Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 12:16, курсовая работа

Описание работы

Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді.

Содержание

Кіріспе..................................................................................
I. Инвестиция түсінігі және мәні..........................................5
1.1 Инвестициялар мәні және олардың нысандары..............5
1.2 Қазақстан экономикасының инвестициялық қызметіндегі тенденциялар.....................................
1.3 Инвестицияның қызметті жетілдіру жолдары.......
II. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың мәселелері мен перспективалары............................
2.1 Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары
2.2Шетел инвестицияларын Қазақстан экономикасында қолдану........................................
III. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЗАҢНАМА...............................
3.1 Инвестициялық заңнаманың пайда болу және даму тарихы
3.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық заңнама дамуының негізгі кезеңдері..................................................33
Қорытынды.........................................................................
Қолданылған әдебиеттер.......................................................50

Работа содержит 1 файл

Курсовой.docx

— 89.05 Кб (Скачать)

   Шетел инвесторларының маңызды құқықтық кепілдемесі - республика заңнамаларына  толықтырулар мен өзгерістер енгізуден  қорғау, шетел инвестицияларын тарту  мен қолданудың нормативті - құқықтық бақылауының өзгеруінде, келісім  шартқа өзгерістер енгізу мүмкіндіктерін беру, бірақ инвестор мүддесін қорғау аумағында әлі де шешілмеген мәселелер  баршылық.

   Қазіргі таңда Қазақстанда бірлескен  сақтандыру компанияларын құруға жол  ашатын және "Казахинстрах” монополиясын шектейтін заңнамалық актілер қабылданған. Сақтандыру заңнамасына сәйкес, сақтандыру бойынша мемлекеттік компания "Казахинстрах”  Қазақстанда шетел инвестицияларын  сақтандыратын жалғыз компания болғандықтан, инвесторларға еркін түрде сақтандыру компаниясын таңдауға тиым салынған.

   Шетел инвестицияларын сақтандырудың  мүмкіндіктерін рационалды қолдану  үшін халықаралық сақтандыру компаниясы немесе "ОПИК жеке инвестициялар” типтес шетел корпорациясы бойынша "American International Group” (AIG) корпорацияларының  қатысуымен, саяси және коммерциялық тәуекелдерді сақтандыру бойынша бірлескен  қорларды мақсатты түрде құру қажет. Бұл корпорация АҚШ - тың ірі саудалық және өнеркәсіптік тәуекелдерді сақтандырушы және ірі әлемдік диверсификациялық  сақтандыру тобы.

   Бұл мемлекеттік компания меншікті тәркілеуден, ұлттандырудан  сақтандыратын компания және ол үшін қажетті сақтандыру қорына ие. Мысалы, Өзбекстанда осындай әлемдік компания құрылған. Оның сақтандыру қоры 100 млн. АҚШ долл., ал "Казахинстрах” мемлекеттік компаниясының жарғылық қоры 1 млн. АҚШ долл. құрайды. Бұл жағдай тәуекелдерді шетелде қайта сақтандыру қажеттілігін көрсете отырып, Қазақстаннан сақтандыру алымдарының сыртқа кету мүмкіншілігінің айқын көрінісі болуда.

   Қазақстан экономикасының басым салаларына шетел  капиталын тартуды ынталандыру  үшін қаржылық - несиелік, салықтық ұмтылыстар мен қаржылық емес әдістерді қолдану  қажет. Соңғысына шетел капиталының  қызмет етуіне жалпы қолайлы орта құру, қажетті өндіріс факторларымен, ақпаратпен, басқару қызметтерімен, көліктің, байланыстың әр түрінің, банктік  қызмет көрсетудің дамуын қамтамасыз ете отырып, нарықтық инфрақұрылымның  басқа да эмитенттерін құру қажет.

   Салықтық  жеңілдіктер мен ұмтылыстар кең  ауқымда қолдануда. Мысалы, ссудаларды беру бойынша операцияларды қосымша  құн салығынан босату ынталандырушы  рөлге ие. Инвестициялық банктер  мен несиелік мекемелерден түскен шетел  валютасындағы несиелер сомасы бұл  жағдайда қосымша құн салығынан  босатылуы тиіс.

   Табыс салығынан бас тарту мақсатында, "салықтық демалыстар” кезеңінде  құрылатын заңсыз бірлескен кәсіпорындардың  құрылуына жол бермеу үшін, салық  Кодексіне арнайы толықтыру енгізу қажет: мұндай кәсіпорынның салықты  төлеуден босатылу кезеңінде, жабылу жағдайында кәсіпорын өз қызметінің барлық кезеңінде  алынған пайдасына салық төлеуге  міндетті. 

                                
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   2.2 Шетел инвестицияларын Қазақстан экономикасында қолдану.Шетел инвестицияларын Қазақстан экономикасында қолдану  
 Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен экономиканың басым салаларын дамыту преференциялық режим құруды талап етеді. Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен оның икемділігін көтеруге байланысты енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын тарту мен қолдану процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды жеңілдету және шетел инвесторларының құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені көтеру аса маңызды рөлге ие. Қазақстан экономикасына шетел капиталын тартудың негізгі формаларының бірі – сыртқы несиелер.  
 Несиелік келісім шарттарға қол қоюда, сонымен бірге, көзделген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда, дефольттардың, яғни сыртқы қарызды жабумен байланысты бірқатар қиындықтар туу мүмкін.  
 Дефольт себептеріне барлық кезеңдерде шетелдік несиелік тізбектер есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар қозғалысы механизмінің жоқтығы немесе сәйкес болмауы жатады: келісім шартқа қол қою, аймақ, ұйым немесе үкімет деңгейінде жоба бойынша шешім қабылдау, несиені игеру және ол бойынша қарызды өтеу. Әлемдік бизнесте кәсіпорындар мен ұйымдардың тәжірибесінің болмауы қарыз алушы үшін пайдасыз және кемсітушілік келісім шарттар жасауға әкеледі. Олардың жүзеге асырылуы нақты кәсіпорындар мен ұйымдардың, жалпы республика аймақтары мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін.  
 Басым инвестициялық жобаларды таңдап алу механизмінің басты кемшілігі – таңдаудың нақты белгілері мен қарапайым бағыт - бағдардың жоқтығы. Жобалардың көпшілігі экономикалық тиімділік, валюталық қайтарымдылық, ішкі қарыз қабілеттілігі жағынан толық дәлелденбеген. Әлеуметтік сипаттағы көптеген жобалар экономикалық пайдалылыққа зиян келтіруде. Қазіргі таңда тартылған несиелер бойынша төлемдер өтелуде. Шетел несиелері бойынша өтелмеген төлемнен қалыптасқан соммалардың үшінші бөлігі төлем қабілеттілігі жоқ шаруашылық субъектілерге келеді.  
 Мүмкін боларлық дефольттарға жол бермеу үшін қаржылық, әкімшілік, құқықтық сипаттағы шаралар жиынтығын қолдану қажет. Ең алдымен, бақылау және жоспарлау сенімді негізге ие болуы үшін ұлттық экономиканың барлық секторлары мен барлық формасында сыртқы ресурстар түсімі көлемін сипаттаушы негізгі статистикалық көрсеткіштер жүйесі әзірленіп енгізілуі тиіс.  
 Пайдасыз келісім шарттар жасау, қорлардың шамадан тыс жұмсалуы, ескірген техника және технологияны сатып алуды тудырған несиелерді жабық түрде бөлу сияқты қалыптасқан тәжірибеде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етеді. Сыртқы қарызды бақылау және басқару бойынша жұмыстардың маңызды бөлігі жан - жақты бағалаудан өткен тиянақты таңдалып алынған және дайындалған нақты жобаларды жүзеге асыру үшін қарызды алу маңыздылығын ескере отырып, шетелдік несиелерді конкурстық негізде таңдау болып табылады. Қарыздар мен несиелердің басым көпшілігі нақты жобаларды қаржыландыру үшін тартылуы тиіс: кен орындарын игеру, шағын кәсіпорындарды , білім және денсаулық сақтау жүйесін дамыту, демографиялық жағдайды жақсарту, т.с.с. Мұндай бағыт республика экономикасын дамытуға жол ашатын тиімді жобаларға қорлар салымын қамтамасыз етіп, қарыз қорларын өтеу үшін оның нақты мүмкіндіктерін жоғарлатады.  
 Осымен байланысты банктік және тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы ұсынылатын инвестициялық жобаларға алдын - ала сараптама жасау қажет. Мұндай сараптама негізінде жобалардың техника - технологиялық, бағалық және құқықтық жағына толықтырулар енгізілуі тиіс. Маркетингтік зерттеулер жүргізілуі тиіс: шикізат көлемі және жеткізетін көздері, қажетті мамандар және жұмысшылар саны, өткізу нарығының мүмкіншілігін бағалау.  
 Содан кейін жобаның негізгі өлшемдері анықталуы керек: оның пайдасы мен шығындары, тиімділігі, қайтарымдылық мерзімі, сонымен бірге валюта қайтарымдылығы, коммерциялық тәуекел деңгейі, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге әсері - өндіріс көлемінің өсімі, бюджет, ұлттық табыс өсімі, шығындардың төмендеуі, әлемдік нарықта өнімнің бәсекеқабілеттілігінің жоғарлауы.  
 Жобаның экономикалық аспектілерінің сапалық және сандық талдауы жобаны таңдау мен оған сараптама жасаудың негізгі белгісі болып табылады. Мемлекет дамуының мақсаттарын жүзеге асыруға салынатын жобаны бағалауға бағытталуы тиіс: экономиканы көтеру, халықтың өмір сүру деңгейі, еңбек өнімділігін жоғарлатуға бағытталатын бағдарламаны жүзеге асыру есебінен әлеуметтік іс - шаралар жүргізу, жұмыс орындарын ашу, жергілікті ресуртарды қолдану, кадрларды оқыту, қоршаған ортаны жақсарту.  
 Жобаны мемлекеттік кепілдемемен қолдаушылық пен басымдыққа ие жобалар тізіміне енгізу үшін оларды таңдауда, келесі өлшемдер де ескерілуі керек: кәсіпорын, аймақ, республиканың сыртқы қарыз көлемі, Қазақстан Республикасы кепілдемесінің шегі, мүмкін боларлық қосымша қаржыландыру көлемі, ерекше және тұрақты құқықтық базаны құру мүмкіндіктерінің болуы. Сонымен қатар, сыртқы қарызды өтеу мүмкіндіктерін анықтау мақсатында, қарыз алушы кәсіпорындардың қаржылық - шаруашылық қызметіне күрделі тексеріс жүргізу қажет.

              
 
 
 

           III.  ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЗАҢНАМА 

             3.1  Инвестициялық заңнаманың  пайда болу

                             және  даму  тарихы.

           Еліміз  бен  шет  елдердің  инвестициялық  заңнамасының  дамуының  негізгі  тенденциялары  мен  жалпы  заңдылықтарын  анықтау  үшін  оның  пайда  болуы  және  жеке  дара  заң  саласы  ретінде  қалыптасу  тарихын  зерттеу  қажет.

   “ИНВЕСТИЦИЯ”  ұғымы  VIII  ғасырдың  басында  пайда  болды.  Алғашында  ол  тек  пайда  табу  үшін  қолданылатын  еркін  ақша  құралы  болып  есептелді.  Бұл  кезеңде  шотланд  инвесторлары  болашақта  баю  мақсатында  америка  батысындағы  фермерлік  жерлерді  сатып  ала  отырып,  сол  кезде  қарапайым  және  дамушы  Америка  нарығына  капитал  сала  бастады.  Алғашқы  инвестициялық  компаниялар  жабық  типтегі  қорлар  болды.  1822  жылы  Бельгия  королі  Вильям  І  Брюссельде  тіркелген  тұңғыш  инвестициялық  траст  құрды.  Оның  негізгі  қызметі  шет  мемлекеттерге  займдар  бөлу  негізінде  инвестицияны  жүзеге  асыруға  рұқсат  беру.  ХІХ  ғасырдың  80-жылдары  мұндай  трасттар  Шотландия  мен  Англияда  пайда  болды.  Ең  алғашқы  жабық  типті  қорлардың  бірі  1868  жылы  Лондонда  құрылған  Шетелдік  және  колониялды  инвестициялық  траст.  Алғашқыда  инвестициялық  трасттар  бай  отбасылармен  құрылды.  ХІХ  ғасырда  онда  тағайындалған  сенімді  тұлғалар  сол  отбасылардың  мүлкін  басқарған.  Кейінен  инвестициялық  қатынастардың  ары  қарай  дамуы  мақсатында  акциялары  акциялары  ашық  саудаға  шыққан,  инвестициялауға  қатысушы  инвесторлардың   санының  көбейуіне  өз  ықпалын  тигізуші  компанияларға  айнала  бастады. 

   Инвестициялық  қызметті  жүзеге  асыруды  реттейтін  алғашқы  арнайы  заңнамалық  актілердің  бірі  1940  жылғы  АҚШ-та  қабылданған  “Инвестициялық  компаниялар  туралы”  Заң  және  “Инвестициялар  бойынша  кеңесшілер  туралы”  заңдар.  Алғашқы  заң  инвестициялық  компаниялардың  акцияларын  сатып  алушы  инвесторларды  қорғауға  бағытталған,  ал  екіншісі  инвесторлар  қаржыны  салу  варианттарын  кәсіби  зерттеу  үшін  жалдаған  инвестиция  бойынша  кеңесшілер  тарапынан  қиянат  жасаудан  инвесторларды  қорғайды.  Алайда  бұл  екі  заңда  шын  мәнінде  көмекші  актілер  болып  табылады,  ал  АҚШ  инвестициялық  заңнамасының  негізін  1933  жылғы  “Құнды  қағаздар  туралы”  және  1934  жылғы  “Қор  биржасы  туралы”  заңдар  құрайды.  Көптеген  дамыған  елдердің  инвестициялық  заңнамасының  құрамына  құнды  қағаздар  туралы  заңдар  кіреді,  себебі  басқа  объектілеге  қарағанда  құнды  қағаздарға  инвестициялар  кеңінен  тараған  (бұлар  реалды  активтер  деп  аталады).  Тарихи  тұрғыдан  қарағанда  да  ең  алдымен  құнды  қағаздарды  инвестициялау  заң  негізінде  бекітілген.

   Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  мемлекеттердің  интеграцияға  ұмтылыс  тенденциясы  күшее  түсті.  Социалистік  мемлекеттердің  құрылуына  байланысты,  аясында  экономикалық,  саяси  және  әлеуметтік  салаларда  ынтымақтастық  дамыған  екі  негізгі  мемлекеттер  блогі  пайда  болады.  Бүкіләлемдік  Банк  тобына  жататын  Халықаралық  қайта  құру  және  даму  банкі,  Экономикалық  дамудың  халықаралық  қауымдастығы,  Халықаралық  қаржы  корпорациясы;  аймақық  деңгейде – Еуропалық  экономикалық  қоғамдастық  тәрізді  Халықаралық  экономикалық  ұйымдар  құрылады.  Социалистік  мемлекеттер  блогінде  де  интеграциялық  процестер  жүзеге  асырыла  бастайды – Варшава  шарты  жасалады  және  Экономикалық  өзаракөмек  кеңесі  құрылады.  Дәл  осы  кезеңде  жаңа  тұрғыда  және  аса  тар  ұғымда  инвестициялық  қатынастардың  қайта  өркендеу  кезі  деп  толықтай  айтуға  негіз  бар.  Инвестицияларды  құқықтық  реттеу  тек  аймақтық  деңгейде  ғана  емес,  сонымен  қатар  социалистік  елдер  арасында,  сондай-ақ  социалистік  жолға  енді  тұрған  мемлекеттер  арасында  да  достастық  және  ынтымақтастық  туралы  екіжақты  келісімдер  жасала  бастады.  Бұл  елдерге  “ізгі”  саяси  миссияларын  жүзеге  асыру  үшін  айтарлықтай  қаржылай  көмек  көрсетіле  бастайды,  зауыттар  мен  фабрикалар  салынып,  экономиканың  және  ауыл-шаруашылығының  және  т.б.,  бүтіндей  салалары  қайта  жаңғыра  бастайды.  Бұған  қоса,  социалистік  елдерде  (ең  алдымен,  бұрынғы  КСРО)  әртүрлі  салаларда  әртүрлі  деңгейде  мамандар  дайындала  бастады.  Осындай  кеңауқымды  қызметтің  негізгі  мақсаты –  социалистік  жолды  таңдаушы  мемлекеттердің  санын  көбейту  және  социалистяік  елдердің  әскери,  саяси  альянсын  күшейту.  Алайда  саяси  міндеттер  көмек  көрсетуші  мемлекеттердің  экономикасына  шығындар  әкелді.  Инвестициялық  қатынастар  негізінен  тек  біржақты  сипатта  болмай,  өзара  тиімді  болуы  тиіс.  Социалистік  мемлекеттердің  өзара  қатынасы  тура  сондай  деңгейде  болды.  Онжылдықтар  бойы  жүзеге  асырылып  келе  жатқан  мұндай  инвестициялық  қызмет  бұрынғы  социалистік достастық елдері  әлі күнге дейін шыға  алмай отырған экономикалық  дағдарысқа  әкеліп  соқты.  Алайда  инвестициялық  қызметтің  шынайы  дамуы  ХХ  ғасыр  80-жылдарының  үлесінде.  Елде  басталған  жаппай  қайта  құру  сыртқыэкономикалық  қызметке  де  өз  әсерін  тигізді.   1986  жылы  КОКП  ОК-і  (ЦК КПСС)  Политбюросының  біріккен  кәсіпорындар  құру  мүмкіндігі  туралы  шешімі  іс  жүзінде  мемлекет  экономикасына  шет  ел  инвестицияларының  келуіне  жол  ашты.  Бұл  шешім  КОКП ОК  және  КСРО  Министрлер  Кеңесінің  1986  жылғы  19  тамыздағы  №991  және  №992-ші  “Сыртқыэкономикалық  байланыс тарды  дамыту  шаралары  туралы”  және  “Социалистік  елдермен  экономикалық  және  ғылыми-техникалық  ынтымақтастықты  басқаруды  дамыту  бойынша  шаралар  туралы”  екі  қаулысымен  байланысты  болды. Бұл  актілермен  сыртқыэкономикалық  қатынастар  саласында  және  инвестициялық  заңнаманың  ұлттық  жүйесін  құрудағы  реформаларды  жүзеге  асыруға  өту  анықталды.

   КСРО  Жоғарғы  Кеңесімен  1990  жылы  10  желтоқсанда  қабылданған  “КСРО-дағы  инвестициялық  қызмет  туралы  заңнама  негіздері”  Заңы  инвестициялық  қызмет  субъектілерінің  арасындағы  өзара  қатынасын  реттеуші  келісім-шарт  екендігін  заң  негізінде  бекітті.  Қазақстанда  басқа  кеңес  республикаларындағыдай  шет  ел  инвестициялары  туралы  және  инвестициялық  қызмет  туралы  заңдар  қабылданды.  1991  жылғы  5  шілдедегі  КСРО-ның  шет  ел  инвестициялары  туралы  заңнамалық  негіздері  республикаларға  кеңестік  конституциямен  қолданыстағы  заңдарға  қайшы  келмесе,  шетел  инвестициялары  туралы  өз  заңдарын  қолдануға  құқық  берді.  Осы  кезеңде  Қазақстанда  Кеңес  Одағы  мен  американдық Одағы  мен  американдық  “Шеврон”  корпорациясы  арасында  тұңғыш  инвестициялық  келісім  жасалды.

   Алайда,  кеңестік  инвестициялық  заңнаманың  ғұмыры  ұзақ  болған  жоқ.  Кеңес  Одағының  ыдырауы  мен  тәуелсіз  және  егеменді  елдердің  пайда  болу  процесі  басталды.  1993  жылы  Шеврон  корпорациясымен  Қазақстан  Республикасы  арасындағы  инвестициялық  келісім  жаңа  және  аса  тиімді  шарттарда  қайта  жасалды  және  кәзіргі  замандағы  ең  ірі  инвестициялық  келісімдердің  біреуі  болып  табылады. 

   Бұл  кезең  ұзаққа  созылмасада  толықтай  бұрынғы  кеңес  республикаларының  соның  ішінде  Қазақстан  Республикасының  да  ұлттық  инвестициялық  заңнамасын  құруда  шешуші  роль  атқарды  және  де  нақ  сол  кезде  кәзіргі  уақытта  жүзеге  асырылып  жатқан  инвестициялық  қызметтің  негізі  қаланды.  Мәселен,  Ресей  Федерациясында  1991  жылғы  4  шілдедегі  Инвестициялық  қызмет  туралы  Заңы  (әрине,  енгізілген  өзгертулері  және  толықтыруларымен)  бүгінгі  күні  де  қолданыста. 

   Инвестициялық  заңнама  тарихы  туралы  мәселені  қарастыруды  тәмәмдай  отырып,  келесідей  пайымдауларға  келуге  болады:

  • инвестициялық  қатынастар  пайда  болу  сәтінен  бастап,  заңнаманың  әр  саласындағы  нормалармен  реттелетін  (сауда,  азаматтық,  қаржы,  тау-кен,  халықаралық  және  т.б.),  ал  инвестициялық  нормаларды  жеке  даралау  және  заңнаманың  жеке  саласына  біріктіру  негізінен  дамыған  елдерде  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысынан  басталады.
  • Нарықтық  экономикада  “инвестиция”  жаңа  ұғымдар  санатына  жатпайды  және  мемлекетіміздің  тарихының  жекелеген  кезеңдерінде  кең  қолданыста  болған;
  • Бұрынғы  Социалистік  елдердегідей  Қазақстан  Республикасында  да  тәуелсіздік  алысымен  және  нарыққа  көшуімен  өзінің  инвестициялық  заңнамасының  ұлттық  жүйесін  құру  іс  жүзінде  мүмкін  болады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты