Курс лекций по страхованию

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2012 в 14:26, курс лекций

Описание работы

Курс содержит 14 лекций по страхованию на казахском языке.
1 тақырып. Кіріспе...
Тақырып 14. Кәсіпкерлерлік тәуекелді сақтандыру .

Работа содержит 1 файл

лек страхование Жагипарова.docx

— 69.68 Кб (Скачать)

   12) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңда көзделген, қатысушы-сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешені;

   13) қатысушы-сақтандыру ұйымы - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымы;

   14) меншікті капитал - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының оның міндеттемелеріне азайтылған активтері мен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві;

   15) уәкілетті орган - сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган;

   16) шартты міндеттемелер - қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарды төлеу үшін ол қалыптастыратын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры алдындағы міндеттемелері;

   17) төтенше жарналар - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңда көзделген жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қосымша төлейтін ақша сомасы

Тақырып  10 .Жеке сақтандыру

     Жеке  сақтандырудың негізгі категориялары:сақтандыру қатынастарының субъектілері, сақтандыру тәуекелдері,түрлері.

     Бұл салада сақтандыру қатынастарының субъектілері болып өз өмірін сақтандырушы заңды  және жеке тұлғалар табылады.Бүгінгі  таңда өмірді сақтандыру мына жағдайда  сақтандыру төлемдерін төлеуді міндеттейді:

     1.Сақтандырылған  тұлғаның көрсетілген мерзімге  дейін өмір сүруі;

     2.Қайтыс  болған жағдайда;

     3.Кездейсоқ жағдайларда лденсаулығынан айырылса.

     Өмірді  сақтандырғанда сақтандыру тәуекеліне  адам өмірінің ұзақтығы жатады.Сақтандыру тәуекелінің екі аспектісі бар: 1) орта жаста немесе тіпті жас  уақытында қайтыс болу; 2) ұзақ өмір сүру және  еңбекпен айналысуды жалғастырусыз  табыс алуды қажет етеді.

   Өмірді  сақтандыру формаларының класификациясы:

  1. Сақтандыру қызметтерінің ұсынылу мерзіміне қарай:
    • белгілі бір мезгілге дейін өмір сүру;
    • белгілі бір мерзімге өмірді сақтандыру;
    • белгіленген мерзімге сақтандыру сомасын төлеумен байланысты өмірді сақтандыру:
  2. Сақтандыруды өтеу формасы ретінде:
    • Нақты бекітілген сақтандыру сомасы бойынша
    • Пайда алуға қатысумен байланысты;
    • Кемімелі сақтандыру сомасымен байланысты.
  3. Сақтандыру компенсацияларының түрі бойынша:
    • Бір мерзімді компенсация бойынша өмірді сақтандыру;
    • Рента түріндегі компенсация;
  4. Сақтандырылған өмірге қатысты:
    • өз өміріне қатысты келісім-шарттар (сақтандырылған және сақтандырушы тұлға бір адам болса);
    • өзге адамға қатысты сақтандыру ( сақтандырушы мен сақтанушы бөлек адамдар болса);

     Азаматтардың  өмірі, денсаулығы сияқты материалдық  емес байлықтарын сақтық қорғау қажеттілігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының  заңдылығымен жеке сақтандырудың келесі түрлері анықталады:

  • өмірді сақтандыру;
  • аннуитеттік сақтандыру;
  • кездейсоқ жағдайлардан және аурулардан сақтандыру;
  • медициналық сақтандыру;

     Жеке  сақтандырудың барлық түрлері  сақтандырудың  ерікті түріне жатады.Өмірді сақтандыру – азаматтардың өмірін,денсаулығын, еңбек қабілеттілігін және жеке басына қатысты өзге де мүдделерін залалдан қорғаудың нысаны, ол жеке басты  және әлеуметтік сақтандыру қызметінің көмегімен жүзеге асырылады.Өмірді сақтандыру сақтанушы тұлға қайтыс болған немесе сақтандыру келісім-шартында белгіленген мерзімге дейін өмір сүрген жағдайда сақтақ төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін жеке басты  сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып  табылады.

     Өмірді  сақтандыруда сақтандыру объектісі  болып адам өмірі  саналатын сақтандырудың  барлық түрлерін жатқызамыз.

     Өмірді  сақтандыру бойынша келісім-шарттар  бір жылдан жоғары уақытқа жасалады, сондықтан өмірді сақтандыруда жинақтаушы және тәуекел функциялары қатар  жүреді.Мысалы, сақтандырудың бұл  түрі өмірді аралас сақтандыруда көрінеді.Өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру жауапкершілігі сақтандырылған тұлғаның сақтандыру мерзімі  біткенге дейін өмір сүруі және сақтандырылған тұлғаның қайтыс болуы жағдайында ғана төленеді.

     Өмірді  сақтандырумен анықталатын сақтандыру жауапкершілігінің көлемі  келесідей  сақтандыру жағдайларын қарастырады:

      а) сақтандыру мерзімі біткенге дейін  өмір сүрумен байланысты.Бұнда сақтандыру  сомасы төленетін сақтандыру жағдайы  болып сақтандырылған тұлғаның  сақтандыру келісім-шартының соңғы  күніне дейін өмір сүруі табылады.Яғни анықталған уақытқа дейін өмір сүру белгіленген күні келісім-шарт өз күшінде  болуы және ай сайын немесе біруақтылы ретте төленетін сақтандыру жарналары  толық төленуі шарт.

Сақтандыру  мерзімі біткенге дейін өмір сүрумен  байланысты сақтандыру сомасын алу  құқығы сақтандыру мерзімі біткен күннің ертесінен бастап өз күшіне енеді.

      б) сақтандырылған тұлғаның қайтыс болуымен байланысты.Бұндй сақтандыру жағдайы  болғанда сақтандыру сомасы сақтандырылған адам өзі тағайындаған тұлғаға төленеді.Егер сақтандырылған тұлға қайтыс болғаннан  кейін сақтандыру төлемдерін алу  құқығы тағайындалған тұлға салық  сомасын алуға арыз берсе, басқа  тұлғалар, тіпті сақтандырылған тұлғаның заңды мұрагерлерінің  осы соманы алуға ешқандай құқығы жоқ.

      Егер  сақтандырылған тұлға мен ол қайтыс болғанна кейін сақтандыру  сомасын  алушы тұлға бірге немесе одан бұрын  қайтыс болса, немесе сақтандыру   сомасын алушы тұлға тағайындалмаса сақтандыру төлемдерін сақтандырылған тұлғаның мұрагерлері алады.

      Егер  сақтандырылған тұлғаның өлімі оның қайтыс болғаннан кейін сақтандыру сомасын алу үшін тағайындалған  тұлғаның қандайда бір ықпалымен  болса, онда сақтандыру сомасын алушы  бұл төлемдерге деген құқығын  жоғалтады.

      Сақтандырылған  тұлғаның бірінші кезектегі мұрагерлері  болып балалары мен жұбайы,ата-аналары  табылады.екінші кезекте – інілері,әпке-қарындастары және т.б.

      Бұрынғы КСРО-ның барлық республикаларында  балаларды сақтандыру және некеге тұрғандарды  сақтандыру кең тараған еді.

      Балаларды сақтандырғанда сақтандырушылар мен  сақтанушылар бөлек тұлғалар, яғни ата-аналары- сақтандырушылар, балалар  – сақтандырылғандар.

     Өмірді  сақтандыру бойынша «Династия» сақтандыру компаниясы өмірді сақтандырудың мерзімді және жинақтық түрлерін ұсынады.Мерзімді сақтандыруда өздерінің өмірлерін  белгілі уақыт аралығында  сақтандыруға болады.(1 жыл және одан көп).егер осы  уақыт аралығында сақтандыру жағдайы  туып жатса компания компенсация  төлейді.

     Жинақтаушы  сақтандыру  мерзімді сақтандырудан  айырмашылығы сақтандыру жарналары  белгілі уақыт өткеннен кейін  міндетті түрде сақтандыру жағдайының туу, тумауына байланыссыз қайтарылады.Яғни белгілі уақыт аралығына сақтануға  болады және уақыт толғанда сақтандыру сомасын алу кепілденген.

     Аннуитеттік сақтандыру.Сақтанушы белгілі бір  жасқа жеткен, еңбек қабілеттілігін жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған немесе жұмыссыз қалған жағдайда зейнетақы  немесе рента түрінде кезең-кезеңімен  сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру.

     Кездейсоқ жағдайлардан және аурулардан сақтандыру денсаулықты жоғалту немесе немесе сақтанушының қайтыс болуына байланысты шығындарды өтеу.

     Сақтандырудың жауапкершілігінің көлеміне  кездейсоқ  жағдайларға алып келетін салдар қосылады.Осымен қатар кез келген кездейсоқ жағдай емес, былайша айтқанда сақтандырумен байланысты кездейсоқ  жағдайлар есептеледі, яғни келісімде  көрсетілген шарттарда ескерілген жағдай.

     Денсаулықты жоғалтумен байланысты сақтандыру сомасы сақтандырылған тұлғаға төленеді.Ал ол қайтыс болған жағдайда көзі тірісінде  сақтандыру сомасын алушы ретінде  тағайындалған тұлға алады.Сақтандыру сомасын алушы тағайындалмаса, оны  сақтандырылған тұлғаның мұрагерлері  алады.

     Медициналық сақтандыру.Бұл денсаулықтан әр түрлі  себептермен айырылған жағдайда сақтандыру төленеді.Сақтандыру жағдайы  болып сақтанушының дәрігерге немесе медициналық  мекемеге баруы саналады және мынадай жағдайлардың әсерінен болған салдарға медициналық қызмет көрсетіледі:

  • жарақат, сүйек сынуы,күйік,үсу,тоққа түсу;
  • жануарлар, жәндіктермен келтірілген жарақаттар;
  • химиялық заттармен,дәрімен,сапасыз өнімдермен болған улану;

    Сақтандыру  жағдайы кезінде , сақтанушы таңдаған бағдарламаға сәйкес шығындар жабылады:

    • стационарлы емдеуде

    а) дәрігер  қызметі;

    б) дәрі-дәрмектер;

    в) диагностикалық зерттеулер, процедуралар;

    г) стационардағы  қызмет көрсету.

    • Амбулаторлы емдеуде:

    а) дәрігер  қызметін;

    б) дәрі-дәрмектерді

    в)диагностикалық зерттеулер, процедуралар,

    г) жедел  шақырылған стоматологиялық көмек.

    • Сақтанушыны жеткізудегі  медициналық  тасымалдау:

    а) дәрігерге  немесе медициналық мекемеге;

    б)ұшақпен ,пойызбен немесе басқ акөлік құралымен  жақын маңдағы әуежайға  тұрақты  тұру жеріне.

      Сақтанушы тұлғалар сақтандыру келісім-шартарын сақтандыру мекемелерімен, сонымен  қоса медициналық емдеу-профилактикалық  мекемелерімен де отыра алады.Келісім  сақтандырылған азаматтарға тиісті медицина мекемесінде көмек көрсету  бойынша сақтандыруды қамтамасыз етеді.

Тақырып 11. Рентаны  (аннуитетті) сақтандыру, зейнетақыны  сақтандыру

Сақтандыру  аннуитеті - рента мен зейнетақыны сақтандырудың барлық түрінің жалпыланған ұғымы. Сақтандырушы сақтанушының сыйақысына сақтандырылған жеке табыстарының төмендеуі немесе тоқтатылуына әкелетін белгілі бір жасқа жетуі, еңбек қабілетін жоғалтуы (жасқа байланысты, мүгедектікке байланысты, ауруға байланысты), асыраушының өлімі, жұмыссыздық немесе тағы басқа жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде мерзімді сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндетеме алатын сақтандыру келісімшарты.  
 
Бір жолғы сыйақыны төлеу үшін өмірді жинақ сақтандыру немесе зейнетақы бойынша жиналған сомалар пайдаланылады.  
 
Қысқа айтсақ, сақтандыру аннуитеті – белгілі бір мерзімде немесе сақтанушы тірі болғанға дейін теңдей үлестермен төленген сақтандыру сомасы. 
 
Мысалы, егер адам зейнетке шыққан сәтте зейнетақы жинақтау қорында белгілі бір қаражат жинаған болса, онда ол зейнетақыны инфляция есебімен, жинаған қаражаты көлемінде алады. Оның өмірінің жинаған қаражаттан ұзақ (артық) болу «тәуекелі» бар. Алайда ол зейнетке шығарда жинаған қаржатын зейнетақы қорынан алып, оны өмірді сақтандыру компаниясына ауыстыра алады және оған аннуитет сатып ала алады, осыдан кейін ол қалған өмірінің соңына дейін, тіпті зейнетақы шотында қаражат бітетін мерзімнен әрі қарай өмір сүргеннің өзінде зейнетақы, басқаша айтсақ, рентаны алып отырады.  
 
Осыған қоса, аннуитет – ұзақ мерзімді өнім, әдетте 20 жыл және одан астам, сіздің төлеген қаражатыныз, инвестицияланады, сондықтан, сіздің салған сомаңыздың бөлігінен басқа, сіз шоттағы ақшаңыз әкелетін инвестициялық табысты алып отырасыз.  
 
Аннуитеттер бойынша сақтандыру сыйақысын анықтау үшін жалпы халық бойынша емес, денсаулық көрсеткіштері жоғары және өлім – жітім коэффициенті төмен халық үшін арналған өлім – жітім кестесі пайдаланылады.     

Сақтандыру аннуитеті -  сақтанушы бірмезгілде немесе мерзімін ұзартып өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандыру компаниясына белгілі ақша сомасын салатындығын білдіретін сақтандыру ренталары мен зейнетақылардың барлық түрлері туралы ұғымды қорытындылайды, соңынан бірқатар жылдар бойы немесе өмір бойы тұрақты кіріс алады. Былайша айтқанда бір жолғы сыйлықақыға төлем жасау үшін бір жолғы сыйлықақыға төлем жасау үшін өмірді жинақтап сақтандыру, өмірдің ақырғы кезеңіне дейін немесе жинақталған зейнетақы қаражатынан алынған жинақтау сомалары пайдаланылады. Былайша айтқанда сақтандыру аннуитеті – белгілі бір кезең ішінде тең үлеспен немесе сақтандырылушы өмір сүріп отырған кезең ішінде  төленген сақтандыру сомасы. Егер өмірді сақтандыру шарты егер сақтандырылушы өте ерте қайтыс болған жағдайда адамды қорғайтын болса (яғни оның мұрагерлерін) онда аннуитет адамды қорғайды, ал  сақтандырылушы өте ұзақ өмір сүрген жағдайда сақтандыру компаниясы адамнан аннуитетті сатып алғандықтан адамның барлық өмірін сақтау жөнінде өзіне міндеттеме алғандықтан оны қорғайды. Мысалы, егер адам зейнеткерлікке шығар сәтте жинақтаушы зейнетақы қорында белгілі қаражатты жинақтаған жағдайда ол құнсыздануды ескере отырып, осы қаражат көлемінде зейнетақы алады. Бірақ онда өз жинақтаған қаражаты «оның  өмірінің аяғына дейін жетпейтіндігі» тәуекелі бар. Сондықтан ол зейнетке шығу сәтінде өзінің зейнетақы үшін жинақтаған қаражатын өмірді сақтандыру компаниясына аударып, оған  аннуитет сатып алуына болады, осыдан кейін ол зейнетақы немесе былайша айтқанда барлық қалған өмірі үшін тіпті зейнетақы шотындағы қаражат таусылып, ол зейнетақы мерзімінен артық өмір сүрген жағдайда да рента алатын болады. Сонымен қатар, аннуитет – 20 жыл және одан артық ұзақ мерзімге арналған өнім,  сіздің тікелей енгізген сомаңыздың бөлігінен басқа, сіз шоттағы өз ақшаңыз жасаған кіріс арқылы инвестициялық тұрақты түрде пайда алып отырасыз.         

Информация о работе Курс лекций по страхованию