайта сатуға арналған туарлар), құндылықтарға, өндiрiстiк емес материалдық активтер алуға (жер учаскелерi, басқа да табиғатты пайдалану объектiлерi) және өндiрiлмеген материалдық емес активтер алуға (патенттер, лицензиялар, жер учаскелерiн пайдалну құқықтары, авторлық құқықтар, ұйымдастырушылық шығындар, саула маркалары, тауар белгiлерi және т.б.)

Жылдан-жылға инвестициялардың жалпы көлемiнде негiзгi капиталға инвестициялардың үлесi артып отырғанын анық көруге болады (2003 жылы – 60,2% болса, 2007 жылы – 99,7% болады). Оның есесiне материалдық айналым құралдары қорларын толықтыруға және басқа да қаржылық активтерге жұмсалған инвестициялардың үлесi кемiп келедi (2003 жылы – 39,2% болса, 2007 жылы – 0,3% болады).

Инвестициялық басылымдықтардың өзгеруi аймақтар дамуындағы өзгерiстерге алып келедi. Негiзгi капиталға инвестициялардың көлемiнiң таралуына талдау жасасақ, отандық және шетелдiк инвесторлардың республикамыздың батыс аймақтарында орналасқан кен өндiру саласының кәсiпорындарына қызығушылық қызметтiң белсендiлiгiнiң артқандығын көруге болады. Республика бойынша негiзгi капиталға бағытталған инвестициялардың жалпы көлемiнiң 2006 жылы 26,3% Атырау облысында, 20% - Батыс Қазақстан облысында, игерiлген қаражаттың қомақты бөлiгi Астана (8,1%) және Алматы (11,5%) қалаларын дамытуға бағытталған.

2007 жылы инвестиция көлемiнiң өскенi республиканың 13 өңiрiнде байқалды. Инвестициялық қызметтiң ең қолайлы жағдайы Жамбыл (1,8 есеге), Қызылорда, Алматы, Солтүстiк Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстаныда (1,6-1,3 есеге), Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарында және Алматы қаласында (3,2%) және Оңтүстiк Қазақстан облысында (4,5%) байқалады.

Павлодар, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында өткен жылдармен салыстырғанда инвестиция көлемi төмендедi.

Негiзгi капиталға бағытталған инвестицияларды қаржылан­ды­рудың негiзгi көзi кәсiпорындар мен ұйымдардың меншiктi қаржы­лары болып табылады. 2006 жылы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң  меншiктi қаржылары 67%, ал шетелдiк инвестициялар 25% болды. Бюджеттiк қаржылар барлық инвес­тиция көлемiнiң 8 пайысы құрады.

Негiзгi капиталға инвестициялардың меншiк нысандары бойынша құрылымы  3.1- кестеде келтiрiлген.

 

2-кесте -инвестициялардың меншiк нысандары бойынша құрылымы.

Көсеткіштер

2008 ж. млн. теңге

Инвестициялардың жалпы көлемiндегi үлесi, %-бен

2008 ж.

2007 ж.

Кәсiпорындар мен ұйымдар бойынша барлығы

1193113

100,0

100,0

Соның iшiнде:

Мемлекеттiк

134944

11,3

14,5

Жеке

754336

63,2

84,3

Басқа мемлекеттер, олардың заңды ұйымдары мен азаматтары мен халықаралық ұйымдар

303833

25,5

31,2

Деректер көзі : ҚР-сы статистика агентігі мәліметтері негізінде есептелген             

Негiзгi капиталға инвестициялардың негiзгi көлемiн жеке меншiк нысандағы кәсiпорындар мен ұйымдар (63%), сондай-ақ басқа мемлекеттердiң Қазақстан аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер (26%) игерген.

Мемлекеттiк сектордың үлесi өткен жылмен салыстырғанда 3 пайыздық пунктке азайып, 11% құрады.

2008 жылы 1193 млрд. тенге негiзгi капиталға инвестициялардан өнеркәсiптiң дамуына 812,5 млрд.теңге (68%) бағытталды. Басымдық салалар – мұнай өндiру және табиғи  газ (53%), көлiк және байланыс (11%), өңдеу өнеркәсiбi (8%) және жылжымайтын мүлiкпен операциялар (6%).

2000-2008 жылдар аралығында күрделi құрылысқа бағытталған инвестицияларға талдау жасасақ, 2000-2002 жылдары бұл көрсеткiш бойынша төмендеу тенденциясы орын алды. Бiрақ 2003 жылдан бастап, инвестициялық сферада белсендiлiктiң төмендеуi тоқтатылып, инвестициялық iс-әрекеттiң өсуi байқалады. 2004-2008 жылдар аралығында күрделi құрылысқа бағытталған инвестиция­лардың көлемi 2,4 есе жоғарылады .

Күрделi құрылысқа бағытталған инвестициялар 2006 жылы 414,2 млр. теңгеден астам соманы құрап, 2005 жылғы деңгеймен салыстырғанда 38,2%-ға жоғарылады. Ал 2008 жылы бұл көрсеткiш 605 млрд.теңгенi құрады. Бұл 2007 жылмен салыстырғанда 46% артты .

3-кесте Қазақстан Республикасындағы инвестициялық құрылыс iс-әрекет көрсеткiштерiнiң өзгерiс динамикасы.

                                                                           (нақты құны бойынша, млн.теңге)

Көрсеткiштер

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

Негiзгi қорларды iске қо­су

133616

163620

331264

385356

Күрделi құрылысты ин­вес­тициялау

214493

275698

414238

604915

 

Деректер көзі : ҚР-сы статистика агентігі мәліметтері негізінде есептелген

Негiзгi капиталға бағытталған инвестициялар көлемiнiң өсуi негiзгi қорларды iске қосу көлемiнiң өсуiне алып келедi. Республикада iске қосылған негiзгi қорлардың жалпы құндық көлемi 2007 жылы 331,3 млрд.теңгенi немесе жалпы капиталды салымдар көлемiнiң 79,9% құрады (2006 жылы бұл көрсеткiш 59,3% құраған). Ал 2008 жылы iске қосылған негiзгi қорлардың жалпы құндық көлемi 385,4 млрд. теңгенi құрап отыр. Инвестициялар негiзiнен салынған қаржылардың қайтарымы мол, пайдасы жоғары өндiрiс объектiлерiне бағытталады.

Сондықтан Қазақстан Республикасында iске қосылған инвестициялау объектiлерi мыналар болды: 49 мұнай скважиналары; 450 мың тонна құрамында алтын бар руданы өңдеу комплексi; 24 мегаваттық турбиналы электростанция; жалпы ұзындығы 1356 км. құрайтын магистралды газөткiзгiштер; аэропорт.

Күрделi құрылысқа бағытталған инвестиция көлемiнiң өсуi экономика алалары бойынша таралу динамикасының өзгерiске ұшырағанын байқауға болады .

 

 

 

 

 

4-кесте-Экономика салалары бойынша күрделi құрылысты инвестициялау.

 

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

млн.тг

%

млн.тг

%

млн.тг

%

Экономика салалары бойынша барлығы:

214493

100,0

275698

100,0

414238

100,0

Соның iшiнде:

 

 

 

 

 

 

Өнеркәсiп

135460

63,2

190719

69,2

299438

72,3

Ауыл шаруашылығы

911

0,4

1414

0,5

5695

1,3

Орман шаруашылығы

11

0,0

25

0,0

179

0,0

Көлiк және байланыс

23834

11,1

21765

7,9

44031

9,8

Құрылыс

1660

0,7

1781

0,6

6760

1,6

Сауда және қоғамдық тамақтану, материалды техникалық жабдықтау және өткiзу

5460

2,5

6135

2,2

10621

2,5

Тұрғын үй құрылысы

19127

8,9

13771

5,0

22435

5,4

Басқалар

22984

13,2

40088

14,6

28484

7,1

  Деректер көзі : ҚР-сы статистика агентігі мәліметтері негізінде есептелген

2008 жылы күрделi құрылысқа бағытталған инвестициялардың жалпы көлемiнiң 72,3% немесе 299,4 млрд.теңге өнеркәсiп саласына бағытталды (2006 жылы 135,5 млрд.теңге, ал 2007 жылы 190,7 млрд.теңге бағытталды). Күрделi құрылысқа бағытталған инвести­циялардың жалпы көлемiндегi өнеркәсiптiң үлес салмағының жоғарылауы қуантарлық жағдай. Себебi экономика салаларына қарағанда, осы өнеркәсiп саласы экономикалық кризис кезiнде капиталды салымдардың жеткiлiксiздiгiнен көп зардап шектi. Ауыл шаруашылық саласына 2008 жылы 5,7 млрд.теңге жұмсалды. Бұл 2007 жыл деңгейiнен 3 еседей артық. Ал жалпы күрделi құрылысқа бағытталған инвестициялар құрылымында ауыл шаруашылығының үлесi 2008 жылы 1,3% құрады (2007 жылы - 0,5% құрады). 2000 жылы бұл көрсеткiштiң 3,4% құрағанын ескерсек, елiмiздiң азық-түлiк базасы құрайтын саладағы өндiрiстiң дамуы әлi де кенже қалыптастырылғанын байқауға болады.

Көлiк пен байланыс саласына 2008 жылы 440,3 млрд.теңге немесе жалпы инвестиция көлемiнiң 9,8% құрады, ал 2006 жылы 11,1% құрағанын ескерсек, бұл салаға көп көңiл бөлу керек екенiн көруге болады.

Металлургиялық, химиялық және мұнай-химиялық өнеркәсiп, машина жасау сияқты сратегиялық маңызы бар салаларды қарастыратын болса, бұл салалар кәсiпорындарында қаражаттар негiзiнен техникалық қайта құру және жарақаттандыруға бағытталған.

 

2.4 Қаржылық инвестиция есебі

 

Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік түрде болады.

    Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.

    Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорынның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әр түрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына делдалдық жасайды.

   Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.

     Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу болады. Портфель - бұл әр түрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп жинақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе әр түрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жинақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.

Информация о работе Мемелекеттің инвестициялық тартымдылығы