Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 21:57, дипломная работа
Жалпы алғанда, «мультимедия» термині қолданушыға (біруақытта әрі тыңдаушы, әрі естуші, әрі көруші) неғұрлым тиімді әсер етуге арналған компьютерлік бағдарламалар мен техникалық жабдықтарды қолданатын ақпараттық технология спектрін білдіреді.
Мультимедиялық объектілерді құратын көптеген бағдарламалық құралдар бар. Оларды төмендегідей топтауға болады:
Кескіндерді құру және өңдеу құралдары. Компьютерде өңдеу амалдарын жүргізу үшін, кескіндер сандық түрде көрсетілуі керек, яғни кодталған болуы тиісті. Суретті кодтау үшін оны пиксел (Pixel) деп аталатын кішкентай біртекті бөліктерге бөледі. Суреттегі барлық түстер нөмірленеді және әрбір бөлік үшін оның нөмірі көрсетіледі. Осындай тәсілмен кодталған суреттер растрлық кескіндер (растр, bitmap – карта бит) деп аталады. Ақ-кара суретте әрбір пикселді көрсету үшін 1-бит жеткілікті. Түсті суреттерде кескіндеу үшін түстер саны 2N –дәрежесі болады, мұндағы N – пикселдің (нүктенің) түсі туралы ақпарат сақтайтың биттер саны. 8–биттік кескінде 256 түс бар, 24 – биттік кескінде 16000000-нан астам түсті көрсетуге болады[5].
Пикселдің түсін анықтайтын ақпараттың көлемі түстің тереңдігін анықтайды. Кодталған берілгендер негізінде кескінді құру үшін пикселдің көлемін анықтау керек. Тәжірибе жүзінде пикселдің көлемі орнына басқа екі шама қолданады: кескіннің көлемі және оның шешілуі.
Шешілу (разрешение, resolution) - кескінді құрайтын пикселдердің орналасу тығыздығы, яғни, бір аудан бірлігіндегі орналасқан пикселдер саны.
Шешілуді әр түрлі құрылғыларға байланысты қарастыруға болғандықтан, шешілу өлшенеді:
- бір дюймде орналасқан нүктелер санымен – dpi (dots Per Inch);
- бір дюймде орналасқан пикселдер санымен – ppi (pixels per inch);
- бір дюймде орналасқан сызықтар санымен (линеатура) – lpi (lines per inch).
Мониторда суреттерді кескіндеу үшін 72 dpi-120 dpi аралығында, ал қағазға 300 dpi болып шығады. Өте жоғары, сапалы кескіндерді түсті принтерде шығару үшін бұдан да жоғары шешу (разрешение) қолданылады.
Компьютерлік графика негізінен векторлық және растрлық деп екіге бөлінеді.
Растрлық графикада
кескіндер түрлі-түсті
Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.
Мұндай типті кескіндер
Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты
графикалық редакторларда өңделеді.
Растрлық кескіндер векторлық
Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.
Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.
Кемшілігі: растрлық
кескін өлшемінің масштабын
Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады).
Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.
Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.
Кодтаудың векторлық тәсілінде суретті құрайтын геометриялық фигуралар: қисықтар, түзу сызықтар. Компьютер жадында математикалық фигуралар: дөңгелек, квадрат, эллипс, т.с.с. фигуралар, геометриялық абстракциялар түрінде сақталады. Мысалы, дөңгелекті кодтау үшін оны жеке пикселдерге бөлудің қажеті жоқ, тек оның радиусын, ортасының координатасын, түсін сақтауға жеткілікті. Векторлық форматтағы Кескін бір-біріне тәуелсіз өңдеуге болатын бөліктер жиынынан тұрады. Бұл бөліктер объектілер деп аталады. Бірнеше бөліктен жаңа объект құруға болады. Сондықтан объектілер түрі күрделі болуы мүмкін. Әрбір объекті үшін оның көлемі, орналасуы сандық коэффициенттер түрінде сақталады. Сондықтан кескінді масштабтау қарапайым математикалық операциялар (графикалық элементтінің параметрін масштабтау коэффициенттеріне көбейту) көмегімен жүзеге асады. Ал кескіннің сапасы өзгеріссіз қалады.
Векторлық графикамен жұмыстың кемшілігі:
Векторлық кескінді растрлық мониторда көреміз және растрлық принтерде шығарамыз. Сондықтан векторлық кескін экранға шығарылғанда растр түріне келтіріледі.
Векторлық графиканы
растрге айналдыру
Графиканың типтеріне қарай оларды өңдейтін редакторлер векторлық және графиктік болып бөлінеді.
Corel Draw графикалық редакторы. Corel Draw векторлық сурет салудың классикасына айналған бағдарлама. Пакет сурет салумен қатар, графиктерді дайындау және растрлық кескіндерді өңдеуге мүмкіндігі бар. Бұл бағдарламаның көмегімен компьютер дисплейінде слайдтар көрсетуге, қолмен сурет салуға, кескіндер қабаттарымен жұмыс істеуг, арнайы эффектілерді қолдануға және мәтіндермен жұмыс істеуге болады.
CorelDraw бағдарламасының
жұмыс терезесі басқа
Windows стандартына
сәйкес тақырып жолының
CORELDRAW – тағы
өте күрделі суреттер бірнеше
қарапайым объектілерден
CORELDRAW – та
құрылатын қарапайым
Adobe Photoshop графикалық редакторы. Adobe Photoshop - суреттерді, мәтіндерді өзгертуге, түрлендіруге, сақтауға арналған ең танымалы графикалық бағдарлама болып табылады. Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы түстер палитрасымен жұмыс істеуге, суреттерді еңгізуге және шығаруға, контурларын ерекшелеуге, түс тандауға, сурет фильтрін тандауға, өлшемі мен кеңейтілімін өзгертуге, суреттерді түстендіруге және баспадан шығаруға мүмкіндік береді.
Adobe Photoshop интерфейсі бағдарламамен өзара әрекеттесу әртүрлі деңгейдегі қолданушыларға арналып ойластырылған. Бағдарламамен жұмыс істеу: командаларды тінтуірді басу арқылы және пернетақтада белгілі бір перне комбинацияларын басу арқылы операцияларды жүзеге асыру. Операцияларды жүзеге асырудың екі түрі де бір бірінен оңайлығымен және функцияны орындау жылдамдығымен ерекшеленеді. Әдеттегідей: бағдарламамен енді жұмыс ісей бастаған адам меню арқылы жұмыс істегенді таңдайды, ал маман пернетақта арқылы.
Adobe Photoshop бағдарламасындағы кез-келген сурет растрлық болып табылады. Ол сканер арқылы еңгізілсін, басқа бір бағдарламадан еңгізілсін немесе фотошоп бағдарламасы арқылы жасалсын ол – растрлық болып табылады. Растрлық суреттер кішкене тік төртбұрышты түстер қосындысынан тұрады. Ол белгілі бір түсті немесе реңді көрсетеді. Пиксельді суретті үлкейту арқылы пиксельдерді бөлек- бөлек өзгертуге болады.
Adobe Photoshop бағдарламасында мәтін векторлық болып табылады. Photoshop бағдарламасындағы мәтiн шекарасы нақты және айқын болып табылады. Себебі оны жасауда векторлық контур қолданылады. Мәтiн сонымен бiрге кәдімгі сурет секілді растрлық болуы да мүмкін. Мәтінді тәуелсiз PostScript қолдайтын принтердегi баспаға шығарса да, немесе PDF немесе EPS тiң қалыптарында сақтаса да, ол кеңейтілімін өзгертпейді және сондай қалпында айқын көрiнедi. Adobe Photoshop бағдарламасында суреттегі мәтіндерді тiкелей өзгертуге болады. Мәтiндi өзгерту оны терген уақытында ғана емес, одан кейiн де іске асырыла алады. Ал атрибуттарды әрбiр әрiпке тағайындауға болады.
Мәтiнді редакциялауға дейiн оны ерекшелеу керек. Бiр әрiптi, сөзді немесе барлық мәтiндi редакциялау арналған габариттi шеңберді ерекшелеу сияқты болады.
2.2 Жанбітірімдерді, 3D - графикаларды құру және өңдеу құралдары
Мультимедиялық объектілердің ішінде жанбітірімдердің алатын орны ерекше. Жанбітірімдерді ойындарда, веб парақтарды, жарнамаларда және мультимедиялық оқу құралдарында қолданады. Қазіргі таңда жанбітірімдер құрастыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар көп. Олардың басым көпшілігі интернет технологияларда қолданылады. Жанбітірім құрушы бағдарламалардың көпшілігі тек қана жан бітіріп қоймайды, сонымен қатар мультимедиялық қосымшаларды құру мүмкіндігіне ие[3].
Adobe Flash бағдарламасы арқылы жанбітірмдерді құру. Объектілерді «жандандыру» үшін екі амалдың біреуін таңдай аласыз:
Автоматты жанбітірімнің қолдану ерекшелігі, оның көмегімен берілген үстелде тек бір ғана объектіні анимирлеуге болады. Бірнеше анимирленген объектілері бар сахнаны құру үшін олардың әрқайсысын жеке қабатта орналастыру керек.
Жеке кадрларды құру үшін механизмнің қандай түрі қолданылғаны маңызды емес, анимирлеудің мәні объектінің уақыт бойынша өзгеруін көрсетуде болып табылады.
Сіз бір сағат аралығында шар
үстел үстінде қозғалыссыз
Сәйкесінше, Flash – та қарапайым анимирленген жанбітірімді құру процедурасы, өзгеруді көрсететін объект бейнесін дайындау және оларды уақыт диаграммасына орналастырудан тұрады.
Кадрлық жанбітірімді құру үшін алдын-ала фильмнің әрбір кадрын дайындау (немесе ойлап табу) керек. Келесі жағдайларды ескеру керек. Бір кадрдан басқасына ауысу кезіндегі бір қалыптылық және сәйкесінше кейіпкер қозғалысының бір қалыптылығы және шынайылығы келесі кадрдың алдыңғысынан (кадрларды ауыстыру жылдамдығына байланысты емес) қаншалықты ерекшеленетініне байланысты болады. Басқаша айтқанда, «мультик» көбірек кадрлардан тұрған сайын кейіпкерлердің қозғалысы шынайы бола түседі. Сондықтан кадрлық жанбітірімді құру көп еңбек етуді қажет етеді. Оны объектілер түрін өзгерткенде немесе бір - бірімен қандай да бір күрделі әрекеттермен әрекеттескенде мақсатты түрде қолданады.
Сонымен қатар, кадрлық жанбітірім фильмнің интерактивті элементтерінің мінез-құлқын сипаттау кезінде қолданылады, мысалы, батырмалардың. Батырманың әрбір күйіне уақыт диаграммасыда белгілі кілттік кадр сәйкес келеді. Батырманың мінез-құлқын сипаттайтын «қарапайым» жанбітірімнен негізгі ерекшелігі мынада: батырманың күйі уақытқа емес қолданушы әрекетіне байланысты.
Кадрлық жанбітірімді құру кезіндегі негізгі сайман уақыт диаграммасы панелі болып табылады. Оның көмегімен жанбітірім кадрларын құру, жою және жанбітірім кадрларын орналастыру, бүкіл сахнаның және жеке кадрларды көру режимін өзгерту секілді операцияларды орындауға болады.
Уақыт диаграммасын еске түсіре отырып кадрлық жанбітірімді қолданып құрған «мультик» үстелде орналасқан әрбір бейнелермен (суреттермен) байланысты болатын кілттік кадрлар тізбегін ұсынады.
Мультикті ойнату кезінде жанбітірім эффектісі үстелдегі суреттер бірін-бірі ауыстырғанда жетеді. әрбір кадрлық мультик екі негізгі параметрлермен сипатталады: