Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 21:57, дипломная работа
Жалпы алғанда, «мультимедия» термині қолданушыға (біруақытта әрі тыңдаушы, әрі естуші, әрі көруші) неғұрлым тиімді әсер етуге арналған компьютерлік бағдарламалар мен техникалық жабдықтарды қолданатын ақпараттық технология спектрін білдіреді.
Жалпы жағдайда екі параметр де құрылып жатқан визуалды эффектілерге әсер етеді (бір қалыптылығына немесе, керісінше, қозғалыстың дискреттілігіне, «айналуына» және тағы басқа). Дегенмен жетекші рөл бірінші параметрде болады.
3D Studio MAX үш өлшемді жанбітірімдер құру бағдарламасы. Аталмыш бағдарлама үш өлшемді жанбітірім саласында ең танымал пакеттердің бірі болып табылады. Бағдарлама объектілерді модельдеу, жанбітірімдер мен көріністер қалыптастыру және бейнекөріммен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Бағдарлама интерфейсі барлық модульдер үшін бірдей және жоғары интекрактивтілікке ие. Бағдарлама жанбітірімді басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктерін іске асырады, әрбір объектінің өмір сүру тарихын сақтайды, әр түрлі жарықтық әсерлерді құрайды және ашық архитектуралы бағдарлама болып табылады.
Аудио және бейне файлдарды өңдеуге көптеген бағдарламадар қолданылады. Олар бір-бірімен өзара ішкі ерекшелікетерімен ерекшеленеді. Олардың бірінде бейне эффектілер жақсы болса, екіншінсінде дыбыстық эффектілер, үшіншілерінде бейнелар арасындағы ауысу эффектісі жақсы және т.б .
Бір секундтағы кадрлар саны (жиілігі)-бұл экранда объектілер қозғалыс эффектілерін құратын немесе 1 секундтық бейнематериалды көрсету кезінде бір-бірін ауыстыратын, қозғалыссыз бейне саны. Секундына кадрлар жиілігі қанша көп болса, қозғалыс соншалықты шынайы немесе әсерлі болып көрінеді. Қозғалыс бірқалыпты болып көрілетін, минимальді көрсеткіш – жобамен секундына 10 кадр. Дәстүрлі пленкалы киноматографта секундына 24 кадр жиілік пайдаланылады. PAL немесе SECAM теледидар жүйесі секундына 25 кадр, ал NTSC секундына 29,97 кадр пайдаланады. Жақсы сападағы компьютерлі бейнематериалдар әдетте секундына 30 кадр жиілік пайдаланылады. Адам миымен қабылданатын, жоғарғы көрсетілім жиілігі орта есеппен 39-42 Герц құрайды .
Кадр ені мен биіктігінің сәйкестігі (ағылшын. аspect ratio) - кез-келген бейне материалдағы маңызды параметр. 1910 жылдан бастап кинофильмдер экранның жақтарының 4:3 сәйкестігі болған (ені 4, биіктігі 3; кейде 1,33:1 немесе жай ғана 1,33 болып жазылады). Көрерменге осындай формалы экранда фильм көру ыңғайлы деп есептелген. Теле көрсетілім пайда болған кезде ол осы сәйкестікті қабылдады және барлық ұқсас тележүйелер (теледидарда да) 3:4 экран жақтарының сәйкестігіне ие болды. Компьютерлік мониторлар теледидардың стандартты жақтарына ие болған. Дегенмен, 1950 жылдары оның 4:3 туралы көрінісі өзгерді. Мәселе, адамның көру өрісі 4:3 сәйкестікте емес. Себебі, адамда бір көлденең сызықта орналасқан 2 көз сәйкесінше адамның көру өрісі 2:1 сәйкестікке жақын келеді. Адамның табиғи көру өрісіне кадр формасын сәйкестендіру үшін 16:9 стандарты енгізілген. Сандық теле көрсетілімде негізінен 16:9 сәйкесінше бағытталған. XX ғасырдың аяғында осы аймақтағы бірқатар қосымша зерттеулерден кейін кадр жақтарының сәйкестігінің едєуір тиімділері пайда бола бастады: 1.85, 2.20 және 2.35-ке дейін. Бұның бәрі көрермендерді көрсетіліп жатқан бейне материалға терең еліктіруге бағытталғаны сөзсіз.
Бейнесигналдың түс мөлшері түстік модельдермен суреттеледі. PAL стандарты үшін YUV түстік моделі қолданылады, SECAM үшін YDBOR молелі, NTSC үшін YIQ моделі,компьютерлік техникада негізінен RGB пайдаланылады (және QRGB). Монитор немесе проектор көрсете алатын түстер мөлшері монитор немесе проектор сапасына байланысты. Адамның көзі әр түрлі есептеулер бойынша 5-10 миллион түске дейін қабылдай алады. Бейнематериалдағы түстер саны әр пикселдің түстеріне берілген, бит санымен анықталады. (ағыл. Bits pen pixel,bpp) 1 бит 2 түсті кодтауға мүмкіндік береді (әдетте ақ немесе қара) 2 бит-4 түсті, 3 бит-8 түсті...., 8 бит-256 түсті (28-256), 16 бит-65536 түсті (216), 24 бит-16777216 түсті (224). Компьютерлік техникада стандарт немесе пиксельге 32 бит бар (еRGB), бірақ бұл қосымша а байт (8 бит) түсті жеткізу үшін емес, (а) пикселдің коэффицентін кодтау үшін пайдаланылады. Пикселді бейнеадаптермен өңдеу кезінде RGB-мәні а-байт мәніне байланысты өзгереді,сонан соң а-байт шектетіліп қалады немесе мониторға тек RGB түстік сигналы ғана өтеді.
Бейне ағымының ені немесе битрейт (ағыл.bit rate) - бұл бір секунд уақытында өңделетін бит бейне мәліметтер саны.Бейне ағым ені қаншалықты жоғары болса, соншалықты бейне сапасы жоғары. Мысалы, бейне CD форматы үшін бейнеағым ені жобамен 1 Мбит/с құрайды, ал DVD үшін 5 Мбит/с құрайды. Әрине, сапасындағы субьективті айырмашылығын бестік ретінде бағалауға болмайды, бірақ обьективті ол солай.
Бейнекодокте ағым енін басқарудың екі түрін көрсетеді-тұрақты битрейт (ағыл. Constant Bitrate CBR) немесе ауыспалы битрейт (ағыл. Variable Bitrate,VBR). VBR концепциясы қазіргі таңда өте танымал, жеткізіліп отырған бейне ағымның суммалық мөлшерін азайта отырып, бейне сапасын максимальді сақтауға бағытталған. Сонымен қатар, жылдам қозғалыс негізінде бейне ағым ені өседі, ал бояу қозғалыс кезінде ағым ені төмендейді. Бұл буферленген бейнетрансляция үшін немесе компьютерлік жүйе бойынша сақталған бейнематериалды жеткізу өте ыңғайлы. Бірақ шынайы уақыттың буферсіз жүйесі үшін немесе тікелей эфир үшін ол сәйкес келмейді- бұл жағдайда бейне ағымның тұрақты жылдамдығын пайдалану қажет.
Ауысу эффектінің біз өз бейне сабағымызға қолданайық. Мысалыға, А бейнедан В бейнесына парақтап өту ауысулары. Мұнда қолданылға парақтап өту эффектісі кадр кадырымен көрсетілген.
Сурет 5. Ulead Video Studio 10 программасының F/X бумасының ауысу эффектілері
Бейнеэффектілер. Монтаждау кезінде бейнены жандыру үшін оған әр түрлі эффектілер қолданылады. Эффектілер бейненың ойдағыдай жақсы шығуына тигізетін әсері зор. Бейнеэффектілерді орынды әр дұрыс қолдану маңызды. Эффектілердің түрлері өте көп: жарықтандыру, қараңғылау, найзағай түсіру, жаңбыр жаудыру, судың астындағыдай ету, күн сәулесін түсіру, жұлдыздар жасау, үлкейту, кішірейту, жақындату, алыстату және тағы басқа. Бейнеэффектілердің бірқатар түрлері төмендегі суретте бейнеленген (сурет 6).
Сурет 6. Ulead Video Studio 10 программасының бейнеэффектілері
Жұмыс жасау барысында монтажды үстелдің жалпы көрінісі келесідей болады (сурет 7).
Сурет 7. Таймлайн панелі -монтаждау үстелі
Титрлер (мәтін жазу). Монтаждау барысында титрлерді (мәтінді) қолдану қажеттілігі міндетті түрде туындайды, жоқ дегенде тақырыбы демонстрацияланатын кезде. Жазудың көптеген түрлері программа өзінде алдын – ала дайындалып, сақталған (сурет 8)
Сурет 8. Мәтін үлгілері
Программа титрлер деген бөлімді таңдаған соң, жазу орналасатын экранның қажет жеріне тышқанмен екі рет шертіп жазылады. Сонан соң оның шрифт типін, түсін және тағы басқа да параметрлерін орнатса болады
Жазуларға да әр
түрлі анимациялар орнатса
Сурет 9. Мәтінге қолданылатын анимация түрлері.
Дыбыс GoldWave Pigital Audio Edotor программасы. GoldWave программасы барлық музыкалық форматтағы файлдарды өңдеуге арналған. Дыбыстың қатты, бәсен шығуы, даусын дұрыстау, жиілігін анықтау, оларды кесу, басқасын жалғау, және т.б. көптеген операцияларды орындайды. Осылайша өңделген музыкалық файлды жоғарыда аталған бейне өңдеуші программаларға импорттау арқылы шақырып қолдануға болады (сурет 10).
Сурет 10. GoldWave программасының негізгі жұмыс істеу терезесі.
Веб технологиялардың даму деңгейіне сәйкес, веб-қолданушылардың да веб-қосымшаларға деген талабы күшейіп келе жатыр. Ең алғашқы веб шолушылар құжаттар арасындағы қарапайым сілтемелер құру қызметін ғана атқарды. Бұл шолушылар машиналық қарым-қатынас хаттамаларымен біріккеннен кейін Ғаламтор пайда болды да, әлемнің түкпір-түкпіріндегі серверлердегі сақтаулы құжаттар өзара қол жетімділікке ие болды.
Уақыт өте келе ғаламтор қолданушылардың шеңбері кеңейе түсті. Қазіргі таңда кез келген адам ғаламтор қызметін еркін пайдалана алады. Ғаламтор қазіргі таңда коммерциялық қосымшалармен жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Ғаламторды қолданушылар weб-қосымшалар интерфейсінің неғұрлым қанықтылығын (сан түрлі медиақұжаттардың кіріктірілуі), сонымен қатар барынша қарапайым басқарылғандығын талап етеді.
Ғаламтор қорына қол жеткізіу мүмкіндігін беретін күрделі жабдықтарды қолдана отырып, олардың пайдалануын әрі сәнді, әрі мультимедиялы және әрі қарапайым басқарылатындай етіп жасау қосымшаларды құру технологияларының кеңейтілген түрінің пайда болуына әкеліп соқты. Мұндай технологиялардың бірі қолданушыларға қолданушының локальді есептегіш қорларын пайдалануға мүмкіндік беретін «қосылмалы» құралдарды құру тәсілі болып табылады.
ActiveX басқару
элменттері, Java-апплеттер және Flash-қосымшалардың
барлығы қосылмалы модульдер
технологиясының мысалы болып
табылады. Мұндай технологиялардың
жаңа пайда болған
Silverlight – бұл XAML (XML Application Markup Language) мәліметтердің визуальді түрін қалыптастыратын және бағдарламалық интерфейс ұсынатын веб-шолушыларға арналған қосылмалы модуль[4]. Silverlight әр түрлі платформалар мен веб шолушыларда қолданыла алады және мультимедияларды ойнатудың күрделі сценарийлерін құру мен заманауи технологияларды пайдалана отырып қанықты интерактивті мультимедиялық интернет қосымшаларды құруға мүмкіндік береді.
Silverlight қосымшасының шолушыдағы іс-әрекетін бағдарламалаудың негізгі механизмі құжаттардың объектілігік моделінің (Document Object Model (DOM) JavaScript. Бұл қосымшадағы қолданушы іс-әрекеттерін (маустың қозғалуы немесе белгілі бір элементтің шертілгені) анықтап, соларға байланысты кодтарды шақырады) қолданбалы бағдарламалық интерфейсі (application programming interface) болып табылады. JavaScript DOM әдістері арқылы XAML элементтерін басқаруға болады, мысалы, мультимедияның немесе жанбітірімнің ойналуын басқару.
Сурет 11. Siverlight архитектурасы.
Шолушыда орындалатын қосымшаның негізінде HTML жатыр. HTML код Silverlight қосылмалы модулінің экземплярларын шақыру әдістері қамтылады. Қолданушы Silverlight қосымшасымен әрекеттескенде JavaScript немесе .NET Framework функциялары арқылы өңделе алатын оқиғалар пайда болады. Өз кезегінде бағдарлама коды Silverlight қосымшасындағы элементтерге қатысты анықталған басқару, өшіру немесе өзгерту секілді амалдарды орындайды. Қосылмалы модуль XAML бейнелерді жаңадан құрастырады немесе оқи алады. XAML бетке кірістірілген, сыртқы статикалық құжат ретінде сақталған немесе серверден келіп түсетін динамикалық XAML ретінде берілуі мүмкін.
Сурет 12. Silverlight қолданылатын қосымша архитектурасы
Silverlight және XAML. XAML – бұл XML негізінде құрылған қосымшаның визуальді элементтеріңн белгілеу тілі. Визуальді элементтерге UI, графикалық элементтер, мультимедия, басқару элементтері және т.б. жатады. XAML алғаш рет Windows Presentation Foundation (WPF) үшін Microsoft тарапынан ұсынылды. WPF клиенттік компьютерде жқмыс істеуге негізделген технология және .NET Framework 3.0 мен кейінгі нұсқаларының бөлігі болып табылады[4].
Silverlight үшін қолданылатын XAML WPF-тегі XAML-ден өзгеше. Аталмыш жағдайда XAML Веб-қосымшаның кемшіліктері мен мүмкіндіктеріне бола икемделген.
XAML XML элементтерінің көмегімен UI-ді анықтау үшін XML-ді пайдаланады. Барлық XAML құжаттардың түбірі Canvas секілді элемент-контейнер болып табылады. Canvas түбірлік элементінде Silverlight үшін қажет XML атаулар кеңістігінің жариялымдары орналасады. Silverlight-тегі XAML құжаттың мысалы:
<Canvas xmlns=»http://schemas.
xmlns:x=»http://schemas.
Width=”640” Height=”480” Background=”Black” >
<Rectangle Fill=”#FFFFFFFF” Stroke=”#FF000000”
Width=”136” Height=”80”
Canvas.Left=”120” Canvas.Top=”240”/>
<Canvas>
<Rectangle Fill=”#FFFFFFFF” Stroke=”#FF000000”
Width=”104” Height=”96”
Canvas.Left=”400” Canvas.Top=”320”/>
<Canvas Width=”320” Height=”104”
Canvas.Left=”96” Canvas.Top=”64”>
<Rectangle Fill=”#FFFFFFFF” Stroke=”#FF000000”
Width=”120” Height=”96”/>
<Rectangle Fill=”#FFFFFFFF” Stroke=”#FF000000”
Width=”168” Height=”96”
Canvas.Left=”152” Canvas.Top=”8”/>
</Canvas>
</Canvas>
</Canvas>
Бұл жерден Canvas түбірлік элементінің Rectangle және басқа бір Canvas екі ұрпақтық элементтері бар екенін көруге болады. Екінші Canvas элементінің де екі Rectangle және Canvas ұрпақтық элементтері бар. Мүндай иерархиялық құрылым басқару элементтерін логикалық түрде топтастыруға және олар үшін жалпы орналастыру және іс-қимыл қасиеттерін орнатуға мүмкіндік береді.
XAML арқылы көптеген
фигураларды сызуға болады