Инвестицияны қаржыландыру және несиелендіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 17:59, курсовая работа

Описание работы

Лизинг бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында маңызы бар инвестициялық саясаттың құралы болып табылады. Лизингті дамытудың өзектілігі қазіргі кезде отандық кәсіпорындарды қаржыландырудың балама көзіне айналуымен сипатталады. Сондықтан да бұл қызмет түрі өзінің экономикалық табиғаты жағынан ұлттық экономикамыздың сауығуына және әрі қарай өркендеуіне үлкен үлес қосатын, ал екінші жағынан халықаралық деңгейде отандық өндірушілердің шетелдік серіктестермен жаңа байланыстар орнатуға, оны нығайтуға ықпал ететін қаржылық қызмет түріне жатады.

Содержание

Кіріспе 3
1 Инвестициялық қаржыландырудың орта мерзімді лизинг қолданылуының теориялық аспектілері 6
1.1 Инвестициялық лизнгтің мән-магынасы, тірлері және қайнар көздері 6
1.2 Инвестициялық лизингтік артықшылықтары мен кемшіліктері 10
1.3 Қазақстан Республикасының лизингтік инвестицияның дамуы 13
2 Тәжірибелік бөлім 17
Қорытынды 31
Пайдаланған әдебиеттер 33

Работа содержит 1 файл

курсовая по инвестиция-ПОЛНАЯ.docx

— 89.75 Кб (Скачать)

Лизингтік келісім-шартының мерзімі аяқталмағаннан кейін лизинг алушы мәміле аяқталғаннан кейін  лизинг алушы мәміле объектісін қалдық (нарықтық емес) құны бойынша сатып  алуға болады; аз уақытқа және жеңілдік мөлшерлемесін жаңа келісімге отыру; лизингтік компанияға мәміле  объектісін қайтару. Өзінің шешімін лизинг алушы  лизинг берушіге хабарлауы керек. Егер келісімде мәміле пәнін  сатып  алу (опцион) қарастырылса, онда тараптар лизингке берілетін объенктінің  қалдық құнын алдын ала анықтайды.

Жедел лизинг -  лизинг берушінің  объектіні сатып алумен және ұстаумен бацланысты шығындар бір келесім-шарт бойында лизингтік төлемдермен  жабылмаған жал қатынастары. Мұндай лизинг түрі 2-5 жылдарға келісімге отырады. Жылдам лизингте объектінің сыну немесе жоғалту тәуекелі лизинг берушінің  мойында. Шығындардың қайтарылу  кепілдемесінің жоқтығынан, лизингтік  төлемдердің қаржылық лизингке қараганда  жоғары сипатқа ие. Жылдам лизингтік  келісім-шартының аяқталуы кезінде  лизинг алушыда келесідей құқықтық таңдау бар: тиімді шартымен келісім-шартты ұзарту, лизинг берушіне мүлікті қайтару, келісім-шарт (опцион) болған жағдайда лизинг берушіден нарықтық құны бойынша  мүлікті сатып алу.

Лизинг жүргізілетін нарықтың секторына баланысты келесідей  жіктелім сипат алады:

  • ішкі лизинг – мәміленің барлық қатысушылары бір мемлекеттен болғанда;
  • сыртқы (халықаралық) лизинг- мәміленің кем  дегенде бір қатысушысы басқа мемлекеттен болғанда. Бұл лизинг түріне сондай-ақ бір қатысушы (не лизинг беруші, не лизинг алушы) өз қызметін шетелдік фирмасын жүргізгенде және біріккен капиталды иемдегенде де жатқызылады. Өз кезегінде сыртқы лизинг импорттық және экспорттық түрлері ажыратылады. Лизинг беруші шетелден болса, онда бұл импорттық лизинг. Ал лизинг алушы шетел компаниясы болғанда бұл экспорттық лизингке жатқызылады.

 

 

1.2Инвестициялық лизингтік артықшылықтары мен кемшіліктері

 

Активке меншік құқығы және активті пацдалану құқығының  бөлінуі – лизингтік оперцияның  келесідей элементтерін қамтитынын сипаттайды:  несие, жал және инвсетициялар. Лизинг юасқа қаржыландыру формаларына салыстырғанда бірқатар артықшылықтар бар екенін дәлелдейді. Әдебиеттерде көрсетілген лизингтің артықшылақтары жөнінде пікір-талас бар. Төменде әдебиеттерде сипатталған артықшылар тізімі келтірілген.

Жал алушылар үшін лизингтің  артықшылықтары.

Лизинг 100 % қаржыландыруды қарастырады және борыштың барлық сомасын тез қайтаруы талап етпейді.

Жал қардылық активтер қажеттілігіне  сәйкес жал алушының қаржыландыруын қамтамасыз етеді. Бұл әсіресе кішігірім  қарыз алушылар үшін тиімді. Себебі, олар ірі компаниялар сияқты несие  арқылы қаржыландыру ыңғайсыз, икемсіз. Лизингтік келісім жал алушының ерекшеліктері ескеріле отырып жасалуы  мүмкін.

Көптеген жал алушыларда ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлары бар.  Олар жоспарды орвндау бойы қаржылық мүмкіндіктері шектелген. Лизинг осындай  шектеулерді жеңуге көмектесе отырып, инвестициялық пен қаржылық жоспарлауда жоғары жылдамдықпен жүргізуге мүмкіндіктер береді.

Лизинг кезінде активтерді иемдену мен қаржыландыру сұрақтары  бірге шешіледі.

Лизинг арқылы активтерді иемдену кезінде лизинг алушы (қаржыландырудың  алтын ережесін» орындайды. Ережеге  сәйкес, қаржыландыру активті қолдану  мерзімі бойы жүргізілу қажеттілігін анықтайды. Егер активті сатып алса, онда қарыз капиталы қолданылады. Ал бұл активтің жойылу мерзіміне қараганда  қарызды жылдам өтеуді талап етеді.

Лизинг жал алушының шешім  қабылдауының икемділігі жоғарылайды. Өз кезегінде сатып алу кезінде  тек бір балама шешім – «сатып алмау» бар. Ал лизинг кезінде таңдау нұсқалары бар. Әр түрлі шарттағы лизингтік келесім-шарттардың ішінен жал алушы оның қажеттілігіне  және мүмкіншілігіне сай болатын  нұсқаны таңдай алады.

Лизингтік төлемдер бекітілген кесте бойынша жүргізілгендіктен, жал алушы мүмкіндіктері  жоғарлайды – капитал жұмсалымын қаржыландыруға шығандарды және өнімді өткізуден түскен түсімдерді үйлестіруін бақылау, қаржылық жоспарлардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Активтерді сатып алу  үшін қарызды алуға қарағанда, сол  мүлікті лизинг келісім-шарты арқылы алу ыңғайлы.

Активтерді сатып алуға  қарағанда, лизингі пайдалану кезінде  жал алушыда өндірістік қуатты қолдануы жоғары болады. Уақытша бос қаржылық ресурстарды басқа мақсаттарға  жұмсауға бағвттары бар.

Лизинг ұзақ уақыт бойы өндірістің өнімін өткізу құралыболғандықтан, мемлекеттік саясат лизингтік операцияларды  қолдауға және дамытуға бағытталады.

Төмен табыстылықтың сипат  алуы кезінде жал алушы қайтарымды лизингті қолдануына болады. Қайтарымды лизинг пайдаға салық салу кезінде  бірқатар салықтық жеңілдіктерден тұрады;

Лизинг қомақты қаржылық ресуртсы жоқ жал алушыға жаңа жобаны бастауға мүмкіндік береді.

Келісім-шарттың аяқталуынан  кейін лизинг пәнәнің жоғары жою  құнын алу мүмкіндігі жал алушылардың  лизингке қатысудың шешуші факторы  болып есептеледі.

Жоғарыда аталғандармен  қатар жал алушыда жалға алатын мүлікті есепке алғанда келесідей  артықшылықтар болады. Атап айтқанда:

  • жал алушы төлейтін лизингтік төлемдер өзіндік құнда ескеріледі, яғни оны төлеу үшін қаражаттар пайда салынатын салыққа дейін қалыптасады;
  • жал алушының балансында лизинг борышты жоғарлатпайды және меншік пен қарыздық қаражаттардың қатынысына араласпайды. Осыған сәйкес, қосымша қарызды тарту бойынша мүмкіндіктерді төмендетпейді;
  • лизингтік мүліктің есебі мен амортизациясы лизинг берушінің балансында жүргізіледі. Лизингтің мерзімі лизинг пәнін амортизациялау кезеңіне сай келеді, бірақ лизингтік келісім-шарт мерзімі төмен болады. Лизинг мерзімі жоғары болған сайын, соғұрлым мүлікті жою және оны ары қарай қолдану шарттары жоғары болады.

Лизингтік компаниялар үшін лизингтің артықшылықтары:

  • лизингке берілген мүліктің меншік құқығына салықтық жеңілдіктер беріледі;
  • лизингке берілген мүлік лизинг беруші меншігінде қалғандықтан, лизинг беруші осы мүлікті өндірістік емес мақсаттарда (мысалға, несие ресурстарын қайтарудың қосымша ққамтамасыз ету кепіл ретінде) қолдануға мүмкіндігі бар;
  • жылдам амортизациясынан кейін лизинг пәнәнің жоғары жою құнының болуы. Лизинг пәнәнің ауқымды бөлігі қайтарылуы жоғарғы пайдаға әкелуі мүмкін;
  • лизинг беруші тарапынан саиушыға лизинг пәнін сатуға көмектесу. Осындай келісімдерге сәйкес, лизинг беруші атынан сатушы клиенттерге лизинг арқылы өз өнімнің жеткізілімін қаржыландыруға ұсыныс береді;
  • мүлік формасындағы инвестициялар ақша несиесіне қарағанда қаражаттардың қайтарылмау тәуекелін төмендетеді, себебі, лизинг беруші лизингке берілген мүлік меншігін құқығын сақтайды;
  • лизингтік операцияларды дайындау мен жүргізу кезінде негізгі рөлді лизинг берушіде болады. Аталған қызмет құны лизинг берушінің комиссиялық сыйақысында улкен бөлігін алады;
  • лизинг беруші өз қызметін жалғастыру мен кеңейту үшін қосымша қаржылық ресурстарды табу мүмкіндігін береді;
  • лизинг қаржылық ресурстарды материалдық активтерді сатып алуға тікелей бағыттайды, осыдан несие қаражаттарының мақсатсыз қолдану мәселесін шешеді;
  • лизинг арқылы өндірістік құралдарға инвестициялау лизинг бойынша міндеттемелерді  жабатын табыстарды генерациялау, табысты жинауға көмектеседі.

Лизингтік мүлікті сатушы үшін лизингтің артықшылықтары:

  • лизинг пәнінің сатышысы өз өнімін өткізудің қосымша мүмкіндігін алады;
  • сатушы үшін мәміле тәуекелі төмен, себебі лизинг беруші лизингтік төлемдер арқылы мүлік құнын қайтару тәуекелін өзіне алады.

Лизингтік операцияларға  қатынасатын банктер үшін келесідей  артықшылықтар бар:

Ең біріншіден, мәміле құнын  төмендетуге әкелетін салықтық артықшылықтардың болуы. Осы фактор мемлекеттерде  лизингтің дамуына үлес қосты. Мәміле құнының төмендеуі – жобаны жүзеге асырудың ықтималдылығын жоғарлатуға  мүмкіндік береді, қарыз алушылар үшін борыш ауыртпалығын төмендетеді, ұсынылған қарыздардың сапасын  жоғалатады.

Лизинг – біздің еліміз үшін қаржыландырудың жаңа түрі. Лизинг ұйымдарға (банк клиенттеріне) айналым  қаражаттарынан ақша ресурстарын алмай, өндірістің қайта ұ»ымдастыруына көмектеседі.

Жал алушының мемлекетті үшін лизингтің артықшылықтары:

  • лизинг қаржыландыру көздері арасында бәсекелестікті жоғарлатады;
  • лизинг капитал жұмсалым деңгейін жоғарылатады;
  • лизингтік мәмілелер сомасы ұлттық берешекті есептеуде ескерілмейді, яғни жекелей мемлекеттер үшін Халықаралық валюта қоры бекіткен неселік берешек лимитінен асыруға мүмкіндік бар.

Артықшылықтармен қатар, лизингте бірқатар кемшіліктер бар. Ұзақ мерзімді несиеге қарағанда  қатысцшылар санының көп болуына  байланысты лизинг ұйымдастырудың күрделілігімен сипатталады.

Жал беруші үшін лищинг келесідей  кемшіліктер беруі мүмкін:

  • моральдік тозуға (ҒТП-тің садарынан ескеруі) қарамастан, қаржылық лизинг кезінде жал төлемдері келісім-шарттың аяқталуына дейін тоқтатылмайды;
  • жал алушы мүліктің қалдық құнының жоғарлануынан ұтпайды;
  • салықтың негізге негізделген қайтарымды халықаралық лизинг беруші мемлекет үшін шығынға ұшыратады;
  • халықаралық мульти валюталық лизингтік мәмілелерді жүргізуде валюталық тәуекелдің толық кепілдеменің жоқтығы.

Негізгі артықшылықтары мен  кемшіліктерін қарастыра отырып, лизингті инвестицияның тиімді формасы  деп тұжырымдауға болады.

 

 

1.3 Қазақстан Республикасының лизингтік инвестицияның дамуы

 

Барлық кәсіпорындар инвестициялық  қызметпен байланысты болғандықтан, жобаны іске асыру бірқатар факторлардың әсерінен қиындауы мүмкін: инчестиция түрі, инвестициялық жоба құны, жетімді  жобаның көп болуы, қаржылық ресурстардың жеткіліксіздігі, шешімді қабылдаумен  байланысты тәуекелдер. Сондықтан да инвестицияны қаржыландыру көздері  туралы шешімді қабылдау жобаның  болжаулы табыстылығына ғана байланысты емес, сондай-ақ ол абсолюттік пен қатысты  сипаттағы шектеулепмен байланысты болады.

Жеке кәсіпорындар үшін инвестицияны қаржыландырудың негізгі көздері  ретінде кәсіпорынның меншік қаражаттары мен тартылған қаржылық ресурстар болады. Абсолюттік шектеулер ретінде:

  • кәсіпорынның меншік қаражатының жоқтығы және жетіспеушілігі;
  • кісіпорынның жағымсыз қаржылық жағдайы салдарынан несиелік қаражаттарды беруден бас тарту;
  • қор нарығында акция бағамының кенеттен түсуі;

Осыған орай, Қазақстанға  отандық кәсіпорындар үшін инвестициялардың қол жетерлігі кәсіпорын-қарыз  алушының қаржылық жағдайында байланысты.

Елдің стратегиялық маңызды  инвестициялық жобалары үшін абсолюттік шектеулер экономика, сала ауқымында  қаржылық ресурстардың бар болуы (жоқтығы) анықталады. Қазақстанда инвестициялық  жобаларды ұлтты даму институттары , ұлттық компаниялар және басқа  заңды тұлғалар қаржыландырады. Олар «Самұрық-Қызына» ұлттық әл-ауқат  қор АҚ құрамына жатады. Олар: «Қазақстанның даму  банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестицялық қоры» АҚ, «Даму» кәсіпкерліктің даму қоры АҚ, «Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөнінде мемлекеттік сақтандыру корпорация» АҚ, «Самрук Инвест» ЖШС, «Самрұқ-Қазына Контракт» ЖШС және т.б. Қордың және компаниялардың негізгі бағыты ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауы, Қазақстан республикасының Индрустриялық-инновациялық  дамуының 2003-2012 жылдарға арналған стратегиясы, «Қазақстанның 30 көшбасшылар» бағдарламасы тұсында ұлттық экономиканы жаңарту және әртараптандыру болып табылады.

ҚР-да лизингтік қатынастарды құру қағидаларын толық қалыптастыруға жауап беретін құқықтық реттеу тетіктерін жасау және оларды нақты қолданысқа енгізу керек . Бұл жерде ең алдымен , « қаржылық лизинг » түсінігінен  белгілі бір ерекшеліктері бар  « оперативті лизинг » деп аталатын жаңа тетікті қолдануға өту үшін қажетті құқықтық базаны қалыптастыру керектігі айта кеткен жөн. Себебі , шетелдік тәжірибе көрсетіп оырғандай  кейбір объектілерді әсіресе , құрылысты  жүргізуге қажетті құрылғыларды оперативті лизинг негізінде пайдалану  қаржылық лизинг қарағанда неғұрлым тиімді болып келеді.Сондықтан да қазіргі кезде лизингтік қатынастарды оперативті лизинг арқылы дамытуға көп  көңіл бөліну керек.Осы мақсат үшін оперативті лизинг тетіктерін пайдалану  қағидалары мен тәртіптерін түсіндіретін және реттейтін заңнамалық актілер  қабылдау қажет.

Информация о работе Инвестицияны қаржыландыру және несиелендіру