Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 20:57, курсовая работа

Описание работы

Кіріспе.
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Инвестиция және оның түрлері, Қазақстандағы инвестициялық саясат.». Осы тақырыпты 3 бөлімге бөліп қарастырылды. Олар:
Бөлім 1 «Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері» Осы бөлімді 3тақырыпшадан тұрады. Инвестициялардың мәні және түрлері. Қаржы инвестиялары. Қоржындық инвестицияның тиімділігі.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................................3
Бөлім І. Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері.
1.1. Инвестициялардың мәні мен түрлері...................................................................5
1.2. Қаржы инвестициялары......................................................................................11
1.3. Қоржындық инвестициялардың тиімділігі.......................................................14


Бөлім ІІ. Мемлекеттік экономикалық және инвестициялық құрылымдық саясаттың мәселелері мен қазіргі жағдайы.
2.1. Инвестициялық саясаттың проблемалары........................................................16
2.2. Экономиканы дамытуға инвестиция саясатының әсері...................................18
2.3. Инвестицияны жандандыру шаралары..............................................................21

Бөлім ІІІ. Қазақстан Республикасының саясаттың стратегиялық дамуы.
3.1. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаттың стратегиялық дамуы...........................................................................................................................23
3.2. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатты жақсартуға мемлекеттің жүргізетін шаралары............................................................................29
3.3. Дамыған және дамушы елдердің инвестициялық саясаты..............................32

Қорытынды..............................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................35

Работа содержит 1 файл

Курс. Мем.ң инвес.Doc

— 180.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Экономиканы дамытуға инвестициялық саясаттың әсері.

Инвестициялық саясаттың әлеуметтік – экономикалық салдарын ескере отырып, Қазақстан экономикасының қаржылық тұрақтануы сатысына ену кезеңінде әдістерді қолдана бастады, бұл әдістер төмендегі бағыттарды қамтиды:

      Үкіметтік несиелер мен кепілдемелерді шектеу (өйткені үкіметтік несие алдын-ала ақы төлеуді; кепілдемелерді ұсынуды және белегілі сомалардың процентімен қайтарылуын талап етеді.)

      Тікелей шетел инвесторлары донордың ұзақ мерзімдік мүдделерінң жүзеге асуыны мүмкіндік береді;

      Донордың өндірістік процесті басқаруға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс;

      Елеулі көлемде қаржылық ресурстардың ағылып келуін қамтамсыз еатеді, ол сыртқы қарыздардың төлену проблемасына әсер етпейді;

      Тікелей шетел инвестициялары іскерлік және шаруашылық белсенділікті қамтасасыз ете отырып, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың әр түрлі формаларының кең түрде таралуна ықпал етеді.

Мұның барлық Үкіметтің орта мерзімдік және жүзеге асыру үшін бвғыт-бағдар беруі мүмкеіндік жасады. Объектілерді салу және сатып алумен қатар шетел капиталын салу бағыттарына мыналар жатады:

      Біріккен және төл кәсіпорындардың құру;

      Шетел компанияларының басқаруына объектілерді беру;

      Акционерлеу жолы арқылы кәсіпорындарды жекешелендіру процесіне донорларды қатысуын кеңейту;

      Банктік мекемелерді инвестициялау.

   Қолданылған  бағыттар сипатында елеулі өзгерістер  болуда:

      Біріккен кәсіпорындар делдалдық- өткізу және сатып алу қызметі салаларында емес, өндірістік, банктік, құрылыстық қызметте, аграрлық секторда ұлғаюы.

1997 жылы қызмет етіп жатқан біріккен кәсіпорындардың жалпы саны 1388, ал шетел инвесторларының басқаруына берілген кәсіпорындар саны 100-ден астам болды.

Бір кеңістіктегі серіктестіктердің мүдделері,өндірістік міндеттер сияқты, өнімді өткізудің белгілі бір нарығында тоғысады.

Қазақстан Республикасы экономикасына тартылатын айналым капиталының ұлғаюы жеке жобалар бойынша жекешелендіру процесінде көрініс тапты.

Барлық елдердегі сияқты, Қазақстандағы инвестициялық процестің гүлденуі макроэкономикалық параметрдің төмендігі факторларымен тежеліп отыр.

    Олардың біріншісіне мынаны жатқызуға  болады: яғни жинақталатын ресурстардың төмен тиімділікте сіңірілуі, оларды қаржыландыру механизмінің жоқ болуы (сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету және инвестициялаудың нарықтық институттарының қалыптасуының, сонымен бірге жинақтаулардың салымдарға айналуы механизмінің аяқталмағандығы).

Бұл жағдайды ұлттық банктік жүйенің жеткілікті түрде дамымауы шиеленістіріп отыр. Қазіргі кезде ұлттық банктік жүйе жинақтарды салудың және оларды инвестициялаудың шынайы активтерге айналуының тартымдылығын қамтамасыз етуге қабілеті жоқ. 

    Екіншіден, Республика көлемінде тиімді инвестициялық жобалар түріндегі төлем алущылар ұсыныстарының мәліметтер банкінің құрылмағандығы. Көптеген жоболар жабық жағдайларда қарастырылған, осының әсерінен жеткіліксіз дәрежедегі жоғары тиімді жобалар өмірге енгізілген.

    Үшіншіден, банктердің, клиенттердің қаржылық жағдайының төмен деңгейі; мемлекеттік бағалы қағаздардың жоғары табыстылықпен қамтамасыз етілмеуі; кәсіпорындардың қаржылық жағдайының қажетті деңгейде болмауы себебінен инвестициялаудың жоғары тәуелділіктерін компенсациялайды.

    Төртіншіден, төлемдер дағдарысы жағдайындағы қарыздардың сақталуы бұрынғысынша айналым капиталын толтыру үшін ақшаға деген жоғары сұранысты сақтап отыр, ол қаржылық ресурстарды инвестицияландыру мақсаттарына емес, айналым қорларын қаржыландыруға бағыттайды.

    Бесінші ─ жүктемеленбеу жағдайында тұрған өндірістік саланың негізгі капиталы өзін сақтауға жоғары шығындарды талап етеді, сол арқылы қаржылық ресурстардың елеулі бөлігі шығындалады.

    Алтыншы ─ тиісті әдістердің болмауы негізгі капиталдың теңбе-теңсіз қайта бағалануына әкеліп соқты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Инвестицияны жандандыру шаралары

    Инвестицияны жандандыруды дамыту мақсатымен шетел капиталын тарту үшін көптеген экономикалық шаралар қолдануда. «Шетел инвестициясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді, шетел капиталын тарту және пайдалану бағытында Мемлекеттік бағдарлама аяқталуда, «Инвесторлардың құқығын қорғау туралы» Заңның жобасын құру басталуда, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізілуде және тағы басқа. Әзірше республика экономикасына жұмсалған күрделі қаржының жалпы көлемінде шетел капиталының үлесі 4 пайыз төмен.

    Қазіргі кезде жаңа құрылыс жобаларын іске асыруға жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарын жаңғыртуға инвестиция жетіспеуде. Қазақстан жерінде отандастар және шетелдік серіктестерге инвестиция жасауына 35-тей жобалар ұсынылуда.

    Қазіргі кезеде Қазақстанда 800-ге жуық инвесторлар бар. Олар өздерінің жұмыс істеген мерзімінде республика экономикасының шамасы 2 млрд. АҚШ доллары қаржы жұмсады. Ал республика инвестициялық қажеттілігі жылына 4 млрд. АҚШ доллары шамасында.

    Сараптаушылардың бағалауы бойынша әлемде 4,5 трлн. доллар шамасында инвестицияға пайдалануға болатын қаржы бар. Оларды кәсіпкерлер «үшінші әлемдегі» мемлекеттер және бұрынғы кеңес өкіметі құрамында болған мемлекеттер экономикаларына инвестиция ретінде жұмсай алады.

    Әлемдік капитал нарығында инвестицияға сұраныс өсуіне байланысты реципиент – мемлекеттер арасында оны алуға бәсекелік те өсуде.

    Республика экономикасына шетел капиталын тарту үшін шетел кәсіпкерлеріне мынадай жағдайлар жасау қажет:

    - ұзақ мерзімді саяси және ұлтаралық тұрақтылық орнату;

    - инвесторларға өзара шартты өзгертпейтін жағдайды қамтамасыз ететін тұрақты заңдар қабылдау;

    - капиталды мүлтіксіз кедергісіз әкелуге және шетке шығаруға жағдай жасау, теңгенің кез келген шетел валютасына еркін айырбасталымда болуы;

    - шетел инвестициясын тарту мәселелерін шешу кезінде төрешілікті, кеңсешілікті жою және т.б.

    Шетел инвестицияларын пайдалануда жаңа заңды жолмен реттеу шетел инвесторларын талғамалы негізінде жеңілдік және қолайлы жағдай жасау жүйесі қарастырылған. Жеңілдік алатын инвесторлардың тізімін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлім ІІІ. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатның стратегиялық дамуы.

3.1. Инвестициялық саясатының стратегиялық дамуы.

   Инвестициялық саясаттың әлеуметтік-экономикалық салдарын ескере отырып, Қазақстан экономиканың қаржылық тұрақтануы сатысына ену кезеңінде қатаң әдістерді қолдана бастады, бұл әдістер төмендегідей бағыттарды қамтиды:

●үкіметтік несиелер мен кепілдемелерді шектеу (өйткені үкіметтік несие алдын-ала ақы төлеуді; кепілдемелерді ұсынуды және белгілі сомалардың процентімен қайтарылуын талап етеді).

    Мұндай жағдайда елге келіп жатқан шетел инвесторларын көбейтуге арналған мүмкіндіктер кеңейіп жатыр.Капиталды тартудың мұндай формасының басымдылығы әртүрлі түсіндіріледі:

●тікелей шетел инвесторлары донордың ұзақ мерзімдік мүдделерінің жүзеге асуына мүмкіндік береді;

●дoнордың өндірістік процесті басқаруға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс;

●елеулі көлемде қаржылық ресурстардың ағылып келуін қамтамасыз етеді, ол сыртқы қарыздардың төлену проблемасына әсер етпейді;

●тікелей шетел инвестициялары іскерлік және шаруашылық белсенділікті қамтамасыз етіп отырады, өндірістік және ғылыми – техникалық ынтымақтастықтың әр түрлі формаларының кең түрде таралуына ықпал етеді.

      Мұның барлығы үкіметтің орта мерзімдік инвестициялық бағдарламасын қабылдау және жүзеге асыру үшін бағыт-бағдар беруге мүмкіндік жасады. Обьектілерді салу және сатып алумен қатар шетел капиталын салу бағыттарына мыналар жатады:

●біріккен және төл кәсіпорындарды құру;

●шетел компанияларының басқаруына обьектілерді беру;

●акционерлеу жолы арқылы кәсіпорындарды ж,екешелендіру процесіне донорлардың қатысуын кеңейту;

●банктік мекемелерді инвестициялау;

Қолданылатын бағыттар сипатында елулі өзгерістер болуда:

●Біріккен кәсіпорындардың делдалдық - өткізу және сатып алу қызметі салаларында емес, өндірістік, банктік, құрылыстық қызметте, аграрлық секторда ұлғаюы.

   Бір кеңістіктегі серіктестердің мүдделері сияқты, өнімді өткізудің белгілі бір нарығында тоғысады.

●Қазақстан Республикасы экономикасына тартылатын айналым капиталының ұлғаюы жеке жобалар бойынша жекешелендіру процесінде көрініс тапты.

   Оның өрістеуі белгілі мөлшерде төлем төлемеу дағдарысы сияқты түйінді мәселені жеңілдетті, өндірістердің іскерлік белсенділігін көтеруге және озық технологияларға өту процесін жеделдетуге мұмкіндік береді.

   Дегенмен, бірқатар жағымсыздықтар да кездеседі, олар республиканың экономикалық қауіпсіздігіне әсер ететеін қатерлердің пайда болуына жағдай жасайды. Олар мыналар:

    1. Бұрынғысынша донор үшін өте тартымды болып табылатын мұнай-газ саласы, қара және түсті металлургия, ақырғы нәтижесінде олар халық шаруашылығындағы жекелеген салалардың дамуындағы алшақтықтың ұлғаюына ықпал етеді.

Шетел инвестицияларын осылайша орналастыру шетел инвесторларының қызмет етуін монополиялық тұрғыда бекітілуіне ықпал етті.

2.Шетелдік тікелей инвестициялар құрылымында үлкен үлесті – несиелер, займдар, ссудалар алып жатыр. Оларды негізгі инвестор кәсіпорыннан филиалдар мен еншілес компаниялар жатады. Мұндай фирмааралық инвестициялау қиындап бара жатыр. Соның салдарынан фирмааралық қарыздар қалыптасуда және ұсынудың қатаң жағдайлары кезінде коммерциялық несиелеу кеңейтілуде.

3. Фирмааралық несиелерді қолдану, сонымен бірге бас компаниядан қаржылану көп жағдайда инвестициялаудың өзінің көлеміне тең емес пайданың ауысуына әкеліп соғады.

   Соңғылар тікелей де, жанама да табыстардың елден негізсіз « шығып кетуіне» ықпал етеді.

4. Ел экономикасындағы өңдеуші емес, шикізат салаларын инвестициялау теріс жағдаuларға әкеліп соғады, олардың ішінде ерекше орынды дивиндентер алады, олар саланың экспорттық көлемінің елулі бөлігіе құрайды.

   Бұл жағдайда кеден арқылы шетелге өнімнің едәуір көлемінің өтуі кезінде экспорттық валюталық түсім пропорционалды дәрежеде өспейді.

5. Шетелдік инвестициялаудың басқа формаларымен салыстырғанда, тікелей инвестициялар ағымын қатаң түрде реттеу өте ауыр, нәтижесінде ол төлем балансы жағдайына белгілі дәрежеде әсер етеді.

6. Бүкіл әлемдік тәжірибедегідей, Қазақстан

Республикасына тікелей шетел инвестицияларын тарту ұзақ мерзімдік болашақты айқындай алмады.

7. Ақпаратық нарықтардың құрылмағандығы – шетелдік басқаруға өту шарасының шектен тыс жабдық түрінде жүретіндігін алдын ала айқындайды, ол көптеген келісімдерді бақылау мен олардың жүргізуіне жауапты болуы мүмкін емес.

    Барлық елдердегі сияқты, Қазқстандағы инвестициялық процестің гүлденуі макрэкономикалық параметрдің төмендегі факторларымен тежеліп отыр.

     Олардың біріншісіне мынаны жатқызуға болады: яғни жинақталған ресурстардың төмен тиімділікте сіңірілуі, оларды қаржыландыру механизімінің жоқ болуы.

   Бұл жағдайда ұлттық банктік жүйенің жеткілікті түрде дамымауы шиеленістіріп отыр. Қазіргі кезде ұлттық банктік жүйе жинақтарды салудың және оларды инвестициялаудың шынайы активтерге айналуының тартымдылығын қамтамасыз етуге қабілеті жоқ.

   Екіншіден, Республика көлемінде тиімді инвестициялық жобалар түріндегі төлем алушылар ұсыныстарының мәліметтер банкінің құрылмағандығы. Көптеген жобалар жабық  жағдайларда қарастырылған, осының әсерінен жеткіліксіз дәрежедегі жоғары тиімді жобалар өмірге енгізілген.

  Үшіншіден, банктердің, клиентердің қаржылық жағдайының төмен деңгейі; мемлекеттік бағалы қағаздардың жоғары табыстылықпен қамтамасыз етілмеуі; кәсіпорындардың қаржылық жағдайының қажетті деңгейде себебінен инвестициялаудың жоғары тәуекелділіктерін компенсациялайды.

Төртіншіден, төлемдер дағдарысы жағдайындағы қарыздардың сақталуы бұрынғысынша айналым капиталын толтыру үшін ақшаға деген жоғары сұранысты сақтап отыр, ол қаржылық ресурстарды инвестицияландыру мақсаттарына емес, айналым қорларын қаржыландыруға бағыттайды.

Информация о работе Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері