Инвестициялық жобаны экономикалық дәлелдеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 18:15, курсовая работа

Описание работы

Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Талдаудың осы түрі инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны талдаудың алдан ала кезеңінің мазмұнын құрайды.
Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:
жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау;
жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;
жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3

1 Инвестициялық жобалардың теориялық негіздері
1.1 Инвестициялық жобаның түсінігі,түрлері...........................................................5
1.2 Инвестициялық жобаларды талдау формалары.................................................9
1.3 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері...................................................15

2 Инвестициялық жобаны экономикалық дәлелдеу
2.1 Инвестициялық жобаның экономикалық мәні және оның мәселелері........22
2.2 Инвестициялық жобаны экономикалық талдау................................................27
2.3 Инвестициялық жобаны техникалық талдау.....................................................29

Қорытынды................................................................................................................31

Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................

Работа содержит 1 файл

Жузя курсавой.doc

— 268.50 Кб (Скачать)

    Жобаны дайындау - жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген нақты шешімді қабылдауға болғанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында – коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалдық және тағы басқа – оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады.

Жобаны сараптау - жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы – жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілу қажет. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын (несиелік, тікелей) болса, онда инвестордың өзі сараптама жүргізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшаның көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшаның кейбір бөлігін жұмсауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.

     Жобаны  жүзеге асыру - бұл кезең бизнес-идеяның дамуынан бастап, жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді.

Нәтижелерді бағалау - бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрінің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады.

    Шетелдік тәжірибеде кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері төменде келтірілген:

    Тұрақты масштабтағы  бизнестің табиғи жалғасуы ретінде  ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте, осыған ұқсас жобалар  ұзақ және күрделі дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етеді.

    Ағымдағы өндірістік  шығындарды азайту мақсатында  қондырғыларды ауыстыру. Осындай  жобалардың мақсаты – жұмыс  істеп жатқан қондырғының орнына  неғұрлым жетілгенін қолдану.

     Өнім шығаруды  арттыру және қызмет көрсету  нарығын кеңейту. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді.

    Жаңа өнім  шығару мақсатында кәсіпорынды  кеңейту. Жобалардың бұл түрі  жаңа стратегиялық шешімдердің  нәтижесі болып табылады және  бизнестің мәнінің өзгерісін  қозғауы мүмкін. Жобалардың осы түрлерін әзірлеген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап өткен жөн.

     Экологиялық  жүгі бар жобалар. Экологиялық  жүгі бар жобалар өздерінің  табиғаты бойынша қоршаған ортаны  ластауымен әрқашан байланысты болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша қиын болып табылады.

Шешім қабылдаудағы маңыздылығы  аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және тағы басқаларды қамтиды.

      Жобаның  көп түрлiлiгiне қapaмaстaн, оларды талдау әдетте кейбiр жалпы сызбаға сәйкес келедi, ол жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және институционалдық орындалуын бaғалайтын арнайы бөлiмшелерден тұрады. Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелдi талдаумен аяқталуы керек. Сызбада қолданылатын «жоба қабылданбайды» резолюциясы шарттық сипаттa болатынын атап өткен жөн. Шыңдығында да жоба бастапқы қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түpi,  мысалы, оның техникалық орындалмауы жағынан өзгеруi мүмкiн және жаңартылған жобаны талдау басынан басталуы керек.

    Жобаны алдын-ала  әзірлеу және талдау кезеңі: Болашақ инвестициялық жобаның бизнес-идеясын тұжырымдаған соң,бұл идеяны кәсіпорын іс жүзінде іске асыра алады ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның қарасты экономика саласын анализдеу қажет.  Мұндай анализ инвестициялық жобаны алдын-ала әзірлеу және анализдеу мазмұнын құрайды. Батыс елдерінің практикасында келесі критерийлерді қолданады:

- саланың кемелділігі;

- кәсіпорынның бәсекеге  қабілеттілігі (оның нарықтағы  орны).

Жобаны алдын-ала анализдеу  кезеңінің соңғы нәтижесі - көрсетілген  критерийлер бойынша нақты кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып табылады, яғни, кәсіпорынның қалыптамадағы нақты  орнын көрсету.

Алдын-ала анализдеу  кезеңі аса ұзақ болмауы тиіс, ал нәтижелер оның алдындағы кезеңде  шығарылады да, сапалы бағаларда негізделеді.  Бұл кезең кем дегенде мына екі себептермен қажет:

- стратегиялық инвестормен  ары қарай жұмыс істегенде  саланың кемелдігі және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселелер міндетті түрде қарастырылады, сондықтан оған алдын-ала дайын болу қажет;

- егер кәсіпорын менеджерлері  анализдеуді қолға алмаса, оны  стратегиялық инвестордың өзі  жасайды, ал оның нәтижелері қолайлы болмауы мүмкін.

 

1.2 Инвестициялық жобаны талдау формалары

 

       Жобаның  коммерциялық орындалуын бағалау  - инвестиция алдындағы зерттеу  жүргізуде қорытынды звеносы.  Ол барлық өткен этаптардан  алынған және талдаудан өткен  ақпараттарға негізделуі керек. Коммерциялық бағалау инвестициялық жобаның интегралдық жағдайын көрсетуі қажет.

       Жобалар  қазіргі нарықта іске асырылатындықтан, жобада оның сипаттамасы көрсетілуі  тиіс. Маркетингтік талдау сондай-ақ  өзінде тұтынушылар мен бәсекелестердің талдауын қамтуы тиіс. Тұтынушылар талдауы  тұтынушылар қажеттіліктер, нарықтың патенциальді сегментін және сатып алу үрдісінің сипаттамасын анықтауы тиіс. Бұл үшін жобаны әзірлеуші нарықты жан-жақты зерттеп, нарықтық құрылым және оған әсер етуші институциональді шектеулер аумағында  негізгі бәсекелестердіталдайды. Маркетингтік талдау нәтижесінде маркетингтік жоспар әзірленеді.  Онда өнімді әзірлеу, бағалау оны базарға өткізу және пайдалану стратегиялары көрсетіледі. Бұл «маркетингтік қоспа» элементтері бірігіп, өнімнің нарықтағы қолайлы бәсекелестік жағдайын қамтамасыз етеуі керек. Маркетингтік жоспар кәсіпорындағы басқа өнімдердің болуын, сондай-ақ жұмыстың ұйымдастырушылық, қаржы, өндірістік және қамту аспектілерін ескеруі тиіс. Маркетингтік жоспар аумағында бәсекелестер реакциясын және оның жоспарының ары қарай орындалуына әсерін мүмкіндігінше болжай алу керек.

     Маркетингтік  жоспарға сондай-ақ сұранысты  болжау да енеді. Инвестициялық  жоспардың әзірленуі бойынша  болжаудың анықтығын тексереді  және алынған нәтижені қалаған нақтылықпен салыстырады. Шешімді қабылдау үрдісі анықталмағандық жағдайда жүзеге асса да, дұрыс болжау осы анықталмағандықтың дәрежесін төмендете алады.

     Инвестициялық  жоспардың барлық маркетингтік  аспектілерін қарастыру мүмкін  еместігін түсіне отырып, маркетингтің негізгі түсінікті бөлімдерін анықтап көрейік. Маркетингтің барлық сұрақтарының толық тұйықталуы келесі блоктарды атап көрсетуге мүмкіндік береді: нарық анализі, бәсекелестік орта анализі, өнімнің маркетингтік жоспарын әзірлеу. Алдыңғы бөлімге қолданылатын ақпараттың растығы қажетті шарт екендігін ескеру қажет.

      Көп  жағдайда кәсіпорында нашар маркетингтік  талдау жіберілгендіктен, ол кәсіпорын  алып-сату операцияларға көптеген  қаражат жұмсайды, ол әрине қалаған  пайда келтірмейді.

       Техникалық талдау - инвестициялық жобаны техникалық талдау мiндетiне мыналар жатады:

- Жоба мақсаттарының  көзқарастарына неғұрлым сәйкес  келетін технологияларды анықтау;

-  Жергiлiктi жaғдайларды  талдау, оның iшiнде шикiзатқа, энергияға, жұмыс күшiне қол жеткiзудi және оның құнын;

- Жобаның iскe асуы  мен жоспарлаудың потенциалды  мүмкіндіктерін тексеру;

      Техникалық  талдауды, әдетте, кәсiпорынның жеке  сарапшылар тобы арнайы мамандарды  шақыру арқылы жүргiзедi. Техникалық  талдаудың стандартты процедурасы қолда бар жеке технологияларды талдаудан басталады.Бұл кезде келесі критерийлерді басшылыққа алған жөн: 1) технология алдын-ала таныс, яғни, стандартты болуы тиіс;  2) Технология шет ел қондырғысы мен шикізаттарына бағытталмауы тиіс.

    Eгep өз технологиясын қолдану мүмкін болмаса, онда төмендегi схемалардың бiрi бойынша бiреуiмен шетелдiк технология мен қондырғыларды тарту мүмкiндiгiне талдау жүргiзiледi:

- шетел фирмасымен  бiрлескен кәсiпорын – бөлшектеп  инвестицияландыру және барлық  технологиялармен қамтамасыз ету;

- технологиялық «ноу-хауды» icке асыратын жаңа қондырғыны  сатып алу;

- «Turn-key» - қондырғы  сатып алу, зауыт салу, технологиялық процестi қалыптастыру;

- «Product-in-hand» - «turn-key»  + кәсiпорынның қажеттi дайын өнім  шығарғанға дейiн персоналды оқыту;

- өндiрic үшiн лицензиялар сатып алу;

шетелдiк технолог тарапынан  техникалық көмек. Технология таңдау ережесi кейбiр альтернативтi технологияларды кешендiк тaлдayды және қандай да бiр агрегаттaлған критерийдiң негiзiнде жақсы вариантты таңдауды қарастырады.

      Әлеуметтік  талдау – мақсатты жоба жоспарының  вариантын оны пайдаланушылар  үшін жарамдылығын анықтау. Талдау  жүргізу нәтижесінде жоба мен  оны пайдаланушылар арасындағы  өзара әрекет ету мүмкіншіліктерін  қамтамасыз ету.

Экологиялық талдау –  қоршаған ортаның шеккен зияндарын  бағалайды. Егер экологиялық зиян орын алатын болса, оны тоқтату үшін қандай шаралар қолданатынын қарастырады.

Қаржылық талдау - инвестициялық  жобаның бұл бөлiмiнiң көлемдi және еңбек сыйымдылығы жоғары. Бұл мәселенi түпкiлiктi қарастыруға жекелеген тараулар арналады. Қаржылық талдаудың өзара байланысты мәселелер кешенiн қарастырайық. Инвестициялық жобалаудың қаржылық бөлiмiнiң жалпы нұсқасы қарапайым тiзбекке негiзделген:

1. Кәсiпорын қызметiнiң соңғы 3 (дұрысы 5 жыл) жыл ішіндегi қаржылық жағдайына талдау жасау.

2. Инвестициялық жобаны дайындау  кезеңiндегi кәсiпорынның қаржылық жaғдайына талдау жасау.

Негiзгi өнiм өңдiрiсiнiң  залaлсыздығынына талдау жасау.

4. Инвестициялық жобаны жүзеге  асыру барысындағы пайда мен  ақша ағымдарын болжамдау.

5. Инвестициялық жобаның тиiмдiлiк  бағасы.

Кәсiпорынның бұдан бұрынғы  қызметi мен aғымдағы жағдайына қаржылық талдау жасау әдетте кәсiпорынның пайдалылығы  мен оның басқару тиiмдiлiгiн, несие қабiлеттiлiгiн, өтемпаздығын көpceтeтiн негiзгi қаржылық коэффициенттерiнiң интерпритациясы мен есептеулерiне келтiрiледi. Әдетте бұл қиындық туғызбайды. Қаржылық бөлiмде кәсiпорынның өткен жылдардағы негiзгi қаржылық есебiн беру және негiзгi көрсеткiштердi салыстыру аса қажет. Егер инвестициялық жоба батыстық стратегиялық инвесторды тарту үшiн дайындалса, онда қаржылық есептi беруiн инвесторды тартқан батыс мемлекеттің форматтарына келтiру керек.

    Жобаның қаржы  бөлiмiнiң неғұрлым жауапкершiлiгi мол бөлiгi оның и    нвестициялық бөлiгi болып табылады, ол мыналарды қамтиды:

- жоба бойынша кәсiпорынның  инвестициялық қажеттіліктерін  анықтау;

- инвестициялық қажеттiлiктердiң  қайнар көздерiн белгiлеу (және  ары қарайғы iзденiс);

- инвестициялық жобаны iскe асыру үшiн тартылған капиталдың құнын бaғалау;

- жобаның iскe асуы  есебiнен түceтiн пайда мен ақша  ағымдарын болжау;

- жоба көрсеткiштерiнiң  тиiмдiлiгiнiң бағасы;

Қаржылық талдаудың  келесі әдістері бар:

Горизонтальді талдау әдісі  – базалық мәліметтерді есеп беру мәліметтермен салыстыруға негізделеді.

Вертикальді талдау әдісі  – бірнеше көлемдік көрсеткіштерін бір көрсеткішкеқатынасын есептеу. Бұл әдіс арқылы үлес салмақ есептеледі.

 Факторлы талдау  әдісі – егер бір көрсеткіш  жеке көрсетілсе, онда сол бір көрсеткішке көбейте және бөле отырып факторлы моделінің мультипликаторын алуға болады.

     Салыстырмалы  талдау әдісі – кәсіпорынның  алатын орнын анықтауда қолданады.

     Индекстік  талдау әдісі – бұл уақыт  пен кеңістікті қарастыратын көрсеткіштін мәнін сипаттайды. Бұл талдау әдісі арқылы жалпы көрсеткіштін өзгерісіне жеке факторлардың әсер ету деңгейін анықтауға болады.

     Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын келесі түрлер  бойынша бөледі:

     Мүліктік  жағдайын бағалау – кәсіпорынның  активтері мен құрылым жағдайын сипаттайды.

     Өтімділікті  бағалау – яғни, активтік өтімділік  (ақшаға айырбасталатын      қабілеті) және баланс өтімділігі (кәсіпорынның айналым активтерін  пайдалану арқылы қысқа мерзімді  міндеттемелер бойынша есеп айырысу  қабілеттілігі)

      Қаржылық  тұрақтылығын бағалау – кәсіпорынның  өз меншігіндегі қаражаттар есебінен  қызмет ету мүмкіншілігі және  оның сыртқы факторынан тәуелсіздік  деңгейін анықтаумен сипатталады.

     Іскерлік  белсенділікті бағалау – кәсіпорынның  нәтижелігімен сипатталады.

     Рентабельділікті  бағалау – бұл пайданың шығынға,  өнім өндіру көлеміне,  актив  көлеміне, активтер құрылымына қатынасын  сипаттайды.

Экономикалық талдау - қаржылық талдаудың негiзгi cұрағы: жоба кәсiпорын иелерінің (акционерлерi) байлығын көбейте ала ма? Бұл жоғарыда көрсетiлгендей, ақша aғымдарын талдау арқылы жауап беруге болады. Экономuкалық талдау жобаның мемлекеттік (ұлттық) байлығын ұлғайтуға әсер emyін  бағалаудан тұрады. 

Информация о работе Инвестициялық жобаны экономикалық дәлелдеу