Экономикалық қызметте АЖ-ны технологиялық қамтамасыз ету

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 00:17, курсовая работа

Описание работы

Ақпараттық жүйелерді (АЖ) әзірлеген кезде жекелеген, орындалу сипаты бойынша жақын операциялар технологиялық үдерістің іріленген элементтеріне – процедураларға (кезеңдерге) біріктіріледі. Мұндай әдіс процедура құрамына кіретін барлық операцияларды орындау үшін жалпы мамандандырылған аспап құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді. Ақпараттарды жинау және тіркеу, оны беру, өңдеу, шығару, сақтау, жинақтау, қорғау, іздеу, талдау, болжау, шешімдер нұсқасын дайындау типтік технологиялық операцияларға жатады.

Содержание

I. Кіріспе
1. АТ құрамындағы операциялар мен процедуралар туралы түсінік.

II. Негізгі бөлім
2.1 АТ аспап құралдарының құрамы.
2.2 Корпорациялық АТ-инфрақұрылым. АЖ және АТ-ның даму эволюциясы. Базалық серверлік технологиялар және АЖ-ны жүзеге асырудың қазіргі кезеңдегі шешімдері.
2.3 Деректерді өңдеу режимдері және пайдаланушылар интерфейсін жүзеге асыру ерекшеліктері.
2.4 Қазіргі кезеңдегі экономика саласындағы біріктірілген АТ.
2.5 Экономика саласы үшін АТ-ны дамытудың келешекті бағыттары.

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

реферат.docx

— 69.52 Кб (Скачать)

Қазіргі таңда  өзіне ВІ-аспаптар мен ВІ-қосымшаларды қамтитын ВІ-технологияларды қолдау құралдарының кең спектрі бар. ВІ-аспаптар сұраулар мен есептердің генераторын, дамыған ВІ-аспаптар, бірінші кезекте OLAP аспаптарын; корпорациялық ВІ-жинақталымдарды (enterprise BI suites, EBIS), ВІ-тұғырнамаларды қамтиды. Корпорациялық деңгейдегі жүйелерде жекелеген ВІ-аспаптарды ВІ-жинақталымдар мен ВІ-тұғырнамалар үшін біріккен шешімдерге біріктіру үрдісі орын алады. Мысалы, сұраулар мен есептер генерациясы құралдарының дәстүрлі функциялары корпорациялық ВІ-жинақталымдарға ауысады, ал көпөлшемді OLAP-аспаптар ВІ-тұғырнаманың негізін қалыптастырады.

ВІ-аспаптар деректерді талдау және есептерді генерациялау үшін соңғы пайдаланушылардың деректерді алуын қамтамасыз етеді; деректерді орналастыру үшін деректерді сақтау орны мен жаймасөресі кең қолданылады. ВІ-тұғырнама нақты ВІ-қосымшаларды, әсіресе EIS жүйелерін жасау мен  орналастыруда негіз болып табылады.

ВІ технологияларындағы  деректерді сақтау орнының ерекше ролі пайдаланушыларға нақты пән саласындағы  терминдермен операция жасайтын ақпараттарды оперативті талдау және алу тәсілдері  мен әдістерін беру қажеттігімен анықталады. Сонымен қатар, деректерді сақтау орнын пайдалану метадеректерді орталықтандырып басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Метадеректер – нақты пән саласының терминдеріндегі деректердің анықтамаларын, деректерді өңдеу алгоритмдерін, деректер нысандарын сипаттауды, деректерді алу ерекшеліктері туралы мәліметтер мен т.б. қамтитын үлкен көлемдегі құрылымдалған деректер туралы жалпы мәліметтер. Метадеректер ДҚБЖ мен деректер алу, қайта құру және енгізудің басқа құралдарында кең қолданылады.

Oracle9i және MS SQL Server2000 деректерді сақтау орны  бойынша дәстүрлі шешімдермен  қатар, ERP сақтау орнын пайдаланудың  саны артып келеді, мысалы Enterprise Perfomance Management ВІ-қосымшалары бар PeopleSoft Enterprise Warehose, алайда олардың атқарымдылығы  ERP нақты жүйелерімен байланысты. Жалпы алғанда, біріктірілген  деректер мен күрделі талдамалы  есептер маңызды болатын жерде  ең үздік өнімділікті және  атқарымдылықты қамтамасыз ететін көпөлшемді ДҚ (ДҚМ) және OLAP-тың қолданылуы басым болып тұр.

Сұраулар  мен есептердің генераторлары есептер (реттемелі, сондай-ақ жоспарланбаған) құру үшін ДҚ-ны алуды қамтамасыз ететін және күрделі емес талдамалы (OLAP элементтерімен) зерттеулер, мысалы Crystal Reports, Cognos Impromptu жүйелерін жүргізуге мүмкіндік  беретін пайдаланушылардың столүсті аспабы болып табылады.

OLAP аспаптары бастапқы кезден деректердің көпөлшемді базаларымен жұмыс жасауға арналған талдамалы аспаптар ретінде жасалды. Қосымшалардың көпшілігінде деректер берудің көпөлшемді нысаны деректердің уақытқа, олардың көздерінің орналасқан жерлеріне, деректерді жіктеу жүйелерінің ерекшеліктеріне және деректердің сатылы бағыныстылығына байланыстығын ескеруге мүмкіндік береді. ДҚМ-дағы деректерді визуалдау үшін өлшемі деректердің әр түрлі көздерінің санымен анықталатын гиперкуб түріндегі модельдерді қолдануға болады.

Бастапқы  деректермен қатар ДҚМ-ға алдын  ала біріктірілген деректерді де орналастыруға болады. ДҚМ-ның көпөлшемді құрылымы пайдаланушыларға қажеттілігіне  қарай pivoting жолдарымен және бағандарымен алмасуды, өлшемдерінің белгілі бір  құрамдастырымдары бойынша «slice and dice» қиындыларын қалыптастыруды қамтитын OLAP құралдары арқылы қолда  бар сол немесе басқа деректерді талдауға кең мүмкіндік береді. Сонымен  қатар, пайдаланушы қабылдаған іріктеу, нақтылау операцияларын жүзеге асыру  және drill down/roll up-ты ірілендіру шешімдеріне  сәйкес деректерді таңдап пайдалану  мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. ДҚМ  Деректерге көпөлшемді талдау жасау  үшін оңтайландырылған OLAP-серверлер  ДҚМ-ны басқарудың негізі болып табылады. Hyrerion Essbase Server жүйесі типтік OLAP-сервер болып табылады.

Қазіргі кезеңдегі  реляциялық ДҚБЖ ДҚМ-ны эмуляциялау (модельдеу) есебінен көпөлшемді талдауды қолдайды. Реляциялық ДҚБЖ-ға деректерді көпөлшемді талдауға арналған функцияларды (мысалы, MS Analysis Services немесе Oracle OLAP Services) енгізу үрдісі сақталып отыр.

Корпорациялық ВІ-жинақталымдар (EBIS) өзінің құрамына бұрындары жеке-дара құралдар ретінде жеткізілген сұрау салуларды, есептерді және OLAP-ты туындататын аспаптарды біріктіреді. Ауқымдылық және тек сыртқы пайдаланушыларға ғана емес, сонымен қатар ішкі пайдаланушыларға да қызмет көрсету мүмкіндігі корпорациялық ВІ-жинақталымдарға тән ерекшеліктер болып табылады. Браузерлер арқылы сыртқы пайдаланушыларға қызмет көрсету бойынша функциялардың кеңеюіне байланысты дайындаушылардың (мысалы, Business Objects және Cognos) өздерінің ВІ-жинақталымдарын ВІ-аспапты портал, яғнм ВІ-порталдар ретінде анықтау үрдісі етек алып келеді.

ВІ-тұғырнаманың негізгі қызметі – ВІ-қосымшаларды құру және енгізу бойынша операцияларды қамтамасыз ету. Қарқынды дамып келе жатқан ВІ-қосымшаларға мыналар жатады: тәуекелдерді талдау, бюджеттендіру, тауар өткізуді талдау және болжау, үдерістердің даму үрдісін анықтау, сондай-ақ біріктірілген қосымшалар, соның ішінде кәсіпорынның тиімділігін басқару (enterprise performance management). Microsoft, SAS Institute, Oracle фирмаларының ВІ-тұғырнамасы сыныбындағы қазіргі кезеңдегі шешімдері бар.

 Корреляцияларды,  үрдістерді, типтік үлгілерді, байланыстар  мен категорияларды табу деректерді барлау (data mining) аспаптарын қолдану саласы болып табылады. Олардың көмегімен хронологиялық және субъективтік деректерді пайдалана отырып, жағдайдың даму нәтижесін болжай алатын модельдерді табу мақсатында көп рет әр түрлі операциялар жүргізіліп, өңделмеген деректер (белгілерді іріктеу, визуалдау және т.б.) қайта жасалады. OLAP-тан ерекшелігі, деректерді ең аз деңгейде пайдаланушы барлайды; ол белгісіз ерекшеліктер мен үрдістерді анықтауға көмектесетін мамандандырылған алгоритмдерге сүйенеді.

Аталып өткен  құралдардан басқа ВІ құрамына басқа  да құралдар кіреді: статистикалық  талдау пакеттері, уақытша қатарларды талдау, нейрон желілерге арналған пакеттер, нақты емес логикалық әдістер, сараптамалық жүйелер, көпөлшемді деректерді визуалдау құралдары және т.б.

Қазіргі уақытта  ВІ-құралдардың арасында ең үлкен  өсім корпорациялық ВІ-жинақталымдарына тән, ал бұл экономикадағы бәсекенің  күшейгенін көрсетеді. Сұраулар мен  есептерді генерациялау, деректерді талдау үшін құралдарды пайдалану азайып келеді; компаниялар оларды жаңартып, корпорациялық ВІ-жинақталымдармен алмастырады. OLAP-тың және басқа да дамыған ВІ-құралдардың қолданысы  күннен-күнге артып келеді. Таяу жылдарда бизнес қызмет мониторнигі (Business activity monitoring, BAM) құралдарымен толықтырылатын business intelligence (BI networks) желілері түріндегі  жаңа әзірленімдердің пайда болуы  күтіліп отыр. 

 

2.4. Экономикалық қызметтегі жаңа АТ

 

2.4.1. Интернет-технологиялар

 

Ақпараттық  желілердің ірі халықаралық ассоциациясы бола отырып, Интернет желісі қолдау көрсетуді  қамтамасыз етеді. Кең қолданыс тапқан қызметтердің арасында әр түрлі құжаттарды табыстау, бағдарламаларды, кітап мәтіндерін, иллюстрацияларды, электрондық поштаны, жаңалықтар қызметі мен тағы басқаларды тарату бар. Желі технологиялары білім  беру және ғылыми мақсаттарда, бизнесті жүзеге асыруда кең қолданылады. Интернет желісі корпорациялық VPN-желілерді  ұйымдастыру негізі болып табылады.

Интернет  желісінің дамуы мүлде жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуына  мүмкіндік туғызды. Мысалы, 1995 жылы Интернет негізінде мекен-жайы жоқ  бірінші виртуалды банк SFNB құрылды. Мұндай банкті құру кәдуілгі банк филиалдары мен өкілдіктерінің аумақтық бөлінген желілерін өрістетуге қарағанда  аз шығынды қажет етеді (аудандар мүлде қажет емес, қызметкерлер штаты  және т.б. күрт азаяды). Әр түрлі елдерде  жүрген клиенттер желілік электрондық мекен-жай арқылы тәуліктің кез келген уақытында өздерінің есепшоттарымен жұмыс жасай алады (олардың нақты жай-күйін анықтау, ақша аударудың дұрыстығын тексеру, төлем жүргізу және т.б.), бұған тек касса арқылы ақша алу немесе өткізу кірмейді.

Ресейдің  мемлекеттік басқару органдарында құжаттар қозғалысын және оларды өңдеу  үдерістерін басқару жөніндегі  міндеттер кешенін жүзеге асыратын бөлінген жалпымемлекеттік жүйені құра отырып, елдегі басқару үдерістері жиынтығының барлығын автоматтандыруды көздейтін (интернет-технологиялардың әлеуетті мүмкіндіктерін ескеретін) «Электронды  үкімет» тұжырымдамасы қалыптасты.

Интернетті  пайдаланушылардың көпшілігі үшін Интернет әр түрлі қызметтердің атқарылуын қолдайтын серверлер жиынтығы болып  табылады. Web-қызметтерді едәуір ортақ  жіктеу келесі топтарды қамтиды:

• Пайдаланушыларға ақпараттарды қол жетімді жасауға  және пайдаланушылардың жұмыс орындарынан  ақпараттардың шағын көлемін  беруге бағдарланған қызметтер (consumer oriented).

•    Бизнес-үдерістерге қолдау көрсететін қызметтер (business oriented).

• Жүйелік  функцияларды (жүйелер өнімділігін  бағалау, қауіпсіздік мониторингі  және т.б.) жүзеге асыратын қызметтер (system oriented).

•  Құрылғыларға қол жетімділікті қамтамасыз ететін қызметтер (device oriented).

Қызметтердің  соңғы екі тобы көбіне серверлердің өзіне қызмет көрсететін мамандар категориясына  бағдарланған.

Пайдаланушылардың корпорациялық желіге қол жеткізуінің  қазіргі кезеңдегі әдісі –  оның құрылымында бірыңғай ақпараттық порталдың болуы. Ақпараттық ресурстарды тиімді орталықтандырып басқаруды ұйымдастыру; қажетті ресурстарды іздеудің тиімділігін арттыру; жаңа ақпараттық қызметтерді енгізуге кететін шығындарды азайты; әр түрлі тақырыптық бағыттылықтың қосымшалармен сыйысымдылығын қамтамасыз ету; түрлі ресурстарға қол жетімділікті авторландырудың бірыңғай процедурасын жүзеге асыру порталдарды енгізу мақсаттары болып табылады.

Порталдар төрт сыныпқа бөлінеді: топтық қызметтерге  арналған порталдар, компанияның ішкі қосымшаларын алуға мүмкіндігі бар  ақпараттық Web-сайттар, қосымшалар сервері  негізінде біріккен порталдар және text mining технологиясының негізінде  ақпараттық ағындармен жұмыс жасауға  арналған Web-жүйелер. Мысалы, ақпараттық порталдар сырттан келушілерге  ұйым туралы ақпараттар беруде пайдаланылады  және маркетинг бөлімдері немесе сыртық жарнама агенттіктері қолдау көрсетіп отырады. Мұндай порталдар  соған қарап әлеуетті клиенттер  ұйымның жалпы жұмысы туралы пікірлерін білдіретін «беткеұстар» бола бастайды.

Ақпаратпен  жұмыс жасау үшін жайлы ортаны қамтамасыз ететін мультипорталдардың құрылуы ақпараттық порталдар дамуының көрсеткіші болып табылады. KM.ru мультипорталы – Интернет желісінің ресейлік сегментіндегі ақпараттық электронды басылым қарапайым мысал бола алады. Мультипортал KMmnews.ru (жаңалықтар), Vscool.ru (Кирилл және Мефодияның виртуалды мектебі), Megabook.ru (орыстілді ірі энциклопедиялық ресурс), Shopping.ru (сауда) және т.б. порталдарды қосқанда 20-дан астам тақырыптық порталдан құралады.

Топтық порталдар  құжаттармен, электронды поштамен және ДҚ-мен белсенді жұмыс жасайтын қызметкерлердің  шағын тобына арналған. Мұндай порталдар  мәні бойынша, құжаттармен жұмысты  қамтамасыз ететін негізгі нұсқаулықтар жинақталымы болып табылады және осы құжаттардың негізінде ішкі пайдаланушылар өздерінің атқарымдық міндеттерін шешеді. Әдетте, олар желілік  жиналыстарды өткізу және Web арқылы құжат  айналымдарын басқару үшін пайдаланылатын пошта қосымшаларының жаңғыртылған серверлерінің қызметін атқарады. Оған Lotus Domino мен Share Point сериясының өнімдері жатады.

Біріккен  порталдар – Web-интерфейстерді құрастыру  құрал-жабдықтарымен жабдықталған қосымшалардың ірі серверлері. Олар Интернет желісі арқылы бірігуге үміткер  бірнеше жекеленген ақпараттық жүйелері бар ірі компаниялар үшін тиімді құрал болып табылады. Біріккен порталдар  түрлі қосымшалар элементтерінің жиынтықтарынан бағдарламалық өнімдер жасауға  тамаша мүмкіндіктер береді. Oracle Portal Server (Vignette) осыған мысал бола алады.

Білімдер  порталы әр түрлі көздер бойынша  бөлініп орналастырылған және text mining технологиясын (сөзбе-сөз – «мәтіндер  қазбалары») пайдалана отырып, нашар  құрылымдалған нысанда (ДҚ түрінде  емес) көрсетілген ақпараттарды іздестіру (табу) мақсатында қосымшаларды емес, ақпараттық ағындарды біріктіруге бағдарланған. Оларда нейрон жүйелерінің немесе көптеген айқын еместердің математикалық  аппараты қолданылады. Білімдер порталын ақпараттық агенттіктер, инвестициялық  компаниялар, қаржы ақпараттарын талдау орталықтары, ірі компаниялардың маркетинг  қызметтері және т.б. пайдаланады. Autonomy компаниясының шешімдері мен  ресейлік «НейрОК» фирмасының әзірлемелері білімдер порталы болып табылады.

 

2.4.2.Сервистік-бағдарланған технологиялар

 

Сервистік-бағдарланған архитектура тұжырымдамасы (service-oriented architecture, SOA) бағдарламалық ресурстар  желілер арқылы берілетін сервистер  ретінде қарастырылатын бөлінген инфрақұрылымдарды  құрудың жаңа әдісін ұсынады. Нақты  салалардағы атқарымдық міндеттерді  шешуге арналған бір топ қосымша  да, сондай-ақ төмен деңгейдегі бірнеше  функциядан тұратын белгілі бір  бизнес-логиканы, бизнес-транзакцияларды  жүзеге асыратын оның жекелеген атқарымдық модулдары, қолданбалы функциялар, әр түрлі операциялық тұғырнамаларды бейнелейтін жүйелік функциялар сервис болып табылады.

SOA тұжырымдамасы  әзірлеушілерге қолданыстағы бағдарламалық  кодты көп рет пайдаланудың  жаңа әдісін – төмен деңгейдегі  сервистерден біршама күрделі сервистер жасауды ұсынып отыр; және де сервистер желілерге бөлінуі, тіпті түрлі компанияларға тиесілі болуы мүмкін. Сервистер орталықсыз басқарылатын автономиялық объект ретінде қарастырылады; бұл АЖ сервистері арқылы бизнестің сұранысына сәйкес дамуға мүмкіндік береді. Сервистік-бағдарланған архитектураның негізгі құралдары – қосымшаларды біріктіру жөніндегі Web-сервистер мен  XML тілі. Web-сервистер – сервистерді, бөлінген сервистер арасындағы өзара әрекеттерді сипаттауға және қосымшаларды біріктіру жөнінде жеке шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін сервистер каталогын жасауға арналған технологиялар мен стандарттар жиынтығы. XML тілі сервистер мен Web-сервистер арасындағы хабарламамен алмасу үшін қолданылады. Осы Web-сервистер пайда болғаннан кейін әр түрлі корпорациялық есептеу тұғырнамалары мен аспап құралдарын біріктіруге мүмкіндік беретін стандарт табылды.

Информация о работе Экономикалық қызметте АЖ-ны технологиялық қамтамасыз ету