Инвестиция операция есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 21:28, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодекісінен, 2-шілде 2003 жылғы «құнды қағаздар нарығы туралы» Қ.Р заңынан және басқа ҚР нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісімшарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады.

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. БАНКТЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ МӘНІ
1.1 Бағалы қағаздардың мәні, бағалы қағаз қорларды инвестициялау
ІІ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ----------------------------12
2.1 Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция есебі------------------------------------12
2.2 Банктегі бағалы қағаздармен операциялардың есебі--------------------------15
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ-----------------------------------------------------------------------------
3.1 Қазақстандағы инвестициялар жағдайының көрсеткіштері-----------------21
3.2 Халық Банкінің инвестициялық есебі--------------------------------------------24
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------28
ҚОСЫМШАЛАР---------------------------------------------------------------------4 бет

Работа содержит 1 файл

инвестиция операция есеби-багалы кагаз-банк.doc

— 176.00 Кб (Скачать)

    - депозитті енгізу күні;                                                                                                                                                                                        

    -  сертификатты өтеу күні;    

    — депозит сомасы;

    - эмитент-банктің депозит сомасы  және ол бойынша тиісті пайызды  қайтару туралы міндеттемесі;

    -   депозит бойынша жылдық пайыздық  мөлшерлеме;

    -   тиесілі пайыз сомасы, эмитент-банктің  атауы және орналасқан жері;

    -  депозитордың аты-жөні, орналасқан  жері;

    -  эмитент-банктің сертификаты уақытында  өтеу туралы міндетін орындамау  кезінде сертификатты өтеу жағдайы;

    — банк мөрімен бекітілген, эмитент-банктің  екі уәкілетті тұлғаларының қолдары. 
 
 
 

    ІІ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ

    2.1 Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция есебі

    Қаржылық  инвестициялардың есебі 40 "Қаржылық инвестициялар" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған 401 "Акциялар", 402 "Облигациялар" және 403 "Басқа  қаржылық инвестициялар" шоттары  кіреді.

    401-403 шоттары активті, күрделі, негізгі  болып табылады. Осы шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық инвестициялардың кему операциялары жазылады.

    Қаржылық  инвестициялардың шоттары бойынша  талдамалы есеп инвестициялардың түрлері және осы инвестициялар салынған объектілер бойынша жүреді.

    Қаржылық  инвестициялар сатып алу кезінде  ол оның сатып алынған бағасымен  бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондықтөлемдері кіреді.

    Құнды қағаздар инвестициясының өтелу  құны мен оның сатып алынған құнының арасындағы айырмашылықтары (сатып алу кезінде пайда болған жеңілдік немесе сыйақы) инвестор өзі иеленген уақыт ішінде амортизацияланады.

    Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді.

    Егер  де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы (нарықтық) құнымен есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура келеді, мысалға, қор биржасындағы инвестицияның котировкасы сияқты.

    Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады.

    Егер  де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу құнының  ең теменгі бағасымен алынса, онда оның баланстық құнын келесі негізде анықтайды:

    - жалпы қоржындық (портфельдік)  жиынтығымен;

    - инвестицияның түрі бойынша қоржындық  жиынтығымен;

    - жеке инвестициялары (әрбір инвестициясы) бойынша.

    Бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық) бағадан жоғары болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде  танылады, ал керісінше жағдайда —  табыс ретінде танылады.

    Енді  біз баланс құнын анықтаудың тәсілдеріне бір мысал келтіріп көрейік.

      

    Жоғарыда  көрсетілген варианттың біріншісі  бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестицияның құнын анықтайтын болсақ, онда ағымдағы кезеңдегі құны сатып алу құнынан 65 мың теңгеге (1565 - 1630) теріс айырмасы болғанын көреміз, демек ол шығыс ретінде танылады.

    Ал  екінші вариант бойынша акцияның баланстық құны ең кіші баға ретінде  сатып алынды (820 мын, теңге 825 мың  теңгеден аз), ал облигацияның баланстық  құны ең кіші баға ретінде ағымдағы (нарықтық) бағасынан алынды (740 мың теңге 810 мың теңгеден аз). Осы вариантта біріншісі 5 мың теңгеге оң айырмашылығын берген, яғни ол табыс ретінде танылды, ал екіншісі 70 мың теңге теріс айырмашылығын берген, яғни ол шығыс ретінде танылды. Нәтижесінде, екінші варианттың да, бірінші варианттың да айырмашылығы бірдей соманы (65 мыңтеңгені) берген.

    Үшінші  вариант бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестиция мынадай баланстық  құны құрайды:

    " А" компаниясы           - 280,0 мың теңге      сатып алу кұны бойынша;

    "Б"  компаниясы           - 210,0 мыңтеңге      ағымдағы  құны бойынша;

    "С"  компаниясы           - 150,0 мың теңге      сатып  алу құнымен ағымдағы

    құны  бірдей;

    "Г"  компаниясы           - 165,0 мың теңге      ағымдағы  құны бойынша;

    "К" компаниясы           - 100,0 мың теңге      сатып алу құны бойынша;

    Бұр арада бұрындары жүргізілген  кдйта бағалау сомасы инвестицияның  табысы болып саналады.

    Қысқа мерзімді инвестицияларды  ұзақ мерзімді инвестицияға аударсақ, онда: олар сатып алу және ағымдағы күнның ең төменгі бағасы бойынша немесе ағымдағы құны бойынша (егер де олар бұрындары осы құны бойынша көрсетілген болса) бағаланады.

    Енді  біз бұл қалай есептелетіндігі  туралы, бір мысал қарастырып көрейік:

    -  акцияның инвестициясы;

    -  облигацияның инвестициясы; - басқа да қаржылық ивестициясы.

    2.2 Банктегі бағалы  қағаздармен операциялардың есебі 

    Шоттар  жоспарының баланстық шотында көрсетілетін бағалы қағаздар операцияларының есебі  «Бағалы қағаздар есебінің тәртібі  туралы» Ережеге сәйкес фронт-офис активті операциялар бөлімінде және бэк-офис операцияларды есептеу және рәсімдеу бөлімінде жүргізіледі.

    Бэк-офистің  негізгі міндеттеріне келесілер  жатады:

    •  активті операциялар белімінде  бекітілген барлық мәмілелерді оперативті рәсімдеу, олардың бухгалтерлік есепте көрсетілуі;

    •    әрбір операция бойынша барлық қажетті  жолдамалы құжат-тарды бақылау;

    •   бағалы қағаздар қоржынының, сонымен  қатар бағалы қағаз-дар және инвесторлармен жасалған мәмілелер есебін жүзеге асыру;

    •  қаржы нарығында жүргізілетін операциялармен байланысты дербес  шоттар  бойынша қаражаттар  қозғалысын  бақылау және есептеу;

    • Қазақстан Республикасы Үлттық банкіне, бағалы қағаздар бойынша Үлттық комиссияға, статистиканы қалалық басқару және басқа да бақылау органдарына  уақытылы есеп ұсыну және дайындау.

    Көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында бэк-офис келесідей қызметтерді  атқарады:

    • фронт-офис бекіткен барлық мәмілелер талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу және рәсімдеу, банктегі және филиалдағы   шетел   валютасында   жасалған   операцияларға бухгалтерлік өткізбе жасау;

    •   бағалы қағаздар операциялары бойьшша  бухгалтерлік өткізбе жасау;

    •   банкаралық   несие   операциялары   бойынша   бухгалтерлік өткізбе  жасау;

    •   валюталық нарық және бағалы қағаздар нарығындағы опера-цияларды есептеу үшін қажетті банктің дербес шоттарын ашу және енгізу;

    •  сәйкес журналдарда операциялар  және ақша есебін жүргізу;

    •  мемлекеттік   бағалы   қағаздар   бойынша   инвесторлардың «депо» шоттарын ашу, жүргізу және жабу;

    •  инвестормен ақшалай есеп айырысуды уақытылы жүргізу, журналда әрбір инвестордың ақшасына талдамалы есеп жүргізу;

    • әрбір инвестордың мемлекеттік  бағалы қағаздарына талдау-лық есеп жүргізу және инвесторларға мемлекеттік  бағалы қағаздармен мәміле бойынша есеп берулерді, үзінді көшірмелерді, куәліктерді беру;

    • кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу. Фронт-офистің негізгі міндеттері:

    - бағалы қағаздар нарығында, валюталық нарықта және қаржы нарығының басқа да сегменттерінде операцияларды жүзеге асыру;

    -     қаржы нарығында қаражаттарды тарту және орналастыру;

- жоғары өтімді бағалы қағаздардың тиімді ңоржынын қалыптастыру.

    Фронт-офистің  негізгі қызметтері:

    • ҚР мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен операцияларын жүзеге асыру;

    • банкаралық несие нарығында ұлттық және шетел валютасында операцияларды жүргізу;

    • ішкі және сыртқы валюталық нарықта конверсиялық операцияларды жүргізу;

    -   банктің ақша қажеттілігія қамтамасыз ету;

    • мемлекеттік  бағалы  қағаздарды  сатып  алу  немесе   сату бойынша  клиент тапсырысын қабылдау және орындау;

    •  банктің бос ресурстарын Қазақстан Республикасының аукционында мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаз-дардың екінші нарығында орналастыру;

    •  мемлекеттік бағалы қағаздардың  екінші нарығында және банкаралық несие  нарығында (БАН) банк қажеттілігі үшін қаражаттарды тартуды және орналастыруды жүзеге асыру;

    •  жоғары табысты және өтімді бағалы қағаздар қоржынын құру және оны басқару;

    •  инвесторлармен,   клиенттермен   және   қаржы   нарығының  басқа да контрагенттерімен төрелік  мәміле жасау;

    • инвесторлармен, клиенттермен және қаржы нарығының басқа да контрагенттерімен фьючерстік мәміле жасау;

    •  мемлекеттік бағалы қағаздарды кепілге  ала отырып несиелеу;

    •  конъюктураны және әр түрлі қаржы нарығының табыстылығын талдау.

    Банктің қазынашылық міндеттемелері мен басқа да жоғары өтімді мемлекетгік бағалы қағаздары өтімділікті демеу үшін Үлттық банк ұсынатын ломбардты несиелерді қамтамасыз ете алады.

    Банк  шығаратын бағалы қагаздар есебі

    Бағалы  қағаздарды айналысқа шығару кезінде  банк оларды атаулы құнына тең келмейтін баға бойынша сатуы мүмкін. Бұл ең алдымен бағалы қағаздар бойынша сыйақы (купон) алдын ала белгіленуімен байланысты, ал нарықта күнделікті сыйақы мөлшер-лемесі, сәйкесінше табыстылық та өзгеріске ұшырап отырады.

    Шығарылған  бағалы қағаздар бағасы мен оның атаулы қүны арасындағы айырма әр түрлі себептердің нәтижесі болып табылады, соның ішінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі мен сыйақының орташа нарықтық мелшерлемесі арасындағы айырмашы-лықтар. Бұл айырмашылықтар банк балансында есептеледі:

    .    теріс - шығарылған бағалы қағаздар  бойынша жеңілдік ретінде;

    оң - шығарылған бағалы қағаздар бойынша  сыйақы ретінде.

    Бағалы  қағаздарды өтеу олардың атаулы құны бойынша жасалады, сонымен бірге  белгіленген сыйақы сомасы төленеді.

    Бағалы қағаздарды айналысқа жеңілдік ретінде шығару:

    •   сатылу сомасына

    Дт  1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

    Кт 2301 «Айналысқа шығарылған облигациялар»

    2303 «Айналысқа шығарылған басқа  да бағалы қағаздар»;

    • жеңілдік сомасына:

Информация о работе Инвестиция операция есебі