Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 12:16, курсовая работа

Описание работы

Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді.

Содержание

Кіріспе..................................................................................
I. Инвестиция түсінігі және мәні..........................................5
1.1 Инвестициялар мәні және олардың нысандары..............5
1.2 Қазақстан экономикасының инвестициялық қызметіндегі тенденциялар.....................................
1.3 Инвестицияның қызметті жетілдіру жолдары.......
II. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың мәселелері мен перспективалары............................
2.1 Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары
2.2Шетел инвестицияларын Қазақстан экономикасында қолдану........................................
III. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЗАҢНАМА...............................
3.1 Инвестициялық заңнаманың пайда болу және даму тарихы
3.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық заңнама дамуының негізгі кезеңдері..................................................33
Қорытынды.........................................................................
Қолданылған әдебиеттер.......................................................50

Работа содержит 1 файл

Курсовой.docx

— 89.05 Кб (Скачать)

   Екіншіден, инвестициялық дау ұғымын заңнамамен бекіту арқылы инвестициялық дауларды шешудің жетілдірілген механизмі, сондай-ақ осы дауларды Қазақстан  Республикасының соттарында ғана емес, сонымен бірге тараптардың келісімі бойынша халықаралық арбитраждық  соттарда шешу мүмкіндігі ұсынылады.

   Үшіншіден, Заңда шетелдік инвесторлармен бұрын  жасалған келісім шарттардың тұрақтылық қағадасы  расталады.

   Экономиканың  шикізат емес салаларына инвестиция салуды жандандыру және осы процестерді  мемлекеттік қолдау мақсатында қаржы  институттары мен экономиканың басымды  және бәсекеге қабілетті секторларына инвестициялық ресурстарды шоғырландыру әрі бөлу механизмдердің жүйесі қалыптастырылады. 2006 жылдың наурыз айында Қазақстанның Даму банкі, Ұлттық инвестициялық қор, Қазақстанның Инвестициялық қоры және т.б құрылды. Әр бір институт өз ісімен айналысады, олар экономиканың игеруші секторының жобаларын кредиттеп, қаржыландырмайды. Осы институттардың қызметі жаңа және жұмыс істейтін жоғары технологиялық әрі экспортқа бейімделген өндірістерді құрып, дамытуға, ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулерді қолдауға, ғылымды көп қажетсінетін өндірістерді дамытуға инвестиция тартуға бағытталған.

   Заң бойынша олар жеке меншік бизнеспен  бірікпей жобаларды қаржыландыруға бағытталған.

   Инновациялық  жобаларды қаржыландыруда мемлекеттің  жеке меншік сектормен тәуекелдерді бөліп, оның мүмкіндіктерін кеңейтетін стратегиясы орынды әрі өзін-өзі  ақтайды.

   «Қазына»  қоры мен даму институттары әлеуметтік-экономикалық маңызы жоғары жобаларға қатысады, олардың қызметі бизнесті дамытып, бизнес-ұсыныстарды қолдауға бағытталған.

   Қазақстанның  Даму банкі  жылы құрылған. Банктің  мақсаты:

  • Мемлекеттік инвестициялық саясатты жетілдіру жіне оның тиімділігін арттыру;
  • Өндірістік инфрақұрылымды жіне өндеу өнеркәсібін дамыту;
  • Ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдем көрсету болып табылады.

   Даму  банкінің негізгі салалық инвестициялық  басымдылықтарына:

  • Алкогольдік өнім мен темекі бұйымдарын қоспағанда ауыл шаруашылығы өнімін өндеу;
  • Тоқыма және тігін қнеркәсібі;
  • Тері өндірісі, теріден бұйым және аяқкиім жасау;
  • Кокс, мұнай өнімдері мен ядролық материалдар өндірісі;
  • Баспа ісін қоспағанда целлюлоза-қағаз өнеркәсібі;
  • Жарылғын заттарды қоспағанда химия өнеркәсібі;
  • Резина және пластмасса бұйымдарының өнеркәсібі;
  • Өзге де металл емес минералдық өнім өндірісі;
  • Қару-жарақ пен оқ-дәрісін қоспағанда машина және жабдық жасау;
  • Тұрғын үй құрылысын, оқу, қонақүй, спорт сауықтыру және қоғамдық-сауық кешендері мен барлау-бұрғылауды қоспағанда құрылыс;
  • Көлік жіне байланыс жатады.

      Ұлттық инновациялық қор 2003 жылы  құрылды. Ұлттық инновациялық  қордың қызметі Қазақстан Республикасында  жоғарғы технологиялық эәне ғылымды  көп қажетсінетін өндірістердің  инновациялық белсенділігінің өсуіне  жәрдем көрсету мақсатында құрыды.

       Қордың инвестициялық қызметінің  негізгі бағыттары:

  • Қазақстан Республикасының аумағында венчурлік қор құруды инвестициялау және инвестиция тарту, шетелдік венчурлік қорларға инвестиция салу.
  • Инновациялық жобаларды іске асыратын компанияларды инвестициялау.
  • Ұлттық инновациялық инфрақұрылымның элементтерін (технопарк, технологиялық бизнес-инкубатор) инвестициялау.
  • Қолданбалы ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру.
  • Венчурлік қорларды жарғылық қорын құрып, оларға қатысу,
  • Инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына үлестік бақылаусыз қатысу арқылы инновациялық жобаларды қаржыландыру;
  • Жоғарғы технологиялық және ғылымды көп қажетсінетін өнім өткізетін келешекті нарықтарда жағдаяттық және маркетингтік зерттеу жасау;
  • Отандық инновациялық өнімдерді сыртқы нарвөтарға жылжыту;
  • Қаржыландыратын инновациялық жобаларды ұйымдастырушылық, жедел және басқадай алып жүру;
  • Инновациялық жобарлар жөніндегі ақпараттық лдерекқор құру, келешекті жобалардың болуы жөнінде инвесторларды хабардар ету;
  • Технопарк, бизнес-инкубатор және инновациялық  инфрақұрылымның басқа да элементтерін құруға қатысу.

        Қазақстан инвестициялық қоры 2003 жылы құрылды.қор келешекті үйымдардың  жобаларына инвестицияларды жүзеге  асырып, тпрту арқылы Қазақстанның  индустриалды-инновациялық саясатын  іске асыруға жәрдем көрсету,  экономиканың шикізат емес секторларында  жеке меншік секторының бастамаларына  қолдау көрсетуді мақсат етеді. 

       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      ІІ.  Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың перспективалары.

   2.1Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары.

     Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие.

   Қазақстан экономикасына шетел капиталын  тартудың негізгі формаларының бірі – сыртқы несиелер.

   Несиелік  келісім шарттарға қол қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық  жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін.

   Дефольт себептеріне барлық кезеңдерде шетелдік несиелік тізбектер есебінен қаржыландырылатын  инвестициялық жобалар қозғалысы  механизмінің жоқтығы немесе сәйкес болмауы жатады: келісім шартқа қол  қою, аймақ, ұйым немесе үкімет деңгейінде жоба бойынша шешім қабылдау, несиені  игеру және ол бойынша қарызды  өтеу. Әлемдік бизнесте кәсіпорындар мен ұйымдардың тәжірибесінің болмауы  қарыз алушы үшін пайдасыз және кемсітушілік келісім шарттар жасауға әкеледі. Олардың жүзеге асырылуы нақты кәсіпорындар мен ұйымдардың, жалпы республика аймақтары мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін.

   Басым инвестициялық жобаларды таңдап алу механизмінің басты кемшілігі  – таңдаудың нақты белгілері  мен қарапайым бағыт - бағдардың  жоқтығы. Жобалардың көпшілігі экономикалық тиімділік, валюталық қайтарымдылық,  ішкі қарыз қабілеттілігі жағынан толық дәлелденбеген. Әлеуметтік сипаттағы көптеген жобалар экономикалық пайдалылыққа зиян келтіруде. Қазіргі таңда тартылған несиелер бойынша төлемдер өтелуде. Шетел несиелері бойынша өтелмеген төлемнен қалыптасқан соммалардың үшінші бөлігі төлем қабілеттілігі жоқ шаруашылық субъектілерге келеді.

   Мүмкін  боларлық дефольттарға жол бермеу үшін қаржылық, әкімшілік, құқықтық сипаттағы  шаралар жиынтығын қолдану қажет. Ең алдымен, бақылау және жоспарлау  сенімді негізге ие болуы үшін ұлттық экономиканың барлық секторлары мен барлық формасында сыртқы ресурстар  түсімі көлемін сипаттаушы негізгі  статистикалық көрсеткіштер жүйесі әзірленіп енгізілуі тиіс.

   Пайдасыз  келісім шарттар жасау, қорлардың  шамадан тыс жұмсалуы, ескірген техника  және технологияны сатып алуды тудырған несиелерді жабық түрде бөлу сияқты қалыптасқан тәжірибеде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет  етеді.

   Сыртқы  қарызды бақылау және басқару  бойынша жұмыстардың маңызды  бөлігі жан - жақты бағалаудан өткен  тиянақты таңдалып алынған және дайындалған  нақты жобаларды жүзеге асыру  үшін қарызды алу маңыздылығын ескере отырып, шетелдік несиелерді конкурстық негізде таңдау болып табылады. Қарыздар мен несиелердің басым көпшілігі (90 пайызы) нақты жобаларды қаржыландыру үшін тартылуы тиіс: кен орындарын  игеру, шағын кәсіпорындарды , білім  және денсаулық сақтау жүйесін дамыту, демографиялық жағдайды жақсарту, т.с.с. Мұндай бағыт республика экономикасын дамытуға жол ашатын тиімді жобаларға  қорлар салымын қамтамасыз етіп, қарыз  қорларын өтеу үшін оның нақты мүмкіндіктерін жоғарлатады.

   Осымен  байланысты банктік және тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы ұсынылатын инвестициялық  жобаларға алдын - ала сараптама  жасау қажет. Мұндай сараптама негізінде  жобалардың техника - технологиялық, бағалық  және құқықтық жағына толықтырулар енгізілуі  тиіс. Маркетингтік зерттеулер жүргізілуі тиіс: шикізат көлемі және жеткізетін көздері, қажетті мамандар және жұмысшылар саны, өткізу нарығының мүмкіншілігін  бағалау.

   Содан кейін жобаның негізгі өлшемдері  анықталуы керек: оның пайдасы мен  шығындары, тиімділігі, қайтарымдылық  мерзімі, сонымен бірге валюта қайтарымдылығы, коммерциялық тәуекел деңгейі, негізгі  макроэкономикалық көрсеткіштерге әсері - өндіріс көлемінің өсімі, бюджет, ұлттық табыс өсімі, шығындардың  төмендеуі, әлемдік нарықта өнімнің  бәсекеқабілеттілігінің жоғарлауы.

   Жобаның экономикалық аспектілерінің сапалық  және сандық талдауы жобаны таңдау мен оған сараптама жасаудың негізгі  белгісі болып табылады. Мемлекет дамуының мақсаттарын жүзеге асыруға  салынатын жобаны бағалауға бағытталуы тиіс: экономиканы көтеру, халықтың өмір сүру деңгейі, еңбек өнімділігін  жоғарлатуға бағытталатын бағдарламаны жүзеге асыру есебінен әлеуметтік іс - шаралар жүргізу, жұмыс орындарын  ашу, жергілікті ресуртарды қолдану, кадрларды  оқыту, қоршаған ортаны жақсарту.

   Жобаны  мемлекеттік кепілдемемен қолдаушылық  пен басымдыққа ие  жобалар тізіміне енгізу үшін оларды таңдауда,  келесі өлшемдер де ескерілуі керек: кәсіпорын, аймақ, республиканың сыртқы қарыз көлемі, Қазақстан Республикасы кепілдемесінің шегі, мүмкін боларлық қосымша қаржыландыру көлемі, ерекше және тұрақты құқықтық базаны құру мүмкіндіктерінің болуы. Сонымен қатар, сыртқы қарызды өтеу мүмкіндіктерін анықтау мақсатында,  қарыз алушы кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық қызметіне күрделі тексеріс жүргізу қажет.

   Сыртқы  қарызды бақылау және басқару  бойынша жұмыстардың маңызды  бір бөлігі - шетелдік кредиторлардың қаржылық мүмкіндіктерін бағалау және шетелдік несиені тартудың мақсатын қарастыру негізінде конкурстық таңдаудың болуы.

   Шетелдік  несиелер бойынша шешім қабылдауда, министрліктер мен ведомстваларды, кәсіпорындар мен ұйымдарды жауапкершілікке  тарту бойынша механизмді құру, облыстық әкімшіліктермен бұл жауапкершілікті  бөлу шаралар жиынтығының маңызды  құрамдас бөліктері болуы тиіс. Жергілікті  билік органдары жобаны қолдап, несиелік келісім жасауға итермелейді. Сонымен қатар, оның әр түрлі нысанда жүзеге асырылуына қатысуы тиіс: дайын өнімнің өткізу нарығында болуына көмек көрсету, заңдық және экономикалық түрде ақыл - кеңес беру, нақты қалыптасқан жағдайға байланысты консалтингтік және басқа да қызмет көрсету.

   Дефольттардың алдын - алу үшін жалпы макроэкономикалық  жағдаймен (инфляция деңгейі, ТМД елдерімен  өзара есеп айырысу мәселесін  шешу, өндірісті тұрақтандыру) қамтамасыз ету қажет, құқықтық базаның тұрақтылығы, қарыз алушы кәсіпорындардың  жабылу немесе қайтақұрылу жағдайында, Қазақстан Республикасы кепілдемесі  аясында тартылған шетелдік несиелер бойынша міндеттемелерді беру механизмін құру керек. Мемлекеттік тізімге  енген басым инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, тұрақты түрде несиелерді игеру мен қарызды мерзімді өтеу мониторингін жүргізуді талап етеді.

   Қазақстан экономикасына әлемдік инвестициялауды  ынталандырудың маңызды факторы  – саяси, әлеуметтік - экономикалық және коммерциялық тәуекелдерді кәсіби және толық сақтандыру. Біздің еліміздің  осы саладағы инвестициялық тартымдылығы инвесторлар құқықтарының деңгейін көтеретін бірқатар маңызды жаңа заңнамалық ережелерге ие. Қазақстан  Республикасы "Тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қолдау туралы” Заңының  баптарына сәйкес, инвесторлар мүдделерін қорғау бойынша келесі кепілдемелер қарастырылған:

  1. шаруашылық серіктестіктің жарғылық қоры мен акцияларындағы өз үлесіне басшылық жасауда немесе салықтар мен басқа да міндеттемелік төлемдерді төлеу шартында, капитал, табыс немесе пайданы еркін аударуға бекітілген инвестордың құқығын шектеуге жол бермеу;
  2. республика территориясында инвестормен өндірілетін тауарды сату мен шикізатты жеткізуді бақылайтын мемлекеттік монополияны құруға тиым салу
  3. инвестормен өндірілетін тауар немесе шикізатты өткізуде бағаны бақылау және реттеу шараларын қолдануға жол бермеу;
  4. либералды валюталық реттеу:
  5. инвесторды қорғау бойынша кедендік бақылау шаралары;  
  6. инвестордың заңды мүдделерін, инвестиция, табыс дивиденттері мен құқықтарын қорғау;
  7. Қазақстан Республикасы Заңдарының негізінде инвесторларға өз мүлкіне басқарушылық танытуға жол беру;

Информация о работе Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты