Инвестициялық жобаны экономикалық дәлелдеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 18:15, курсовая работа

Описание работы

Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек. Талдаудың осы түрі инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны талдаудың алдан ала кезеңінің мазмұнын құрайды.
Инвестициялық жобаны техникалық талдау міндетіне мыналар жатады:
жоба мақсаттарының көзқарастарына неғұрлым сәйкес келетін технологияларды анықтау;
жергілікті жағдайларды талдау, оның ішінде шикізатқа, энергияға, жұмыс күшіне қол жеткізуді және оның құнын;
жобаның іске асуы мен жоспарлаудың потенциалды мүмкіндіктерін тексеру.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3

1 Инвестициялық жобалардың теориялық негіздері
1.1 Инвестициялық жобаның түсінігі,түрлері...........................................................5
1.2 Инвестициялық жобаларды талдау формалары.................................................9
1.3 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері...................................................15

2 Инвестициялық жобаны экономикалық дәлелдеу
2.1 Инвестициялық жобаның экономикалық мәні және оның мәселелері........22
2.2 Инвестициялық жобаны экономикалық талдау................................................27
2.3 Инвестициялық жобаны техникалық талдау.....................................................29

Қорытынды................................................................................................................31

Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................

Работа содержит 1 файл

Жузя курсавой.doc

— 268.50 Кб (Скачать)

Тәжірибеде, инвестициялық  таңдаудың екі әдісі бар, онда мөлшерлеменің ең төменгі шегін  капиталдардың орташа құны бойынша  анықтаса, ал екінші әдісінде тәуекелділіктің  ең жоғарғы сатысы бойынша есептелінеді. Бұл арада, капиталдардың орташа құнын дисконттау мөлшерлемесін оның түпкілікті варианты деп есептеуге болмайды, өйткені ол нақты жағдайды толық көрсетілуі мүмкін, сондықтан да оған жиі түзетулер енгізіледі. Бүгінге дейін әлемдік дәрежеде инвестициялық жобаларды бағалау мен есептеудің „қолайлы” әдісі табылған жоқ.

Бірақта, қазіргі нарықтық экономика жағдайларында ұзақ мерзімді инвестицияларды есептеу қажеттілігі  және оған тиісті күнге артып келеді.

Сондықтан, осы мәселелер туралы экономикалық әдебиеттерде әртүрлі пікірлер бар:

Енді сол пікірлерді, біз үш жаққа біріктіреміз:

Күрделі қаржыны бөлу концепциясын бухгалтерияда пайдаланатын түсінігі қолданғанды қалайды, яғни бухгалтерлік баланс мәліметтері бойынша;

Күрделі қаржыны бөлу концепциясы кезінде, қажет түзетулерден кейін, танылуы керек деп санайды.

Инвестиция элементі ретінде активтің кез келген элементтерін қарастырған - ұлғайтылған тұжырымдаманы  пайдаланғанды қалайды.

Бірінші топтағы ұғым бойынша таза инвестициясы болып, негізгі құралдарға жұмсалатын (жұмсалған) және баланстың активінде көрініс тапқан (материалдық, материалдық емес, қаржылық) күрделі қаржының өзгерісі бойынша анықталады. Оның басымдылығы, тек пайдаланыуында ғана, бірақ осыған қарамастан осы бойынша инвестицияны санайды.

Ал түзетулерден кейін  қолданатын күрделі қаржы тұжырымдамасының, басты 2 кемшіліктері бар, атап айтсақ:

    • біріншіден, бухгалтерия есебінде тек ГИС-нің меншігіндегі

инвестицияларды ескереді;

    • екіншіден, бухгалтерия есебінде материалдық емес активтерді инвестиция ретінде ескерілмейді, себебі оның есебінде көптеген дүдәмалдылықтың бар екендігі анық.

Мұндай жағдайда, талдаушылар  күрделі қаржы қатарына жалға  алынған негізгі құралдарды (лизинг бойынша) және материалдық емес активтердің  амортизацияланбаған шығындарын активтерге қосу арқылы түзетулер енгізеді. Тек осындай түзетулерден кейін таза инвестициялар деңгейі анықталады.

Талдаушылардың аз ғана тобы ұлғайтылған тұжырымдаманы  пайдаланады, бұл тұжырымдамаға  сәйкес активтің (капиталдың) барлық элементтері (кейде пассивтері де) субъектінің табыстылығын анықтау үшін инвестиция ретінде қарастырылады.

Бұл анықтама негізінен  шағын кәсіпорын үшін сәйкес келетін  сияқты, өйткені инвестицияны бұндай кең мағынада қарау кәсіпорындардың  мақсатына сай келе бермейді. Олар инвестицияға салынған қаржының түрлеріне (яғни, өздерінікі немесе қарызға алынғанына), қарамастан күрделі қаржыны бөліп қарауды мақсат тұтпайды, ондағы салымдар, тек жалпы салымдар бойынша өлшенеді. Инвестицияларды, негізінен барлық инвестицияланған капиталдардың жиынтығы ретінде қарастырады. Демек, инвестицияның бухгалтерлік тұжырымдамасы тек күрделі қаржыны бөлу ғана емес, сондай-ақ, барлық активтердің жиынтығын береді. Егер бухгалтерияда әр түрлі себептер бойынша есеп мәліметтері бұрмаланбайтын болса, онда („тыңшы” ретінде немесе коммерциялық құпия ретінде), инвестицияны бағалауға бухгалтерлік есептің мәліметтерін қолдануға болар еді.

Ұлғайтатын тұжырымдаманы  қолдай отырып: инвестиция ретінде  танылмаған материалдық емес активтер мен жалға алынған құралдарды есепке алмай, тек баланста көрсетілген активтер бойынша санауға болар еді. Көптеген экономистер капиталдардың шығындарын инвестиция ретінде қарастырады. Инвестиция динамикасы (қозғалысы) активтің белгілі бір баптарының өзгерісіне тең болады.

Бұл арада „инвестицияланған  капитал” деген ұғым екі мағына береді: біріншіден, кез келген капитал: акцияға, облигацияға, басқа кәсіпорынның жарнасына (пайына) айналған түрінде, демек  ұзақ мерзімді қаржы активі ретінде  әрекет ететін, басқа кәсіпорынның пайдасынан өзіне қатысты үлестік салмағын (дивидендтің) өз кәсіпорынына әкелетін бағалы қағаз тобы жатады. Инвестицияның бұл тобы оның тар мағанада қарастырылғанын көрсетеді. Яғни, оның өнім өндірумен тікелей байланысты еместігін білдіреді.

Қазақстанның бухгалтерлік балансында инвестицияланған капиталды екі жарып көрсетеді, оның бір бөлігі ағымдық актив құрамында болса, ал екіншісі ұзақ мерзімді активтер қатарында болады. Олай болса, инвестицияланған капитал өз құрамына „Аяқталмаған құрылыс”, „Ұзақ мерзімді қаржы бөлу” (еншілес, тәуелді кәсіпорындарының пакет акцияларын, жарна үлесін алу, техниканы бөлу, ұзақ мерзімге қарыз беру және т.б.) жағдайлары жатады. Тап осы тұрғысынан инвестицияны кең көлемдегі мағынасын білдіретін сияқты.

Батыс елдерінде инвестицияның бұл түрін екіге бөледі, тікелей инвестициялау, инвестицияланған кәсіпорындарды, олар өз басқаруына және бақылауына алғандығын көрсетеді (кейде оларды майнорити деп те атайды). Ал екінші түрі, портфельдік инвестициялау, оның көлемі бүкіл акционерлік капиталдың 10%-тей құрамын құрайды, бірақ ол басқару мен бақылау құқығын бермейді.

Ал енді біз инвестицияны қаржылық – экономикалық талдау тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда ГИС қаржылық тұрақтылығын талдау үшін, инвестицияны негізгі және айнымалы капиталымен заттар, қаржылық және қаржылық емес етіп, екіге бөлудің керектігін ұсынамыз.

Енді осы айтылғандарды  басқарушы есеп тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда оның сындарлы кезеңі болып, мыналар жатады:

-инвестицияның есебін жүргізу, яғни есебін (жүргізу) шығары;

-инвестицияның бюджетін құрастыру;

-жылдар бойынша ақша – қаражаттарының ағымдарын бағалау;

-қолданыс таба алатын капиталдың шын мәніндегі бағасын анықтау, яғни оны дисконттау коэффициенті ретінде пайдалануға болатындығын көрсету;

-инвестицияның тиімділігін баяндайтын критерийлерін талдау.

Жобаны бағалау мен  талдаудың бүгінгі дейін танымал 2 әдістері бар:

а) дисконттық (динамикалық) бағалау.

б) есептік (статикалық жай) бағалау.

Аталған бағалаудың екі  категориясы да бір-бірімен тығыз  байланысты. Мәселен, статикалық категориясы (кейде әдебиеттерде оны мәселелер немесе міндеттер деп те атайды) шаруашылық субъектісінің табыстылығын (қолма-қол ақша түрінде) құрайтын қабілеттелігін көрсетсе, ал динамикалық міндеттер шаруашылық субъектісінің өз ресурстарын табыстылыққа (қолма-қол ақшаға) қаншалықты жақсы айналдыра алатындығын көрсетеді.

 Табыстың негізгі  екі қайнар көздері бар:

Біріншісі: иемденушілер – М(а)К; екіншісі қарыз берушілер – банктер және тағы басқа мекемелер (реципиенттер), сондай-ақ жеке тұлғалар. Ал шығындар негізінен үш топқа бөлінеді: жабдықтаушылар; персонал және салық қызметі. Одан басқа, шаруашылық субъектілері қолма-қол ақшаның артығын инвестициялық қажеттіліктері үшін қайта пайдалануына немесе оны резервтеріне орналастыруына немесе оны резервтеріне орналастыруына болады. Басқарушы есеп инвестициялық жобаны жұғып емес, стратегиялық мақсаттарға жету процесінде, олар біршама тексерілген өзара әрекеттерімен қамтамасыз етілген жағдайда ғана қабылданады.

Жобаны бағалаудаң оны  толық жүзеге асыруға дейінгі тұтас процесі (немесе, „тіршілік циклы”) тексеріледі және инвестицияның тиімді болуын қамтамасыз ететін тиісті есептеулер жүргізіледі. (2 сурет).

 

 

 


 

Шаруашылық субъектісі арқылы өтетін ақша қаражаттарының қозғалыс тетігі (механизмі)

  Есептеулер тек біржолы емес, сондай-ақ ағымды сипатқа ие болады. Нәтижесінде, бір жағынан, жобаның мақсатында жеткендігі тексерілсе, ал басқа жағынан – дәлдеп түзетілетінін шаралардың фактісі мен жоспарлары салыстырылады. 

Сайып келгенде, басқарушы есептің инвестициялық мәселелеріне және инвестицияның түрлеріне (нақты және қаржылық) бейімделген, ағымдағы пейімділікті бақылайтын жүйесі қалыптасады.

Жобаларды талдау және бағалау  әдістері негізінен көптеген болжамды бағалаулар мен есептеулердің пайдалығын көздейді.

Жоба уақыты созылған сайын, оның белгісіздігі және тәуекелділігі  артады, яғни оны жүзеге асырудың соңғы  жылдарында болған, ақша-қаражаттарының ағымы арқылы бақылап сынауға  болады.


 

Инвестициялық процестің  типтік сызбасы

 

Инвестициялық жобаларды бағалаудың басты критерийлері болып мыналар табылады:

Таза келтірілген эффект (Net Present Value)

И рентабельділік индексі (Protilability Index)

Табыстың ішкі нормасы (Internal Rate of Return).

Экономикалық әдебиеттерде кең таралған даулы пікірлер осы

инвестициялық жобаны бағалаудың төзірегіндешоғырланған. Инвестициялық  жобаның тартымдылығын бағалау  проблемасы оның табыстылық деңгейімен тығыз байланысты.

 

2.2 Инвестициялық жоспардың экономикалық талдау

 

      Инвестицияны  талдау барысында, онда пайда болатын барлық мәселелері аса күрделі емес математикалық функциялардың көмегімен де шешуге болады. Бұл функциялар келесідегідей мағлұматтардан тұрады: пайыздық мөлшерлеме; есептеу кезеңі; инвестициядан алынатын табыс.

     Пайыздық  мөлшерлемесі деп белгілі бір уақыт бірлігіне белгіленген (яғни, алдын-ала есептеліп қойылған) табыстың относительдік деңгейі, яғни табыстың (пайыздық ақшаның) белгілі бір уақыт мезгіліне (бірлігіне) есептелген қарыз саланың қатынасы. Инвестициядан алынатын табыстың мөлшерлемесін анықтау кезінде, оның негізгі қаржылық критерийі ретінде, күрделі пайыздық эффектісі қолданады.

     Есептеу  кезеңі – бұл уақыт интервалының, пайыздық мөлшерлемесіне ұштастырылғаны. Аналитикалық есептеуде кезеңі  ретінде, жылдық интервалы алынады.

    Инвестициядан алынатын табыс болжамдық аналитикалық есептеулердің көмегімен анықталады.

    Қарыз берушіге  несиелік келісім шарттың (борыштық  міндетеменің) мерзімі біткенге  дейін, оларға белгіленген пайыз  мөлшерлемесінде ғана төленеді, ал негізгі несиені өтеу үшін, қарызалушылар арнайы төлем қорын жасайды. Қарызданушы әрбір кезең сайын несиенің негізгі бөлігін және онымен қоса оның пайызын өтеуге қамтамасыз ету үшін, жеке қорлар ашады.

Бұл мәселенің ішінде инвестициялық кезеңнің алдында  жасалатын жараларға ерекше көңіл бөлінеді, өйткені онда инвестициялық жобаның экономикалық тиімділігін анықтаудың мәселесі тұрады, демек тап сол жерде оның мөлшерлемесін таңдау жасалынады, ал сосын ол осы бойынша дисконтталады. Әдетте, пайыз мөлшерлемесін таңдауда қарыздың орташа пайыз деңгейіне сілтеу жасалынады, бірақта ол инвестицияланатын жобаның тәуекелдігіне де байланысты болады, демек ол мөлшерлемеге тәуекелділікті орташа үстемесі қосылған, түзетулер бойынша жүргізіледі.

     Біздің  қарастырып отырған инвестициялық жобаның экономикалық тиімділігін бағалау әдістері, инвестициялық циклдың жаңадан жасалған немесе реконструкцияланған кезеңіндегі табыстар мен шығыстардың алғашқы мәліметтеріне сүйенеді.

    Бұл алғашқы  мәліметтердің қатарына мыналар  кіреді: қарастырылып отырылған кезең уақытының ішіндегі шығарылған өнім деңгейі; шығарылған өнімнің сату бағасы; әрбір өнім түрін шығаруға байланысты жұмсалған айнымалы шығындардың деңгейі; қарастырылған кезеңдегі ГИС-нің өнім түріне жатқызылған шығындар; өнімді шығару нәтижесінде алынған табыс деңгейі; өндірістің жұмыс істеу деңгейін ұстау мен ұлғайтуға бөлінген күрделі қаражаттарының деңгейі.

      Инвестициялық  жобаның экономикалық тиімділігін  бағалау, инвестициялық кезең  алдында жеке инвестициялаудың  барысында жүргізілетін болғандықтан, онда қолданатын мәліметтердің едәуір деңгейі болжамды болып келеді, демек оңайлау тәсілін пайдалануды мақсат тұтады.     Бірақта, бұл оңайлау тәсілі жеткілікті ұзақ мерзімге арналған құрал-жабдықтары бар және амортизациялық шығындары аса көп емес шағын және орташа деңгейдегі кәсіпорындар үшін қолайлы.

      Ал егер  бізді оның тек нақты табыс  деңгейін (сонымен қоса таза табысын)  және инвестицияға бөлінген қаражаттың  деңгейін дисконттауға негізделген  инвестицияның рентабелділігін  бағалайтын болсақ, онда бұндай инвестициялық жобаның кез-келген кәсіпорын үшін тиімді болуы мүмкін.

     Негізінен  алғанда инвестиция процесі көптеген  іскерлік шешімдерді қажет ететіндіктен  ал жан-жақты зерттеулер жүргізуді  талап етеді. Бірақ біз бұл  арада дисконттау мен пайыздардың негізгі әдісіне талдау жасауды ғана мақсат тұтты. Болашақтағы ақша қаражатының құнын кедіргі жаққа келтіру құбылысын дисконттау деп атайды (яғни нөлдік вариантқа келтіру)

    Бз – белгілі  бір жағдайда ақша қаражаттарын  инвестициялаудың алынатын құны деп топшылайды және ол пайыздық мөлшерлеме, уақыт кезеңі, пайыздарды есептеп шығарудың жағдайы бойынша жүзеге асады.

    АҚ – (дисконтталған)  бүгінгі күнінің деңгейіне келтірілген  төлем құны немесе төлем топтамасы,  бірақ ол болашақта ғана іске  асады.

    Дисконттау (пайыздық) мөлшерлемесін анықтау кезінде  күрделі пайыздар эффектісіне  аса үлкен мән беріледі. Бұл  күрделі пайыздар, өзінің есептелген  кезінде шегерілмейді, керісінше,  ол бастапқы саласына қосылады. Ол келесі кезеңде жаңа табыстарды  әкеледі. Күрделі пайыздардың болашақтағы ақша қаражаттарының құнын анықтайтын мынадай формуласы бар: БҚ=АҚ (1+і)n.     

Информация о работе Инвестициялық жобаны экономикалық дәлелдеу