Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 21:45, курсовая работа
Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынадай мынадай ғана корпоратив өміршең бола алады, егер де ол нарық талабын аса сауаттылықпен және компонентілікпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіру ұйымдастыратын және және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болса.
Келешекте өндірісті жүргізуге маманданған экономистер үшін кәсіпорынның экономикалық
Кіріспе
1. Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні, ҚР-да даму кезеңдері
1.1.Инвестициялық қызметтің сипаттамасы-------------------------------------5
1.2.Инвестициялық қызметтің жіктелуі-------------------------------------------8
1.3.Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметі және оның даму кезеңдері---------------------------------------------------------------------------------11
2. Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметіне баға беру
2.1.ҚР құрылымдық қайта өзгерудің инвестициялық ресурстарын талдау-16
2.2.ҚР шетелдік инвестициялар ағымын талдау----------------------------------19
2.3.Экономика салалары бойынша негізгі капиталға салынатын инвестицияларды талдау--------------------------------------------------------------------23
3. Инвестициялық қызметті жетілдіру және тиімділігін арттыру жолдарының даму перспективалары
3.1. Инвестициялық тартымдылықты әлеуметтік салаға жұмылдыру------26
3.2. Қазіргі кездегі инвестициялар жағдайы---------------------------------------30
Қорытынды----------------------------------------------------------------------------------32
Қолданылған әдебиеттердің тізімі-----------------------------------------------------33
Кредит рейтингісі – қарыз алушының сол қарызды өтеу қабілетін және өзіне алған міндеттерін уақытында орындау мүмкіншіліктерін зерттейтін рейтинг агенттіктерінің пікірі. Бұндай пікірлерді қалыптастыруға елдің экономикалық ахуалы, саяси жүйесінің сипаты және әлеуметтік жағдайы негіз болады. Осы негіздерді ескере отырып, әлемге әйгілі «Муддис» және «Смәндард энд Пуурс» рейтинг агенттіктері 2005 жылдың аяғында Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің ішінде ең жоғары кредит рейтингісіне ие деп пайымдады. Расында да, біздің мемлекетіміз ішкі саяси тұрақтылық, шетелдік инвестицияларды тартуға қажетті жағдайлар туғызу, мемлекеттік қаржы жүйесінің институттық негіздері тәрізді көрсеткіштер тұрғысында Ресейден, Украинадан, Беларусьтен, Өзбекстаннан, ТМД-ның басқа да елдерінен көш ілгері. Сондықтан да дүниежүзілік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика мемлекеті ретінде танып отыр.
Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, біздің кең-байтақ жерімізде жеті триллион доллардың минералдық шикізаты шоғырланған. Мұнай өндіруден 2015 жылға қарай 180 миллион тоннаға жетуді межелеп отырған елімізде қазір жыл сайын оның 50 миллион тоннасы өндірілуде. Яғни Қазақстан – табиғат ресурстарына өте бай, инвестиция салуға тұрақтылығы басты кепілдік бола алатын ел.
Инвестиция кәсіпорындар мен өндіріс орындарына, жекелеген кәсіпкерлерге көп жылға берілетін капитал екендігін білеміз. Қай мемлекетте де экономикалық реформаларды жемісті жүзеге асыруда шетелдік инвестицияны тікелей өндіріске жұмылдыру мен тиімді пайдаланудың маңызы зор. Қазақстан Республикасында 1994 жылдың 27 желтоқсанынан бері «Шетелдік инвестициялар туралы» Заң жұмыс істейді. Ол – ел экономикасына шетелден инвестиция тартудың бірден – бір құқықтық – экономикалық негізі. Ал енді айрықша құқық пен жеңілдіктер жүйесіне жол ашқан, кәсіпкерлік белсенділіктің ортақ шарттарын айқындап берген. «Шетелдік инвестицияны мемлекет тарапынан қолдау туралы» Заңымыз 1997 жылғы 27 ақпанда өз күшіне енген болатын. Мұның сыртында Елбасымыздың Жарлығымен «Бюджетке түсетін салықтар мен өзге де міндетті төлемдер туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, ол республикамыздағы инвестициялық ахуалдың құқықтық базасын жетілдіре түсуде.
Нақты деректерге арқа сүйесек, Қазақстан Республикасының ішкі қаржы ресурсы мен шетелдік капиталды қоса есептегенде негізгі капиталға түскен инвестиция мөлшері 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 19 пайызға өсіп, 119,3 миллиард теңгеге жетті. Сөйтіп, инвестицияның 8,4 пайызы өңдеуге, 11,1 пайызы көлік және байланысқа, 56,6 пайызы тау – кен өндірісне жұмсалды. Мұның ішінде шет ел инвестициясы 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 25,1 пайыз болып, 299,5 миллиард теңгені құрап отыр.
Жоғарыда
көрсетілген жетістіктерді –
инвестицияның экономиканы
Әлеуметтік саланы, әсіресе білім, ғылым, денсаулық салаларын жеткіліксіз қаржыландыру, оның материалдық-техникалық базасының нашарлауы тек қана рухани және интеллектуалдық мүмкіншіліктерді құлдыратып қана қоймайды, ол тікелей экономикалық шығындарға соқтырады. Себебі дүниежүзілік тәжірибеден байқағандай, жалпы ұлттық өнімнің өсуіне тек қана білім жүйесі 33 %-ға дейін үлес қосса, ал ғылымның жетістіктері барлық дамыған елдердің экономикалық гүлденуін қамтамасыз ететіні белгілі жәйт.
Инвестициялық іс-әрекет әлеуметтік факторларды ескере отырып реттелінбесе, онда ол жалпы дағдарысқа апаратын негізгі себептердің біреуі болып табылады. Сондықтан да экономиканы, соның ішінде инвестицияны әлеуметтік тұрғыдан талдап, соның негізінде әлеуметтік және экономикалық құрылымдарды қатар қалыптастырып, ескеріп отырғанда ғана дүниежүзілік және аймақтық дағдарыстардан құтылуға болады.
Инвестицияның
жоғарғы қарқынмен дамуының жақсы
экономикалық көрсеткіштердің халықтың
әл-ауқатына тікелей әсері мол. Бұған
дәлелді инвестициямен жан-
Сонымен қатар мұнай – газ, металлургия және басқа да шикізат көздері инвесторларға былай да тартымды екенін ескере отырып, әлеуметтік саланы, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған инвестицияларды тартуды қолға алу керек. Бұл мәселеде, яғни экономиканың әлеуметтік бағыттылығын күшейтуде мемлекеттің рөлі ерекше.
Әлеуметтік
жобаларды қаржыландырудың бір
түрі – ол мемлекеттік несиелендіру.
Қазақстан Республикасының
Сонымен қатар шет ел инвестициясын әлеуметтік салаға тартудың тағы да бір тиімді әрі озық әдістеріне муниципалдық құнды қағаздар шығару жатады. Инвесторлар үшін көптеген корпаративтік құнды қағаздардың тиімсіздігін ескере отырып, мемлекеттік құнды қағаздардың Қазақстан құнды қағаздар нарығында инвестициялық белсенділікті арттыратын негізгі тетік екенін атап өткен жөн.
Инвестицияны әлеуметтік салаға тартудың жоғарыда көрсетілген бағыттарынан басқа да тетіктеріне кепілдік қоры, ипотекалық несиелендіру және де инвестицияның тұрақты, уақыт талабына сай заңдық негіздерін құру жатады.
Сонымен,
инвестициялық процесті пайда тауып,
жоғары әлеуметтік тиімділікке жеткізетін
процесс ретінде қарастыру
3.2.
Қазіргі кездегі
инвестициялар жағдайы.
Қазір
инвестициялар жөніндегі
Тікелей инвестициялар туралы Заңның мәні мен негізгі мақсаты мынада: жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесінің көмегімен шетелдік және отандық капиталды экономиканың шағын салаларына, ең алдымен өндірістік инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығына тарту. Жер қойнауын пайдалану экономиканың беделді саласына жатпайды, мемлекеттік қолдауды қажет етпейді, әуел баста шетелдік инвестицияларды анағұрлым мол тартуды көздеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылы 21 қаңтардағы Қаулысымен бекітілген «Жер қойнауын пайдалану құқын беру Ережелеріне» сәйкес пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, осы екі жұмысты ұштастыруға келісімшарт жасау саласында Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі Агенттігі құзырлы орган болды, ол тартылған соң, Агенттіктің қызметі мен өкілеттіктері Энергетика және минералды ресурстар стратегиялық сыйпаттағы шикізат болып табылады, сондықтан бұл салада бірыңғай орталық атқарушы орган қажет.
Тікелей
инвестициялар туралы Заң дамып,
жетіле түсуде. Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан халқына 1998 жылғы
30 қыркүйектегі «Елдегі жағдай ішкі және
сыртқы саясаттың негізгі бағыттары: қоғамды
демократияландыру, жаңа жаңа жүзжылдыққа
экономикалық және саяси реформа» деген
жолдауы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 19 ақпандағы «Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 – 2003 жылдарға арналған
іс - әрекеттер Бағдарламасын жүзеге асыру
жөнінде шаралар жоспарлы туралы» Қаулысына
сәйкес, сондай-ақ Қазақстан – 2030 даму
стратегиясының шеңберінде инвестициялық
саясаты жүзеге асыру мақсатымен, Үкіметнің
1999 жылғы 1 шілдедегі Қаулысымен 1999-2003
жылдары Қазақстан Республикасында тікелей
инвестицияларды жұмылдыру Бғадарламасы
және Бағдарламаны жүзеге асырудың шаралар
жоспары бекітілді. Бағдарламада мемлекеттік
инвестициялық саясаттың негізгі тұғырнамалары
белгіленген: мемлекеттік саясаттың тұрақтылығы,
дәйектілігі, байсалдылығы, әлемдік стандарттарға
сай келетін инвестициялық қызметті реттейтін
айқын және тиянақты құқықтық нормалар,
инвесторлардың заңды құқықтарын қорғау,
шетелдік және отандық инвесторларға
қызмет үшін тең жағдайлар, келісімшарттар
мен жалықаралық келісдерді сақтау, тікелей
инвестицияларлың кірістілігі мен нәтижелігі,
экономиканың беделді секторында тікелей
инвестицияларды көтермелеу, ішкі қор
нарығының ақпараттық ашықтығы мен онда
инвесторлардың әртүрлі топтарының тең
жағдайын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны
сақтау.
Қорытынды
Негізгі қорға қаржы жұмсау (өндірістің негізгі қоры) босалқы қорларға, резервтерге, сондай ақ пайда, дивиденд және басқа да табыс табу мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуді инвестиция деп атайды. Инвестицияны материалдық – заттық және ақшалай нысанына бөлуге болады. Материалдық –заттық инвестиция – ол салынуға тиісті өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабдықтар, машиналар және т.б., сонымен қатар, ол – ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге, материалдық заттарды басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағытталған, ал инвестияның ақшалай нсаны болса, ол – ақшалай капиталдың материалдық – заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады.
Сонымен қорыта айтатын болсақ,мен курстық жұмысымның бірінші бөлімінде инвестициялық қызмет жайында қарастырдым,оның ішінде инвестициялық қызметтің экономикалық мәні, ҚР-да даму кезеңдерін,инвестициялық қызметтің туралы жалпы,инвестициялық қызметтің жіктелуі жайында қарастырдым.
Курстық жұмысымның екінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметке жалпы статистикалық талдау жасадым.Екінші бөлімімнің бірінші тақырыбында Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметіне баға беруіне жалпы статистикалық талдау жасадым.Екінші бөлімінде ҚР шетелдік инвестициялар ағымына статистикалық талдау жасадым.Үшінші бөлімінде экономика салалары бойынша негізгі капиталға салынатын инвестицияларды талдау жасадым.
Сонымен қатар,осы аталған бөлімдердің әрқайсысына ұсыныс жасадым.
Курстық жұмысымның үшінші бөлімінде инвестициялық қызметтің жетілдіру және тиімділігін арттыру жолдары туралы даму перспективалврын қарастырдым.Оның ішінде мынандай негізгі екі бөлімді қарастырдым инвестициялық тартымдылықты әлеуметтік салаға жұмылдыру жайында және қазіргі кездегі инвестициялар жағдайын ашып көрсеттім.
Сонымен,инвестиция
кәсіпорындар мен өндіріс орындарына,
жекелеген кәсіпкерлерге көп жылға берілетін
капитал екендігін білеміз. Қай мемлекетте
де экономикалық реформаларды жемісті
жүзеге асыруда шетелдік инвестицияны
тікелей өндіріске жұмылдыру мен тиімді
пайдаланудың маңызы зор. Қазақстан Республикасында
1994 жылдың 27 желтоқсанынан бері «Шетелдік
инвестициялар туралы» Заң жұмыс істейді.
Ол – ел экономикасына шетелден инвестиция
тартудың бірден – бір құқықтық – экономикалық
негізі. Ал енді айрықша құқық пен жеңілдіктер
жүйесіне жол ашқан, кәсіпкерлік белсенділіктің
ортақ шарттарын айқындап берген. «Шетелдік
инвестицияны мемлекет тарапынан қолдау
туралы» Заңымыз 1997 жылғы 27 ақпанда өз
күшіне енген болатын. Мұның сыртында
Елбасымыздың Жарлығымен «Бюджетке түсетін
салықтар мен өзге де міндетті төлемдер
туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар
енгізіліп, ол республикамыздағы инвестициялық
ахуалдың құқықтық базасын жетілдіре
түсуде.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі