Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 12:39, курсовая работа
Бiздiң елiмiзде жаңа ғасырдан бастап компьютер технологиясына көп көңіл аударылуда. Яғни елiмiздiң барлық аумағын компьютерлендiру қолға алына бастады. Осы жұмыстардың нәтижесiнде елiмiздiң азаматтары республиканың кез-келген нүктесінде тұруына қарамай жаңадан келген жаңалықтармен таныс болып отырады. Осылардан келiп шығатыны информациялық технологияның дамыған ғасырында компьютерлік техниканы қолданбай жұмыс істейтін мемлекеттік және коммерциялық мекемелер, жоғарғы оқу орындары және т. б. көптеген салалар кемде-кем деп айтсақ та болады.
Borland Delphi құрамында дайындалған компилятор әдеттегі Р-кодқа емес, бірден машиналық кодқа компиляциялайды. Осы себептен ол қазіргі кезде дүние жүзіндегі компилятордың ең жылдамы болып саналады. Оның компиляциялау жылдамдығы Паскальда компиляциялаудан 10-еседен де артық, бір минутта шамамен 120 мың жолдан асады.
Borland Delphi негізінен екі түрде дайындалған:
Біріншісі - күрделі қосымшаны бірлесіп дайындаушылар үшін (Delphi Client - Server);
Екіншісі - қалған программалаушылар үшін (Delphi for Windows);
Негізінен екіншісі ыңғайланып, қысқартылып алынған түрі болып табылады. Ол тек маман программалаушылар ғана емес, барлық Delphi-мен жұмыс істеушілерге арналған.
Delphi-ді іске қосу және ортасы туралы қарастыратын болсақ: Windows терезесі арқылы Delphi-ді іске қосу командасын «Іске қосу-Программалар-Borland Delphi3-Delphi3» деп орындаймыз. Осылай Delphi іске қосылғаннан соң экранда Delphi ортасының үш терезесі көрінеді:
1. Delphi3-тің негізгі терезесі;
2. Форма (Form1);
3. Объект инспекторы терезесі (Object Inspector);
Жалпы ортада программа құруға арналған төртінші модуль терезесі де іске қосылады (Unit1.pas). Форма терезесінің астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрінбейді.
Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесi. Delphi алғаш рет iске қосылған кезде форма Form1 атауымен көрiнедi. Оның жиектерiне тышқан көрсеткiшiн орналастырып, ол екi жақты нұсқама түрiне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсiлi бойынша форманы кеңейту не қысу қиын емес. Кей жағдайларда экранда форма көрiнбеуi мүмкiн. Оны экранға шығару үшiн View Forms командасын берсе жеткiлiктi болады.
Форманы не онда орнатылған компоненттi программа құру үшiн оның кейбiр қасиеттерiнiң мәндерiн өзгертуден басталады. Қасиеттер тiзiмi Объект инспекторы (Object Inspektor) терезесiне енгiзiлген. Тiзiмдi инспектор терезесiне шығару үшiн сәйкес объектiнi (форманы немесе формада орнатылған форма компонентiн) бiр шерту арқылы таңдау керек. Инспектор терезесiнiң жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы да жазылып қойылады. Proporties - қасиеттер және Events - оқиғалар деп аталатын терезенiң екi қосымша бетi бар. Терезе ашылғанда екi бағанға енгiзiлген жазулардан тұратын оның Proporties бөлiмi ашылулы тұрады. Бiрiншi бағанда көрiнетiндер - қасиет атаулары, екiншi бағанға сәйкес жазылғандар - олардың мәндерi.
Delphi-де
Borland Delphi-де программа проект (жоба) екi бөлiмнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берiлетiн проект файлы (негiзгi модуль) және unit1.pas атауы берiлетiн модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес iс-әрекеттердi орындайтын программа мәтiнi (процедуралар) енгiзiледi. Программа мәтiнiн программалық код деп, терезенi программалық код терезесi немесе қысқаша редактор терезесi деп те атайды. Delphi iске қосылған кезде ол форма терезесiнiң астында көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару тәсiлдерiне мына төмендегiлер жатады:
- форманы жабу арқылы (жабу түймесiн шерту);
- код терезесiнiң бiр шетi форма астында көрiнiп тұрса, оны шерту арқылы. Терезе белсендiрулi түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгiсi) көрiнедi;
Delphi-дің негізгі
терезесінің құрамына негізгі мәзір, аспаптар
панелі және компоненттер палитрасы енгізілген.
Негізгі мәзір пункттеріне (ішкі мәзірлерге)
Delphi-де жұмыс істеу командалары, ал аспаптар
панеліне ішкі мәзірлерге енгізілген
негізгі командаларды орындайтын түймелер
орналастырылған.
Delphi-дiң негiзгi терезесi құрамына кiретiндер:
1. Негiзгi мәзiр.
2.
Аспаптар панелi.
Аспаптар панелi 6-ға бөлiнедi:
- Standard - Стандарттық;
- Viev – Көрсету;
- Debug - Баптау;
- Custom - Қолданушы;
- Desktop - Жұмыс столы;
3.
Компоненттер палитрасы.
-
Standard - Windows-ты басқару
- Additional - Windows компоненттерiнiң қосымша жиын бетi;
-
Win 32 - Windows 95/98 қолданушы компоненттер
интерфейсiнiң жалпы кiру
- System - Жаратылатын жобаны (қосымшаны) қосымшалауға арналған арнайы системалық компоненттер бетi;
-
DataAccess - Мәлiметтер қоры
- DataControl - Мәлiметтер қоры өрiстерiнiң арнайы элементтерiн басқару компоненттерi бетi;
- dbExpress - Мәлiметтер қоры қосымшасына кiру мүмкiндiгi және SQL серверiне кiру мүмкiндiгi;
-
BDE - BDE Мәлiметтер қоры машинасымен
Мәлiметтер қорына кiру
- ADO - ActiveX Мәлiметтер объектiлерi арқылы Мәлiметтер қоры информацияларын орындауға арналған компоненттер бетi;
-
InterBase - BDE немесе ADO ортасын қолданбай
InterBase Мәлiметтер қорын тарату
мүмкiндiгi немесе аттас берiлгендер
қорына тiкелей кiру
-
DataSnap - Көп звенолы архитектуралық
Мәлiметтер қорында қосымша
-
Internet - Интернет желiсiнде қосымша
Web-сервер құруға арналған
- Qreport - Визуалдық жобалауды жылдам есептеуге арналған немесе есеп құрастыруға арналған компоненттер бетi;
- Dialogs - Windows-тың жалпы сұхбаттық қосымшасын орындауға арналған стандарттық интерфейс немесе стандарттық терезенi құруына арналған компоненттер бетi;
-
ActiveX - ActiveX компонентi. Мұны реттеуге
контекстiк мәзiр
-
Servers - Servers бетi түрлi компьютерлерде
түрлiше болуы мүмкiн.
Егер Delphi-де бiрдi-бiр
сервер анықталмаса, онда Servers бетi аспаптар
палитрасында көрiнбейдi. Мұнда жалпы
COM серверлер VCL бөлiгi үшiн арналған
комоненттер бетi;
2
Мәліметтер қоры объектілері
және компоненттері
Көптеген жұмыс орындарында, оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде, шаруашылықтарда және тағы басқа да көптеген салаларда мәлiметтердi дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиi кездеседi.
Мысалы, Астана Моторс фирмасы жұмысында дайындалатын мәлiметтер қатарына енгiзу, өңдеу, қосу және т.б. амалдар қолданылады.
Мұндай мәлiметтердi сақтау және өңдеудiң көп тараған әдiстерiнiң бiрi - оларды Мәлiметтер қоры ретiнде дайындау.
Мәліметтер қоры дегеніміз - құрылымы арнайы тәсіл бойынша ұйымдастырылған берілген форматтағы файлдар жиынтығы болып есептеледі.
Файл негiзiнен кесте түрiнде дайындалады. Кесте дегенiмiз - мәлiметтер адресi жолдар мен бағандар қиылысы арқылы анықталады. Кейде бағанды өрiс деп, жолды жазу деп те атайды. Кестелердi дайындау, жылдам түрде олардан қажеттi жазулар тобын таңдау (қойылған шартты қанағаттандыратын сұраныс жарату), оларды сақтау, жазуларды редакциялау, жолын алып тастау, кестенi қағаз бетiне басып шығару сияқты орындалатын iс-әрекеттер күрделi жұмыстар қатарына жатады. Алғашқыда Турбо Паскальда мәлiметтер қоры кестесi мәлiметтер файлы ретiнде құрылып, онымен жұмыс iстеу үшiн программаға арнайы функциялар мен процедуралар енгiзiлетiн.
Соңғы кездерде кестелерден тұратын мәлiметтер қорын құрып, оларды өңдейтiн көптеген программалар жүйесi дайындалған. Оларды берілгендер қорын басқару жүйесi (БҚБЖ) деп атайды. БҚБЖ-лер қатарына: dBase, FoxBase, FoxPro, Paradox, Access, т.б. бар.
Мәліметтер қорымен жұмыс істей білу бүгінгі таңда компьютермен жұмыс істеудегі маңызды дағдылардың біріне айналды.
Delphi ортасында мәлiметтер қорымен жұмыс iстеу үшiн мынадай екi түрi қолданылады:
1. Құрал - саймандар жабдықтары.
Delphi жүйесiнде мәлiметтер қорымен жұмыс iстеуде келесi құрал - саймандар жабдықтарының жиынын пайдаланамыз:
- Borland Database Engine (BDE) - Delphi қосымшасындағы мәлiметтерге кiру мүмкiндiгiнiң BDE ортасы;
- BDE Administrator - BDE әр түрлi параметрлерiн жөндеу утилитасы;
- Database Desktop - Мәлiметтер қорының жұмыс столы;
-
SQL Explorer - Мәлiметтер қорының
- SQL Builder - Визуальды программаның конструкторлық SQL – сұранысы;
-
SQL Monitor - өшiрiлген Мәлiметтер
-
Data Pump - Мәлiметтер қоры мен
- IBConsole - өшiрiлген Мәлiметтер қорын программа арқылы басқару;
- Inter Base Server Manager - Inter Base серверiн қосатын программа;
- SQL Lanks - Өшiрiлген БҚБЖ - ға кiру мүмкiндiгiнiң Microsoft SQL Server немесе Oracle драйверi;
-
DBExpress - SQL Мәлiметтер қорына кiру мүмкiндiгiнiң
драйвер жиынтығы.
Ол келесi компоненттер көмегiмен орындалады - SQLConnection, SQLDataSet, SQLQuery, SQLStoredProc, SQLTable, dbExpress сияқты төмендегiдей драйверi бар:
- InterBase - DBEXPINT.DLL
- DB2 - DBEXPDB2.DLL
- Oracle - DBEXPMYS.DLL
- MySQL - DBEXPMYS.DLL
-
Inter Base Server - Inter Base серверiнiң сервер және
клиенттiк бөлiгi.
2. Компоненттер.
Мәлiметтер қорында
жұмыс iстеу барысында мына беттердегi
DataAccess, DataControls, DBExpress, BDE, ADO, Discision Cube, Qreport
және Inter Base компоненттер палитрасын қолданамыз.
Мәлiметтерге кiру мүмкiндiгiн DataAccess бетiнде орналасқан визуальды емес компоненттер арқылы орындаймыз:
- DataSourse - Мәлiметтер көзi;
- ClientDataSet - Мәлiметтердiң клиенттер жиыны;
-
DataSetProvider - Мәлiметтердiң провайдер жиыны.
Мәлiметтердi басқаруға арналған DataControls бетiндегi визуальды компоненттерiн қолданамыз:
- DBGrid - Тор немесе кесте;
- DBNavigator - Навигаторлық интерфейс;
- DBText - Жазу;
- DBEdit - Бiр қатарлы редактор;
- DBMemo - Көп қатарлы редактор;
- DBImage - Графикалық бейне;
- DBListBox - Қарапайым тiзiм;
- DBComboBox - Комбинациялық тiзiм;
- DBCheckBox - Бағынышты емес қосқыш;
- DBRadioGroup - Бағынышты топтық қосқыш;
- DBLookupListBox - Қарапайым тiзiмдi Мәлiметтер жиынының басқа
өрiсiн формалау;
-
DBLookupComboBox - Күрделi тiзiмдi Мәлiметтер
жиынының басқа өрiсiн
- DBRichEdit - Толық функциялық мәтiндiк редактор;
- DBCtrlGrid - Модификациялық тор;
-
DBChart - Диаграмма.
SQL - мен жұмыс iстеу барысында dbExpress бетiндегi компоненттердi пайдаланамыз:
-
SQLConnection - Мәлiметтер қорымен
- SQLDataSet - Мәлiметтер жиыны;
- SQLQuery - Query Мәлiметтер жиыны;
- SQLStoredProc - Сервердегi сақталынған процедураны шақыру;
- SQLTable - Table Мәлiметтер жиыны;
- SQLMonitor - SQL - сұранысын орындайтын монитор;
-
SQLClientDataSet - Мәлiметтердiң клиенттер
жиыны;
Информация о работе ОҚО бойынша телефондық анықтама жүйесін құрастыру және жобалау