Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2013 в 23:07, курсовая работа
Салықтар нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде құрылатын мемлекет бюджеттің кірісіне қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшерлерін заңды құқы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, төлем қабілеті бар сұраным көлемі реттеледі.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында болып жатқан және мейлінше табиғи құбылысқа сәйкес халықтың әлеуметтік және экономикалық негізде бір-бірінен мүліктік жағынан алшақтай түскен ауқатты топтарына прогркесшіл салықтар жүйесін енгізу болып табылады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен ажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырады.
Салықтар мемлекеттің
құрылуымен бірге пайда болады және
мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі
болып табылады. Мемлекет құрылымының
өзгеруі, өркендеуі қашан да болса,
оның салық жүйесінің қайта
Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралды салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған.
Мысалы: бір адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұт тұз және т.б. алынған.
Тауар-ақша тауарларының нығаюмен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылды (1953 жылға дейін жүн, жұмыртқа, сүт, май өткізілген).
Егер екі мемлекет бір-бірімен соғыс жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттің барлық байлығын тонап алады, болмаса белгілі бір мөлшерде салық салып отырған.
Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым салынады. Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.
Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осынысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады.
Салықтардың мынадай негізгі қызметтері (функциялары) бар:
- реттеушілік;
- фискалдық;
- қайта бөлу.
Фискалдық функция – барлық
мемлекеттерге тән негізгі
Салықтардың реттеушілік
функциясы мемлекеттің
Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың ставкаларының, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.
«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Экономикалық жағынан
салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың
және муниципалды құрылымдардың
қызметін қаржылай қамтамасыз етуге
байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет
пен салық төлеуші арасындағы,
әр түрлі салық төлеушілер арасындағы,
сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды
және жеке тұлғалар арасындағы күрделі
өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық
қатынастардың жиынтығын
Салық жүйесіне қажетті негізгі талаптар мыналар:
- салық құрамы дәл анықталуы қажет. Ол үшін салық заңдылығында мемлекетте алынатын салықтардың толық тізімі мазмұндалуы керек;
- салық жүйесі салық төлеушілер үшін салықтан жалтару тиімсіз болатындай етіп жасалуы тиіс;
- салық жүйесінің қарапайымдылығы. Бұл әсіресе, салықтың дұрыс төленуі үшін бақылауды жүзеге асыруда маңызды;
- салық жүйесі салық төлеушінің өз қаражатын өндіріске салуына ықпал етуі керек.
Жалпы, салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып, дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен жүзеге асуына мүмкіндік туғызады.
1991 жылға дейін, яғни
КСРО ыдырағанға дейін елде
көбінесе экономиканы
1991 жылдың 25 желтоқсанынан
бастап біздің елімізде тұңғыш
салық жүйесі қызмет ете
Дегенмен, өмірге келген әрбір
жаңа құбылыста кездесетін ерекшеліктермен
қатар кемшіліктер де бұл заңда
да орын алды, яғни ҚР алғашқы салық
жүйесінде бірқатар шешімін таппаған
мәселелер болды. Атап айтсақ, біз
салық жүйесін құрғанда елемізде
жиынтықталған ғылыми және практикалық
тәжірибе болған жоқ. Салық қызметі
де, салық төлеушілер де мұндай жаңа
бастамаға психологиялық
Салық санының көптігі, айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық түрі бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салу негіздерінің тыс қалуы және т.б. кемшіліктер салық жүйесін одан әрі реформалаудың қажеттігін көрсетті.
ҚР Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен заңнамасын бірте – бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-нде ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Ендібұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны 11 болып қалды. ҚР Президентінің 1999 жылғы шілденің 16-сындағы № 440-I заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы уақыт аралығында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2002 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің кірістерін негізінен 17 салықтар мен басқа да міндетті төлемдер құрады.
Бұл әлеуметтік салыққа, амортизация
саясатына, айналымнан алынатын салықты
жоюға, ҚҚС-ты халықаралық принциптерге
сәйкестендіруге қатысты еді. Осы
уақыт ішінде экономика, экономикалық
қатынастар құрылымы, мемлекет пен
салық төлеушілердің өзара
1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған
ҚР Президентінің «Салықтар
Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында қабылданды.
Уақыт ағымының әсеріне, заман талабына сай қабылданған Салық кодексінде келесідей мәселелерді шешуге басты назар аударылған.
Біріншіден, барлық шаруашылық
субъектілеріне салықтандырудың тең
жағдайын жасау. Екіншіден, кейбір жекелеген
категориядағы салық
Әрине, салық заңдылығында өзгерістер мен толықтырулар болашақта да жүргізіліп отырылады. Өйткені экономикалық қарым-қатынастар бір орында тұрып қалмайды, ол жаңа даму сатысына көшкен сайын салық заңдылығының да сол экономикалық саясатқа сай өзгертіліп отыруы керек. Сондықтан өзгерістің енгізілуі де заңды. Бірақ, кодекс бойынша енді жаңадан енгізілген өзгерістер жылына бір рет енгізілуі тиіс. Енгізілген өзгерістер келесі жаңа жылдың басынан бастап күшіне енеді. Бұл ереже біржағынан салық төлеушілерге жаңа енгізулерге алдын ала дайындалып, операциялар мен қаржы шешімдерін жоспарлауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан салық қызметкерлерінің жұмысын жеделдетуге және жеңілдетуге көп әсерін тигізеді.
Салықтар тауарлы өндіріспен
бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және
мемлекеттің пайда болуымен оған
әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың
қажет болуынан пайда болды. Салықтардың
экономикалық мәні – шаруашылық субъектілерінен,
азаматтардан ұлттық табыстың бір
бөлігін алу жөніндегі
Салық – заңды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асыратын бюджетке төленетін міндетті төлем. Салық – белгілі бір объектілерден төленетін төлем. Салық дегеніміз – белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.
Тікелей салық – тікелей табыс, немесе меншік иеленушілерін алынады.
Оған жататындар: корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары, әлеуметтік салық, жер салығы, мүлік салығы.
Жанама салық – тауар бағасына қосылады және тауар сатқанда тұтынушылардан өндіріп алынуы. Мәселен, қосылған құн салығы, акциз салығы. Жанама салықтар – тауарлар мен қызметінің бағасы арқылы алынады. Олар тауар бағасын арттырады. Өйткені тауар бағасына немесе қызметке, тарифке үстеме түрінде қосылады және сатып алушы төлейді.
Жанама салықтар былайша
Бұл берілген жеңілдіктерді қоспағанда, барлық тауарлардан алынады.
Бұл тауарлардың белгілі бір түрінен алынады. Бұл салықтар акциз деп
аталады. XX ғасырға дейін күнделікті сұраныс тауарларына акциз салынып келді.
Мұнда тауарлардың басым бөлігін мемлекет өндіреді. Егер мемлекеттердің өзі тауарды өндірсе және өткізсе, онда тауарды өткізуден түскен барлық түсімнен сауда шығындары шегерілген сомаға салық салынады.
Бұл – мемлекет кеден
мекемелерінің желісі арқылы мемлекеттік
шекарадан өткізер кезде
Нақты және дербес салықтар.
Тікелей салықтар нақты және дербес салықтар болып бөлінеді.