Экономикалық қызметте АЖ-ны технологиялық қамтамасыз ету

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 00:17, курсовая работа

Описание работы

Ақпараттық жүйелерді (АЖ) әзірлеген кезде жекелеген, орындалу сипаты бойынша жақын операциялар технологиялық үдерістің іріленген элементтеріне – процедураларға (кезеңдерге) біріктіріледі. Мұндай әдіс процедура құрамына кіретін барлық операцияларды орындау үшін жалпы мамандандырылған аспап құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді. Ақпараттарды жинау және тіркеу, оны беру, өңдеу, шығару, сақтау, жинақтау, қорғау, іздеу, талдау, болжау, шешімдер нұсқасын дайындау типтік технологиялық операцияларға жатады.

Содержание

I. Кіріспе
1. АТ құрамындағы операциялар мен процедуралар туралы түсінік.

II. Негізгі бөлім
2.1 АТ аспап құралдарының құрамы.
2.2 Корпорациялық АТ-инфрақұрылым. АЖ және АТ-ның даму эволюциясы. Базалық серверлік технологиялар және АЖ-ны жүзеге асырудың қазіргі кезеңдегі шешімдері.
2.3 Деректерді өңдеу режимдері және пайдаланушылар интерфейсін жүзеге асыру ерекшеліктері.
2.4 Қазіргі кезеңдегі экономика саласындағы біріктірілген АТ.
2.5 Экономика саласы үшін АТ-ны дамытудың келешекті бағыттары.

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

реферат.docx

— 69.52 Кб (Скачать)

                                                  Жоспар

 

  I. Кіріспе

   1. АТ құрамындағы операциялар мен процедуралар туралы түсінік.

 

  II. Негізгі бөлім

  2.1 АТ аспап құралдарының құрамы.

  2.2 Корпорациялық АТ-инфрақұрылым. АЖ және АТ-ның даму эволюциясы. Базалық серверлік технологиялар және АЖ-ны жүзеге асырудың қазіргі кезеңдегі шешімдері.

 2.3 Деректерді өңдеу режимдері және пайдаланушылар интерфейсін жүзеге асыру ерекшеліктері.

2.4 Қазіргі кезеңдегі экономика саласындағы біріктірілген АТ.

 2.5 Экономика саласы үшін АТ-ны дамытудың келешекті бағыттары.

 

 III.Қорытынды

 

IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    

 

 

                                                     Кіріспе

 

Бизнесті  дамытуды, оның басқарылуы мен сапасын, бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, бизнес-үдерістердің орындалу құнын  төмендету экономикада ақпараттық технологияларды (АТ) қолданудың стратегиялық мақсаттары болып табылады.

Ақпараттық  жүйелерді (АЖ) әзірлеген кезде жекелеген, орындалу сипаты бойынша жақын операциялар  технологиялық үдерістің іріленген  элементтеріне – процедураларға (кезеңдерге) біріктіріледі. Мұндай әдіс процедура құрамына кіретін барлық операцияларды орындау үшін жалпы  мамандандырылған аспап құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді. Ақпараттарды жинау және тіркеу, оны беру, өңдеу, шығару, сақтау, жинақтау, қорғау, іздеу, талдау, болжау, шешімдер нұсқасын дайындау типтік технологиялық операцияларға  жатады.

Бастапқы  ақпараттарды жинау және тіркеу процедурасы  оны жеткізу, жинау, беру, тіркеу, жүйеге енгізу, енгізуді бақылау жөніндегі  операцияларды қамтиды. Сенімділік, толықтық және уақытылық осы операцияларды  орындауға қойылатын ортақ талаптар болып табылады.

Интернет-желілерді  өрістету үшін Интернет желілерінің  технологиясын қолдайтын сәйкестендірілген  ақпараттық және бағдарламалық құралдар болу қажет.

Бағдарламаларды орындаудың жалпы технологиясы бағдарламаны орындау басталғанға дейін оны  компьютердің жылдам әрекет ететін оперативті жадына орналастыруды болжайды. Сондықтан  өңделетін деректер мен өңдейтін бағдарламалар қай жерде болсада, олар пайдаланушылардың сұрақтарына  жауап беру, міндеттерді шешуді жүзеге асыру, бағдарламаларды орындау  процессорларында «кездесулері» тиіс. Файл-сервер және клиент-сервер технологиялары деректерді өңдеу үдерістерін ұйымдастыру  мәселелерін әр түрлі шешеді. Файл-сервер технологиясы (4.1-сурет) желілік мүмкіндіктерінің арқасында деректер (файлдар) файлдық  серверде (басқа РС) орналасқан кезде  РС-та деректерді өңдеуге мүмкіндік  береді. Өңдеуге жататын бағдарламалардың орындалуы барысында деректер қажетті  жүйелілікте серверден көшіріліп  алынады, қажет болған жағдайда өңделген деректер серверге сақталу үшін жіберіледі (қайтарылады). Осылайша, файл-сервер технологиясы үшін арнаның өткізу қабілетіне қатаң  талап қоятын қарқынды трафик тән.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                          Негізгі бөлім

 

2.1 АТ аспап құралдарының құрамы 

                


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1-сурет. Файл-сервер технологиясының моделі

 

Файл-серверлердің негізгі функциялары: деректерді сақтау және мұрағаттау, көптеген пайдаланушылардың  деректердің тұтастығын сақтай отырып оларды бір уақытта алуын, деректерді беруді қамтамасыз ету. Жалпы пайдаланылған  файлдармен қатар, файл-серверде түрлі  РС-тан қосылатын бағдарламалар  да болуы мүмкін. Алайда, файл-сервер технологиясы деректерді тікелей серверде өңдеу операциясының негізгі  көлемін орындауға бағдарланбаған. Мұндай технологияда бұрынғы буынның  ДҚБЖ-сы – Clipper, FoxPro және т.б. жұмыс жасайды. Сонымен қатар барлық бизнес-логика РС-та орнатылған қолданбалы БҚ арқылы жүзеге асырылады.

Біршама өнімді клиент-сервер технологиясы өңдейтін бағдарламаларды өңделетін деректермен бірге серверге орналастыруды болжайды. Деректерді өңдеу қажет болғанда клиент (АЖО-ны, орындалып жатқан бағдарламаны немесе жұмыс жасайтын пайдаланушыны клиент ретінде қарастыруға болады) серверден белгілі бір ресурс, соның ішінде таңдаудың берілген тапсырмасына сәйкес ДҚ серверінен деректерді іріктеу үшін ресурс беруін сұрайды. Қажетті өңдеуді жүзеге асырғаннан кейін, бағдарлама өңдеу нәтижелерін клиентке жібереді (4.2-сурет). Әдетте, өңдеу нәтижелері көлемі бойынша өңделетін деректердің көлемінен аз болатындықтан, сәйкесінше, файл-сервер технологиясымен салыстырғанда желілік трафик те айтарлықтай төмен болады; сонымен қатар РС ресурстарына қойылатын талаптар да біршама төмендейді.

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

    2.2-сурет. Клиент-сервер (екібуынды жүйе) технологиясының моделі

 

Клиент-сервер технологиясы қазіргі кезеңдегі  ДҚБЖ-мен – Oracle, DB2, Microsoft SQL Server және т.б. жұмыс жасаған кезде жүзеге асады. Және де клиенттік орында (АЖО  құрамында) пайдаланушылардың сұрауларын, алынған нәтижелердің және т.б. сипаттарын қамтитын ДҚБЖ-мен өзара әрекет етуді  жүзеге асыруға арналған мамандандырылған БҚ болуы тиіс. Кейбір ДҚБЖ-мен, мысалы Oracle-мен жұмыс жасау РС-қа фирмалық БҚ-ны – Oracle ДҚБЖ серверіндегі байланыс хаттамаларын жүзеге асыратын Oracle клиентін орнатуды болжайды. Серверде ДҚБЖ-мен  бірге ОЖ да қызмет атқарады (әдетте, Unix немесе Windows тобына жататын ОЖ), сонымен  қатар ДҚБЖ ОЖ-да жүзеге асқан файлдарды  басқару, деректердің қауіпсіздігін  қамтамасыз ету және т.б. мүмкіндіктерді барынша пайдаланады. Клиент-сервер технологиясын жүзеге асырған кезде, әдетте, деректерді өңдеудің негізгі  бөлігі тікелей АЖО арқылы жүзеге асырылады. Кейбір ДҚБЖ-лар, мысалы, Oracle талдамалы міндеттер шешімінің  сол немесе басқа бөлігін ДҚБЖ құралдары арқылы жүзеге асыруға  мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары  деректерді өңдеу жүйелерін дамытуда тұжырымдамалық жағынан ерекшеленетін  екі бағытты жақындастыру үрдісі етек жайып келеді. Олардың біреуі мэйнфреймдер негізіндегі орталықтандырылған құрылымдар, ал екіншісі бөлінген жүйелер  ретінде көрсетілген. Компьютерлерді жіктеу жүйесінде мэйнфреймдер суперкомпьютерлер  мен дербес компьютерлер арасындағы орынды алады. Үлкен есептеу ресурстарына ие бола отырып, мэйнфреймдер нақты  кезеңдегі көптеген клиенттердің (пайдаланушылардың) міндеттерін қатар шешуді қамтамасыз ететін деректерді өңдеудің орталықтандырылған жүйелерін жүзеге асырады; мэйнфреймдер Интернет жүйесі коммутацияларының  тораптарында кең қолданылады. Бөлінген жүйелерде ДК деректерді өңдеудің негізгі  құралы болып табылады. Жаңа шешімдердің  арасында үшбуынды клиент-сервер архитектурасын (үшдеңгейлі желі) жүзеге асыратын қосымшалар сервері бар жүйелер ерекшеленеді. Үшбуынды жүйенің негізгі құрылғысы – қосымшалар сервері. Деректерді өңдеуге, нақты заттық саладағы атқарымдық міндеттерді шешуге бағдарланған, әр түрлі компьютерлерге оңай көшірілетін қолданбалы бағдарламалар пакеті қосымша деп аталады (2.3-сурет). Мұндай пакет мамандандырылған қосымшалардың қажетті санын жүзеге асырады, олардың әрқайсысы кез келген клиенттік орында (қол жеткізу құқығы ескеріле отырып) іске қосуға болады. Қосымшалар олардың орындалу барысында ДҚ серверімен өзара әрекеттеседі және де қосымшалар серверінің ДҚ серверімен өзара әрекеттесуі жұмыстың пакеттік режимінде жүзеге асады.

Осылайша, клиент өңделіп жатқан деректерді тікелей  ала алмайды, себебі ДҚ мен олардың  арасында орындалатын қосымшалар бар. Ірі корпорациялық АЖ-да қосымшалар қосымшалардың түрлі серверлері бойынша бөлінуі мүмкін. Техникалық тұрғыдан алғанда, мұндай шешім екібуынды  жүйелермен салыстырғанда айтарлықтай  күрделі, сондықтан олар үшбуынды жүйелер  деген атау алды. Мұндай жүйелердің қауіпсіздігі жоғары және өте икемді, себебі ДҚ серверінде сақтаулы деректермен  жұмыс жасаған кезде клиенттің  барлық мүмкіндіктері нақты қосымшаның қол жетімді операцияларымен  анықталады (шектеледі); қосымшаларды орындаудың сыртқы ерекшеліктері және оның ДҚ-мен өзара әрекеттесу сипаты клиенттен толық жасырылынады.

Үшбуынды  клиент-серверлік архитектураға  негізделген технологиялар «нәзік» клиент терминімен анықталатын қарапайым терминалдар арқылы пайдаланушылармен өзара әрекеттесуді болжайтын өзінше бір мүмкіндікті мейнфреймдерді қалыптастырады. «Нәзік» клиент – деректерді өңдеу операцияларының негізгі (үлкен) бөлігі жүзеге асырылу үшін серверге жіберілетін клиенттік құрылғы (АЖО-ны пайдаланушы). Сәйкесінше, «жуан» терминімен «нәзік» клиент категориясына жатпайтын клиент, яғни деректерді өңдеу бойынша операциялардың негізгі бөлігін клиенттік құрылғының өзінің құралдарымен жүзеге асыруды қамтамасыз ететін клиенттік құрылғы түсініледі. Осы уақытқа дейін әр түрлі заттық бағыттағы АЖО-ны жүзеге асырған кезде клиенттік құрылғы көбіне «жуан» клиент түрінде (артық есептеу ресурстары бар қазіргі кезеңдегі ДК негізінде) атқарылады.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3-сурет. Қосымшалар сервері бар клиент-сервер (үшбуынды жүйе) технологиясының моделі

 

Ресурстарды бір жерге шоғырландыратын клиент-сервер архитектурасымен пайда болған күрделілік проблемасын тікелей шешу қазіргі  кезеңдегі «нәзік» клиентке оралу  үрдісі болып табылады. «Нәзік» клиент («нәзік» Web-клиент) Интернет желісінде жұмыс жасаған кезде айтарлықтай кең қолданылады. Web-технологиялар пайдаланушылардың кез келген компьютерден ыңғайлы біркелкі деректер алуын қамтамасыз етіп, клиенттің аппараттық-операциялық платформаға тәуелділігінің алдын алады, типтік шешімдерді (браузерлерді, хаттамаларды және т.б.) қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді, талдамалық қосымшалар үшін пайдалы мүмкіндіктерді (толық жүктелмеген беттерді, асинхрондық өңдеулерді көру, деректерді шектеу мен кодтау және т.б.) жүзеге асырады, шешімдердің жалпы құнын төмендетеді және т.б. (2.4-сурет). Пайдаланушының жұмысы, әдетте, Web-беттердегі гиперсілтемелер негізінде желінің ақпараттық ресурстары бойынша навигациялардың кең мүмкіндіктері бар типтік Web-интерфейсті жүзеге асыратын Internet Explorer браузері арқылы атқарылады.

 

2.1.3. Ұйымның ақпараттық-технологиялық инфрақұрылымының қалыптасуы

 

Қазіргі таңда  кез келген ірі ұйымның бөлінген гетерогендік (қолданылатын техникалық және бағдарламалық құралдар құрамы бойынша әр түрлі) АТ-инфрақұрылымы  бар. АТ-ның экономикалық мазмұндағы міндеттерді (бизнес-міндеттерді қосқанда) шешуді көздеуі, осы міндеттердің өзгеруіне  жауап беру үшін қолданыстағы ақпараттық технологияларға тез арада өзгерістер енгізу қажеттігі қазіргі заманғы  жағдайда корпорациялық АТ-инфрақұрлымын  реформалаған кезде (реинжинирингте) негізгі  мәнге ие болады. Нақты міндеттерді  орындау үшін оларға тәжірибеде кең  қолданылатын жекелеген «нүктелі»  шешімдерді қосу АТ-инфрақұрылымдарды  және оларды басқару үдерістерін  айтарлықтай күрделендіріп, АТ-инфрақұрылымдарды  біріктіру саласындағы қазіргі  заманғы әдістерді енгізуге кедергі келтіреді (2.4-тақырыптағы біріктірілген технологияларды қараңыз.

2.4 Пайдаланушылардың Интернет желілерінде Web-қосымшаларымен жұмыс жасау моделі

 

Қазіргі уақытта  көптеген ұйымдарда ұйымдарды дамыту барысында жүзеге асқан жаңа бизнес-міндеттерге  ақпараттық қолдау көрсету жөніндегі  салыстырмалы түрде бірікпеген жобаларды  жүзеге асырудың нәтижесі ретінде пайда  болған күшті АТ-ресурстар жинақталған. Сонымен қатар, ұйымның АТ-инфрақұрылымы  көбінесе есептеу және байланыс құралдарының кең спектрін, БҚ-ның түрлі нұсқаларын қамтиды. Біріккен тиімді жұмысқа қолдау көрсету кезеңіндегі біраз шығындармен  қатар, АТ-инфрақұрылымдағы құралдар жоғары білікті бағдарламашылардың (жүйе әкімшілерінің) көптеген штатын пайдалануды қажет  етеді.

Бұрын қалыптасқан  АТ-инфрақұрылымды ары қарай дамытудың  өзекті бағыты – ұйымда бар ресурстарды  шоғырландыруды болжайтын оларды өзгеріп  отырған міндеттер тобын шешуде пайдалануды оңтайландыру. Ресурстарды шоғырландыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

• КҰ-ны орталықтандыру және корпорациялық деңгейдегі басқару  жүйелерін өрістету;

• стандарттау  жүргізуді, серверлер мөлшерін оңтайландыруды және орталықтандырылған сақтандыру орнын  өрістетуді болжайтын деректер мен  құрал-жабдықтарды біріктіру; пішіммен, деректердің логикалық және физикалық  орналасуымен байланысты қандайда бір  шектеулерсіз деректерді сәйкесінше алуды  қамтамасыз ету;

• ұйымдағы КҰ мен ДҚ-ны айтарлықтай тиімді пайдалану үшін қосымшаларды біріктіру; пайдаланушылар біріктірілген сервистер  ортасымен өзара әрекет жасау  үшін тиімді интерфейсті әзірлеу;

• қызмет көрсету  деңгейін жақсартуды және инфрақұрылымның  икемділігін арттыруды көздеген басқаруды оңтайландыру.

Бөлінген  ресурстарды (серверлерді, деректерді сақтау жүйелерін, КҰ және т.б.) орталықтан басқарылатын пулдарға жинаудың қазіргі  кездегі тұжырымдамасы аумақтық оқшауланған орталықтарға шоғырланған  ресурстардан пулдарды уақытша қалыптастыруды (біріктіруді) қамтамасыз ететін қолда  бар ресурстарды виртуалдандыру үдерісін жүзеге асырады. Ресурстарды виртуалдандыру шешілетін міндеттер тобын ескере отырып, қолда бар ресурстарды бөлуге, барлық АТ-инфрақұрылымды оңай әрі икемді етуге мүмкіндік береді; нәтижесінде қабылданатын шешімдердің жылдамдығы артады. Деректерді арнайы өңдеу үшін виртуалды құрылым жасаған кезде пайдаланушы (ұйым) олардың атқарымдылығын, құнын және қызмет көрсетудің талап етілген деңгейін ескере отырып, қажетті сервистерді іздестіру мақсатында желідегі ресурстар пулына сұрау салуы керек.

Қазіргі заманғы  кейбір бизнес-қосымшалар, әсіресе, интернет-технологиялар  негізіндегі қосымшалар on-line режимін  ұстап тұра алатын және орындалатын  қосымшалардағы оперативті өзгерістерге бейімделе алатын виртуалданған деректерді өңдеу орталығын (ДӨО) пайдалануды болжайды. ДӨО бастапқы кезден-ақ «талап ету бойынша» сұрауларға жауап беріп, «бейімделудің» қажетті деңгейін жүзеге асырып және барлық өңдеулерді «уақытқа сәйкес» орындай отырып, қосымшалардың қарқынды табиғатын қолдауға бағдарланған. Деректерді өңдеу орталығы (grid есептеу орталығы) есептеу жүйелерін, деректерді сақтау жүйелері мен желілерді қамтиды. Бірге жиналып, біртұтас қызмет атқаратын бұл ресурстар пайдаланушылардың әр түрлі категорияларына қызмет көрсететін виртуалды компьютерді қалыптастырады. Мұндай әдіс бизнес-үдерістерді қолдайтын инфрақұрылымдар мен сервистерді қалыптастырудағы қиыншылықты азайтуға; жұмысқа дайындау уақытын азайтуға; қызмет көрсетулердің бағалық көрсеткіштерін жақсартуға; ресурстарды пайдалану деңгейін арттыруға көмектеседі. ДӨО құрамындағы есептеу жүйелерін жүзеге асырған кезде жекелеген серверлердің немесе серверлер тобының ресурстарын ыңғайлы бөлуге мүмкіндік беретін сервер-жүздердің пулдарын қолдану жылдам кеңейеді. Сервер-жүз сервердің талап етілген есептеуу қуатына қол жеткізе отырып, блоктардың қажетті санын жалпы конструкцияда белгілеуге мүмкіндік беретін серверді жұқа блок түрінде құрудың сәйкестендірілген жүйесі болып табылады.

Информация о работе Экономикалық қызметте АЖ-ны технологиялық қамтамасыз ету