Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 20:57, курсовая работа
Кіріспе.
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Инвестиция және оның түрлері, Қазақстандағы инвестициялық саясат.». Осы тақырыпты 3 бөлімге бөліп қарастырылды. Олар:
Бөлім 1 «Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері» Осы бөлімді 3тақырыпшадан тұрады. Инвестициялардың мәні және түрлері. Қаржы инвестиялары. Қоржындық инвестицияның тиімділігі.
Кіріспе...........................................................................................................................3
Бөлім І. Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері.
1.1. Инвестициялардың мәні мен түрлері...................................................................5
1.2. Қаржы инвестициялары......................................................................................11
1.3. Қоржындық инвестициялардың тиімділігі.......................................................14
Бөлім ІІ. Мемлекеттік экономикалық және инвестициялық құрылымдық саясаттың мәселелері мен қазіргі жағдайы.
2.1. Инвестициялық саясаттың проблемалары........................................................16
2.2. Экономиканы дамытуға инвестиция саясатының әсері...................................18
2.3. Инвестицияны жандандыру шаралары..............................................................21
Бөлім ІІІ. Қазақстан Республикасының саясаттың стратегиялық дамуы.
3.1. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаттың стратегиялық дамуы...........................................................................................................................23
3.2. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатты жақсартуға мемлекеттің жүргізетін шаралары............................................................................29
3.3. Дамыған және дамушы елдердің инвестициялық саясаты..............................32
Қорытынды..............................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................35
Мазмұны
Кіріспе.......................
Бөлім І. Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері.
1.1. Инвестициялардың мәні мен түрлері.......................
1.2. Қаржы инвестициялары................
1.3. Қоржындық инвестициялардың тиімділігі....................
Бөлім ІІ. Мемлекеттік экономикалық және инвестициялық құрылымдық саясаттың мәселелері мен қазіргі жағдайы.
2.1. Инвестициялық саясаттың проблемалары..................
2.2. Экономиканы дамытуға инвестиция саясатының әсері.........................
2.3. Инвестицияны жандандыру шаралары......................
Бөлім ІІІ. Қазақстан Республикасының саясаттың стратегиялық дамуы.
3.1. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаттың стратегиялық дамуы.........................
3.2. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатты жақсартуға мемлекеттің жүргізетін шаралары......................
3.3. Дамыған және дамушы елдердің инвестициялық саясаты.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Курстық жұмыстың тақырыбы: «Инвестиция және оның түрлері, Қазақстандағы инвестициялық саясат.». Осы тақырыпты 3 бөлімге бөліп қарастырылды. Олар:
Бөлім 1 «Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері» Осы бөлімді 3тақырыпшадан тұрады. Инвестициялардың мәні және түрлері. Қаржы инвестиялары. Қоржындық инвестицияның тиімділігі.
Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Қаржы инвестиялары, яғни кәсіпорындарың бағалы қағаздарды алуға кеткен шығындары, кәсіпорындардағы үлестік қатысушылар, басқа кәсіпорындарға вексельдік қарыз беру және басқа да борыштық міндеттемелер, нарық экономикасындағы есептің аса маңызды объектісі болып табылады.
Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалауды, материалдық және заңды түрде тікелей жауап беретін инвесторлар жүргізеді. Қазақстан Республикасында инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтаудың методологиясы мен әдістері, меншік формасына қарамастан, Россияда жасалынған және 31 наурыз 1994 жылы бекітілген, инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және оларды қаржыландыруға таңдап алу жайлы Методикалық нұсқауларды қолдану арқылы негізделеді.
Бөлім 2. Мемлекеттік экономикалық және инвестициялық құрлымдық саясатының мәселері мен қазіргі жағдайы. Инвестициялық саясаттың проблемалары. Экономиканы дамытуға инвестициялық саясаттың әсері.
Шетелдік капитал өндірісті сектордың дамуына ықпал етпейді, өйткені іс жүзінде толығымен экономиканың өндіріуші секторларына негізінен мұнай өндіріу мен металлургия салаларына жібріледі. Бұдан басқа инвесторлар құрлымын талдау шетелдік инвесторлардың ақшаның көп бөлігін айналым қаражатына немесе қысқа мерзімді пайдаланудың негізгі қаражатына салынатын көрсетеді.
Инвестициялық саясаттың әлеуметтік – экономикалық салдарын ескере отырып, Қазақстан экономикасының қаржылық тұрақтануы сатысына ену кезеңінде әдістерді қолдана бастады.
Бөлім 3. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының стратегиялық дамуы. Инвестициялық саясатның стратегиялық дамуы. Инвестициялық саясатты жақсартудағы мемлекеттің жүргізетін шаралары.
Қазақстандағы ең басты стратегиялық міндеттердің бірі әрдайым елге экономикалық өсу бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік беретін тікелей және қоржындық инвесторларды тарту болып келеді. Мемлекеттік және жеке инвесторлардың экономикағы тартылған ағымды көлемі осы заманғы экономканың жылдам өсіп отырған қажеттерін қанағаттандыру үшін жеткілісіз. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі қазіргі кезде ІЖӨ-нің 18 – 19 %-ынан аспайтын мөлшерді құрайды, ал елімізге осы қолда бар деңгейден екі есе асып түсетін инвестициялар көлемі қажет.
Қазақстан шетелдік инвесторларға күрделі қаржылардың технологиялардың, басқару мен маркетинг саласындағы тәжірибенің маңызды көзі ретінде қарай отырып, дәйексіз және бұлыңғыр саясат нәтижесінде өзінің ұлттық мүдделеріне қысым жасуына жол бермеуге тиіс. Үкіметтің саясаты, ұлттық түдде тұрғысынан қарағандағы құқықтық және әкімшілік шаралар шетел инвестициялардың тарту міндеттеріне және инвесторлар өз мүдделеріне жауап беретін жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Сонымен берге шетел инвесторлары операцияларының Қазақстан экономикасына тигізетін қажеттсіз зардапттарын болдырмауға немесе, ең болмағанда, бәсеңдетуге мүмкіндік беретін тетіктер әзірлеу қажет.
Бөлім І. Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері.
1.1. Инвестициялардың мәні және түрлері.
Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестиялар нақты инвестиялар және қаржы инвестиялары болып бөлінеді. Нақты инвестиялар - капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрлысқа және т. б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары - мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.
Инвестиция- алуан түрлі күрделі қаржы бойынша инвестиция мемілекеттік және жеке, тура және профельді ( қоржынды) болып негізгі материал мен тауар-материалдық қорға, үйлер мен ғимараттарға, машиналар мен жабдықтарға, тұрғын-үй құрылыстарының қызметтеріне бөлінеді.
Инвестор- салым иесі, инвестицияларды жүзеге асыратын жеке адам, ұйым немесе мемлекет.
Инвестициялау (инвестициялық процесс) – бұл қарапайым және өндіріс қаражаттарын қалпына келтіруді ұлғайту процесі. Кәсіпорынның негізгі қоры, машиналар мен құрал-жабдықтар ескіріп, табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, олар өндірістік процес барысында ұдайы ауыстырылып отырады. Кәсіпорынның дамуы, оның тиімділігінің ұдайы артып отыруы өндіріске жаңа үлгідегі техника мен технологияны тартуға, оны техникалық жағынан қайта жарақатану және қайта құруды жүргізумен тікелей байланысты.
Инвестициялық процестің өзіне тән кешенді сатылары бар. Олар:
капитал салымын қаржыландыру;
инвестициялау объектілерін анықтау;
аталынғандардың орындалуын бақылау;
Инвестициялық жобалар мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Жобалау класына қарай:
мегожоба;
мультижоба;
моножоба деп бөлінеді.
Мегожоба- бұл үлкен көлемдегі жоба, бірнеше жобалардың өзара байланыстарын, ресурстарды бөлу және орындалу уақыттарына шектеуден тұратын мақсатты бағдарлама. Бұл жоба мемлекеттік басқару деңгейінде қалыптасады және басқарылады.
Мысалы:
халық шаруашылығының құрылымдық реформа жасау;
нарыққа өту және нарық үлгілерін таңдау;
сондай-ақ экономиканың жекелеген секторлары мен түрлі өрістерін дамыту бағдарламалары.
Бағдарламалары:
халықаралық;
салалық;
салааралық;
аймақтық болуы мүмкін.
Мультижоба- ұйымдар мен кәсіпорындар шеңберінде жүзеге асырылатын жоба.
Моножоба- бұл нақтылы міндеттерді жүзеге асыратын әр түрлі:
техникалық;
ұйымдық,
экологиялық;
әлеуметтік жобалар.
Жобалар ұзақтығына қарай:
қысқа мерзімді;
орта мерзімді;
ұзақ мерзімді;
Көлеміне қарай:
шағын;
орта;
ірі болады;
Күрделігіне қарай:
жай;
күрделі;
өте күрделі;
Инвестициялық принцптер:
салым қаржысын әрбір бірлігіне келетін пайданың артып отыруы;
инвестициялау тәуекелін азайту;
шығынды өтеу мерзімін есепке алу.
Инвестициялық шығынның өтелуі- бұл салынған қаржыны қайтару мерзімі. Қаржы салымдарының шығынды өтеу мерзімі мемлекеттің инвестициялық саясатына тікелей байланысты.
Инвестициялық саясат- халық шаруашылығын дамыту мақсатында қабылданған бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ететін экономика өрістерінде капитал салымдарын пайдаланудың негізгі бағыттарын сипаттайтын ұстаным.
Сонымен қатар инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау» Заңы бойынша тікелей инвестициялар - республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестиция одан басқа барлық инвестиция түрлері. Жанама инвестициялар - қоржындық инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олрдың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық қоржынында жетекші рольге ие болып отырған меншікті инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейінге, яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді. Инвестицияның негізгі түрлері . Әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестицялық операциялар болып табылады, яғнм жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.
Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестициялардың түрлері:
табиғи активтерге инвестициялар;
ақша активтерге инвестициялар;
материалдық емес активтерге инвестициялар.
Табиғи активтер - өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет ету уақыт бір жылдан асатын әртүрлі машиналар мен жабдықтар және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.
Ақша активтер – басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады. Мысалы, банкіде – депозиттер облигациялар, акциялар, несиелер қарыздар, кепілдіктер т.б.
Матиралдық емес активтер – фирмалардың жұмысшыларының қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарлату арқылы, сауда белгілерін жасау тапшылық патенттер мен лицензия алу, өнеркәсіп үлгілерінің куәлігін алу, өнімге сертификат алу, жерді қолдануға құқық алу арылы алынған құндылықтар жатады.
Нақты активтер байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:
Тиімділікті артуға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі мақсаты – жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау.
Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсаты - өндіріс орындарын нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.
Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа өнімдер, тауар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталады.
Мемлекеттік басқарудың ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестициялар кәсіпорындардың мемлекеттік ұйымдардың экологиялық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі және басқа жағдайларға байланысты талаптарын орындауға мәжбүр болған жағдайында қолданылады,
Инвестициялардың бұл сыныптамасы тәуекелшілдік деңгейімен байланысты. Инвестициялардың түрлері мен тәуекелшілдік деңгейі төменгі кестеде көрсетілген:
Инвестиция түрлері мен тәуекелшілдік деңгейінің байланысы.
3-түрі | 2-түрі | 1-түрі | 4-түрі |
Жаңа өндірістарді салуға инвестициялар
| Өндірісті кеңейтуге инвестициялар
| Тиімділікті арттыруға инвестициялар
| Мемлекеттік ұйымдардың талаптарын орындауға инвестициялар
|
Тәуекелшілдіктің жоғарғы деңгейі | Тәуекелшілдіктің төменгі деңгейі |
Информация о работе Инвестициялардың мәні, маңызы және түрлері