Инвестициялық қызметті жетілдіру және тиімділігін арттыру жолдарының даму перспективалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 21:45, курсовая работа

Описание работы

Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынадай мынадай ғана корпоратив өміршең бола алады, егер де ол нарық талабын аса сауаттылықпен және компонентілікпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіру ұйымдастыратын және және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болса.
Келешекте өндірісті жүргізуге маманданған экономистер үшін кәсіпорынның экономикалық

Содержание

Кіріспе
1. Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні, ҚР-да даму кезеңдері
1.1.Инвестициялық қызметтің сипаттамасы-------------------------------------5
1.2.Инвестициялық қызметтің жіктелуі-------------------------------------------8
1.3.Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметі және оның даму кезеңдері---------------------------------------------------------------------------------11
2. Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметіне баға беру
2.1.ҚР құрылымдық қайта өзгерудің инвестициялық ресурстарын талдау-16
2.2.ҚР шетелдік инвестициялар ағымын талдау----------------------------------19
2.3.Экономика салалары бойынша негізгі капиталға салынатын инвестицияларды талдау--------------------------------------------------------------------23
3. Инвестициялық қызметті жетілдіру және тиімділігін арттыру жолдарының даму перспективалары
3.1. Инвестициялық тартымдылықты әлеуметтік салаға жұмылдыру------26
3.2. Қазіргі кездегі инвестициялар жағдайы---------------------------------------30
Қорытынды----------------------------------------------------------------------------------32
Қолданылған әдебиеттердің тізімі-----------------------------------------------------33

Работа содержит 1 файл

ҚР инвестициялық саясат.doc

— 166.00 Кб (Скачать)

      Нарықтық  экономикада инвестиция кез келген формада қаржы жұмсау процесі  ретінде табыс табуға немесе қандайда болмасын басқа да нәтижеге жетуге тығыз байланысты.

      Инвестиция  – бұл ресурс, оны жұмсай  отырып, болжаланған нәтижеге жетуге болады. Сонымен, инвестицияның мәні инвестициялық  қызметтің екі жағын өзіне  ұштастырады: ресурс шығындары және нәтижелік, яғни инвестициялар өз нәтижелерін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны.

      Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды  қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді күрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады. Инвестициялардың түрлері  бойынша тәуекелдік (венчурлік), тікелей, портфельдік және аннуитеттік болып бөлінеді.

      Венчурлік капитал – үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі есебіндегі өз өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі формадағы капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік.

      Тікелей инвестициялау  – шаруашылық субъектілерінің табыстар түсіруіне және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға капиталға жұмсалуы болып табылады.

      Портфельдік инвестициялар  – портфельді қалыптастыруға байланысты (түрлі инвестициялық құндар жиынтығы) және құнды қағаздарды сатып алу, сол сияқты басқа да активтер болып есептеледі.

      Аннуитеттік – тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді.  

1.3.Қазақстан  Республикасындағы  инвестициялық қызметі  және оның     даму кезеңдері 

      Инвестиция – бұл мемлекет ішіндегі немесе шетелдегі пайда көру үшін экономиканың әртүрлі салаларына салынатын мемлекеттік және жеке капиталдың ұзақ мерзімді салымдары.

      Инвестиция  барлық қоғамда да экономиканы нығайтудың негізі болып табылады. Сондықтан  оны тиімді пайдалану жолдарын анықтау және қрсымша көздерін ашу – еліміздің қазіргі даму сатысындағы басты міндеті. Оны шешу үшін Республикамыздағы ғылыми тұрғыдан негізделген инвестициялық саясат жүзеге асырылуы қажет. Ол халық шаруашылығының әр түрлі саласында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал қорын жасауға бағытталғаны жөн. Біріншіден, инвестициялық саясат негізді болу үшін күрделі қаржыны тиімді пайдалануды, қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын анықтау керек. Екіншіден, инвестициялық саясат негізді болу үшін – күрделі қаржыны пайдалану, оны кеңейту жолдары, табиғи ресурстарды өндіретін өңдейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасындағы ғылыми негізделген ара қатынас болуы шарт.

      Көптеген  шетелдік компаниялардың кәсіпкерлері, фирмалар, жеке бизнесмендер Қазақстандағы инвестициялық климатты жоғары бағалауда. Бай табиғи ресурстарға, аграрлы және өндірістік патенциялға сай геосаяси жағдайға пайдалы кәсіби мамандандырылған маман кадрлар және білікті арзан жұмыс күші халықаралық қатынастардың саяси жағдайында тұрақтылығымен ерекшеленеді.

      Шетелдік  капиталдың назарын приоритетті  стратегиялық мәселе ретінде жариялай отырып, Қазақстан сонымен қатар  дүниежүзілік шаруашылықтағы интеграция үшін керекті цивилизациялы заңды  үкімет базасын құруға қажетті қызметтерді және ашық экономикаға өтуді жүзеге асырады.

      «Шетелдік инвестициялар туралы», «Тікелей инвестицияны мемлекеттік қолдау туралы» заңдар қабылданды. Қазақстан Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы «Қазақстан Республикасы экономикасының тікелей және шетелдік инвестициялық назар аудару үшін приоритетті секторлар қатарын бекіту туралы» және «Жеңілдік пен преференция жүйесінің жалпы жағдайын және олардың инвесторлармен арасындағы келісім жүргізуде ұсынылу тәртібін бекіту туралы» бұйрықтарын шығарды.

      1997 жылы республиканың  құқықтық  нормативтік пакеті инвестициялық  қатынастарды ұлттық және халықаралық  деңгейде реттеу бойынша Қазақстан  Республикасының «Тікелей инвестицияны  мемлекеттік түрде қолдау туралы»,  «Құнды қағаздар нарығы туралы», «Құнды қағаздармен арадағы келіссөздерді тіркеу туралы» Заңдарымен толықтырылды.

      Сонымен қатар инвестицияны қорғау туралы үкімет аралық келіссөздердің толық қатары бекітілді.

      Қазақстанда шетелдік инвестициялар кез келген объектіге және барлық рұқсат етілген ұйымдасқан-құқықтық формадағы қызмет түрлерінде жүзеге асырылады, соның ішінде шетелдік фирмаларды құру жолымен, яғни олардың филиалдары мен қызметкерлері толығымен шетелдік инвесторларға жататын немесе оларға мүліктің бір бөлігі қарайтын біріккен кәсіпорындар жатады.

      Ұлттық  және халықаралық деңгейде Шетелдік инвесторларға республикада реинвестиция үшін және тауарларды айналымға шығару немесе басқа да мақсаттарды өз атқарған жұмыстарынан түскен пайданы өз қалаулары  бойынша пайдалануларына кепілдік беріледі.

      Қазақстан экономиканың приоритетті  секторларында  тікелей инвестицияны назарға ұсыну  бойынша ақпараттық – презентациялы  жұмыстар белсенді түрде өткізеді.

      Қазақстанда жұмыс істейтін инвесторлармен тікелей  сұхбатты қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар инвестициялық қызметпен байланысты проблемалы мәселелерді оперативті шешу мақсатында Мемлекет басшылығының үкімімен 1998 жылдың 30 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті қатысуымен шетелдік инвесторлар кеңесі құрылды.

      Кеңестің  негізгі қарастыратын мәселелері:

            1. Қазақстан Республикасының  Президентіне инвестициялық  қызмет  мәселелерін реттейтін үкіметтің жүзеге асыруы бойынша  ұсыныстарды, ірі инвестициялық бағдарламаларды және Қазақстан  Республикасының халықаралық мәні бар жобаларын реттеумен  байланысты мәселелер бойынша ұсыныстарды қарауға беру.

            2. Инвестициялық  климатты, сонымен қатар шетелдік  инвестиция  стратегиясын жақсарту бойынша нұсқауларды өңдеу.

            3. Дүниежүзілік экономикалық процесте ел экономикасының  интеграциясы бойынша ұсыныстарды қарастыру.

      Кеңес жиналыстарында кең мәселелер спектрі  қарастырылады.

    • Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін жақсарту
    • Қазақстан Республикасының сот жүйесі
    • Салық салу және салықтық ұйымдастыру жүйесін жақсарту
    • Заң процесінің транспаренттігін  жоғарылату
    • Шетелдік жұмыс күшін әкелуді лицензиялау
    • Инвестициялық келіспеушіліктер соттан бөлек рұқсат беру, ұрыстарды болдырмау
    • Көрші елдермен тарифті саясат координациясы және транспортты тариф
    • Бюрократизммен және коррупциямен күрес
    • Инвестицияны саяси және регулятивті тәуекелдерден сақтандыру.

      2007 жыл ішінде Кеңестің бес жұмысшы топтары арасында жиналыс өткізілді (үкімет, салық салу, шетелдік инвесторлар қызметі жөнінде, Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін көтеру, мұнай газ секторлары мәселелері бойынша).

      Қазақстан келісімді түрде орташа жандық көрсеткіш  бойынша ТМД мемлекеттерінің  шетелдік инвестициялары арасында лидер  болды, яғни 1993-2003 жылдар периоды бойынша шамамен халық бойынша тікелей шетелдік инвестиция 2003 долларды құраған.

      Еуропалық одақ және АҚШ Қазақстанды нарықтық экономикалық ел ретінде қабылдады. Ол Қазақстанның ішкі саудасында жақсы  көрінеді.

      Дүнижүзілік Банк Қазақстанды инвестицияға бейімделген 20 елдің қатарына қосты.

      Халықаралық салық және инвестиция бойынша орталығының президенті Даниель А. Уитт «Инвестицияда объекті ретінде – Қазақстан еуразиялық және жаңа нарықтық экономикалы шығыс – еуропа елдері арасында ерекше орын алады» - деп санайды.

      Филипп  Моррис фирмасының қызметкері Мегги Вагнер фон Ледебурдың пікірі бойынша: «барлық ТМД елдерінің ішінде Қазақстанға ғана  қолайлы салық және инвестициялық режим орнату мүмкіндігі туды» деді.

      Экономиканың  түрлі секторларына өз инвестицияларымен  ірі трансұлттық компаниялар  және дүниежүзіне танымал фирмалар қатары келіп жұмыс істей бастады.

      Филипс  петролеум компаниясы мен Жапониялық Инпекс компаниялары Қазақстанға алдын  – ала премия ретінде Қашаған  жерінің  бір бөлігі үшін 500 млн. доллар төледі.

      Қытайдың  ұлттық мұнай газ компаниясы Өзен, Ақтөбе кеніштерінің үш жобасы үшін суммарлы инвестициясы 9,5 млрд. долларды құраған.

      1998 жылдың қыркүйегінде ҚазМұнайГаз  «Қазақстан – Каспийшельфпен»  «Инпекс норд каспиан ЛТД»  «Жапония ұлттық компаниясымен»  «Флипс петролеуммен» мұнай кенішін  өндіруге келісімге қол қойды. Келісімнің жалпы құны – 2 млрд. долларды құраған. Одан басқа Жапония Қазақстанға 1 млрд. доллар көлемінде несие бөліп отыр.

      1998 жылы дүниежүзінің құрылыс компаниялары  арасында лидері, жапон фирмасы  «Тэйсэй» -Қазақстанның жаңа астанасы – Астана қаласын салуда тендерді жеңіп алған «Курагава» архитектуралы компаниясының кеңесшісі болды.

      Жапониялық  фирма «Марубени» денсаулық сақтау және матом өнеркәсібі салаларында  жобалар ұсынды.

      ЕББР  Қазақстанда қаржыландыруға, сонымен  қатар, реконструкциялар мен жеке және жаңадан республиканың приватицияланған кәсіпорындарының модернизациялануы үшін арнайы постприватизациялы қорын құрды. ЕББР-дің қаржылық қоры шамамен 30 млн. долларды құрайды.

      Бүгінде Қазақстанда дүниежүзінің барлық транснационалды лауазымды компаниялары жұмыс атқаруда, олар қолайлы инвестициялық климат құру бойынша дүниежүзілік қаржылық қоғамдастықтың   мойындауына куәлік етеді.

      Қазақстан экономикасына шетелдік инвестициялардың 1993 жылғы 1-ші жартыжылдығы мен 2007 жылдың жиын көлемі 28 млрд. долларды құраған

      Егер  2006 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 4,6 млрд. доллар болған болса, 2007 жылдың тек 6 айы периоды бойынша республикадағы тіклей шетелдік инвестиция 2,5 млрд. долларды құраған.

      Қазақстан экономикасының инвестициялау көлемі бойынша лидерлері қатарында АҚШ- 29,7 %, Ұлыбритания 13,5 %, Италия 7,1 %, Нидерланды 6,9 % орын алып отыр.       

          
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. Қазақстан Республикасының  инвестициялық қызметіне баға беру 

2.1. ҚР құрылымдық қайта өзгерудің инвестициялық  ресурстарын

талдау 

      Өтпелі  экономикадағы құрылымдық қайта  өзгерістердің өзіндік ерекшелігіне қаржы саласындағы елеулі өзгерістердің  орын алуы жатады. Бұл олардың функциялары  мен қаржы қатынастары арқылы қоғамдық өнімді бөлудің нақты тапсырмаларын орындауды жүзеге асырудың әдістерінде көрініс табады. Әсіресе, бұл таза инвестициялауды жүргізу үшін қаржы ресурстарын тарту процесінде анық байқалады және бұл оларды игерудің ұзақ мерзімімен тығыз байланысты, сондықтан қалыптасатын объект өзін-өзі өтей алады.

      Қазақстанның 1999 – 2006 ж. әлеуметтік – экономикалық дамуының талдауы көрсеткендей, инвестициялық саладағы оң тенденциялар соңғы жылдары ғана байқалуда.

      2006 ж ЖІӨ 9,2 % артып, негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 10,6 % өсіп, 1259 млрд. тг. құрады, оның ішінде 8,4 % бюджет қаражаттары, 66,5 % кәсіпорындар мен ұйымдардың меншікті қаржылары, ал 25,1% шетел инвестициялары құраған.

      Ұлттық  экономикаға қаржыларды инвестициялау  көлемін арттыру орта нарықтық деңгейде табыс алуды қамтамасыз ететін инвестор ұсынған жобалар мен бағдарламалардың экономикалық, қаржылық – инвестициялық тартымдылығына, сондай ақ мемлекеттік, аймақтық және жергілікті бюджет қорларының қатысуына тәуелді.

      Инвестициялық процесті реттеу жүйесін пайдалану негізінде барлық ресурс түрлерін қолдану тиімділігін арттыру үшін ҚР мол ресурстық потенциалы бар.

     Инвестициялық процестің нарықтық механизм қаржылық ресурстарды қаржы нарығының  ағымдағы және келешектегі тиімділік  талаптарына сай болып табылатын  салалар мен объектілерге сфераларға ауыстыруды қарастырады. 

Информация о работе Инвестициялық қызметті жетілдіру және тиімділігін арттыру жолдарының даму перспективалары