Курс лекций по страхованию

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Января 2012 в 14:26, курс лекций

Описание работы

Курс содержит 14 лекций по страхованию на казахском языке.
1 тақырып. Кіріспе...
Тақырып 14. Кәсіпкерлерлік тәуекелді сақтандыру .

Работа содержит 1 файл

лек страхование Жагипарова.docx

— 69.68 Кб (Скачать)

     Лицензия  негізіндн тек қайта сақтандыру қызметімен  ғана айналысатын ұйым «жалпы сақтандыру» және «өмірді  сақтандыру» салалары бойынша қайта  сақтандыру қызметін жүзеге асыруға  құқы бар.

     8 тақырып. Актуарлық  қызмет.

     Актуарий  латын сөзінен аударғанда – есепші, жазушы дегенді білдіреді. Актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі және қаржылық  тұрақтылығының қажетті  деңгейін қамтамасыз ету мақсатымен сақтандырудың және қайта сақтандырудың  келісім – шарттары бойынша  міндеттемелердің мөлшерін  экономикалық – математикалық  есептеулермен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға. 

     Актуарийдің негізгі міндеті компанияның  өзіне алған міндеттемесін  орындауды  жеткілікті түрде  қамтамасыз ете  алатын төлем қабілеттілігі  деңгейін бір қалыпта ұстауға арналған ұсыныстар дайындау болып табылады.

     Актуарий  болып қызмет атқаруға ҚР Ұлттық банкі  берген лицензиясы бар жеке тұлға  құқылы. Актуарийдің қызметі  сақтандыруды қамтамасыз ету процесінің барлық қатысушыларының  мониторингісі мен сақтанушының алдындағы  міндеттерге байланысты резервтердің жеткіліктігі үшін сақтандыру ұйымдарын үнемі тексеріп отыруды  қарастырады.

     Актуарлық есептеулер – бұл тарифтік мөлшерлерді, сақтандыру резервтердің мөлшерін, сондай – ақ жарналардың резервтерін, ұзақ мерзімді сақтандыру бойынша  сақтандыру сыйақыларын есептеудің экономикалық – математикалық  әдістерінің  жиынтығы болып табылады.

     Актуарлық калькуляция – бұл актуарлық  қорытынды есеп, әдетте кесте түрінде  берілген актуарий жұмысының нәтижесі болып табылады.

         Актуарлық есептеулер барысында келесі жағдайлар  ескеріледі:

  • бағалауға алынатын оқиғалардың ықтималды сипаты.
  • сақтандырушының көрсететін  қызметтердің өзіндік құны барлық сақтандыру түрлері  бойынша жалпылай анықталады.
  • сақтандырушының сақтандыру резевртерінің оңтайлы мөлшерін анықтау қажеттілігі.
  • Сақтандырушының  қаржылық жағдайы мен оның ұсынған сақтандыру мүмкіндіктерінің арасындағы тепе – теңдік принципін қадағалау және т.б. 
 

    Актуарлық есептеулердің жіктелуі.

  1. Сақтандыру салалары және түрлері бойынша
  • жеке сақтандыру бойынша есептеулер;
  • мүліктік  сақтандыру бойынша есептеулер;
  • азаматтық – құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша есептеулер;
  • кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру бойынша есептеулер
 
  1. Уақыт белгісіне  қарай:
  • есептік есептеулер;
  • жоспарлық (болжамдық) есептеулер.
  1. Иерархиялық белгілері бойынша:
  • республика бойынша есептеулер;
  • аймақтық есептеулер;
  • нақты бір сақтандыру ұйымы деңгейінде есептеу.

      Сақтандыру  тарифінің мәні. Сақтандыру тарифі (тарифтік мөлшерлеме, сақтандыру сыйақысының  мөлшерлемесі) – сақтандыру тәуекелінің  «прейскуранттық бағасы» болып  табылады. Сақтандыру тарифі арқылы сақтандыру сыйақысы есептеледі. Сақтандыру тарифі сақтандыру сомасынан 100 бірлігінен тіркеулі ақшалай төлем түрінде немесе сақтандыру сомасынан пайыз түрінде  анықталады.

      Тәжірибе  жүзінде көп жағдайда  екінші көрсеткіш кеңінен қолданылады. Сақтандыру тарифтері сақтандырушының  сақтандыру төлемдеріне жұмсаған, істі жүргізуге жұмсаған шығындарын өтей алатындай және табыстардың шығындардан  біршама жоғары болуын  қамтамасыз ететіндей деңгейде құрылуы тиіс. Сақтандыру тарифінің құрылымы. Сақтандыру сыйақысын есептеу үшін қолданылатын  толық сақтандыру тарифі – брутто-мөлшерлеме  деп  аталады. Брутто – мөлшерлеме нетто – мөлшерлемеден және салмақтан  тұрады.

      Нетто – мөлшерлеме сақтандыру төлемдеріне  арналған сақтандыру резервтерін  қалыптастыру үшін сақтандыру сыйақысының бір  бөлігін анықтайды.

      Салмақ  – бұл сақтандырушының сақтандыру процесін, сақтандыру ісін ұйымдастыруға, ескерту шараларын, жарнамалар жүргізуге  жұмсалған шығындарын және сақтандырушының  табысын қалыптастыратын басқа  да шығындарын жабуға арналған брутто – мөлшерлеменің бір ьөлігі болып  табылады.

  Тақырып 9. ҚР-дағы  сақтандыру төлемдеріне  кепілдік беру  қоры

     Қор коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңның және құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады. Қордың ұйымдық-құқықтық нысаны акционерлік қоғам болып табылады. . Қордың құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметін мемлекеттік реттеу мен бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады

     Сақтандыру  төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

   Қордың кепілдіктері - қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемінен заңсыз бас тартқанда (толық немесе ішінара) не толық көлемде оны жүзеге асырмағанда, оның ішінде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияны кері қайтарып алғанға және соттың оны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі күшіне енгенге дейінгі кезеңде міндетті сақтандыру шарттары бойынша барлық басталған сақтандыру жағдайлары бойынша Қор кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды

   Қордың негізгі міндеттері:

   1) қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

   2) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңда көзделген жағдайларда көлік оқиғасы нәтижесінде өзге тұлға өміріне, денсаулығына зиян келтірген тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.

     Қор негізгі міндеттерді орындау үшін мынадай функцияларды:

   1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңға сәйкес кепілдік және өтемақы төлемдерін жүзеге асыруды;

   2) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті және төтенше жарналарын тартуды;

   3) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қосымша жарналарын тартуды;

   4) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңға сәйкес жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруды;

   5) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен инвестициялық қызметті жүзеге асырады.

   Өз функцияларының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қор өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпарат, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпарат алуға құқылы.

   4. Қор қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялағаны үшін жауапты болады. 

   Қазақстан Республикасының заң актілерінде  көзделген жағдайларда, соған сәйкес сақтандырудың міндетті түрлері  бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін Қорға қатысуы қажет болғанда, өтініш беруші Қормен қатысу шартын жасасуға тиіс.

   Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңында қолданылатын түсініктер:

   1) агент банк - банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін банк немесе ұйым;

   1-1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдері - осы Заңда көзделген жағдайларда өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушіге төленетін ақша сомасы;

   2) кепілдік төлемі - "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарты бойынша басталған сақтандыру жағдайлары бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттармен сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) төлейтін ақша сомасы;

   3) міндетті сақтандыру шарты - Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрін реттейтін заң актісі негізінде сақтанушының сақтандыру ұйымымен жасасқан шарты;

   4) қатысу шарты - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мен сақтандыру ұйымының арасында осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттармен жасалған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шарты;

   4-1) қосымша жарна - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңда көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төлейтін, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі түріндегі ақша сомасы;

   5) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісімен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға ниет білдірген, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға не сақтандыру ұйымы;

   6) кредитор - мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде кепілдік төлемін алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы);

   7) өтемақы төлемдері - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының кредиторымен жасалған міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақылары төлеміне орай қатысушы-сақтандыру ұйымына төленетін ақша сомасы;

   8) міндетті жарналар - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушы-сақтандыру ұйымы төлейтін, Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актісінде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті сақтандыру түрлері бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақылары бөлігі түріндегі ақша сомасы;

   9) міндетті сақтандыру - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына сақтандыру ұйымының міндетті қатысуын көздейтін, Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген міндетті сақтандыру түрі;

   9-1) жәбірленуші - өзге тұлғаның көлік құралын пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген тұлға;

   10) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы - сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын, өзіне қатысты мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген сақтандыру ұйымы;

   10-1) зиянды өтеу резерві - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры бастапқы біржолғы жарналар мен қосымша жарналар есебінен қалыптастыратын, тек қана Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңда көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу үшін пайдаланылатын ақша сомасы;

   11) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві - міндетті жарналар, сондай-ақ Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен ол мәжбүрлеп таратылған сақтандыру ұйымынан алған және кепілдік, өтемақы төлемдерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайын, келтірілген зиян мөлшерін анықтауға байланысты шығыстар мен кепілдік және өтемақы төлемдерін және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңда көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруға байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша есебінен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қалыптастыратын ақша сомасы;

Информация о работе Курс лекций по страхованию