Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 20:57, курсовая работа
Кіріспе.
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Инвестиция және оның түрлері, Қазақстандағы инвестициялық саясат.». Осы тақырыпты 3 бөлімге бөліп қарастырылды. Олар:
Бөлім 1 «Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері» Осы бөлімді 3тақырыпшадан тұрады. Инвестициялардың мәні және түрлері. Қаржы инвестиялары. Қоржындық инвестицияның тиімділігі.
Кіріспе...........................................................................................................................3
Бөлім І. Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері.
1.1. Инвестициялардың мәні мен түрлері...................................................................5
1.2. Қаржы инвестициялары......................................................................................11
1.3. Қоржындық инвестициялардың тиімділігі.......................................................14
Бөлім ІІ. Мемлекеттік экономикалық және инвестициялық құрылымдық саясаттың мәселелері мен қазіргі жағдайы.
2.1. Инвестициялық саясаттың проблемалары........................................................16
2.2. Экономиканы дамытуға инвестиция саясатының әсері...................................18
2.3. Инвестицияны жандандыру шаралары..............................................................21
Бөлім ІІІ. Қазақстан Республикасының саясаттың стратегиялық дамуы.
3.1. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаттың стратегиялық дамуы...........................................................................................................................23
3.2. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатты жақсартуға мемлекеттің жүргізетін шаралары............................................................................29
3.3. Дамыған және дамушы елдердің инвестициялық саясаты..............................32
Қорытынды..............................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................35
Кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік экономикалық потенциалын сақтау және әрі қарай дамыту. Кәсіпорынның бұл саладағы іс-әрекеті инвестициялық іс-әрекет деп аталады. Қазақстан Республикасының «Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау» туралы Заңы бойынша инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкершілі іс - әрекеті жатады.
Инвестициялық іс - әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар (инвестициялық іс - әрекетті жүргізетін жеке және заңды тұлғалар), тапсырыс берушілар, жұмысты орындаушылар, инвестициялық іс - әрекеттің объекектілерін қолдаушылар, сонымен бірге жеткізушілер, заңды тұлғалар (банкілер, қамсыздандыру ұйымдары, инвестициялық қорлар) және басқа да инвестициялық процестің қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге – инвесторлар және басқа да инвестициялық жобаны іске асырушы жеке және заңды тұлғалар жатады.
Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың инвестициялық іс - әрекеттері «Нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Салықтар және бюджетке міндетті түрдегі төлемдер туралы», «Шетел инвестициялары туралы» Заңдармен және де Банкроттық жайы», «Бағалы қағаздар нарығы жайлы», «Қазақстандағы инвестициялық қорлар жайлы» Заңдармен, тағы басқа да нормативтік актілермен реттеледі.
Жоспарланған, іске асырылған инвестициялар инвестициялық жобалар формасын қабылдайды. Инвестициялық жоба – капиталдарды ұлғайту мақсатымен экономиканың әртүрлі салалары мен сфералаына құюға бағытталған, жоспарланған және орындалатын шаралар жиынтығы.
Инвестициялық жобаларды құру және іске асыру мынадай кезеңдерден тұрады:
инвестициялық ұғымды қалыптастыру;
инвестициялық мүмкіншіліктерді зерттеу;
жобаны техникалық-экономикалық негіздеу;
жер учаскесін алу немесе жалға алу;
келісім құжаттарын дайындау;
құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп іске беру;
объектіні қолдау, экономикалық көрсеткіштердің мониторингі.
1.2. Қаржы инвестициялары.
Қаржы инвестиялары, яғни кәсіпорындарың бағалы қағаздарды алуға кеткен шығындары, кәсіпорындардағы үлестік қатысушылар, басқа кәсіпорындарға вексельдік қарыз беру және басқа да борыштық міндеттемелер, нарық экономикасындағы есептің аса маңызды объектісі болып табылады.
Капиталды берудің формасымен мен табысты бөлудің әдісіне қарай бағалы қағаздар борыштық және борыштық емес болып бөлінеді. Борыштық бағалы қағаздар – заттай емес активтерге берілген салым реттінде, пайыз түрінде табыс табуға құқық алу үшін айырбасқа қарызға бірілген қаражат болып есептелінеді. Қарыз алуға алған қарызды белгілі бір беріленген уақытта қайтаруға міндеттеледі.
Әдетте инвесторлар компанияның капиталына қатысуы үшін бағалы қағаздарды – акцияларды сатып алады.
Акция – акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар, ұйымдар, банкілер, кооперативтер шығаратын, осы қоғамдарды және т.б. дамыту мақсатымен акция иесінің қаржы қосқандығын растайтын және оған пайданың бір бөлігін дивиденд түрінде алуға құқық беретін бағалы қағаздың түрі. Акция шығару арқылы акционерлік қоғамдар ірі инвестициялық жобаларды атқарады. Акциялар эмиссиясы дегеніміз акционерлік қоғамдарды құру, мемлекеттік кәсіпорындарды сатып алу компанияның жарғы капиталын көбейту.
Қарыздық міндеттемелер инвестор мен қарыз алушының арасындағы қарым-қатынасты нақтайды. Қарыздық міндеттемелерге – облигациялар, мемлекеттік заемдар, банкілердің депозиттік және сақтау сертификаты, вексельдер жатады.
Туынды бағалы қағаздар иелерінің акцияларды және қарыздық міндеттемелерді сатып алуға және сатуға құқығын бекітеді. Олар – опциондар, фьючерстік келісімдер.
Опицион – еңбек ұжымыныңның мүшелеріне тегін берілген немесе жеңілдік шартымен сатылатын және кейіннен жазылым құқығын беретін бағалы қағаздар.
Қаржы фьючерс – белегілі бір базистік активті болашақта тіркелген бағамен сатуға және сатып алуға жасалған келісім.
Бағалы қағаздардың иелеріне акциялар мен облигациялардың орына берілетін бағалы қағаздардың сертификаттары бағалы қағаз болып есептелмейді. Олар бағалы қағаздарды сатып алу туралы куәліктің қызметін атқарады және бұл сертификаттарда қанша көлемде, қандай бағамен, қандай сомаға бағалы қағаз сатып алынғаны көрсетіледі.
Сертификаттың бір түріне – жамбо - сертификат немесе нормалдық құны өте жоғары аса ірі сертификат жатады. Мысалы: швейцарлық жамбо – сертификат аса ірі акцияларды (1000 дана) біріктіреді де, сомасы номинал бойынша 100 мың швейцарлық франк болады.
Ақшаларды акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы қағаздарға айналдыру қаржылық инвестициялар деп аталады. Кәсіпорын активтерінде ұзақ мерзімді (1жылдан көп), қысқа мерзімді (1жылдан аз) қаржылық инвестициялар болады. Көрсетілген активтерге қаражат құюшылар – инвесторлар, ал бағалы қағаздар шығарушылар – эмитенттер деп аталады.
Инвестициялардың негізгі мақсаттарына жатаындар:
салымдардың қауіпсіздігі;
салымдардың табыстылығы;
салымдардың өсуі;
салымдардың өтімділігі;
Инвестициялық жобаларды орындап, есептап, олардың тиімділігін жобаға кеткен шығындар мен жобаның іске асыру нәтижелері салыстыра отырып, талдау нәтижесінде анықтау қажет.
Жобалық талдау дегеніміз капиталдық жобаның табыстылығын талдау процесі. Басқаша айтқанда, инвестициялық жобаға кеткен шығындар мен осы жобадан түскен табысты салыстыру. Ол үшін инвестициялық жобаның барлық сатылары мен аспектілеріне ұзақ талдау жасалынады. Негізгі талдау аспектілері:
Техникалық талдау. Инвестициялық жобаға неғұрлым дәл келетін техника мен технологияны анықтау.
Коммерциялық талдау (маркетингтік). Инвестициялық жобаны іске асырғаннан кейін шығарылған өнімнің сатылу нарығын талдау, яғни қаншалықты көлемде өнімнің сатылу нарығын талдау, яғни қаншалықты көлемде өнім шығарылуы қажеттігін талдау, жобаға қажетті өнім нарығын талдау.
Институционалдық талдау – жобаны іске асырудың ұйымдық-құқықтық, әкімшілік және саяси ортасын бағалау. Осы ортаны мемлекеттік ұйымдардың талабына сайкелтіру; тағы бір басты жай – фирманың ұйымдық құрылымын жобаға сай келтіру.
Әлеуметтік (әлеуметтік-мәдени) талдау – жобаның жергілікті тұрғындарға әсерін зерттеу.
Қоршаған ортаны талдау – жобаның қоршаған ортаға тигізген кері әсерін экспертиза арқылы анықтаужәне ондай кері әсерлерді болғызбау әдістерін қалыптастыру.
Қаржылық талдау;
Экономикалық талдау.
1. 3. Қоржындық инвестицияның тиімділігі.
Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалауды, материалдық және заңды түрде тікелей жауап беретін инвесторлар жүргізеді. Қазақстан Республикасында инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың методологиясы мен әдістері, меншік формасына қарамастан, Россияда жасалынған және 31 март 1994 жылы бекітілген, инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және оларды қаржыландыруға таңдап алу жайлы Методикалық нұсқауларды қолдану арқылы негізделеді.
Осы Методикалық нұсқауларға байланысты инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалауғада: коммерциялық (қаржылық) тиімділік – қатысушылар үшін жобаны іске асырудың қаржылық нәтижелерін; бюджеттік тиімділік – жобаны іске асырудан түскен қаржылық түсімдердің жергілікті және аймақтық бюджетке түсімдерін; экономикалық тиімділік – жобаны іске асыруға байланысты болған шығындар мен соңғы нәтижелерді анықтауда қолданылады.
Инвестициялық жобалардың тиімділігі көрсеткіштер жүйесімен анықталады. Ондай көрсеткіштерге:
таза дисконтталған құн (ТДҚ) немесе таза дисконтталған табыс(ТҚД);
инвестициялардың рентабельділігі (ИР), табыс индексі (ТИ);
табыстың ішкі нормасы (ТІН);
қайтарым уақыты (Т қай).
Осы көрсеткіштермен – пайданың жай нормасы, капитал беру, шығындардың интегралдық тиімділігі көрсеткіштері де қолданылады.
Инвестициялық жобаның коммерциялық (қаржылық) тиімділігі табыс нормасын қаржылық шығындармен толтыратын нәтижелердің арақатынасымен анықталады және жоба бойынша толық түрде немесе жобаның инвестициялау үлесіне байланысты жеке қатысушылар үшін де есептелінеді.
Инвестициялық жобаның коммерциялық тиімділігін есептегенде инвестордың инвестициялық, операциялық, қаржылық іс - әрекетті қаралап, есепке алынады. Мұнда нақты ақшалардың ағыны мен сальдосы анықталып танылады.
Нақты ақшалардың ағыны - инвестициялық жобаны орындау барысындағы, инвестициялық және операциялық іс - әрекеттен болған ақша қаражатының құйылымы мен шығысының арасындағы айырма. Нақты ақшалардың сальдосы (қалдығы) - инвестициялық жобаны іске асыру уақытындағы, барлық үш бірдей (инвестициялық, операциялық, қаржылық) іс - әрекеттен болған ақша қаражатының құйылуы мен шығуының арасындағы айырма. Инвестициялық жобаның қабылдаудың қажетті критерийі ретінде нақты ақшалардың жағымды сальдосы (қалдығы) есептелінеді. Ал егер сальдо (қалдығы) – жағымсыз болған жағдайда инвесторлар өз қаражаттарынан қосымша қаражат бөлуі, не болмаса қарызға қаражат алуы тиесілі.
Инвестициялық жобаның коммерциялық тиімділігін қосымша бағалау үшін, қарызды өтеу уақыты және инвестицияның жалпы көлеміндегі инвестициялық жобаға қатысушылардың үлесі есептелінеді.
Қарызды толық өтеу уақыты, инвестициялық жобаны іске асыруда несие және қарызға алған қаражаттар болған жағдайда ғана анықталады.
Инвестициялық жобалардың коммерциялық тиімділігіне әсер ететіндер:
жалпы инфляция – экономикадағы өндіріс ресурстарына (шикізат, капитал, қызмет, еңбек т.б.) және шығарылатын өнімге бағаның жалпы деңгейінің өсуі;
инфляцияның әрекеттес болуы (яғни оның әртүрлі көлемі) - өнім түрлеріжәне өндіріс ресурстары бойынша;
инфляция деңгейінің шетел валютасының курсынан жоғары болуы.
Бөлім ІІ. Мемлекеттік экономикалық және инвестициялық құрлымдық саясатының мәселері мен қазіргі жағдайы.
2.1. Инвестициялық саясаттың проблемалары.
Шетелдік капитал өндірісті сектордың дамуына ықпал етпейді, өйткені іс жүзінде толығымен экономиканың өндіріуші секторларына негізінен мұнай өндіріу мен металлургия салаларына жіберіледі. Бұдан басқа инвесторлар құрлымын талдау шетелдік инвесторлардың ақшаның көп бөлігін айналым қаражатына немесе қысқа мерзімді пайдаланудың негізгі қаражатына салынатын көрсетеді.
Шетелдік инвесторлардың келуін ынталандыру саясаты отандық және шетелдік инвесторлардың теңсіз жағдайға қойылуына айып келеді.
Капиталдың елден жылысуының жалғасуы Қазақстан экономикасын дамытуға теріс әсер етіп отыр.
Тартылатын шетелдік капитал көлемін арттыруға кедергі келтіріетін бір қатар факторлар бар, олардың ішінен мыналарды атап көрсетуге болады:
Қазақстан нарығындағы іскерлік белсенділіктің төмендігі;
Заңнама мен реттеуші шаралардың көмескілігі;
Ақша қаражатының төлемсіздік дағдарысымен шиеленіскен төмен өтімділігі;
Сенімді ақпараттың өткір тапшылығы.Бұдан басқа, мемлекет рөлінің әлсіздігі сыбайлас, жемқорлық пен қызмет бабына теріс пайдаланудың таралуына, келісмшарт талаптарының орындалмауына мүмкіндіктер туғызды, санаткерлік меншік құқығын қорғау қамтамасыз етілмейді.
Негізгі капиталға инвестициялар.
Төмен инвестициялық белсенділік салдарынан экономиканың нақты секторның негізгі капиталы әбден ескерді, іс жүзінде экономиканың барлық салалары техникалық жағынан кері кетуде. Негізгі капиталға инвестицияның қазіргі ІЖӨ - нің 18 – 19 % мөлшеріндегі деңгйі таяу жылдары негізгі капиталды оның табиғи тозуы салдарынан толық шығарып тастауы мүмкін.
Кәсіпорындардың амортизациялық аударымдары негізгі өндірістік құралдарды ұдайы өндіріу функициясын орындамайды және нысаналы пайдаланылмайды. Көптеген кәсіпорындарды шетелдік инвесторлар өндіріс қуаттарының қалдық құнынан едәуір төмен баға бойынша сатып алды. Алайда бұл ретте кәсіпорындардың жаңа меншік иелері салық салынатын пайдадан амортизациялық игерім жүргізу мүмкіндігін басқа кәсіпорындармен бірдей пайдаланады.
Енжар инвестициялық саясат жүргізуді жалғастыру экономикалық өсудің жоғары қарқынына қатысты болжамдардың орындалуына қатер төндіреді.
Инвестициялық саясатқа мемлекет белсенді түрде араласпаса, экономиканың өндіріуші салаларының басым түсуі одан әрі жалғаса беретін болады. Елдің болашағы оның табиғи ресурстар қорының мөлшеріне тәуелді болып қалады.
Тиісті мемлекеттік бақылау болса капиталдың жылыстау процесі жалғаса беретін болады, қазіргі ішкі инвесторлардың қаржылық мүмкіндіктерінің шектеулілігіне байланысты қор нарығы шетелдік инвесторлардың ықпалында қалып қоюы мүмкін.
Информация о работе Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері