Инвестициялық жобаны экономикалық дәлелдеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 18:15, курсовая работа

Описание работы

Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Талдаудың осы түрі инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны талдаудың алдан ала кезеңінің мазмұнын құрайды.
Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:
жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау;
жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;
жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3

1 Инвестициялық жобалардың теориялық негіздері
1.1 Инвестициялық жобаның түсінігі,түрлері...........................................................5
1.2 Инвестициялық жобаларды талдау формалары.................................................9
1.3 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері...................................................15

2 Инвестициялық жобаны экономикалық дәлелдеу
2.1 Инвестициялық жобаның экономикалық мәні және оның мәселелері........22
2.2 Инвестициялық жобаны экономикалық талдау................................................27
2.3 Инвестициялық жобаны техникалық талдау.....................................................29

Қорытынды................................................................................................................31

Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................

Работа содержит 1 файл

Жузя курсавой.doc

— 268.50 Кб (Скачать)

Болашақтағы инвестициядан  түсетін табыстың ағымдық құны мынадай  факторларға тәуелді болып келеді: а) ақша қаражаттарының ағылуы мен кері ағылулары арасындағы уақыттың алшақтығымен; б) қажет пайыздық мөлшерлемесі немесе дисконты; в) күрделі қаржыны бөлу барысында есептелетін тәуекелділіктің деңгейі. Егер жоба алғашқы рет қаржыландырылып отырса, онда ондағы тәуекелділіктің деңгейі де жоғары болады. Демек, ағымдағы бірлік құнының пайдалануы, оның әр түрлі уақыт кезегіндігіне және іске асатын жобалардың, нәтижелер мен шығындарының бір қалыптылығына байланысты.

 

 

2.3 Инвестициялық  жобаны техникалық талдау

 

Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:

  • жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау;
  • жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;
  • жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру;

Техникалық талдауды, әдетте, кәсіпорынның жеке сарапшылар тобы арнайы мамандарды шақыру арқылы жүргізеді. Техникалық талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады. Сонымен қатар келесі критерийлерді басшылыққа алу керек:

1) технология  өзін алдын ала жақсы жағынан көрсетуі тиіс, яғни стандартты болу керек;

2) технология импорттық қондырғылар мен шикізаттарға бағытталмауы керек.

Егер өз технологиясын  қолдану мүмкін болмаса, онда төмендегі схемалардың бірі бойынша біреуімен шетелдік технология мен қондырғыларды тарту мүмкіндігіне талдау жүргізіледі:

  • шетел фирмасымен бірлескен кәсіпорын – бөлшектеп инвестицияландыру және барлық технологиялармен қамтамасыз ету;
  • технологиялық «ноу-хауды» іске асыратын жаңа қондырғыны сатып алу;
  • «Turn-kеу» - қондырғы сатып алу, зауыт салу, технологиялық процесті қалыптастыру;
  • «Рrоduct-in-hand» - «turn-kеу» + кәсіпорынның қажетті дайын өнім шығарғанға дейін персоналды оқыту;
  • өндіріс үшін лицензиялар сатып алу;
  • шетелдік технолог тарапынан техникалық көмек. Технология   таңдау    ережесі    кейбір  альтернативті   технологияларды кешендік талдауды және қандай да бір агрегатталған критерийдің негізінде жақсы вариантты таңдауды қарастырады.

Альтернативті технологиялардың ішінен таңдаудың негізгі факторлары технологияны қолдануының келесі аспектілеріне негізделеді:

  1. Сәйкес масштабтарда таңдалған технологияларды бұрынғы бойынша қолдану (нақты бір нарық үшін масштабтар аса үлкен болуы мүмкін).
  2. Шикізатқа қол жеткізушілік (потенциалды жабдықтаушылардың саны  қанша,  олардың өндірістік қуаттылығы қандай, шикізаттың  сапасы,   шикізатты  басқа тұтынушылардың  саны қанша, шикізаттың құны, жеткізудің әдісі мен құны, қоршаған ортаға қатысты тәуекелі).
  3. Коммуникациялар мен коммуналды қызметтер.
  4. Технологияларды сатып отырған ұйымның патенті мен лицензиясы бар екендігіне көз жеткізу керек.
  5. Ең болмағанда технологияны сатушының өндіріспен серіктесе жүруі.
  6. Технологияның жергілікті жағдайларына бейімделуі (температура, ылғалдылық, т.с.с.).
  7. Жүктемелік фактор (пайыз түрінде номиналды қуаттылықтан жобаның жағдайларымен) және толық өнімділікке сәйкес, тұрақты жағдайына шығу үшін уақыттың керектігі.
  8. Экология мен қауіпсіздік.
  9. Капиталдық және өндірістік шығындары.

Жалпыланған критерий мына формула бойынша есептеледі:

G ω= ω1 G1 + ω2 G2+...+ ωn Gn ,

мұндағы ω – жеке критерийдің салмағы, Gk – жеке критерийдің шамасы.

Критерийдің жоғарғы мәніне ие техникалық жоба ең жақсысы болып саналады. Қарастырған мысалымызда А және  D техникалық баламалары бірдей дерлік, бірақ D басымырақ.

 

 

 

                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

     

       Қорыта келе, мен осы курстық жұмысымды жаза келе инвестициялық жобалардың тиімділігі қалай анықталады және осы процесс қалай жүргізіледі туралы жазып кеттім. Жалпы алғанда, егер инвестициялық жоба өте нақты анықталып бағаланса, онда оның экономикаға әкелетін әсері жағымды болады. Сонымен қатар, осы инвестициялық жобаны әзірлеуші тұлға белгілі бір қаражаттар сомасын сала отырып, болашақта өз пайдасын екі немесе одан да көп мөлшерде ұлғайтуы мүмкін.

     Инвестициялық жобаны бағалаудың көптеген әдістері бар және олардың әр қайсысының өзіне тән ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Яғни инвестор белгілі бір жобаны бағалау кезінде нарықтық, саяси, экологиялық, әлеуметтік және тағы басқа факторларды ескере отырып, өзіне сәйкес келетін бағалау әдістерін қолдануы тиіс.

     Қазіргі таңда көптеген инвестициялық жобалар әлі қабылданбаған, олар көбінесе химиялық, металлургия, құрылыс материалдары өндірісіндегі жобалар болып табылады. Менің ойымша бұндай жобаларды мемлекет тарапынан жартылай болса да, қолдап және қаржыландырылуы керек.   Өйткені бұл жобалар, біздің экономикамызды әрі қарай дамытады және халық тауарларына сұраныс көбейеді.

     Инновациялық  процестің біреуінен екіншісіне  өтуі белгілі бір қосымша, делдалдық  жүйе керек. Бұндай жүйе өзіндік  қасиеттері мен механизмдері  бар жаңалықтар нарығын құрайды.  Бұндай нарықтың қасиеті - "субьектік  ақпараттанудың " мүмкіншілігі болып  табылады. Жаңалықтар нарығындағы сұраныс пен ұсынысын жорамалау өзінің қиындығынан, инновациялық процестердің тұрақсыздығынан қиындау болып табылады. Сол уақытта да, өнімді өндірушілердің арасындағы тез қалыптасып жатқан бәсекелестіктің себебінен техника мен технологиялардың, өнімдердің жаңаруының жылдамдығы ұлғаяды. Өндірістің қайтадан құрылуы мен өзгеріп жатқан жағдайларға үйренуі жаңалық енгізу тәжірибелілігіне, кәсіпкердің бизнеске көзқарасына байлаысты. Жаңалытардың құны мен бағасы белгілі бір өндірістің экономикалық көрсеткіштік факторларына байланысты қалыптасады. Инновацияның стратегиясы нарықтық коньюнктурасына, кәсіпкерліктің эконимикалық көрсеткіштері мен әлеуметтік қорытындының бағаларынан туындайды.      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізім:

 

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24.12.04ж. №1383 қаулысы.

2. Әлжанова . Инвестициялық жобалау.

3. Стоянова Е.С. «Финансовый менеджмент», Москва; Преспектива, 2005г.

4. Мир финансов. «Инвестиционные проекты и их оценка» №7, №8,        №9. 2006г.

5. Web-сайт: www.ifk.kz

6. Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық  жобалау. – Алматы: Заң әдебиеті, 2007.- 160 б.

7. Дүйсенбаев К.Ш. ж.б.     Кәсіпорынның қаржылық жағдайын            талдау: Оқу құралы / Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г.- Алматы: Экономика, 2001.- 330 б.

8. Зейнелғабдин А.     Экономиканың нақты секторын  қабылдау// Егемен Қазақстан.- 2002.- 6 сәуір.- Б.2

9. Қазақстан: Ұлттық  энциклопедия.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2004.- 696 б. 

10. Қаржы-экономикалық  сөздік / Ред. Басқарған Ә. Әбішев. – Алматы: Экономика, 2007. – 720 б. 

11. Сәбден О., Тоқсанбай  С. Р. Қаржы – экономика сөздігі  . – Алматы: Зияткер, 2007 – 640 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Инвестициялық жобаны экономикалық дәлелдеу