Инвестиция операция есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 21:28, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодекісінен, 2-шілде 2003 жылғы «құнды қағаздар нарығы туралы» Қ.Р заңынан және басқа ҚР нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісімшарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады.

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. БАНКТЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ МӘНІ
1.1 Бағалы қағаздардың мәні, бағалы қағаз қорларды инвестициялау
ІІ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ----------------------------12
2.1 Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция есебі------------------------------------12
2.2 Банктегі бағалы қағаздармен операциялардың есебі--------------------------15
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ-----------------------------------------------------------------------------
3.1 Қазақстандағы инвестициялар жағдайының көрсеткіштері-----------------21
3.2 Халық Банкінің инвестициялық есебі--------------------------------------------24
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------28
ҚОСЫМШАЛАР---------------------------------------------------------------------4 бет

Работа содержит 1 файл

инвестиция операция есеби-багалы кагаз-банк.doc

— 176.00 Кб (Скачать)

ЖОСПАР 

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3 

І. БАНКТЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ  ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ МӘНІ

1.1 Бағалы қағаздардың  мәні,  бағалы қағаз қорларды  инвестициялау  

ІІ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ----------------------------12 

2.1 Қысқа мерзімді  қаржылық инвестиция есебі------------------------------------12

2.2 Банктегі бағалы  қағаздармен операциялардың есебі--------------------------15

 

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ------------------------------------------------------------------------------------21 

3.1 Қазақстандағы   инвестициялар жағдайының көрсеткіштері-----------------21

3.2 Халық Банкінің  инвестициялық есебі--------------------------------------------24 

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------26 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------28 

ҚОСЫМШАЛАР---------------------------------------------------------------------4 бет 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

       Курс жұмысының өзектілігі. Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.           

         Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.  

    Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына  Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның халықаралық байланыстары осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД елдерін қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері, Мұсылман әлемімен де экономикалық қтынастар ұлғаяды. Мұны біздің республиканың геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап етеді.     

«Қазақстан – 2030» стратегиясында Н. Ә. Назарбаев халықаралық қатынастардың мынадай маңызды бағыттары мен факторларын атады:   - қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауға сөзсіз елеулі рөл атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірде өмір сүріп отырмыз;       - шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу;    - Ұлттық қауіпсіздікке Ресей, ҚХР, Орта Азия, Таяу және Орта шығыс елдерінің, АҚШ, БҰҰ, Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік Азия, Еуропа, Ислам даму банктерінің, халықаралық институттардың қолдауларын барынша пайдалану.                  Курстық жұмыс мақсаты. Жұмыс негізгі мақсаты – банктегі инвестициялық операцияларды жасау, ұйымдастыру, қадағалау. «Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңында туынды бағалы қағаздар - басқа бағалы қағаздар арқылы өзінің құнын айырады деп айтылған. Туынды бағалы қағаздар - бұл әр түрлі базистік активтермен бейнеленген, мүліктік жағдайға негізделген ерекше әмбебап тауар, оны сатып ала отырып иесі, белгілі бір мерзімде кәсіпкерлік табыс алуға деген құқығын жүзеге асырады. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форварттар, варанттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер және тағы басқалар жатады. Туынды бағалы қағаздар қоғам капиталының белгілі бір бөлігіне тіркелетін меншік құқын тұрақтандыруға қарағанда, туынды бағалы қағаздарды пайдалана отырып, болашақ кезеңде орындалатын кәсіпкерлік табысты алуға құқықты тіркейді. Олардан пайданы бағамдар айырмашылығынан немесе әр түрлі нарықта бір активті бір уақытта сатып алу-сатудан алады.

    «Қазақстан  Республикасындағы акционерлік  қоғам туралы» Заң негізінде  акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысының немесе қоғамның директорлар кеңесінің шешімімен туынды бағалы қағаздарды, соның ішінде бағалы қағаздар нарығы туралы заңдылықтарға сәйкес варранттарды да шығаруға құқығы бар. Қоғам Қазақстан Республикасының сыртында да туынды бағалы қағаздарды шығарып, орналастыруға құқылы. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын қоғам туынды бағалы қағаздар шығаруға құқығы жоқ.

    Курстық жұмыс міндеттері. Жоғарыда берілген курстық жұмыс мақсаттарына қарай мынадай міндеттер қойылды:

- Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция есебін анықтау,

- Банктегі бағалы қағаздармен операциялардың есебі анықтау;

- Қазақстан  республикасындағы  инвестицияларды талдау т.б

    І. БАНКТЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ  ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ МӘНІ

    1.1 Бағалы қағаздардың мәні,  бағалы қағаз қорларды инвестициялау

    Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодекісінен, 2-шілде 2003 жылғы «құнды қағаздар нарығы туралы» Қ.Р заңынан және басқа ҚР нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісімшарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады.

    Бағалы  қағаздар бекітілген нысанда жәнв міндетті дервктвмелерді сақтай отырып оны ұсынған кезде ғана жүзеге асуы мүмкін болатын мүліктік құқықты куәландыратын құжат.

    Бағалы  қағаздардың экономикалық мәнін  ашуда құжаттың бағалы қағаздар мәртебесіне  ие болуы үшін қосымша сапаларын  анықтау қажет.

    Біріншіден, бағалы қағаздар өз кезегінде меншік дәрежесі нысанындағы мүліктік құқықты (корпорация акциялары, вексельдер, коносаменттер және т.б.) немесе құжат иесі мен оны шығарушы тұлға арасындағы корпорациялармен мемлекет облигациялары, сетификаттары, қарыздық қатынасты куәландыратын ақшалық құжаттарды білдіреді.

    Екіншіден, бағалы қағаз қорларды инвестициялау туралы куәландыратын құжат ретінде қызмет етеді. Бұл әсіресе бағалы қағаздардың рөлі мен экономикалық мәнін түсіну үшін өте маңызды. Бұл жерде олар инвестицияның жоғары нысаны ретінде басты рөль атқарады.

    Үшіншіден, бағалы қағаздар - бұл иақты активтерге (акцияларға, чектерге, коносаменттерге, тұрғын үй сертификаттарына және т.б.) талаптар көрсетілетін құжаттар.

    Төртіншіден, бағалы қағаздардың экономикалық мәнін  түсінудің маңызды сәті - олардың  табыс әкелуі болып табылады. Иелері үшін олар капитал болып табылады. Алайда, мұндай капиталдың нақты капиталдан айырмашылығы бар: ол өндірістік үдерісте қызмет етпейді немесе қатыспайды.

    Сонымен қатар бағалы қағаздардың өтімділік, айналымдылық, нарықтық сипат, стандарттылық, сериялық сияқты сапалық қасиеттерімен  азаматтық айналымда қатысуын атамай өтуге болмайды.

    Өтімділіктің  астарында бағалы қағаздардың сатылуы  нәтижесінде ақша қаражаттарына  айналу мүмкіндігі жатыр. Ол үшін бағалы қағаз нарықта айналыста болуы  қажет. Бағалы қағаздардың айналымдылық қасиеті сатып алу-сату негізінде (акция, облигация және т.б.) немесе басқа тауарлар нарығымен (чектер, вексельдер, коносаменттер, жекешелендіру құжаттары) айналымды байланыстырып, төлем құралы ретінде іске асырылады.

    Бағалы  қағаздар өзіне тиесілі ұйымдары және онда жұмыс істеу ережелері бар нарығы болатын ерекше тауар ретінде өмір сүреді. Алайда бағалы қағаздар нарығында сатылатын тауарлар ерекше тауарлар болып табылады. Себебі бағалы қағаздар — бұл тек меншік титулы, табыс алуға құқық беретін, бірақ нақты капитал алуға құқығы жоқ құжат. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы олардың осы сапасымен анықталады, нарық көп жағдайда еркін және тез қол жеткізілетін құнды қағаздарды бір тұлғадан екінші тұлғаға берумен сипатталады.

    Бағалы  қағаздар нарығы басқа нарықтар сияқты техникалық циклдардың жоғары деңгейдегі толықтылығы мен аяқталғандылығы болатын күрделі ұйымдық және экономикалық жүйе болып табылады. Онда бағалы қағаздар баға кешенін қолдану арқылы сатып алу-сату заты ретінде пайдаланылады, бұл жай тауарлардан ерекшеленеді.

    Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне байланысты олардың нарығы алғашқы және екінші болып бөлінеді. Алғашқы нарықта жаңадан шығарылған бағалы қағаздарды олардың алғашқы иемденушілеріне сатады; екінші нарықта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иемденушілерінің ауысуы. Бағалы қағаздардың атаулы (атаулы құн - оларды шығару кезінде анықталатын бағалы қағаздар құнының ақшалай көрінісі), эмиссиялық және нарықтық бағасы болады.

    Атаулы  баға дивиденттерді, пайыздарды есептеу  базасы ретінде нақты есептік мәні бар және одан кейінгі есеп айырысуларда қолданылады. Эмиссиялық баға — бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру кезіндегі сатылу бағасы. Ол табыстылық және несиелік пайыз деңгейімен анықталады. Нарықтық баға — бағалы қағаздардың екінші нарықта айналу бағасы. Оның көлеміне сұраныс пен ұсыныстың нарықтағы арақатынасы әсер етеді.

    Сонымен, бағалы қағаздар шаруашылық қызметте қолданатын әр түрлі құжаттардың  жиыны. Сонымен бірге олар өздеріне тиісті жалпы бір белгі онда керсетілген  мүліктік құқықты өткізу үшін ұсыну қажеттілігімен біріктіріледі. Бағалы қағаздарды иемденудің мақсаты табыстылық, өтімділік және қаржыландыру кезінде қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады. 

    1.2 Бағалы қағаздардың  түрлері және олардың жіктелуі 

    Бағалы  қағаздардың түрі түсінігінде бағалы қағаздарға тиісті жалпы және бірдей белгілердің жиынпъіғы. Бағалы қағаздар жіктелуін және бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін айыра білу керек.

    Бағалы  қағаздардың жіктелуі мен бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін бөліп  қарастыруға болады.

    Бяғялы  қағаздардың жіктелуі - бұл бағалы қағаздардың өздеріне тиісті белгілері бойынша бөлінуі.

    Бағалы  қағазздар түрлерінің жіктелуі — бұл бір түрдегі бағалы қағаздарды топтастыру; бағалы қағаздарды басқа да түрлерге бөлу. Өз кезегінде түрлерді одан әрі бөлуге болады. Әрбір тәменгі жіктеу жоғары тұрған жіктеудің құрамына кіреді. Мысалы, акция — бағалы қағаздардың бір түрі. Қарапайым акция бір дауысты немесе көп дауысты, номиналмен немесе номиналсыз болуы мүмкін.

    Уақытша  сипаттамасы:

    • қызмет ету мерзімі: айналысқа қай уақытта шығарылған, қай уақыт кезеңіне немесе мерзімсіз;

    • пайда болуы: басы өзінің бірінші  негізінен келе ме немесе басқа бағалы қағаздардан.

    Кеңістік  сипаттамасы:

    • қызмет ету иысаны: қағазды немесе заңды тұрде айтқанда құжатты  нысан немесе қағазсыз, құжатсыз нысан;

    •   ұлттық белгісі:  отандық немесе басқа мемлекеттік, яғни шетелдік;

    • аймақтық белгісі: елдің қай аумағында  шығарылған. Нарықтық сипаттамасы:

    бағалы  қағаздар негізінде жатқан актив  түрі немесе оның шығу негізі (тауар, ақша, фирманың жиынтық активі және т.б.);

    •  иемдену тәртібі: ұсынушыға, атаулы, ордерлі. Атаулы бағалы  қағаздар  - онда көрсетілген тұлғаның  құқығын  куәландыратынын көрсетеді. Ұсынушы  бағалы қағаздары -құқық оны ұсынушы  адамға жатады. Ордерлі   бағалы қағаздар — құқық онда аталған адамға тиесілі.

    • шығару нысаны: эмиссионды, яғни ішінде барлық бағалы қағаздар өздерінің сипаттары бойынша бірдей болып келетін бөлек сериялар бойынша шығарылады немесе эмиссиялық емес;

    •  меншік нысаны және бағалы қағаздарды нарыққа шығарушы эмитент түрі: мемлекет, корпорациялар, жеке тұлғалар;

    •     айналыс сипаты: нарықта еркін  немесе шектеулі айналады;

    -бағалы қағаздар ұсынатын құқық түрі негізінде экономикалық мәні;

    •    тәуекел деңгейі: жоғары, төмен және тағы басқа;

    • табыс көзі: бағалы қағаздар бойынша табыстың қандай да болса бөлігін төлей ме, жоқ әлде төлемей ме;

Информация о работе Инвестиция операция есебі