Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 12:16, курсовая работа

Описание работы

Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді.

Содержание

Кіріспе..................................................................................
I. Инвестиция түсінігі және мәні..........................................5
1.1 Инвестициялар мәні және олардың нысандары..............5
1.2 Қазақстан экономикасының инвестициялық қызметіндегі тенденциялар.....................................
1.3 Инвестицияның қызметті жетілдіру жолдары.......
II. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың мәселелері мен перспективалары............................
2.1 Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары
2.2Шетел инвестицияларын Қазақстан экономикасында қолдану........................................
III. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЗАҢНАМА...............................
3.1 Инвестициялық заңнаманың пайда болу және даму тарихы
3.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық заңнама дамуының негізгі кезеңдері..................................................33
Қорытынды.........................................................................
Қолданылған әдебиеттер.......................................................50

Работа содержит 1 файл

Курсовой.docx

— 89.05 Кб (Скачать)

   Инвестициялар  бойынша  комитеттің  құрылуына  түрткі  болған    Тікелей  инвестициялар  туралы  Заңның  мәні  және  негізгі  мақсаты  экономиканың  өндірістік  дәне  ауыл-шаруашылығы  тәрізді  қызығушылық  тудырмайтын  секторларына  жеңілдіктер  мен  преференциялар  ұсыну  арқылы  шет  елдік  және  отандық  капиталды  тарту.  Жер  қойнауын  пайдалану  экономиканың  маңызды  салаларына  жатпайды  және  мемлекеттік  қолдауды  қажет  етпейді  және  алғашында-ақ  инвесторлардың  (бірінші  кезекте  шет  ел  инвесторларының)  қызығушылығын  арттырып,  капитал  салу  объектісіне  айналды. 

   2000  жылы  21  қаңтарда  Қазақстан   Республикасы  Үкіметінің  қаулысымен  бекітілген  “Жер  қойнауын  пайдалануға   құқық  беру  ережелеріне”  сәйкес,  пайдалы  қазбаларды  барлау,  өндіру,  біріккен  барлау  және  өндіруге  қатысты  келісім   жасаушы  құзіретті  орган   таратылған  Қазақстан  Республикасының   инвестициялар  жөніндегі   агенттігі  болған.  Қазіргі   уақытта  оның  функциялары   мен  өкілеттіктері  Қазақстан   Республикасының  Энергетика  және  минералды  ресурстар   министрлігіне  берілді.  Себебі,  минералды  ресурстар  стратегиялық  бағыттағы  шикізат  болғандықтан,  осы  саладағы  біртұтас  орталық   атқарушы  орган  қажет. 

   Сонымен,  Қазақстан  Республикасы  инвестициялық  заңнамасының  дамуындағы  үшінші  кезеңнің  ерекшелігі,  инвестициялық  заңнама  арнайы  заң  актілерінен  құралған  үш  негізгі  блоктан  тұрады:  шетел  инвестициялары  туралы  заң,  тікелей  инвестициялар  туралы  заң  және  құнды  қағаздарға  инвестициялар  туралы  заң  (құнды  қағаздар  нарығы  туралы  заң).  Онымен  қоса,  мемлекеттік  инвестициялау  туралы  заңдар  (соның  ішінде,  мемлекеттік  тікелей  инвестициялау;  мемлекеттік  заем  алу  және  қарыз  т.б.)  жеке  топты  құраған  (қазіргі  уақытта  да). 

   2003  жылдың  8  қаңтарында  басты   құндылығы  инвестицияға  қатысты   қатынастарды  реттеуші  нормаларды  біріктіруі  және  шет  елдік   және  ұлттық  инвестицияларға   бірдей  құқықтық  режим  орнатты.  Оған  қоса  шет  ел  инвестицияларын   және  тікелей  инвестицияларды   құқықтық  реттеуде  белгілі   ерекшеліктер  сақталған.  Ұсынылған   актінің  жақсы  жақтарының  біріне  Қазақстанда  өз  қызметтерін   жүзеге  асырушы  инвесторларға   кепіл  беруі.  Соның  ішінде  Қазақстан  Респуликасы  территориясында   инвесторлардың  қызметін  құқықтық  қорғау  (Қазақстан  Республикасының   заңдарымен  және  басқа  да  нормативтік-құқықтық  актілерімен   инвесторлардың  мүдделері  мен   құқықтарын  толық  және  сөзсіз  қорғау,  сонымен  қатар,  Қазақстан   Республикасы  ратификациялаған  халықаралық  шарттармен;  мемлекеттік   органның  заңнамаға  қайшы   келетін  актілерді  шығару  ,  сонымен  қатар,  азаматтық   заңға  сәйкес  осы  органдар  лауазымды  тұлғаларының  әрекеттері  (әрекетсіздігі)  салдарынан  салдарынан  туындаған  шығындардың  өтелу   құқығына);  табысты  пайдалану   кепілі;  ұлттықтандыру  және  реквизиция  кезінде  инвесторлардың  құқықтарына  кепіл.  Алғашқыда   заң  жобасында  өкілетті  органдардың  тексеруді  жүзеге  асыру  кезіндегі  кепілдіктер   алдын-ала  ескерілген  (мемлекеттік   органдармен  тексерулер  жүргізу,  сонымен  қатар  инвесторлардың  қызметін  бақылауы  немесе  қадағалауы  заңда  белгіленген  тәртіп  және  мерзім  бойынша  жүзеге  асырылады;  тексеру,  бақылау   және  қадағалау  құқығы  тек   қана  заң  актілерінде  белгіленген   органдарға  тиесілі).  Заң   жобасының  қорытынды  нұсқасында  инвесторлардың  қызметін  тексеру,  бақылау  және  қадағалау   құқығы,  заң  актілерімен   осындай  құқық  берілген  органдар  ғана  жүзеге  асырады  (Инвестициялар  туралы  заңның  7  бабы).  Негізнен  бұл  ережені   де  кепілдіктер  санатына  жатқызуға  болады,  себебі  мұнда  тексеру,  бақылау   және  қадағалауды  жүзеге  асырудың  ережелері  белгіленген,  яғни  мұндай  құқықтар  тек   қана  қолданыстағы  заңмен  берілген  органдарға  тиесілі.  Инвестициялар   туралы  заң  айтарлықтай   толық  және  жүйелі  мазмұндалған  құжат. 

   Алайда  заңның  жеке  ережелерін  қарастырған  белгілі  бір  сауалдар  иуындайды.  Біріншіден,  заңның  реттеу  аясынан  мемлекеттік  бюджет  қаражатынан  инвестицияларды  жүзеге  асырумен  байланысты  қатынастар  және  капиталды  коммерциялық  емес  ұйымдарға  салумен,  соның  ішінде  білім  саласына,  қайырымдылық,  ғылыми  және  діни  мақсаттарға  байланысты  қатынастар  алынып  тасталған.  Мемлекеттік  бюджет  қаражатынан  инвестицияларды  жүзеге  асырумен  байланысты  қатынастар  осы  заңмен  реттелмейді,  өйткені  мемлекеттік  инвестицияларды  жеке  инвестициялармен  араластырудың  қажеті  жоқ.  Бұл  тұжырымда  нақтылық  жоқ,  себебі  мемлекеттік  инвестициялармен  қатар  қайтарымды  және  қайтарымсыз  негізде  мемлекеттік  бюджет  қаражатымен  теңқаржыландырылатын  инвестициялар  да  бар.  Сарапталып  жатқан  норманың  мәнінде  мемлекеттік  теңқаржыландырумен  байланысты  қатынастар  реттелу  аясына  кірмеген,  өйткені  олар  мемлекет  есебінен  жүзеге  асырылады. 

   Екіншіден,  заңда  көрсетілген  инвестиция  анықтамасы,  алғашқы  редакцияларға  қарағанда  нақтыланған.  Егерде  инвестициялардың  капиталқұраушы  және  санаткерлік  деп  жалпы  класификациясын  алатын  болсақ,  бұл  жағдайда  тек  қана  капиталқұраушы  инвестициялар  ғана  белгіленген.  Заңшығарушының  ойын  мынадан  түсінуге  болады,  ұсынылып  отырған  заңның  реттеу  аясынан  санаткерлік  инвестицияларды  жүзеге  асыруға  байланысты  қатынастар  алынып  тасталған,  сол  себептен  инвестиция  анықтамасында  тек  қана  капиталқұраушы  инвестициялар  сипатталады.  Алайда,  инвестиция  туралы  заңда  бұған  қатысты  тікелей  нұсқау  болмағандықтан,  инвестициялар  кәсіпкерлік  қызмет  үшін  пайдаланылатын  заңды  тұлғалардың  жарғылық  капиталына  немесе  бекітілген  активтерді  көбейту  үшін  ғана  салынады.  Жалпылай  алғанда  бұл  анықтаманы  әр  түрлі  заң  актілерінде  жинақталған  анықтамалардың  синтезі  деп  түсінуге  болады  (бірінші  кезекте,  заңды  күштерін  жоғалтқан  шет  ел  инвестициялары  туралы  және  тікелей  инвестициялар  туралы  заңдар).

   Үшіншіден,  бұл  заң  заңды  күштерін  жоғалтқан  шет  ел  инвестициялары  туралы  және  тікелей  инвестицияларды  мемлекеттік  қолдау  туралы  екі  заңның  нормаларының  бірігуінен  құралған.  Алайда  шет  елдік  және  тікелей  инвестицияларға  қатысты  қатынастардың  барлық  инвестициялық  қатынастарды  қамтымайтындығын  ұмытпаған  жөн.  Заңның  атауы  және  оны  қолдану  аясы  Қазақстан  Республикасындағы  инвестициялық  қатынастарды  реттейтіндігі  нұсқалған.  Инвестицияларды  ынталандырудың  құқықтық  және  экономикалық негіздері  белгіленіп,  инвесторлардың  қызметтерін  жүзеге  асыру  барысында  құқықтарын  қорғауға  кепілдік  берілген.  Өкінішке  орай,  жоғарыда  көрсетілгендерден  басқа  қандай  инвестициялық  қатынастар  осы  заңмен  реттелетіндігі  нақты  айтылмаған. 

   Төртіншіден,  инвестиция  туралы  Заңның  9  бабында  көрсетілген  инвестициялық  дауларды  шешу  тәртібі  шын  мәнінде  оларды  шешу  процедурасын  анықтамайды.  Даулардың  екі  тобы  белгіленген:  инвестициялық  даулар  (инвестордың  инвестициялық  қызметімен  байланысты  инвесторлармен  мемлекеттік  органдар  арасында  келісімдік  міндеттемелерден  туындаушы  даулар)  және  инвестициялық  дауларға  жатпайтын  даулар  (заңда  нақты  оған  нақты  түсініктеме  берілмеген).  Егерде  заңның  осы  бабын  сараптай  келсек,  тек  қана  инвестор  мен  мемлекеттік  органдар  арасында  туындаған  даулар  инвестициялық  дауларға  жатады,  ал  инвестордың  қатысуымен  туындаған  басқа  даулар  инвестицмялық  дауларға  жатпайды  және  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес  шешіледі.  Шет  ел  инвесторларының  инвестициялық  дауларына  қатысты  ешқандай  сілтеме  жоқ.  Яғни  оларды  шешу  процедурасы  ұлттық  инвесторлар  арасындағы  дауларды  шешу  процедурасымен  іспеттес  болады.

          Бұдан  келесідей  тұжырымға  келуге  болады:  ұлттық  инвесторларымыздың  құқықтық  жағдайын  шет  елдік  инвесторлардың  деңгейіне  дейін  көтерудің  орнына,  шет  елдік  инвесторлардың  құқықтық  жағдайын  ұлттық  инвесторлардың  деңгейіне  дейін  түсіріп  отырмыз.  Сәйкесінше,  республикада  инвестициялық  қызметті  жүзеге  асыру  мақсатында  өзара  тең  жағдайлар  қалыптастырудың  мұндай  әдістемесінен  ешкім  ұтпайды:  ұлттық  инвесторлар – құқықтық  жағдайының  өзгермегендігінен,  ал  шет  елдік  инвесторлар – құқықтық  жағдайының  нашарлауынан. 

   Сонымен,  2003  жылғы  8  қаңтардағы  “Инвестициялар  туралы”  Қазақстан  Республикасының  жаңа  заңының  қабылдануы  заңды  құбылыс.  ол  қабылданғанға  дейін  әр  түрлі  заң  салаларының  құрамында  болған  инвестициялық  қатынастарды  реттеуші  барлық  арнайы  актілерді  біріктіретін  біртұтас  негізгі  инвестициялық  заң  қажет  болды.  Тікелей  инвестицияларды  мемлекеттік  қолдау  туралы  Заң  қабылданысымен,  шетел  және  ұлттық  инвесторлардың  құқықтық  жағдайын  теңестірудің  алғашқы  қадамы  болғаны  түсінікті. 

   Шет  ел  инвестициялары  туралы  және  тікелей  инвестициялар  туралы  заңдардың  өз  күшін  жойысымен,  инвестициялық  заңнама  дамуының  жаңа  кезеңі  туралы  айтуға  болады. 

   Инвестициялық  заңнама  дамуының  төртінші  кезеңін  келесідей сипаттауға  болады – заңнаманың  дербес  саласы  ретінде инвестициялық заңның  қалыптасуы.

   Сонымен  қатар,  бұл  кезеңді  былай  сипаттауға  болады – шет  ел  және  ұлттық  инвесторлардың  тең  мүмкіндіктер  кезеңі.  Алайда,  тұрақты  экономикалық  даму  жалпы  мемлекеттік  мүдде  мен  ұлттық  және  шет  ел  инвесторларының  мүделерінің  тиімді  тіркесуінсіз  мүмкін  еместігін  ұмытпаған  жөн.  Шет  ел  және  ұлттық  инвестициялардың  құқықтық  жағдайын  тиісінше  заң  жүзінде  бекітпей,  осы  уақытқа  дейін  тартылған  инвестицияларды  сақтап  қалу,  және  ел  экономикасына  жаңа  инвестициялар  (бірінші  кезекте  шет  ел  инвестицияларын)  тарту  қиынға  соғады.

   Жаңа  заңнан  шет  ел  инвестицияларына  арналған  барлық  нормалардың  алынып  тасталғанына  қарамастан,  оларды  реттеудегі  жекелей  өзгешеліктер  шет  ел  инвесторларымен  отырған  контрактілердің  мерзімі  аяқталғанша  болады.  Шет  елдік  немесе  ұлттық  инвестор  екендігіне  қарамастан,  айтарлықтай  преференциялар  инвестициялық  қызметті  жүзеге  асыру  үшін  беріліп  отырады.  Инвестициялық  жобаның   инвестиция  туралы  Заңда  белгіленген  ережелерге  сәйкестігі  басшылыққа  алынады. 

   Бұл  кезең  құнды  қағаздар  нарығы  туралы  заңның  түбегейлі  өзгеріске  ұшырауымен  ерекшеленді:  2003  жылы  13  мамырда  № 415-ІІ  “Акционерлік  қоғамдар  туралы”  Қазақстан  Республикасының  Заңы  және  2003  жылғы  2  шілдедегі  № 461-ІІ  “Құнды  қағаздар  нарығы  туралы”  Қазақстан  Республикасының  Заңы  қабылданды.  Инвестициялық  заңнаманың  құрамдас  бөлігі  ретінде  Құнды  қағаздар  нарығы  туралы  заңның  модернизациялануы,  және  инвестициялық  заңнаманың  түбегейлі  қайта  құрылуы  заңшығару  жүйесіндегі  маңызды  құрылымдық  өзгерістерге  ұшырауын  алдын-ала  анықтады.  Инвестиция  туралы  Заңның  айналасында  салалық  тәуелділігі  алғашқы  уақытта  белгісіз  болған  көптеген  нормативтік  актілер  жиынтықталды.  Ақырында  инвестициялық  заң  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының  дербес  саласы  болып  толықтай  қалыптасты.                               
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                  ҚОРЫТЫНДЫ

 

         Қазіргі  таңда  инвестициялық  қатынастарды  тиісінше  реттеуге  байланысты  мәселелердің  маңыздығы  артуда.  Бұл  ең  алдымен,  заңшығармашылық  процестің  теория  мен  практика  талаптарынан  кейін  қалуда,  ал  заңнама  инвестициялық  қызмет  саласында  болып  жатқан  өзгерістерді  сезіне  үлгермеуде.  Соның  салдарынан,  бізде  тұрақсыз  және  жетілмеген  инвестициялық  заңнама  пайда  болды.  Қалыптасқан  жағдайдан  өту  әрекеттері  жасалуда,  алайда,  олар  ішінара  сипатта  және  бір-бірінің  артынан  ілесе  алмауда.  Инвестициялық  саясат  пен  инвестициялық  қызметке  байланысты  концептуалды  біртұтас  әдістеме  жоқ. 

         Инвестициялық  заңнаманың  негізінен  екі  құрамдас  бөлігі  бар  екендігі  туралы  айтуға  толықтай  негіз  бар.  Олар  инвестициялар  туралы   және  құнды  қағаздар  нарығы  туралы  заңдар.  Инвестициялық  қатынастарды  реттеуде  қосалқы  заңдар  да  бар,  олар  мемлекеттік  тікелей  инвестициялар  туралы  заңнама,  мемлекеттік  заемдар  және  қарыз  туралы,  валюталық  реттеу  туралы  заңдар  және  тағы  да  басқалары.  Сонымен  қатар  инвестициялық  қызмет  туралы  ережелер  азаматтық  заңнамада,  жер  қойнауы  және  жер  қойнауын  пайдалану  туралы,  банк  және  банктік  қызмет  туралы  және  т.б. заңдарда  орын  алған. 

         Мемлекеттік  инвестициялық  саясаттың  негізгі  бағыттарының  бірі  қолайлы  инвестициялық  климат  орнату.  Алайда  оны  тұрақты  және  біртұтас  инвестициялық  заңнамасыз  қамтамасыз  ету  мүмкін  емес.  Инвестициялар  туралы  жаңа  заң   инвестициялық  нормаларды  бір  заң  актісіне  жинақтап,  олардың  бытыраңқылық  проблемасын,  белгілі  бір  деңгейде  шешті.  Бір  өкініштісі,  бастапқыда  “шетелдік  және  ұлттық  инвесторлардың  құқықтарының  теңдігі”  туралы  оңтайлы  идея  іс  жүзінде  жүзеге  асырылу  кезінде  жағымсыз  болып,  инвестициялық  қатынастарды  дамыту  жолында  тежегішке  айналды.  Инвестиция  туралы  жаңа  заң  қабылданысымен,  потенциалды  инвесторлар  және  ұлттық  инвесторлар  да  осы  заң  қабылданғанға  дейін  келісімьге  отырған  инвесторлармен  салыстырғанда  өте  тиімсіз  жағдайға  ұшырады.  Демек,  бұл  инвесторларды  өз  қызметтерін  жүзеге  асыруға  ынталандырмайды,  керісінше  елдегі  инвестициялық  белсенділік  төмендеп,  инвесторларға  инвестициялық  преференциялар  ұсыну  бойынша,  валюталық  реттеуді  либералдау  бойынша  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  жекелей  әрекеттері  жандандыруға  мұршасыз.  Шетелдік  және  ұлттық  инвесторларға  қолайлы  режим  сақтап  қалу  үшін,  инвесторлардың  заңды  мүдделері  мен  құқықтарын  тиісінше  қамтамасыз  ету  үшін  инвестиция  туралы  Заңның  негізгі  ережелерін  түбегейлі қарастыру қажет.

   Бүгінгі  күні  инвестициялық  құқық  толыққанды  қалыптасты  деуге  негіз  бар.  Ол  әр  түрлі  құқық  салаларының  нормаларын  біріктіреді.  Құқық  жүйесінде  кешенді  салалардың  пайда  болуы  оның  сан  алуандығын  және  дамуының  жоғары  деңгейде  екендігін  білдіреді.  Сондықтан  да  құқықтық  жүйе  негізгі  салалармен  қатар  құқықтық  жүйеде  ерекше  орын  алатын  кешенді  (инвестициялық  құқық,  банктік  құқық,  халықаралық  жеке  құқық  және  т.б.)  салалардан  да  құралады. 

Информация о работе Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты