Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 21:28, курсовая работа
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодекісінен, 2-шілде 2003 жылғы «құнды қағаздар нарығы туралы» Қ.Р заңынан және басқа ҚР нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісімшарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады.
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. БАНКТЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ МӘНІ
1.1 Бағалы қағаздардың мәні, бағалы қағаз қорларды инвестициялау
ІІ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ----------------------------12
2.1 Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция есебі------------------------------------12
2.2 Банктегі бағалы қағаздармен операциялардың есебі--------------------------15
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ-----------------------------------------------------------------------------
3.1 Қазақстандағы инвестициялар жағдайының көрсеткіштері-----------------21
3.2 Халық Банкінің инвестициялық есебі--------------------------------------------24
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------28
ҚОСЫМШАЛАР---------------------------------------------------------------------4 бет
Бағалы қағаздар сонымен қатар мерзімді және мерзімсіз болып бөлінеді.
Мерзімді - оларды шығару кезінде мерзімі белгіленетін бағалы қағаздар. Әдетте мерзімді бағалы қағаздар екі түрге бөлінеді:
• қысқа мерзімді, айналымда бір жылға дейін жүретін;
• ұзақ мерзімді, айналымда бір жылдан жоғары мерзімде жүреді.
Мерзімсіз - айналым мерзімі шектелмеген бағалы қағаздор, яғни олар шексіз қызмет етеді және бағалы бағаздар шығару кезінде өтеу мерзімі көрсетілмейді.
Бағалы қағаздардың пайда болуының классикалық нысаны -қағаз, яғни бағалы қағаз құжат түрінде қолданылады. Бағалы қағаздар нарығының дамуы бағалы қағаздардың көп түрінің, ең алдымен эмиссиялық нысанын құжатсыз нысанға ауысуын талап етеді.
Инвестициялық (капиталдық) - капитал салымы үшін объекті болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облиғациялар, фьючерлік келісімдер және т.б.).
Инвестициялық емес - тауар немесе басқа нарықта ақшалай есеп айырысуға қызмет көрсететін бағалы қағаздар (вексельдер, чектер, коносаменттер).
Эмитеиттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және несиелік тәуекел деңгейін, инвесторлардың қызығушылығы мен басқа факторларды ескергенде қордың бағалы қағазы үш топқа бөлінеді:
• мемлекеттік;
• муниципалдық;
• мемлекеттік емес.
Мемлекеттік бағалы қағаздар - мемлекеттің ішкі қарыздарының нысаны; эмитенті мемлекет болып табылатын қарыздық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздар ішінде қазынашылық вексельдер мен міндеттемелер, мемлекеттік және жинақ қарыздарының облигациялары кең тараған.
Муниципалдық бағалы қағаздарға жергілікті өкімет органдарының қарыздық міндеттемелері жатады.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпорациялық және жеке қаржы институттарымен ұсынылады. Корпорацияға кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің қарыздық міндеттемелері мен акциялары жатады. Жеке бағалы қағаздарға жеке тұлғалар шығаратын вексельдер, чектер жатуы мүмкін.
Нарықтағы айналым ерекшелігіне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық (айналымды) және нарықтық емес (айналымсыз) деп бөледі.
Нарықтық бағалы қағаздар екінші нарықта биржалық және биржадан тыс айналыс шегінде еркін сатып алынуы және сатылуы мүмкін. Ол шығарылғаннан кейін эмитентке кезектен тыс ұсынылмайды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін ауыспайды. яғни оларда екінші айналыс болмайды. Бұл мынадай бағалы қағаздарға жатады, мысалы, эмитент бағалы қағаздарды шығару кезінде тек эмитенттен басқа адамға сатылмауы тиіс деген шарт қояды.
Сонымен қатар, айналысы шектелген бағалы қағаздар туралы айтып кетуге болады. Сатып алу - сату мәмілесі бойынша шектеулер жабық акционерлік қоғамының акцияларына жатады.
Бағалы қағаздардың борышқорлық және иемденуші үлесіне бөліігуі өз кезегінде ақша қаражаттарын пайдаланудың екі мүмкін тәсілдерін көрсетеді:
• әр түрлі активті меншікке алуға;
• уақытша пайдалануға.
Егер бағалы қағаздар салынған ақша сомасын қайтарып беру шартымен шектелген мерзімге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады. Бұл облигациялар, банктік сертификаттар, вексельдар және т.б. Иеленуші бағалы қағаздар активтерге сәйкес меншік құқығын береді. Бұл акциялар, варанттар, коносаменттер және т.б.
Эмиссиялық бағалы қағаздар ірі серияда және көп көлемде және әрбір серияның ішінде ұқсас шығарылады. Бұл — акция және облигация.
Эмиссиялық емес бағалы қағаздар аз серияда немесе санаулы түрде шығарылады.
Қазіргі әлемдік тәжірибеде қолданылатын бағалы қағаздар екі үлкен сыныпқа бөлінеді.
1-сынып — негізгі;
2-сынып - туынды.
Негізгі бағалы қағаздар - қандай да болса бір активке (тауар, ақша, капитал, мүлік, әр түрлі ресурстар және т.б.) мүлік құқығы жататын бағалы қағаздар. Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.
Варрант акционерлік қоғам шығаратын және варрантта бекітілген баға бойынша бағалы қағаздардың белгілі бір көлемін одан сатып алу үшін ұстаушы құқығын куәландыратын туынды бағалы қағаздар болып табылады. Қоғам акция және облигация эмиссиясымен қатар варрант шығаруға құқы бар. Варранттар бағалы қағаздардан оларды шығарғаннан кейін белінеді және оларда көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алғанға дейін нарықта өз бетінше айналыста жүреді. Варанттар бөлініп шыққаннан кейін бағалы қағаздардың сатылу құиы олардың бағасына азайтылады. Қоғам варрантты қоғамның болашақтағы бағалы қағаздар эмиссиясымен шығаруға құқы бар. Олар иемденушіге қоғамнан бағалы қағаздарын варрантта келісілген баға бойынша белгіленген кезең шегінде, кез келген уақытта алуға құқық береді. Варрант иемденушіге дауыс беру құқығын бермейді және олар бойынша дивидент есептелінбейді.
Қоғам басқару органының шешімі бойынша опцион жағына шығарылатын бағалы қағаздардың белгілі бір көлемін сатып алуға және сатуға артықша құқық беретін опцион жасауға құқығы бар. Опционды жасау жағдайы және тәртібі және олардың айналысы бағалы қағаздар нарығы туралы завдылықпен реттеледі.
Туынды бағалы қағаздар санатына ең алдымен депозитарийлік қолхаттар жатады. Депозитарийлік қолхат — бұл шетел эмитентінің бағалы қагаздар бойынша шыгарылған және елде еркін айналыста жүретін туынды багалы қағаз. Бұл инвесторлардың шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарын иемдену үшін қаржылық құрал болып табылады. Эмитенттердің депозитарийлік қолхаттарын шығару шетел капиталының инвестициясының өсуімен, оларды тіркеу қажеттілігінін болмауымен, оларды жергілікті салықты төлеуден босатумен және барлық инвесторлар үшін қол жеткізілуімен байланысты. Депозитарийлік қолхаттардың келесі түрлерін бөліп қарастыруға болады:
• американдық (АБК);
• ғаламдық (СВК);
• халықаралық (ГОК).
АБК
АҚШ нарығында айналады және долларлы
номиналы болады, ал ОБК. американдық
нарықтан басқа бірнеше нарықта
сатылуы мүмкін және сонымен бірге
эмитентке дүниежүзілік нарық капиталын
жаулап алуға мүмкіндік береді. Әдетте
американдық банктер
Ғаламдық
депозитарлық колхаттарды шығару, бүкіләлемдік
эмиссияны жақсы бағдарлап
Шетелдік тэжірибе көрсетіп отырғандай, корпорацияны қаржыландырудағы сыртқы кездердің құрылымындағы маңызды орында құнды қағаздарды, атап айтар болсақ акция мен облигацияны эмиссиялау алып отыр. Әлемнің дамыған елдерінде, корпоративтік облигациялар, банктік сектордың несиелік ресурстарына баланатын инвестициялау көзі болып табылады. Англосаксондық елдерде және Оңтүстік - Шығыс Азияның кейбір мемлекеттерівде мемлекеттік емес борыштық құнды қағаздар, эканомиканың нақты секторын қарыз қаражаттарымен бірден-бір жабдықтаушы болып табылады.
Бірақта, корпоративтік облигациялар нарығының ең дамыған елі АҚШ, корпорациялар, 80% дейінгі қарыз қаражаттарын қорлық нарықтан алады.
Банк өзінің қызмет етуін жүзеге асыру үдерісінде айналымға бағалы қағаздардың келесі түрлерін шығарады:
• акциялар;
• депозиттік сертификаттар;
облигациялар;
• бағалы қағаздардың басқа түрлері.
Акция - бұл акция иемденушісінің акционерлік қоғам капиталына қатыскандығы туралы куәландыратын және оның иесіне осы қоғамның пайдасының белгілі бір бөлігін дивидент түрінде алуға құқық беретін акционерлік қоғам шығаратын бағалы қағаз.
Акциямен келесідей құқықтар байланысты:
-
белгілі жағдайда пайдаға
- акционердің жалпы жиналысына қатысу;
- акционердің жалпы жиналысында дауыс беру кұқығы;
-
капиталдың кебеюі кезінде
Акция ұсынатын құқық көлеміне қарай жай және артықшылығы бар болып бөлінеді. Жай акциялар акционерлерге жоғарыда аталған құқықтарды банктің заңы мен жарғысына сәйкес ұсынады. Артықшылығы бар акцияны ұстаушылардың жай акцияны ұстаушыға қарағанда біршама артықшылығы бар.
Акцияның түрін ажыратудың тағы бір критерийі өткізу тәсілі болып табылады. Ұсынушы және атаулы акциялары бөліп қарастырылды. Ұсынушы акциялары екі жақтың келісімі бойынша және акцияларды беру арқылы жүзеге асырылады. Атаулы акциялар екі жақтың келісімі бойынша және индоссаланған құжаттар арқылы беріледі.
Банктердің акцияларды айналысқа шығару тәртібі «Банктің меншікті қаражат есебі» тарауында қарастырылған.
Баиктік сертификаттар — ақша қаражаттарын салу туралы салымшыға онда белгіленғен салым мерзімі аяқталғаннан кейін, олар бойынша пайыз алу құқығын куәландыратын банктің жазбаша куәлігі. Сертификаттардың екі түрі болады: депозиттік және жинақтық. Депозиттік сертификат заңды тұлғаларға, ал жинақтық -жеке тұлғаларға беріледі. Депозиттік сертификаттар, депозиттік сертификатты ұсыну бойынша белгілі бір соманы тартуға құқық беретін талап еткенге дейінгі және салымды тарту мерзімі және тиесілі пайыз көлемі белгіленген мерзімді болып бөлуге болады. Депозиттік сертификаттардың экономикалық мәні нарықтық құрал және несие ресурстарының мультипликаторы ретінде қатысуында.
Депозиттік
сертификат бойынша пайыз түріндегі
алынған табыстар белгіленген тәртіпте
осы табыс көзіне салық салынады.
Банктердің ҚР Ұлттық банк лицензиясы
негізінде сертификаттарды
• жаңа шығарылған сертификаттарды иемдену жолы; салымның басқа түрлеріне қолма-қолсыз аударымдар;
• қолма-қол ақша.
1996
жылы 19 қыркүйектегі «ҚР депозиттік
(банктік) сертификаттардың
• сертификатты өтеу мерзімі аяқталғанға дейін кезең бойынша;
• сертификатты өтеу күнінде.
Банктік сертификаттық міндетті деректемелері келесілер болып табылады:
-
«депозиттік сертификат» атауы;