Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 21:57, дипломная работа
Жалпы алғанда, «мультимедия» термині қолданушыға (біруақытта әрі тыңдаушы, әрі естуші, әрі көруші) неғұрлым тиімді әсер етуге арналған компьютерлік бағдарламалар мен техникалық жабдықтарды қолданатын ақпараттық технология спектрін білдіреді.
Бейнекөрім. Бейне (лат. Video –“көремін”) – бұл термин жазу, өңдеу, жеткізу, сақтау және қайта жаңарту технологиясының кең спектрін түсіндіреді.
Бейнежазбаны сақтауда әдетте Audio and Video Interleaved (AVI) деп аталатын медиа контейнер қолданылады. Аталмыш контейнерді алғаш рет қолданған Microsoft болғандықтан, Windows амалдық жүйесінің кез келген нұсқасында осы контейнерде жазылған бейнекөрімдерді ойната беруге болады. Егер бейнекөрім басқа контейнерлерде жазылса, онда оны орнатқаннан кейін қажетті жазбаны қандай да бір Direct Show –ойнатқыштарымен (прогрыватель) ойнатуға мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама – Splitter қажет. Бейнекөрімнің сапасын анықтау үшін бірнеше сипаттамаларға назар аудару қажет.
Бейнекөрім сапасына қойылатын негізгі талаптар [6]:
Дербес компьютердің қолданылу саласы кеңіген сайын, үй бейне студиосын құру идеялары көптеп туындауда. Дегенмен, бейне сигналмен жұмыс істеу барысында өте үлкен ақпараттарды өңдеп, сақтауға тура келеді. Мысалы, кеңейтілуі SIF (VHS пен қатар алғанда) бір минуттық бейне сигнал 442 Мб орын алады ((228*358) пиксель*24бит/c=442 Мб). Ал заманауи компьютерлерде қолданылатын ықшам диск (CD-ROM, шамамен 650 Мб) немесе қатты диск секілді тасымалдағыштарға жоғарыдағы форматта жазылған бейнекөрімді сақтау қиынға соғады. Мұндай қиындықтан MPEG технологиясын қолдану арқылы құтылуға болады. MPEG кескіндерді болымсыз деградациялау арқылы бейне ақпараттың көлемін сығымдайды.
Жанбітірім. Алдын-ала дайындалған графикалық суреттерді тізбектей көрсету, сонымен қатар суреттерді қайтадан салу немесе қозғау, формаларын өзгерту секілді қозғалыс түрлерін компьютер арқылы ұйымдастыру. Жасалу жолдарына қарай жанбітірімдерді төмендегідей жіктеуге болады[8]:
Компьютерлік жанбітірім жекеленгенген графиктік файлдардың жиынтығынан тұратын универсал графиктік форматта (мысалы, GIF) сақталады.
Дыбыс. Қазіргі таңда толқынды дыбыстық мәліметтерді (WAVE) өңдеуге, сандық түрде жазуға және олармен толыққанды жұмыс істеуге болады. Соңғы уақыттарда MP3 форматы ерекше танымалдыққа ие болды. Ол адамның есту қабылетінің ерекшеліктеріне негізделген.
Дыбыс дегеніміз не? Дыбысты физикалық тұрғыдан алып қарастырсақ, жалпы мағынада дыбыс деп қоршаған ортада бір нүктеден екінші нүктеге берілетін (ауада) бөлшектердің тарауын айтамыз. Мысалға, музыкалық құралдың дыбысы, аксустикалық жүйенің мембраналық динамикасы және т.б. белгілі бір жиілік пен амплитудада тез тербеліс жасап өтеді. Жиілік деп 1 секунд ішінде толқын тербелісінің қайталану циклдар санын айтамыз, ал амплитуда деп ─ қалыпты жағдайдан максималды ауытқуын айтамыз (2-сурет).
Сурет 2. Дыбыс толқындарының таралуы
Дыбысталу нәтижесінде ауада дыбыстық акустикалық емес толқын таралады, кезегінде ол есту мүшесіне жетеді. Дыбыс интенсивтілігі техникада дицебел (dB) арқылы өлшенеді. Дыбыс жиілігі бірлік секундтар не герц Гц (Hz) арқылы өлшенеді. Дыбыс толқынының интенсивтілік динамикасы мен жиілігі дыбыстың негізгі сипаты болып табылады (3-сурет).
Сурет 3. Дыбыс толқынынның интенсивтілік динамикасы
Дыбысты компьютерде жазу үшін, ең алдымен оның уақыттқа тәуелді интенсивтілігін график түрінде елестеткен дұрыс (4-сурет).
Сурет 4. Дыбыстың дискреттеумен байланысты интенсивтілігінің цифрлық көрінісі
Мәтін. Компьютер тілінде мәтін дегеніміз символдар тізбегі. Мұндағы тізбек деп отырғанымыз қандай да бір a1, a2,.., an элементтерден тұратын, ұзындығы N-ге тең сызықтық тізім. Тізбек элементі символ болып табылады. Символдардың қарапайым тізбегі тек қана мәтіннің құрылымын ғана анықтайды. Ал оның бейнеленуін сол мәтінді өңдейтін бағдарлама анықтайды. Мысалы, Windows амалдық жүйесінің құрамына кіретін Блокнот бағдарламасы мәтінмен жұмыс істейтін ең қарапайым редакторлардың бірі болып табылады. Бұл редактордың жұмыс істеу жүйесі басқа да мәтіндік редакторлармен үйлес. Қолданушының негізгі мақсаты символдық тізбекті енгізу, ал оның монитор бетінде бейнеленуі және компьютерде сақталынуы секілді амалдар бағдарламаның мойнында.
Мультимедиялық технология информатиканың ең танымал, әрі ең болашағы зор салаларының бірі болып табылады.
Технологияның басты ерекшеліктері мен артықшылықтары ақпаратты ұсынудағы келесі мультимедиялық мүмкіндіктерге байланысты:
Мультимедиялық құралдарды пайдалану барысында иллюстрацияның рөлі айтарлықтай арта түседі. Иллюстрация көп мағыналы термин болып табылады. Бұл терминнің екі түсініктемесін келтіруге болады.
Иллюстрация дегеніміз:
Мультимедиялық құралдарда иллюстрациялар мысалдар, екі өлшемді және үш өлшемді графиктік кескіндер, дыбыстық және бейне бөліткер, жанбітірімдер түрінде болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта көптеген мектеп пәндері мен ғылыми бағыттар бойынша мультимедиялық энциклопедиялар құрылып жатыр. Оқу процесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін ойын жайдайындағы тренажерлер мен оқыту жүйелері ойлап табылды.
Мультимедия технологиясы ақпараттың көптген түрлерін мағыналы және үйлесімді түрде біріктіре алады. Бұл компьютер көмегі арқылы ақпаратты:
Мультимедия, гипермәтін және гипермедиа ұғымдары өзара тығыз байланыста.
WWW (бүкіләлемдік компьютерлік жері, құжаттар мен мультимедия ресурстардың жиынтығы) желісінің кеңінен таралуы нәтижесінде гипермәтіндік технологияны компьютерде жұмыс істеген адамдардың бәрі біледі немесе оның кейбір салаларымен болмағанда бірнеше рет жұмыс істеп көрген[17].
Гипермәтінге 1987 жылы Нельсон: «сұраныс бойынша іске асатын немесе тармақталатын жазу түрі»,- деп классикалық анықтама берді. Басқаша айтқанда, бұл мәтіннен үлкен сызықты емес жазу түрі (hypertext).
Қарапайым түрде айтатын болсақ, гипермәтіннің анықтамасы мынадай: бұл мәтіндік ақпараттың оқырмандардың еркін ауысуына мүмкіндік беретін желі түріндегі көрінісі.
Гипермәтін ұғымының қалыптасу тарихы ерекше. Оған көптеген адамдар өз үлестерін қосты. Компьютерлік гипермәтіннің арғы тегі қолжазба гипермәтін болып табылады. Оның танымал түрлерінің бірі дәстүрлі карточкаларды қолдануға негізделген нұсқа. Мұндай карточкаларды нөмірлеп, өзара сілтемелер арқылы байланыстыруға болады. Оларды көбінесе бөлім-бөлімдерге жіктеп отырды. Мұндай тәсіл оларға иерархиялық құрылымды береді. Мұндай карточкаларды қолдану жазуларды кішігірім бөліктерге бөле отырып пайдалануға мүмкіндік береді. Қолданушы жаңа ақпараттың тіркелуіне сай жаңа карточканы оңай құра алады. Бірақ мұндай картотеканың көлемі өскен сайын, онымен жұмыс істеу барынша қиындай түседі.
Қолжазба гипермәтіннің енді бір түрі – сөздік немесе энциклопедия секілді анықтамалық кітаптар. Мұндай кітаптарда берілетін мақалалар мен анықтамаларда бір-біріне нақты сілтемелер көрсетіліп отырады. Осы сілтемелер бойынша оқырман неғұрлым мол мағлұмат ала алады.
Жоғарыда келтірілген барлық мысалдар гипермәтіннің алғаш пайда болған уақыттарына қатысты. Ал қазіргі таңда гипермәтін термині байланыстар бойынша орын ауысуды компьютер арқылы іске асырған жағдайда ғана қолданады. Гипермәтінге алғаш сипаттама берген адамдар оны компьютер мен адам арасында тығыз қарым-қатынас орнату жолы деп түсіндіреді. Мұндай көзқарас әлі күнге дейін сақталған.
Гипермәтін деп Ғаламторды, мультиедиа-энциклопедияны, анықтамалықты, мазмұны және пәндік сілтемелері бар кітаптарды, сонымен қатар басқа бөліктерге сілтемелер көрсетілген көз келген мәтіндерді атайды.
Дәстүрлі мәтіндерді оқу қиын және оларда ақпаратқа қол жеткізудің оңай, әрі тиімді әдістері қарастырылмаған:
Гипермәтін авторға сілтеме қалдыруға (баяланыс орнату), ал оқырманға қандай сілтемелік байланыс арқылы және қалай жүру керек екендігін таңдау мүмкіндігін береді. Осы себепті гипермәтін жазушыға да, әрі оқырманға да қойылатын шектеулерді алып тастайды.
Гипермәтін өте үлкен көлемдегі және күрделу мультимедиялы ақпараттар көздеріне қол жеткізудің жаңа мүмкіндіктерін ұсынуда. Гипермәтін принциптеріне негізделген әр түрлі типтегі ақпараттарды үсынушы технология ретінде гипермедия түсінігі пайда болды. Бір гипермедиа ақпарат көзінде гиперсілтемелер арқылы жүру мүмкіндігі мен әр түрлі типетгі ақпараттарды пайдалану мүмкіндігі өзара үйлесім тапқан.
Көптеген қолданушылар үшін негізгі мультимедия көзі бүкіл әлемдік Интернет желісі болып табылады. Бұл желі қарапайым мәтіннен бастап, күрделі бейнекескіндерге дейінгі әр түрлі типтегі ақпараттарды қамтитын білім және басқа да салалардағы ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігін береді. Қазіргі уақытта мультимедия және гипермедиа технологиялар телекоммуникациялық технологиялардың ажырамас бөлігіне айналды. Ал бүкіләлемдік желі мультимедия ақпараттың өте үлкен, әрі жүйелі құрылымдалған қоймасына айналуда.
Желілік технологиялардың ең танымал, әрі қарқынды дамып келе жатқан қызметтерінің бірі – WWW-технология. Бұл технология кең тармақталған гипермедиа-қорлар жүйесін тартымды түрде ұсынады және өзара тоғыспалы сілтемелерді ұйымдастыру мүмкіндігі болып табылады. WWW құжаттарды қараудың арнайы бағдарламаларын (Web-шолушы) қолдана отырып, қолданушылар бір құжатттағы сілтемеден екінші бір құжатқа ауыса отырып, бүкіләлемдік желі кеңістігінде еркін саяхаттай алады.
Компьютерлік желілердегі ең танымал және сәйкес қызмет түріне қарай адамдарға өзара оперативті байланыс орнатуды қамтамасыз ететін ақпараттық хаттарды жіберу және өңдеу технологиясы болып табылады.
Электронды пошта (E-mail) дегеніміз – компьютер желісіне қосылған адамдардың өзара хабарлама жіберу және сақтау жүйесі. Электронды пошта құралдары арқылы кез келген типтегі мультимедия ақпаратты (мәтіндік құжаттар, кескіндер, сандық мәліметтер, дыбыстық жазбалар және т.б.) таратуға болады.
Мұндай сервистік қызмет келесі мүмкіндіктерді береді:
Телекоммуникациялық
желілердің тағы бір танымал түрі
ортақ мүдделі адамдардың өзара
мультимедия ақпараттармен
Телеконференция желідегі арнайы компьютерлерде адамның мүддесіне қарай хабарламалар жариялауына мүмкіндік береді. Мұндай хабарламаларды копьютерге қосылып, талқылау тақырыбын таңдау арқылы оқуға болады. Әр адам қаласа мақала авторына жауап жіберуіне немесе өзі де мақала жазуына болады. Аудио және бейне конференцияларды ұйымдастыру үшін компьютерге қосылған микрофон, сандық бейнекамера және т.б. мультимедиялық жабдықтар қажет.
Компьютерлік желілердің техникалық жағынан дамуы мәліметтерді жіберу жылдамдығын арттыра түсуде. Бұл қолданушыларға тек қана хабарламалармен шектелмей үлкен көлемдегі мультимедиялық ақпараттармен бөлісуіне мүмкіндік береді. Желі арқылы әңгімелесулерді ұйымдастыруға арналған мультимедиялық құралдардың айқын мысалына Internet Explorer жинағының құрамына кіретін NetMeeting бағдарламасн келтіруге болады.