Мультимедиялы электронды оқулық

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 21:57, дипломная работа

Описание работы

Жалпы алғанда, «мультимедия» термині қолданушыға (біруақытта әрі тыңдаушы, әрі естуші, әрі көруші) неғұрлым тиімді әсер етуге арналған компьютерлік бағдарламалар мен техникалық жабдықтарды қолданатын ақпараттық технология спектрін білдіреді.

Работа содержит 1 файл

Мультимедия диплом.doc

— 1.94 Мб (Скачать)

КІРІСПЕ

 

 

«Мультимедия» термині ең алғаш 1965 жылы пайда болды және жетпісінші жылдардың аяғына дейін сол замандағы слайдтар, кино, видео, аудио бөлшектерді,  жарықтық эффектілер мен музыкаларды пайдаланатын  театрландырылған ерекше шоуларды сипаттау үшін кеңінен пайдаланылды. Жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың басына қарай мультимедияны дыбыстық және музыкалық сүйемелдеумен қатар жүре отырып, бірнеше проекторлардан түсірілетін статикалық немесе динамикалық бейнелерге негізделген түсінік ретінде қабылдады[17].

Осыған орай, «мультимедия» құрылғылары ақпаратты визуальді, вербальді және аудиальді секілді әр түрлі формада ұсына отырып, адамның бірден бірнеше сезім мүшелеріне әсер ете білді. Ақпаратты мұндай түрде ұсыну адамдардың сезіміне айтарлықтай әсер ете білгендіктен, жоғарыда аталған тетатрландырылған қойылымдарға ерекше танымалдық әкелді. Адам психикасының сезім ортасына әсер ету мүмкіндігі, оқу барысында білімді неғұрлым тиімді қабылдау үшін негізгі фактор болып табылады. Кейінгі онжылдықтар барысында «мультимедия» термині өз бойына әр түрлі ұғымдарды қамтып үлгерді.

Соңғы уақытта  «мультимедия» ұғымы тіптен көп мағынаға ие бола бастады. Күнделікті өмірде жиі қолданылатын кабельдік телеарналарды заманауи мультимедиялық технологияларға жатқызуға болады. Ал «мультимедиялық желелілер» термині үлкен корпорлацияларда қолданылатын бейнкөрім деректер қорының, жарнамалық тақталар мен экрандардың жұмысын қаматамасыз ететін құны миллиондаған долларды құрайтын басқару жүйелерін сиппаттауда қолданылады. Видео өңдеуші компьютерлік бағдарламаларды да мультимедиялық технология ретінде қарастыруға болады. Мультимедия әлі де даму үстінде және жаңа техологиялардың пайда болуы мен қолданылуы мультимедия ұғымын одан әрі кеңіте түсуде.

Мультимедия дегеніміз:

-  әр түрлі типтегі ақпараттарды өңдеу және ұсыну технологиясы негізінде құрылған ақпараттық ресурс;

- әр түрлі типтегі ақпараттарды ұсынуға және өңдеуге негізделген компьютерлік бағдарлама;

-  әр түрлі типтегі ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін аппраттық жасақтама;

-  дәстүрлі статикалық визуальді (мәтін, графика) және әр түрлі типтегі динамикалық (сөз, музыка, видео үзінділер, жанбітірімдер және т.б.) ақпараттардан тұратын байытылған ерекше ақпарат түрі.

Жалпы алғанда, «мультимедия» термині қолданушыға (біруақытта әрі тыңдаушы, әрі естуші, әрі көруші) неғұрлым тиімді әсер етуге арналған компьютерлік бағдарламалар мен техникалық жабдықтарды қолданатын ақпараттық технология спектрін білдіреді.

Мультимедия жүйелерінің  пайда болуы қоғамның көптеген саласында жаңа мүмкіндіктер әкелді. Әсіресе білім саласында мультимедияның қолданылуы кеңінен етек алды. Себебі мультимедияға негізделген ақпараттандыру құрылғылары білім беру барысын айтарлықтай тиімді етуге қабілетті. Тәжірибе жүзінде, білім алушы материалды ауызша мазмұндау барысында минутына ақпараттың мың бірлігін қабылдап қорытатыны, ал оған көру мүмшелерін қосса жүз мыңға дейін ақпарат бірлігін қабылдау мүмкіндігі бар екені дәлелденген. Кейінгі жылдары жоғарғы оқу орындарының аудиторияларында бор мен тақта өз орнын компьютер тінтуірі мен медия - проекторға бере бастады. Оқу орындарында «компьютер – бейнекамера – бейнемагнитофон – телевизорлар» кешенімен қамтамасыз етілген дәрістік аудиториялар құрылды.

Сонымен, ойын-сауық, білім беру, жарнама және ақпарат  тарату секілді салаларда мультимедиялық объектілер ең негізгі нысандар болып табылатыны белгілі боды. Олай болса, аталмыш салалардың кез келгені неғұрлым мультимедиялық объектілерге бай, әрі қабылдауға жеңіл тиетін сапалы мазмұнды ақпараттарды қажет етеді. Мультимедиялық объектілерді біріктіру технологияларын қарастыруға негізделген зерттеу жұмысының маңыздылығы осында.

Ал зерттеу  жұмысының басты мақсаты: мультимедиялық объектілерді біріктіру технологияларын зерттеу, мультимедиялық объектілерді ұтымды пайдалана білу жолдарын қарастыру.

Басты мақсатымыз бен жұмыс маңыздылығын ескере отырып, қарастырылатын негізгі мәселелер:

  • мультимедиялық объектілер мен технологияларға толық сипаттама беру;
  • мультимедиялық объектілерді біріктіру технологияларына қажет аппараттық және бағдарламалық жасақтамаларға тоқталу;
  • мультимедиялық объектілерді біріктіру технологияларын қолдана отырып мультимедиялық электронды оқулық құрастыру.

Зерттеу кезінде  материал ретінде мультимедия, мультимедиялық объектілер, мультимедиялық технологиялар жайлы ақпараттар мен дерек көздері пайдаланылды. Ал жұмыстың негізгі объектісі мультимедиялық объектілер болып табылады.

 

1 МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

 

 

    1. Мультимедиялық компьютер

 

 

Мультимедиялық құрылғылар түсінігіне формальді түрде қарайтын болса, онда оған оқыту және т.б. қызметтер барысында әр түрлі ақпараттарды ұсына алатын кез келген құрылғыларды жатқызуға болады. Мұндай жағдайда мултимедиялық құрылғылар қатарына қазіргі таңда ескіре бастаған аналогтық құрылғыларды да жатқызуға болады.

Дегенмен мультимедиялық құрылғыларға әдетте компьютер мен оның сыртқы құрылғыларын жатқызады. Компьютер ақпаратты өңдеудің әмбебап құралы болып табылады. Олай дейтініміз, компьютер бір өзі әр түрлі типтегі ақпаратты (мультимедия ақпарат) өңдеуге және осыларға қатысты біршама амалдарды орындауға қабілетті. Осының арқасында компьютер мен оның сыртқы құрылғылары техникалық мультимедиялық құрылғылардың барлық қызметін атқара алады.

«Мультимедиялық компьютер» дегеніміз  мультимедиялық қосымшалардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана алуға мүмкіндік беретін компьютер[10]. Мұндай компьютерлер монитор экранында графикалық, анимациялық және видео ақпараттарды көрсету, жоғары сапалы дыбыстар мен музыканы ойнату секілді көптеген амаларды орындай алуы керек.

Көп жағдайда «мультимедиялық компьютердің» негізгі құрауыштарына төмендегілер жатады:

  • қоректендіру көзі орнатылған корпус;
  • жүйелік (аналық) тақташа;
  • орталық процессор;
  • бейнеадаптер;
  • монитор;
  • қатты дискілі жинақтағыштар;
  • пернетақта;
  • тінтуір;
  • DVD жене CD-ROM;
  • дыбыстық карта;
  • модем;
  • телеарналық тюнер.

Кез келген компьютер  арнайы бағдарламалық жасақтамасыз жұмыс істей алма ды. Бағдарламалық жасақтамаларды қолданбалы (мультимедиядық энциклопедиялар, компьютерлік ойындар, дыбыстық және бейне ойнатқыштар және т.б.) және арнайы бағытталған (профессинальді графикалық өңдегіштер, 3D-графикаларды өңдегіштер, дыбыстық редакторлер және т.б.) деп шартты түрде екіге бөлуге болады.

Мультимедииялық компьютердің неізгі бағдарламалық жасақтамалары:

  • амалдық жүйе;
  • қолданбалы мультимедиялық қосымшалар.

Қазіргі таңда  мультимедиялық қосымшалар бағдарламалық  жасақтама нарығының қарқынды дамушы секторларының біріне айналды. Заманауи компьютерлердің көпшілігінде өте  күшті дыбыстық карталар мен графиктік  адаптерлер онатылған. Мультимедияны  қолдайтын осындай барлық құрылғыларды қолдану үшін компьютерге құрылғылармен жұмысты ұйымдастыратын амалдық жүйе орнатылуы тиіс. Мұндай амалдық жүйелерге мысал ретінде Microsoft Windows XP, Linux секілді амалдық жүйелерді келтіруге болады.

Қолданбалы  бағдарламаларға мультимедиялық компьютердің қарапайым қолданушысы тікелей жұмыс істейтін қосымшаларды жатқызамыз. Ең бірінші кезекте мұндай қосымшалардың бірі компьютерлік ойындар болып табылады. Сонымен қатар бейне және дыбыстық ойнатқыштар, презентация құрушы және көрсетуші бағдарламалар да қолданбалы бағдарламалар қатарына кіреді.

 

 

    1. Мультимедияның аппараттық құрылғылары

 

 

Мультимедиялық  жүйені құру үшін дыбыстық және бейне сигналдарды сандық эквивалентке ауыстыру үшін аналогты-cандық, сандық-аналогты түрлендіргіштер секілді қосымша аппараттық жабдықтар қажет. Дыбысқа байланысты аппаратураның барлығы дыбыстық картаға ал бейнекөрімге қатысты құрылғылар бейне картаға біріктірілген. Мультимедияның аппараттық құрылғылары:

  • дыбыс жазу құрылғылары;
  • дыбыс ойнату құрылғылары:
  • манипуляторлар;
  • «виртуальды шынайылық» құрылғылары;
  • жіберу құрылғылары;
  • жазу құрылғылары;
  • кескіндерді өңдеу құрылғылары.

Дыбыстық карталар. Кез келген мультимедиялық компьютердің құрауыштарының құрамына дыбыстық адаптер кіреді. Дыбыстық адаптер компьютерге дыбыс ойнату мүмкіндігімен қатар, дыбыс жазу мүмкіндігін де береді. Компьютердің дискілік тасымалдағыштары аналогты дыбыстық сигналдарды жазуға жарамайды.

Дыбыстық адаптердің дыбыстық сигнал деңгейін анықтап, оны сандық кодқа айналдыратын аналогты-сандық түрлендіргіші бар. Алынған сандық код жадылық тасымалдағышқа жазылып отырады.

Шынайы дыбыстық сигналдың сандық түрі компьютер  жадысында файл түрінде (мысалы, WAV-файлдар) сақталады. Дискіден оқылған сандық сигнал сандық-аналогты түрлендіргіш арқылы ойнату үшін акустикалық колонкаларға жіберіледі. Дыбыстық адаптердің негізгі параметрлері дыбыстық сигналдарды кванттау жиілігі мен кванттау дәрежесі болып табылады.

Дыбысты ойнатудың  тағы бір түрі оның синтезіне байланысты. Синтезаторға келіп түскен ақпарат  сәйкес шығыс сигналына түрлендіріледі. Заманауи адаптерлер дыбыстық файлдарды екі әдіспен синтездейді. Олар: FM жиілік модулациясы және толқындық синтез. Екінші тәсіл неғүрлым шынайы дыбысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бейнекарталар. Қазіргі компьютерлерде бейне сигналдармен жұмыс істеу үшін көптеген құрылғылар пайдаланалады. Бұл құрылғыларды келесі түрде жіктеуге болады: бейне тізбекті қабылдау және шығару құрылғылары MPEG ойнатқыштар, фреймграбберлер (Framegrabber), TV-тюнерлер, VGA TV сигналды түрлендіргіштер.

 MPEG – ойнатқыштар. Мұндай ойнатқыштардың қызметіне ықшам дискілерге жазылған фильмдерді көрсету кіреді. Бұл құрылғылар графиктік және аналогты-сандық құрылғылар мен бейне сигналдарды өңдеуші микросхемаларды біріктіреді. Фреймграбберлер жеке суреттердің жеке кадрларын алмасу буферіне сақтай отырып, бейне сигналдады дискретизациялай алады. Сонымен қатар олар бейне сигналдарды компьютер мониторы арқылы жеке терезеге шығара алады. Буфердегі мәліметтер шамамен 40 мс кадрларды ауыстыру жиілігімен жаңарып отырады.

TV тюнерлер. Сырт келбетіне қарағанда бұл құрылғыларды картаға немесе қорапшаға ұқсатуға болады. Бұлар кабельдік телеарна, бейнемагнитафон, камкодер немесе антенна арқылы келіп түсетін аналогты бейне сигналды түрлердіруге арналған. TV-тюнерлер MPEG-ойнатқыштар немесе фреймграбберлер секілді құрылғылардың құрамына кіруі мүмкін.

Кейбіреуінің  құрамына дыбысты түрлендіруге арналған микросхемалар кіріктірілуі мүмкін.

VGA-TV түрлендіргіштер. Бұл түрлендіргіштердің негізгі қолданылу мақсаты VGA кескіннің сандық түрін теледидар қабылдағыштары қабылдай алатындай аналогты сигналдарды тарату.

Мұндай түрлендіргіштерді  қолданудың мысалына титрлерді құру барысында бейнесигналдарды қабаттастыруды келтіруге болады.

 

 

    1. Мультимедиялық объектілер

 

 

 Мультимедия қолданушыға әртүрлі ақпараттармен (графика, мәтін, дыбыс, бейнекөрім)  сұхбаттық режимде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін біртекті ақпараттық орта түріндегі аппараттық және бағдарламалық құрылғылар кешені[17].  Мысалы, бір контейнер-объектінің ішінде мәтіндік, аудиальді, графиктік, бейнекөрімдік ақпараттар және жоғарыда аталғандармен интерактивті қарым-қатынас ұйымдастыру әдісі бірге қамтылу мүмкін (1-сурет).

Мәтін

Аудио

Кескін

Анимация

Бейнекөрім

Интерактивтілік




 

 

   

 

 

 

 

 

 

Сурет 1. Негізгі мультимедиялық объектілер

 

 Кескіндер.Кесіндерге векторлык графикалар мен расторлық кескіндер жатады. Расторлық кескіндер сканерлер, грабберлер секілді әр түрлі сандық форматқа ауыстырушылардың көмегімен алынады. 256 түсті режимде максимальді үлкендігі 640*480. Мұндай сурет жадыдан шамамен 300 Кбайт орын алады. Адам өзіне келіп түсетін ақпараттың 95% визуальді түрде кескін ретінде қабылдайды.

Информация о работе Мультимедиялы электронды оқулық