Инвестициялық қызметті жетілдіру және тиімділігін арттыру жолдарының даму перспективалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 21:45, курсовая работа

Описание работы

Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынадай мынадай ғана корпоратив өміршең бола алады, егер де ол нарық талабын аса сауаттылықпен және компонентілікпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіру ұйымдастыратын және және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болса.
Келешекте өндірісті жүргізуге маманданған экономистер үшін кәсіпорынның экономикалық

Содержание

Кіріспе
1. Инвестициялық қызметтің экономикалық мәні, ҚР-да даму кезеңдері
1.1.Инвестициялық қызметтің сипаттамасы-------------------------------------5
1.2.Инвестициялық қызметтің жіктелуі-------------------------------------------8
1.3.Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметі және оның даму кезеңдері---------------------------------------------------------------------------------11
2. Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметіне баға беру
2.1.ҚР құрылымдық қайта өзгерудің инвестициялық ресурстарын талдау-16
2.2.ҚР шетелдік инвестициялар ағымын талдау----------------------------------19
2.3.Экономика салалары бойынша негізгі капиталға салынатын инвестицияларды талдау--------------------------------------------------------------------23
3. Инвестициялық қызметті жетілдіру және тиімділігін арттыру жолдарының даму перспективалары
3.1. Инвестициялық тартымдылықты әлеуметтік салаға жұмылдыру------26
3.2. Қазіргі кездегі инвестициялар жағдайы---------------------------------------30
Қорытынды----------------------------------------------------------------------------------32
Қолданылған әдебиеттердің тізімі-----------------------------------------------------33

Работа содержит 1 файл

ҚР инвестициялық саясат.doc

— 166.00 Кб (Скачать)

Мазмұны

Кіріспе 

1. Инвестициялық қызметтің  экономикалық мәні, ҚР-да даму кезеңдері

         1.1.Инвестициялық қызметтің сипаттамасы-------------------------------------5

         1.2.Инвестициялық қызметтің жіктелуі-------------------------------------------8

         1.3.Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметі және оның даму кезеңдері---------------------------------------------------------------------------------11 

2. Қазақстан Республикасының  инвестициялық қызметіне баға беру

      2.1.ҚР құрылымдық қайта өзгерудің инвестициялық  ресурстарын талдау-16

      2.2.ҚР шетелдік инвестициялар ағымын талдау----------------------------------19

      2.3.Экономика салалары бойынша негізгі капиталға салынатын инвестицияларды талдау--------------------------------------------------------------------23 

3. Инвестициялық қызметті  жетілдіру және тиімділігін арттыру жолдарының даму перспективалары

       3.1. Инвестициялық тартымдылықты әлеуметтік салаға жұмылдыру------26

      3.2. Қазіргі кездегі инвестициялар жағдайы---------------------------------------30 

Қорытынды----------------------------------------------------------------------------------32

Қолданылған әдебиеттердің тізімі-----------------------------------------------------33 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

      Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын шаруашылықты жүргізудегі негізгі объективті буынға айналады. Мәселе мынада, рыноктық сұранысты еске ала отырып, кәсіпорын тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбекақыларын есептеу т.б. жұмыстарды іске асырған жөн.

      Өндіріс кәсіпорынның барлық жұмыс қызметін сипаттау және түсіндіру – «Қаржы» пәнін зерделеу болып табылады. Өндірістік қызметтердің заңдылығын түсіну негізінде нақтылы өндірістік мақсаттарды іске асыруда шаруашылық әдістерін әзірлеуге мүмкіндік туады.

      Корпорация  қаржысының даму негізіне қоғамдық өндірістің дамуына объективті экономикалық заңдар жатады. Кез келген ұйымдастырушылық деңгейде экономиканы басқару –  бұл экономикалық заңдардың талабына сай өндірістің қызмет етуі.

      Экономика – бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру, бөлу, және пайдалану жөніндегі  қоғамдық ғылым, яғни адам қызметінің саласы болып, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет етеді және барлық экономикалық ғылымдардың жалпы объектісі болып табылады. Шаруашылық өміріндегі көкейтесті, ең маңызды процестерді танып білу және реттеу бағытында көптеген экономикалық ғылымдардың ішінде теориялық және қолданбалы экономиканы бөлуге болады. Осылардың жиынтығын қысқаша «Қазақстандағы экономика», ал батыста – «Экономикс» деп атайды.

      Нарықтық  экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы  негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады.

Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды  қолдану мәселелері кең түрде  шешіледі. Кәсіпорындарда өндірісті  және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді.  Сол сияқты бизнес – жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиіммді басқару жүйесі – менеджмент  іске асыралы.

      Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық  жағдайда тек мынадай мынадай ғана корпоратив өміршең бола алады, егер  де ол нарық талабын аса сауаттылықпен және компонентілікпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіру ұйымдастыратын және және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болса.

      Келешекте өндірісті жүргізуге маманданған  экономистер үшін кәсіпорынның экономикалық    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.Инвестициялық  қызметтің даму  кезеңдерінің экономикалық мәні 

1.1.Инвестициялық  қызметтің сипаттамасы 

    Экономикалық  әдебиетте инвестиция түсінігіне анықтама беру жөнінде

көп талас  жоқ.  Қалыптасқан пікір  бойынша  оның құрамына пайда, табыс және әлеуметтік эффект алу мақсатында экономика  салаларының барлық нысандарына, кәсіпкерлік  қызметті дамытуға жұмсалатын меншік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі енеді.  Инвестиция құралы ақша қаражаттарынан,  мақсатты банк несиелерінен,  үлестік жарналардан, акциялар мен басқа да бағалы қағаздардан, қозғалатын және қозғалмайтын мүліктерден (ғимараттар, қондырғылар, материалдар  т.б.)  жерді пайдалану құқығынан, табиғи қорлардан т.б. тұрады.  Инвестициялық қызметтін  негізгі нысаны инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып  табылады. Бұл жерде инвестициялау үрдісін қаржыландыру үрдісінен ажыратып алған жөн. Егер инвестициялау қорларды көрсетілген жобалар бойынша орналастыру болса, онда қаржыландыру осы қорлардың көздерін қамтамасыз етеді.

      Кейбір  әдебиеттерде инвестицияны күрделі  қаржы ретінде қарастырады. Мұндай қателіктің себебі,  инвестициялық  қорларды нақты пайдалану нысанының анықталмауында.  Егер күрделі  қаржы негізгі қорларды қарапайым және ұдайы өндіруге бағытталған болса, онда инвестициялар құрылыс - монтаждау  жұмыстарының, керекті қондырғылардың және басқа шығындардың құнын қамтиды. Яғни,  инвестиция түсінгі күрделі қаржы түсінігінен әлдеқайда кең. Сонымен, инвестициялық қызмет дегеніміз «Заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс - әрекеттерінің жиынтығы» болып табылады. Олар төмендегідей инвестициялық сфераларды жүзеге асырады:  а) күрделі құрылыс;  б) қаржы капиталын пайдалану сферасы;  в)  қозғалатын және қозғалмайтын мүлік нарығында мүліктік құқықтарды жүзеге асыру сферасында  (кепілдік құқықтарды, ипотекалық несиені қоса есептегенде).

      Инвестициялардың күрделі қаржыдан тағы бір айырмашылығы, олар материалдық емес активтерді  (жер бөліктерін пайдалану құқығы  мен табиғатты пайдалану нысандары, паттентер, авторлық құқықтар, тауарлық белгілер,  сауда маркалары, лицензиялар және т.б.)  ұлғайту үшін де жұмсалынады.  Материалдық емес активтерді құру және ұлғайтуды қаржыландыру үшін қолданылатын негізгі көздерге амортизациялық төлемдер, таза пайда коммерциялық және басқа да банктердің саудалары, қор нарығынан түсімдер және т.б. жатады.

      Инвестициялар әр  түрлі меншік  түрлеріндегі кәсіпорындардың айналым активтеріне де жұмсалады. Кәсіпорындардың айналым активтері өндіріс сферасындағы  (өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс, келешек кезеңдер шығындары ж.б. ) , айналым сферасындағы (дайын өнім, ақша қаражаттары т.б.) айналым қорларынан тұрады.

      Инвестициялау жөнінде шешім қабылдаудағы негізгі  мәселе – инвестициялық жобаларды  объективті бағалау. Жобаларды бағалау  оңай шаруа емес, себебі сөз жалпы  экономикалық мақсаттарға қол жеткізу  үшін мемлекет деңгейінде  жүргізілетін жобалар туралы болып отыр. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауда таза ағымдағы құн, рентабельділік, ішкі табыстылық, өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.

      Бұндай  есептеулер не үшін қажет ?  Өйткені, ақшаның қазіргі кездегі құны бойынша есептелген шығындарды табаспен салыстыру мүмкіндігін туғызу керек. Сол себепті, жобаны жүзеге асыру  кезіндегі ақша құны бойынша есептелген табыстар, инвестициялау жөнінде шешім қабылдаған кезеңдегі ақша құнымен қайта есептелуі тиіс.

      Бұл есептеудің дисконттау деп аталатыны  белгілі, және ол төменгі формула  бойынша жүргізіледі:

бұл жерде; Sd - дисконттау мөлшерлемесі немесе ақшаның қазіргі кездегі құны;

      mt – ақшаның келешектегі құны;

      а – пайданың талапты нормасы немесе  ақшаның уақытша құны;

      n – ақша құнының өсуі байқалатын жылдар  саны.

      Осындай есептеулердің нәтижесінде инвестициялық  жобалардың таза қазіргі құнын анықтаймыз. Келтірілген (дисконтталған) табыстарды келтірілген шығындар көлеміне бөлу арқылы жобаның рентабельділік деңгейін есептеп шығаруға болады. Қарастырылып отырған инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау үшін оның ішкі табыстылық көрсеткішін пайдаланады. Ол көрсеткіш жобаны жүзеге асыру кезеңіндегі  инфляция деңгейінің ықпалын көрсетеді.  Яғни, инвестициялық жобаны жүзеге асырудың зиянсыз болуына сенімді болу үшін, есепке алынатын инфляция деңгейі қандай болуы керек деген сұраққа жауап береді.

      Мемлекеттің инвестициялық қызметін реттеуде шетел инвестицияларын тарту мен тиімді пайдалану маңызды рөл атқарады. Кестедегі көрсеткіштерге жүгінсек, олардың үлесі 1995 жылғы 1,5 пайыздан 2003 жылы 38,6 % - ға дейін өскен.

      Шетел инвестицияларында жетекші орындарды  Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік  Корея т.б. алып отыр. Айта кететін бір жайт, инвестициялық белсенділікті жоғарлатуға ұйымдастырушылық – құқықтық және салық жүйелеріндегі жиі өзгерістер, халық шаруашылығының салалық және аумақтық басқару жүйесіндегі айқынсыздық т.б. кедергі болуда.

      Отандық және шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық  қызметтің, оның ішінде шетелдік инвестициялық  тартудың негізгі қағидаларының  тұрақты болуы өте маңызды. Олардың  арасында инвестициялық қызметтің  экономикалық және әлеуметтік қағидасы негізі болып саналады. Осы қағиданы басшылыққа алу – яғни, инвестициялық жобаның жоғары рентабельділігімен, тікелей инвестициялар мен инвестициялық кредит берудің қолайлы жағдайларымен, жоғары бәсекелестігімен ерекшеленуі.

      Шетел инвестицияларын тартудың тағы бір негізгі қағидасы – ол келісілген істің екі жаққа да пайдалы болуы.

1.2. Инвестициялық қызметтің жіктелуі 

      Негізгі қорға қаржы жұмсау (өндірістің негізгі қоры) босалқы қорларға, резервтерге, сондай  ақ пайда, дивиденд және  басқа да табыс табу мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуді инвестиция деп атайды.  Инвестицияны материалдық – заттық және ақшалай нысанына бөлуге болады. Материалдық –заттық инвестиция – ол салынуға  тиісті өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабдықтар, машиналар және т.б., сонымен қатар, ол – ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге, материалдық заттарды басқа инвестициялық тауарларды арттыруға  бағытталған, ал инвестияның ақшалай нсаны болса, ол – ақшалай капиталдыңматериалдық – заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады.

      Өндірістегі жалпы инвестицияны өнім инвестиция деп атайды.  Ол негізінен капиталдың (негізгі қор)  атауын қолдауға  бағытталады. Жалпы инвестиция біріктірушінің екеуінен қосылады. Оның ішінде біреуі – амортизация. Ол – негізгі өндіріс құралдарының ұдайы тозу және оның құнын өндірілетін өнімге көшіру процесі.

        Екінші біріктіруші таза инвестиция  – бұл капиталдың қаржы жұмсау  негізгі қорларды арттыру, өсіре  беру, ғимараттар салу, өндіру және  қондыру, қуаттылығын жаңғырту мақсатында іске асырылады. Материалдық өндіріс салалаларындағы инвестициялармен қатар, олардың едәуір бөлігі әлеуметтік – мәдени салаларына, яғни ғылым, білім, денсаулық, дене шынықтыру, спорт, қоршаған табиғи ортаны қорғай, осы салалардағы жаңадан салынатын объектілерге, олардағы қолданып жүрген техника мен технологияларды одан әрі жетілдіруге жұмсалады.

      Кәсіпорынның  инвестициялық қызметі – оның жалпы шаруашылық қызметінің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның экономикасында инвестицияның маңызы орасан зор. Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызының өсуі ерекше. Егер де кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін , өнімнің сапасын арттыратын, шығындарды азайтатын, өндіріс қуаттарын кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдердің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және рынокта өзінің жайғасымын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп, жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыру қажет.

      Кәсіпорынның  инвестициялық стратегиясы екі  біріктіруден анықталады: көлемі және және ресурстар сипаты, сол, сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорынның стратегиясын қисынға келтіруге  мүмкіндік береді.

      Сонымен, жалпы  түрінде инвестиция ақша қаражаты ретінде, банктік салықтар, акциялар және басқа да құнды қағаздар, технология, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, оның ішінде тауар белгілеріне, несиелер, кез келген басқа да мүліктер немесе мүліктер құқығы, зиялы құндардыкәсіпкерлік қызмет объектілеріне немесе басқа да қызмет түрлеріне пайда (табыс) және әлеуметтік нәтижеге жет  мақсатында пайдаланады.

      Инвестициялық қаржы жағынан анықтамалығы –  бұл табыс табу мақсатында шаруашылық қызметіне жұмсалатын активтердің (қаржы) барлық түрлері. Ал экономикалық жағынан экономикалық анықтамалығы – ол құруға, кеңейтуге, қайта құруға, негізгі капиталды техникамен жарақтандыруға, сол сияқты айналмалы капиталға осымен байланысты емес өзгерістерге жұмсалатын шығыстар деп түсіндіруге болады. Шынын айтқанда, тауар – материалдық босалқы қорлардың өзгерістері көпшілігінде негізгі капиталға жұмсалатын шығыстар қозғалысын түсіндіреді.

Информация о работе Инвестициялық қызметті жетілдіру және тиімділігін арттыру жолдарының даму перспективалары