Курс лекций по страхованию

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2012 в 14:26, курс лекций

Описание работы

Курс содержит 14 лекций по страхованию на казахском языке.
1 тақырып. Кіріспе...
Тақырып 14. Кәсіпкерлерлік тәуекелді сақтандыру .

Работа содержит 1 файл

лек страхование Жагипарова.docx

— 69.68 Кб (Скачать)

Тақырып 3. Сақтандырудың  сыныпталуы

     Қазақстан Республикасында  негізгі екі  рынок жүйесі анықталған: өмір сақтандыру және қоғам сақтандыруы сонымен  қатар сақтандырудың тағы да мынадай  түрлері бар:

1.Салалық  құрылымы бойынша 

- өмірдің  сақтандыру рыногы(бұған барлық  ұзақ уақыттылық сақтандыру түрлері  жатады:зейнетақы,денсаулық,неке, және  т.б)

- мүліктік  сақтандыру рыногы 

- жауапкершілік  сақтандыру

- кездейсоқ  оқиғаларды сақтандыру рыногы 

2.Масштабтық  тұрғыдан 

- ұлттық

- аймақтық

- халықаралық

3.Құрылымдық  құқықтық сақтандыру  түрі бойынша

- мемлекеттік  сақтандыру

- оукциондық  қоғамда жүргізілетін сақтандыру

- екі  жақты сақтандыру,онда сақтандыру  қорлары

4.Іске  асу құрылымы бойынша

- міндетті  түрде 

- ерікті  түрде 

5.Обьектісі  бойынша

- жеке  тұлғалық

- мүліктік

   Өмірлік сақтандыру бөлігі келесі ерікті сақтандыру құрылымдардан тұрады

  • өмірлік сақтандыру
  • аннулитеттік сақтандыру

      Қоғамдық  сақтандыру бөлігі келесі ерікті сақтандыру құрылымдардан тұрады:

  • Кездейсоқ оқиғалар және аурудан сақтандыру
  • Медициналық сақтандыру
  • Көлікті сақтандыру
  • Темір –жол көлік сақтандыру
  • Әуе көлік сақтандыру
  • Су көлік сақтандыру
  • Жүк көлік сақтандыру
  • Мүліктік сақтандыру
  • Кәсіпкерлік тәуекел сақтандыру
 

    Міндетті  сақтандыру түрлері:

    - автомобиль  көлігіне жауапкершілігі бар  азаматтық – құқықтық  жауапкершілікті  сақтандыру

    - темір –жол көлігіне жауапкершілігі  бар азаматтық – құқықтық жауапкершілікті  сақтандыру

  • Әуе көлік  жауапкершілігі бар азаматтық – құқықтық жауапкершілікті сақтандыру
  • Су көлік  жауапкершілігі бар азаматтық – құқықтық жауапкершілікті сақтандыру
  • Жүк көлік  жауапкершілігі бар азаматтық – құқықтық жауапкершілікті сақтандыру
  • келісім бойынша азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандыру
  • Айыпқұл бойынша азаматтық құқықтық жауапкершілігі

   Міндетті  сақтандырудың әрбір түрі жеке сақтандыру болып есептелінеді.Әрбір түрдің мазмұны сақтандырудың қосымша  бөлігі ретінде заңнамалық акт ретінде  бекітіледі

   Міндетті  әлеуметтік сақтандыру: оны жүргізу  тәртіптері. Кез келген адамның өмірінде түрлі қайшылықтар болуы мүмкін олар адамның өміріне,еңбек қабілеттілігіне,еңбек  ақысының азаюына, сонымен қатар  кәсіпкерлік пайдасының төмендеуінде түрлі-түрлі кемшіліктер пайдаланылуы мүмкін. Кейбір кездерде адамдардың өздері осы кемшіліктерді жоя алады.Бұл  іс әрекеттер әлеуметтік экономикалық  жағдайдан қоғамдық өмірден және кәсіпкерлік істерден байқалады.

   Мемлекетпен жүзеге асатын азаматтарды әлеуметтік қорғаудың бір түрі сияқты 2005-жылдың 1-қаңтарынан «міндетті әлеуметтік сақтандыру» заңына байланысты ҚР-да міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілген.

   Міндетті  әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары физикалық тұлғалар болып табылады,олар әлеуметтік шығынды төлеу әлеуметтік шығындарды төлеуші, әлеуметтік төлемдерді алушы, әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік  қоры, зейнетақы төлейтін орталық, ҚР-ның  үкіметі,ҚР-ның Ұлттық банкі.

   «Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры»  атты акционерлік қоғам – түрінің  коммерциялық емес ұйым, бір ғана бақылаушысы  мен қатысушысы болып мемлекет саналады.Қор  міндетті  әлеуметтік сақтандыру жүйесінің  қатысушыларына әлеуметтік төлемдер төлейді, әлеуметтік тәуелділік жағдайында, жанұя  асыраушысын жоғалтқанда қатысушы жанұясына міндетті әлеуметтік сақтандыру қолданылады.Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы еңбекке жарамсыздығында  жұмыстан және асыраушысынан айырылғанда  немесе жанұясының мүшесі қайтыс болғанда қордың атынан әлеуметтік құқық алуға  төлем алады.

   ҚР-ның  іскерлік қорының негізгі мақсаты  – мемлекетте  әлеуметтік сақтандыру жүйесін құру.Әлеуметтік шығарылым  мынадай түрде қорға мынадай  түрде енгізілуі тиіс.

  • 2005 жылдың 1-қаңтарынан – 1,5% әлеуметтік шығарылым обьектілерінен;
  • 2006 жылдың 1-қаңтарынан – 2 % әлеуметтік шығарылым обьектілерінен;
  • 2007 жылдың 1-қаңтарынан – 2 % әлеуметтік шығарылым обьектілерінен;

   Кәсіпкерлі  жүйесінде қызмет ететін іскерлер үшін ҚР-ның заңнамалық салығының әлеуметік  шығарылымы өз пайдасына жүргізіледі.

    - 2005 жылдың 1-қаңтарынан республикалық  бюджеттің заңына сәйкес және  де осы жылға бекітілген минималды  еңбек ақысында 1,5%

    - 2006 жылдың 1-қаңтарынан 2 %

    - 2007 жылдың 1-қаңтарынан 3 %

   Жұмыс берушінің обьективтік бөлудің  социалдық шығыны ретінде шығындар қарастырылады.Ол жұмысшыларға еңбекақы ретінде төленеді,яғни жұмысының  еңбек ақысы  жекеше еңбек ететін тұлғалар үшін әлеуметтік шығынның обьектісі  ретінде оның алатын пайдасы есептеледі.

   Әлеуметтік  сақтандыру қорғанысының тәуекеліне бас  ұратын қатысушылар үшін қатысушылардың пайдасы ретінде экономикалық процесстің материалдық қамтамасыз етілуі жатады.Егер де пайданаың белгілі бір бөлігі кемітілсе, қор міндетті түрде ақшалай  жәрдем көрсетеді

   Бұған еңбекке қабілеттілігінің төмендеуі  және жұмыстың жоғалуы жатады.Егер де адамның өмірінде әлеуметтік қайшылықтар  іске асырылса, қор міндетті.

Тақырып 4. Тәуекел ұғымы  және оның экономикалық       зардаптары .

   Сақтандыру  тәуекелі – сақтандыру жүргізуге  негіз болған белділі- бір ықтималды  оқиға.

   Нақты сақтандыру жағдайы, яғни сақтандыруды жүргізуге мәжбүрлеген нақты  бір қауіп (өрт шығу тәуекелі, сел  басу тәуекелі  және т.с.с).

   Тәуекел көздері:

  • Табиғаттың апатты күщтері;
  • Сыртқы қолайсыз факторлар;
  • Адамның әрекеті немесе әрекетсіздігі.
 

    Тәуекелді жіктеу.

     1.Шығу  тегі бойынша тәуекелдер  былай жіктеледі:

- табиғи  тәуекелдер (табиғи апаттар);

- техногенді  тәуекелдер (авариялар, техникалық  құралдар, басқару және бақылау  құралдарының істен шығуы);

- антропогенді  тәуекелдер(жұмысшының немесе үшінші  тұлғаның қателіктері немесе  қасақана әрекеттері);

- саяси  тәуекелдер (әскени әрекеттер, мемлекетті  билік және басқару органдарының  шешімдері).

     2. Құқықтық мазмұны  бойынша:

- заңды  түрде немесе басқа да объективті  себептерге байланысты сақтандырылуы  мүмкін емес тәуекелдер (жүктің  табиғи қасиеттері – құрғап  кету сияқты немсе қасақана  іс-әрекет):

- әдетте  сақтандырылмайтын, алайда қажет  кезде тиісті тәуеклі үшін  қосымша  сақтандыру сыйақысын  төлеу арқылы сақтандырылуы мүмкін  тәуекелдер (әскери әрекет, қоғамдық  тәртіпсіздік);

- стандартты  шарттар бойынша  сақтандырылатын  тәуекелдер (өрт, табиғи апат, авария  және т.б.).

     3. Экономикалық мазмұны  бойынша 

- сақтандырушылық  орнын толтырудың нақты түрлеріне  жататын тәуекелдер (мүліктік мүдде,  азаматтық – құқықтық жауапкершілік,  өмір және денсаулық т.б.);

- қызметтің  нақты түрлеріне жататын тәуекелдер (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, көліктік  т.б.).

     Сақтандыру  тәуекелін, сақтандыру жағдайын және сақтандыру оқиғасын ажырата білу керек. Сақтандыру тәуекелі – сақтандыру объектісіне  потенциалды (болжамды) зиян келтіру  ықтималдылығы болып келеді.

     Сақтандыру  оқиғасы – жүзеге асқан, яғни нақты  орын алған сақтандыру тәуекелі болып  табылады.

     Сақтандыру  жағдайы – орын алған сақтандыру оқиғасының нақты салдары  болып  табылады.

Тәуекелді бағалау:

     Жеке  сақтандыруда тәуекелді  бағалау – адамның жасы, денсаулығы, бойы, салмағы, тұқым қуалаушылығы, кәсіптің қауіптілігі т.б.

Мүлікті  сақтандыруда тәуекелді  бағалау – өндірісті ұйымдастыру деңгейі, мүліктің сақталуын қаматамасыз ету, сақтандыру статистикасы.

Тақырып 5.  Сақтандыру  мәселелерінің  заңнамалық  регламенттелуі

       Сақтандыру құқығы – сақтанушылардың,  сақтандырушылардың, және сақтандыру  нарығының басқа да қатысушыларының  әрекет етуінің мемлекет орнатқан  ережелерінің (нормаларының)  жиынтығы  болып табылады.

     Сақтандыру  құқығы сақтандыру қызметі туралы заңдарда және нормативтік актілерде блгіленген.

     Сақтандырудағы  құқықтық қатынастар – сақтандыру нарығының қатысушыларының  заңды  құқықтары мен мндеттері сақтандыру құқығының нормаларымен реттелетін  қоғамдық қатынастар ьолып табылады.

     Кеңес дәуірінде қазақстандық сақтандыру заңнамасы Қазақ КСР –нің Азаматтық  кодексінің бірнеше баптарымен ғана шектелген. Бұл кездері КОКП ОК және КСРО министрлер кеңесінің  қаулылары  ғана заң күшіне ие болатын. Нормативтік  – құқықтық актілер ретінде КСРО Қаржы министрлігінің нұсқаулары қолданылатын.

     1992 жылдың шілдесі «ҚР сақтандыру  туралы» Заң;

     1994 жылдың сәуірі, ҚР Президентінің  «Сақтандыру нарығын қалыптастыру  және дамыту бойынша ұйымдастырушылық  – құқықтық шаралар туралы»  Қаулысы.

     1995 жылдың қазан айы, ҚР Президентінің  «Сақтандыру туралы» заң күші  бар Қаулысы.

     ҚР  қолданыстағы сақтандыру заңнамалық актілері

    -  1999 жыл 1 шілдесінен ҚР Азаматтық  кодексі

    -  2000ж. 18 желтоқсанын «Сақтандыру қызметі  жөніндегі» заң

    -  2003ж. 25 сәуір «Міндетті әлеуметтік  сақтандыру туралы» заң

    - 2003ж. 3 маусым «сақтандыру төлемдеріне  кепілдік беру қоры туралы»  заң

    - 2003ж  11 маусым «Жеке нотариустардың  азаматтық – құқықтық жауапкершіліктерін  міндетті сақтандыру туралы»  заңы

    - 2003ж  1 шілде  «Көлік иелерінің жауапкершіліктерін  міндетті сақтандыру туралы »  заң.

    - 2003ж  31 желтоқсан  «Туроператорлар  және турагенттердің  жауапкершіліктерін  міндеттерін  міндетті сақтандыру  туралы» заң

    -  2004ж  10 наурыз «Ауыл шаруашылығы  ісін міндетті сақтандыру» туралы  заң

    -  2004 ж 7 шілде «Қызметтері өзге  тұлғалар өміріне  қауіа төндіретін  объектілер иелерінің жауапкершіліктерін  міндетті сақтандыру туралы»  заң

Информация о работе Курс лекций по страхованию