Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 20:57, курсовая работа

Описание работы

Кіріспе.
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Инвестиция және оның түрлері, Қазақстандағы инвестициялық саясат.». Осы тақырыпты 3 бөлімге бөліп қарастырылды. Олар:
Бөлім 1 «Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері» Осы бөлімді 3тақырыпшадан тұрады. Инвестициялардың мәні және түрлері. Қаржы инвестиялары. Қоржындық инвестицияның тиімділігі.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
Бөлім І. Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері.
1.1. Инвестициялардың мәні мен түрлері...................................................................5
1.2. Қаржы инвестициялары......................................................................................11
1.3. Қоржындық инвестициялардың тиімділігі.......................................................14


Бөлім ІІ. Мемлекеттік экономикалық және инвестициялық құрылымдық саясаттың мәселелері мен қазіргі жағдайы.
2.1. Инвестициялық саясаттың проблемалары........................................................16
2.2. Экономиканы дамытуға инвестиция саясатының әсері...................................18
2.3. Инвестицияны жандандыру шаралары..............................................................21

Бөлім ІІІ. Қазақстан Республикасының саясаттың стратегиялық дамуы.
3.1. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаттың стратегиялық дамуы...........................................................................................................................23
3.2. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатты жақсартуға мемлекеттің жүргізетін шаралары............................................................................29
3.3. Дамыған және дамушы елдердің инвестициялық саясаты..............................32

Қорытынды..............................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................35

Работа содержит 1 файл

Курс. Мем.ң инвес.Doc

— 180.00 Кб (Скачать)

Бесінші – жүктемеленбеу жағдайында тұрған өндірістік саланың негізгі капиталы өзін сақтауға жоғары шығындарды талап етеді, сол арқылы қаржылық ресурстардың елулі бөлігі шығындалады.

Алтыншы – тиісті әдістердің болмауы негізгі капиталдың теңбе – теңсіз қайта бағалауына әкеліп соғады.

   Өйткені Қазақстанда жүргізілген 4 кезең төмендегідей нәтижелерге әкеледі:

●реформалаудың бірінші кезеңі – инвестициялық жекешелендіру қорының қалыптасуына және капиталдың үкімет кепілдемесі арқылы тартылатындығына жағдай жасады.

●екінші кезең – жекешелендіру процестерінің белсенді жүруін және акциялардың мемлекеттік пакеттерінің 80%-ке дейінгі шетелдік инвесторларға сатылуын қамтамасыз етті, осы уақытта төлемдердің төленбеуі және отандық тауар өндірушілердің банкротқа ұшырауы проблемалары қат-қабат жүріп отырады.

●үшінші кезең – жекешелендіру процесінде республикалық нарықта шетелдік банктердің рөлін тереңірек өтті; нәтижесінде инвестициялық саясаттың аргентиналық қателіктер болған, атап айтқанда: аз шығынды әдіс өңдеу, ғылыми технологиялар салаларының туындауына жағдай жасамай, керісінше дәстүрлі салалар экспортын кеңейту құралдарының дамуына жағдай жасады.

  Экономиканың қазіргі кезеңдегі  төртінші кезеңге енуі еңбек бөлінісінің халықаралық жүйесіне кіру нәтижесінде мемлекет рөлін күшейту қажет екендігін қайтадан талап етіп отыр.  

    Қазақстандағы ең басты стратегиялық міндеттердің бірі әрдайым елге экономикалық өсу бағдарламсын іске асыруға мүмкіндік беретін тікелей және қоржындық инвесторларды тарту болып келеді.

    Мемлекеттік және жеке инвесторлардың экономикағы тартылған ағымды көлемі осы заманғы экономканың жылдам өсіп отврған қажеттерін қанағаттандыру үшін жеткілісіз. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі қазіргі кезде ІЖӨ-нің 18 – 19 %-ынан аспайтын мөлшерді құрайды, ал елімізге осы қолда бар деңгейден екі есе асып түсетін инвестициялар көлемі қажет.

    Бүгінгі таңда жүгізіліп отырған инвестициялық саясат бірқатар жағымдылықтарымен сипатталады, солардың арасынан шетелдік инвестицияны тарту үшін тұтас алғанда қолайлы инвестициялық ахуалдың сақталғаныбағалы қағаздар нарығының құрылғаны мен дамығанын жаңа институтционалдық инвесторлар қалыптасқанын экономиканы несиелеуге банктердің рөлі күшейтетін атап өткен жөн.

    Қазіргі инвестициялық саясатқа жасалған талдаудан елдің экономикалық игілігінің негізгі болып табылытын экономиканың өндірістік секторын дамытуды қаржылындыру жеткілікті дәрежеде жүргізілмейді деп қорытынды жасауға болады.

    Соңғы жылдардағы экономикалық реттеулер тәжірибесі, шетелдік жекелеген инвесторлардың бәсекеге қабілетті, жоғары қосылған құнмен өнім шығаратын өндіріс құруға ешқашанда бармайтынын көрсетіп отыр, өйткені, шетелдік капитал өз өндірісіне бәсекелестер туғызуға ұмтылмайды.

    Шетелдік капитал да, ішкі капитал да экономиканың нақты секторына ірі ауқымды ұзақ мерзімді инвестицияларды қатамасыз ете алмайды. Банк секторының, қор нарығының, шетелдік инвесторлардың қызметі ең алдымен бір сәттік пайда түсіруге бағытталған, нәтижесінде қаржы капиталының өндірістік сектордан бөлінуі жүріп жатыр, ұлттық мүдделермен даму басылымдықтарына қатер төнуде.

    Инвестициялық саясат стратегиясы мынадай міндеттердің шешілуін талап етеді:

    - Ішкі жинақ ақша әлеуетін жүзеге асыруға көңіл аудара отырып экономиканың нақты секторын дамытуға инвестициялық ресурстарды тарту мен бағыттау  процесіндегі мемлекеттің рөлін күшейту;

    - Қаржы ағынының инвестордан заемшыға ұйымдасқан түрде өтуін қамтамасыз ететін экономиканың маңызды буыны ретіндегі қор нарығының қалыптасуы үшін жағдайлар жасау;

    - Нақты экономика саласындағы банктердің несиелік қызметін жаңарту;

    - Қазақстанның ұлттық мүдделерін сақтай отырып, шетелдік инвесторлардың келуін ынталандыру мен шетелдік және отандық инвесторларды экономиканың басым салаларына тарту үшін қолайлы жағдай жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Инвестициялық саясатты жақсартудағы мемлекеттің жүргізетін шаралары.

Қазақстан шетелдік инвесторларға күрделі қаржылардың технологиялардың, басқару мен маркетинг саласындағы тәжірибенің маңызды көзі ретінде қарай отырып, дәйексіз және бұлыңғыр саясат нәтижесінде өзінің ұлттық мүдделеріне қысым жасуына жол бермеуге тиіс.

Үкіметтің саясаты, ұлттық түдде тұрғысынан қарағандағы құқықтық және әкімшілік шаралар шетел инвестициялардың тарту міндеттеріне және  инвесторлар өз мүдделеріне жауап беретін жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Сонымен берге шетел инвесторлары операцияларының Қазақстан экономикасына тигізетін қажеттсіз зардапттарын болдырмауға немесе, ең болмағанда, бәсеңдетуге мүмкіндік беретін тетіктер әзірлеу қажет.

Инвестициялық ахуалды жақсарту мынадай шаралар қолдануы тиіс:

    - Заңнаманың даму дәрежесі мен тұрақтылығы, мемлекеттік саясаттың болжамдылығы инвестициялық ахуалды салауатты жай-күйінің кепілі болуға тиіс;

    - Заңнаманы тиімді қолдану мәселесі шешілуге тиіс; Қазақстанның іскер қауымдастығы иен Үкіметтің беделін арттыру үшін жергілікті және халықаралық сот шешімдерін орнатуды, шарттарды сақтауды және күшіне енгізуді қамтамасыз ету қажет;

    - Заңнамаға шетелдік және ішкі инвесторлар үшін бірдей жағдай жасайтын түзетулер енгізу қажет;

    - Инвестициялық қызмет туралы заңнаманы жетілдіру әлемдік стандарттарға жауап беретін нақты айқын және бір мәнді құқықтық нормалардың бар болуын қамтамасыз етуге тиіс;

    - Шетелдік күрделлі қаржы және инвесторлардың құқықтары заңнамамен кепілді қорғалуға тиіс;

    - Тіркелген сауда маркалары мен патентерді қорғау қарақшылық өнімдердің заңсыз айналымына қарсы күрес маңызды міндет болып табылады. Бұл үшін авторлық құқықтарды қорғау саласында жұмыс істейтін мамандықтар біліктілік деңгейін арттыру талап етіледі;

    - Инвесторлар үшін қаржы ақпаратының айқындығының, уақытылы болуының, толықтығы мен дұрыстығының аса маңызды мәні бар. Осы орайда бухгалтерлік және статистикалық есеп беру стандерттарын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жалғастыру қажет.

    - Шетелдік инвестицияларды тартуда өнеркәсіптің өңдеуші, салаларына басымды берілуге тиіс. Жаңа ірі инвестициялар есебінен маркетиг пен менедженттің осы заманғы әдістер қолданылатын технологиялық жағынан күрделі өндірістер құрылуы мүмкін.

    Шетелдік тікелей инвесторлар қызметін реттеу кезінде олардың кәсіпорынның негізі капиталына инвестиция салуы жөніндегі және экологиялық қауіпсіздік нормаларын орындауды, жөніндегі міндеттемелерін атқаруына бақылау жасау шараларын заң бекіту қажет.

    Инвестициялық преференциялар (салық және кеден жеңілдіктері, мемлекеттік заттай гранттар) мемлекеттік инвестициялық саясаттың маңызды құралы болады.

    Шетелдік және отандық инвесторларды мемлкеттік қолдау жүйесі инвестициялық   преференциялар мемлекеттік инвесторлардың негізі құралдарға инвестиция салу, сондай-ақ салық төлеуден босатуды оның мерзімін кейінге қалдырумен (жедел амортиция) алмастыру және жер салығы бойынша жеңілдіктерді алып тастау есебінен бәскелестік ортаны сауықтыру жөніндегі міндеттемелерді орындауына неғұрлым қатаң тәуелді болуын көздейтін болады.

    Тікелей инвестициялардағы едәуір үлесті және қойнауын пайдалану инвестициясы иеленді, ол басқа салаларды дамытуға мультипликативтік (еселеген) нәтижесін тигізе еді. Бұл нәтижеге ие болу үшін жер қойнауын  пайдаланушылармен келісімшарт жасаған кезде кәсіпорындарға жабдықтар мен қосалықы бөлшектер беруге, отандық жұмысшылар мен мамандықды тартуға, әлеуметтік объектілерді салу мен жөндеуге қаражат аударуға тапсырыстар орналастыру бөлігінде инвесторлардың міндеттемелерін ескерту қажет.

    Ұлттық мүдделерді сақтау үшін шетелдік инвесторлардың нарыққа монополистік бақылау орнатуына жол беруге болмайды,салық төлеуден жолтару мақсатында трансферттік баға белгілеуді пайдаланудың жолын кесу керек.

    Сонымен қатар, Қазақстан ұлттық мүдделеріне қолайлы келген жағдайға шетелдік инвесторлармен жасалған келісімшарттарды қайтақарауға батыл болуы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         3.3. Дамыған және дамушы елдердің инвестициялық саясаты.

    Ғылыми–техникалық революция жағдайында инвестициялық ағымдардың өсуіне ықпал етуші факторларды дамыту белсенді түрде жүргізілуде. 60-80- жылдары өндіріс пен сыртқы саудаға қарағанда капитал ағымы өте жоғары қарқынмен дамыды.

    Мысалы, егер 1960 жылы тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 66 млрд.$болса, онда 80- жылдары олар 8 есеге өсті. Бұл жиырма жылдық кезең дамыған елдер экономикасын инвестициялауға дамушы елдер экономикасынан шығатын шетел капиталының қозғалу векторларын түбегейлі өзгертті.

    Халықаралық капитал қозғалысының тарихында аталған кезең былайда ерекшеленеді, яғникапиталды шетке шығарудағы күштердің өзгерісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырады.

    Шетелдік жеке меншік инвестициялардың ірі формаларының бірі ретінде тікелей шетел инвестициялары қарастырылады. Бұл кезде статистикалық мәліметтер көрсеткендей, кәсіпорын,дар мен тікелей обьектілердің акцияларының басым көпшілігі елдің төлем балансындағы пассивтің белгілі бір үлесінің орнын толтырады және шетел экспансиясын қаржыландыруға арналған ресурстарды толықтырады.

    Біздің ойымызша, шетелдегі американдық кәсіпорындар кешенін АҚШ-тың екінші экономикасы деп есептеу өте дұрыс. Елдердің қаржылық ресурстарын капиталды тартушы елдер үкіметінің басқару және ынталандыру тәжірибесінің жеткіліксіздігі ықпал етеді.

    Сонымен бірге, Батыс Еуропадағы АҚШ-тың тікелей инвестицияларының аймақтық кесіндісі барлық инвестициялардың 40%-не жуық болады. Осы кезде олар дамыған өндірістік инфрақұрылымы бар, өнеркәсіптік өндірістің жоғары деңгейі бар және қолайлы инвестициялық климаты бар өнімді өткізудің сыйымды нарықтарын іздестіреді.

    70- жылдардың басында –ақ  көптеген экономистер Чили өнеркәсібінің әлемдік деңгейден артта қалғандығын анықтады.Чилидің экономикалық саясатындағы күрт өзгетрістер елеулі болды және жоспарлық модельдің орнына реттелетін модельдер қолданылды.

    Осылайша, Чилидегі реформалардың бірінші кезеңі сыртқы сауда мен салыстырғанда капитал нарығын қажетті ырықтандырумен қамтамасыз етпеді.

    Чили елеулі күрделі салымдарды талап етпейтін модель қолданылған еді және тиісінше, шетел капиталы ағымын белсенді жүргізу 80-жылдардың аяғына дами бастады. Шетел инвесторларды өз капиталын экономиканың кез келген саласына енгізу мүмкіндігін алды, ал пайданы шетелге аудару белгілі бір дәрежеде шекелді.

    Азия елдерінің өнеркәсібін гүлденген елдерге айналдырған факторлардың бірі – оларға шетел капиталының құйылуы. Жаңа индустриялық елдердің индустрияландыру процесі үш кезеңге бөлінеді және оның өзіндік ерекшеліктер бар.

   - импортты алмастыратын стратегияны дамыту

   - экспорттық потенциал мен базалық салаларды құру

   - ғылыми салаларды дамыту және т.б.             

Индустрияландырудың  кезеңі (60 жылдар аяғы) халықаралық еңбек бөлінісіндегі өзгерістермен және дамыған елдер экономикасындағы құрылымдық қайта құрулармен сәйкес келеді. Осы кезеңдегі дамушы елдердің саясаты жаппай тұтыну өнімдерін шығаратын салаларды дамытуға бағытталған. Бұл саясат қазіргі таңда халықаралық еңбек бөлінісінде елдердің мамандануын анықтайтын салаларды құруға мүмкіндік береді.   

    Сонымен қорытындылай келе дамушы және дамыған елдердің инвестициялық саясаты жоғарыдай  жағдайларды басынан кешкен.

 

 

 

 

 

                                                         Қорытынды.

    Қорыта келгенде инвестицияның экономикадағы мәні ерекше зор, сондай-ақ қызметтері ерекше бағаланады.

    Ел аумағындағы инвестициялар (күрделі қаржы) ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды.Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу соларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.

    Инвестиция көзі – жинақ. Мәселе мынада, жинақты бір шаруашылық агенті  жүргізіп, ал ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық етуші субьектілер жүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады.Алайда бұл адамдар қоғамдық капиталдардың  нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді.Инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауылшарушылығы және басқа да кәсіпорындардың жинағы болады. Мұнда "жинақшы" мен инвестор сәйкес . Инвестиция мынадай факторларға тәуелді: біріншіден, инвестиция процесі күтіліп отырған пайда нормасына немесе күрделі қаржылық рентабелділігіне тәуелді.Егер инвестордың пікірінше рентабелділік төмен болса, онда қаржыландыру жүзеге аспайды. Екіншіден, инвестор шешім қабылдау кезінде күрделі қаржының альтернативті мүмкіндіктерін есепке алады және мұндағы шешуші фактор процент ставкасының деңгейі болады. Егер процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан жоғары болса, инвестиция жүзеге аспайды, керісінше, егер процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан төмен болса, кәсіпкерлер күрделі қаржыны іске қосады.

Информация о работе Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері