Экономикалық қызметте АЖ-ны технологиялық қамтамасыз ету

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 00:17, курсовая работа

Описание работы

Ақпараттық жүйелерді (АЖ) әзірлеген кезде жекелеген, орындалу сипаты бойынша жақын операциялар технологиялық үдерістің іріленген элементтеріне – процедураларға (кезеңдерге) біріктіріледі. Мұндай әдіс процедура құрамына кіретін барлық операцияларды орындау үшін жалпы мамандандырылған аспап құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді. Ақпараттарды жинау және тіркеу, оны беру, өңдеу, шығару, сақтау, жинақтау, қорғау, іздеу, талдау, болжау, шешімдер нұсқасын дайындау типтік технологиялық операцияларға жатады.

Содержание

I. Кіріспе
1. АТ құрамындағы операциялар мен процедуралар туралы түсінік.

II. Негізгі бөлім
2.1 АТ аспап құралдарының құрамы.
2.2 Корпорациялық АТ-инфрақұрылым. АЖ және АТ-ның даму эволюциясы. Базалық серверлік технологиялар және АЖ-ны жүзеге асырудың қазіргі кезеңдегі шешімдері.
2.3 Деректерді өңдеу режимдері және пайдаланушылар интерфейсін жүзеге асыру ерекшеліктері.
2.4 Қазіргі кезеңдегі экономика саласындағы біріктірілген АТ.
2.5 Экономика саласы үшін АТ-ны дамытудың келешекті бағыттары.

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

реферат.docx

— 69.52 Кб (Скачать)

ДҚ-ны немесе электронды кестелерді (мысалы, бухгалтерлік есепті автоматтандыру жүйелерінде) пайдалана  отырып экономикалық ақпараттардың  үлкен көлемін өңдеу жүйелерінде  деректерді енгізу кезінде үлгілерді  пайдалану тиімді.

Үлгі дегенімізі – экранда пайдаланушы енгізетін деректерді көрсететін берілген пішінмен шектелген жол. Бірқатар жағдайларда енгізілген мәндер алдын ала жасалған анықтамалардан алынуы мүмкін. Енгізілетін деректердің мәндерін тексерудің ойластырылған ережелері бар үлгілерді қолдану пайдаланушының өнімділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар кіру бақылауының сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Сұрау салу негізінде диалогтық технологияны пайдаланудың қазіргі кезеңдегі нұсқасы – ДҚ-мен және оның негізінде құрылған қолданбалы бағдарламалар пакетімен жұмыс жасағанда SQL тілін (Structure Query Language – құрылымдалған сұраулар тілі) қолдану. Бұл жерде пайдаланушының қолда бар деректерді таңдау бойынша кез келген сұрауларды қалыптастыруға мүмкіндігі бар; оның командасының білімі мен қолданылып жүрген ДҚ-ны ұйымдастыру ерекшелігінің қажеттігі SQL тілін қолданудағы негізгі шектеу болып табылады. ДҚ-мен жұмыс жасау барысында диалогтың басқа түрлерін пайдаланған кезде пайдаланушының айла-шарғылары оның іс-әрекетімен бірге SQL тілінің түрлі конструкцияларын анық қалыптастырмайды.

Қазіргі таңда  таралған барлық ОЖ мен қолданбалы БҚ-да WIMP-интерфейс (Windows – терезе, Image – бейне, Menu – мезірет, Pointer – сілтеуіш) қолданылады. Түртпе, реттелетін параметрлерлі терезелер жүйесі, сатылы контексті мезірет жүйесі, әр түрлі объектілерге сілтеме ретіндегі пиктограммалар сияқты қолқұрылғыларды, пайдаланушыға көмек көрсетудің тармақталған контекстік жүйесі мен мезірет түрінің пайдаланушы талаптарына бейімделу мүмкіндігін қолдану мұндай интерфесті ұйымдастырудың стандарты болып табылады.

Жалпы, қосымшасы  бар терезе: нақты қосымшасы бар  терезенің атауын, мезіретті, қолданылатын аспаптар жинақталымын, енгізуге арналған жұмыс столын, деректерді қарауды  және редакциялауды, жұмыс столындағы элементтердің орналасу жағдайын анықтайтын сызықтарды, орындалып жатқан үдерістердің жағ-күйі туралы ақпаратты, басқару  тетіктерін орналастыруға арналған мамандандырылған бірқатар панельдердің (салалардың) жиынтығы болып табылады. WIMP-интерфейске құрылған құралдар алынған  нәтижелері бар деректерді өңдеу  үдерістерін басқарудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары  танымалдығы бойынша Web-интерфейс WIMP-интерфейспен бір қатарда тұр. Ол Интернет желісіндегі пайдаланушылардың жұмысына бағдарланған браузерлерде жүзеге асырылады. Әлемде Internet Explorer шолушының (оның MS Office пакеті бағдарламаларымен тығыз бірігуі қамтамасыз етіледі) басымдығын ескерсек, Web-интерфейс пайдаланушы интерфейстердің арасындағы біршама стандартталған интерфейс болып табылады. Жалпы, Web-интерфейс кәдімгі Windows-ке-ұқсас интерфейс негізінде қалыптастырылған, бірақ атқаратын қызметі аз. Бастапқы кезден гипермәтінге қолдау көрсетуге және сәйкесінше гиперсілтеме механизміне бағдарланған Web-интерфейс деректер алуды қамтамасыз ете отырып, ақпараттық ресурстар бойынша навигациялардың тиімді мүмкіндіктерін береді.

SILK-интерфейс (Speech – сөз, сөйлеу, Image – бейне, Language – тіл, Knowledge – білім)қолданысы бойынша әлеуетті болып табылады; пайдаланушының дауысын тану сенімділігінің жеткіліксіз деңгейі – оның қолданысын тежейтін негізгі фактор.

 

2.3. Біріктірілген АТ және АЖ

 

Біріктірілген технологиялар дегеніміз – жекелеген технологиялардың өзара байланысты жиынтығы, яғни арасында дамыған ақпараттық өзара әрекеттесу бар қандай да жүйелер бөлігінің бірігуі.

АТ-ның мұндай қорытындыланған анықтамасы АЖ-ға бірігу қағидаларының түрлі нұсқаларын қамтиды: қордағы және деректерді сақтау орындарындағы деректерді біріктіруді, бағдарламаларды бірыңғай біріккен пакеттерге біріктіруді, бөлінген желілік  технологияларды және т.б. біртұтас жүйелерге біріктіруді.

Жалпы алғанда, біріккен технологиялар корпорациялық  ресурстардың бірыңғай ақпараттық кеңістікте үйлесімді өзара әрекеттесуінің жоғары деңгейінің арқасында компанияны басқару тиімділігін арттыруға  мүмкіндік береді. Рынок күрделі, салыстырылуы қиын үдерістерді біртұтас жүйелерге біріктіретін БҚ-ны әзірлеуді  ынталандырады; жекелеген «нүктелі»  шешімдерден біріккен шешімдерге қарай  тұрақты қозғалу орын алады.

CRM, ERP, BI сыныбындағы  жүйелер түрлі профильдегі қызметтер  атқаратын көптеген компаниялар  үшін барабар біріккен шешімдер  болып табылады.

CIM-жүйелер. CRM жүйесін (Customer Relationship Management – клиенттермен қарым-қатынасты басқару) клиент пен компания мүдделерінің балансын қамтамасыз етуге бағдарланған бизнес-стратегия ретінде қарастыруға болады. Клиенттермен өзара әрекет жасау, маркетинг және сату CRM сыныбы жүйелерін қолданудың негізгі бағыттары болып табылады.

CRM жүйелері  келесі негізгі ережелер негізінде  құрылады:

• түрлі  клиеттік құрылғылардан ресурстарға  барабар қол жетімділікті қамтамасыз ететін Web-технологияға барынша негізделу;

• пайдаланушылардың  барлығының портал арқылы алудың барабар  нүктесіне дербес қол жеткізуі;

• Web мүмкіндіктерінің негізінде «өз-өзіне қызмет көрсетудің»  түрлі нысандарының дамуы;

• бизнес-үдерістерде  құрылған клиенттер туралы деректердің  үнемі толықтырылып жатқан көлемін  олармен өзара әрекет етуді дербестендіру  үшін пайдалануға бағдарланған талдамалы  құралдардың (аспаптардың) кең қолданылуы;

• компанияның  көптеген бөлімшелері бизнес-үдерістерді  біртұтас ретінде енгізу үшін жалпы  тұғырнаманы қамтамасыз ету;

• клиенттермен өзара әрекет жасау үдерістерін  басқару үшін байланыстың барлық ықтимал түрлерін (Web (e-mail, портал, Web-сайт, факс, телефон, тікелей сөйлесуді) пайдалану.

Ірі рыноктардың  мамандандырылған сегменттеріне, мысалы, қаржылық қызмет көрсету салаларына – сақтандыру, банктік инвестицияларға  және т.б. бағдарланған көлденеңінен біріккен өнімдер шығару CRM жүйесін дамытудың  соңғы жылдардағы жалпы үрдісі болып  табылады.

Рынокта клиенттермен тиімді байланыс орнатуға арналған оңайлатылған CRM жүйесінің бір түрі ретінде CIM cыныбына (Customer Interaction Management – CIM) жататын  бірқатар бағдарламалар бар. CIM аспаптарының жаңа буыны аса құнды клиенттерді  іріктеу тұжырымдамасына негізделіп құрылып жатыр және оны Web-сервистер  және клиенттермен өзара әрекет етудің телефон орталықтарын – сall-орталықтарды дамыту арқылы нақты уақыт режимінде  жүзеге асырады.

Сall-орталықтарды пайдаланудың негізгі мақсаты клиенттерден келіп түскен шақырулар мен сұрау  салуларды (телефон қоңырауларын, e-mail хабарламаларды, Web-сайттар, чаттар және т.б. арқылы сұрау салуларды) оларға тез әрі білікті жауап бере алатын операторларға оңтайлы бөлуді қамтамасыз ету. Операторларға нақты  жағдайда клиенттерге ұсынуға болатын  тауарларды анықтауға көмектесетін тоғыспалы сатуларды (cross-sell) қолдауға және кеңейтілген сатуларды (up-sell) ынталандыруға  арналған  бағдарламалық құралдар белгілі.

Сall-орталықтарда жиналып қалған деректер тез арада  артықшылықты клиенттерді қызмет көрсету  кезегінің басына өткізуге, олармен  келіссөздер жүргізу уақытын  созуға мүмкіндік береді. Осы саладағы жетекші жеткізушілер – NCR, Protagona Worldwide, Unica Corporation компаниялары. Маркетинг  қызметі үшін құжат айналымын  автоматтандыру технологиясы (workflow) мен  жаңа кампаниялардың тұжырымдамаларын әзірлеуде ынтымақтастық жасасуға бағдарланған мамандандырылған бағдарламалық  өнімдер – «Маркетингтік ресурстарды  басқару» (Marketing Resource Management – MRM) өнімдері жасалады.

EAR-жүйелер. EAR-жүйе (Enterprise Resource Planning – кәсіпорын ресурстарын жоспарлау) дегеніміз – стратегиялық жоспарлау, бюджеттендіру, болжау, қаржыны шоғырландыру, бизнес-үдерістерді біршама нақты, уақытылы және егжей-тегжей сипаттауды қамтамасыз ететін есептер мен талдау жасауды басқаруға  бағдарланған қосымшалардың біріккен жинақаталымы.

EAR жүйесінің  негізінде келесі тәсілдер жүзеге  асады:

• Қосымшаларды жүйе компоненттері арасында бөле отырып «клиент-сервер» архитектурасын пайдалану.

• Браузер  арқылы жүйеге қосылу мүмкіндігімен Web-технологияға бағдарлану.

•  Жоспарлауды, бюджеттендіруді, басқаруды және басқа  міндеттерді қолдау біріктірілген  қосымшалар арқылы жүзеге асырылады. Жекелеген  міндеттер (үдерістер) арасындағы ауыстырып  қосу операциялық ортаның параметрлерін  еш өзгертпей және деректерді қосымша  қайта құрусыз жүзеге асырылуы тиіс.

• Жүйеде орталықтандырылған ДҚ-да сақталып жатқан экономикалық деректемелердің  жалпы жинақталымы бар.

• Пайдаланушылардың  бастапқы құжаттарды алуы және кез  келген уақытта біріктірілген көрсеткіштерге қол жеткізуі (қол жеткізу құқығы шегінде); жаймасөредегі деректермен  жұмыс жасау технологиясын кең  қолданылуы.

• Қаржы  деректерін талдау және өңдеудің қажетті  тәсілдемелерін жүзеге асыру мүмкіндігі бар жалпы-бизнес-модель.

• Әр түрлі  уақытша шектерде біріктірілегн  көрсеткіштер мен кез келген деректемелерді болжау функцияларын жүзеге асыру.

• Ақпараттық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін жүзеге асыру.

MPC (management planning and control – жоспарлауды басқару  және бақылау) стратегиялық жоспарлау,  бюджеттендіру, болжау, қаржыны шоғырландыру, есептер мен талдау жасауды  басқарудың барынша тиімді тәсілдерін  пайдалану жөніндегі EAR-жүйелердің  қызметтерін айтарлықтай ұлғайтудың  қазіргі кезеңдегі бағыты болып  табылады. МРС жүйелері көбіне  компанияның тек өнімділігіне  ғана емес, сонымен қатар оның  қызметінің тиімділігіне негізделген  қаржыны басқару технологияларын  қолдауға бағдарланған; технологияларды  қолдану бизнесті ұлғайтуды, оның  тиімділігін және жиынтық сомасын  арттыруды көздеп отыр.

MPC жүйелерінің  сыныбына бюджетті қалыптастыру  мен жоспарлауға бағытталған  Oracle Financial Analyzer жатқызылады. Жүйенің  негізін негізгі қаржы функцияларын  қолдауға және болашақ стартегияны  құруға арналған қуатты талдамалы  БҚ-мен біріккен қаржы ақпаратының  көпдеңгейлі сақтау орны қалыптастырады.

BI жүйелері. BI жүйесінің дамуы (business intelligence) және жинақталған деректердің әлеуетті коммерциялық құндылығын тану 1980 жылдардың соңында білімдер алу поблемалары бойынша зерттеулердің күшеюіне себепші болды. Ал оның нәтижесінде қаржы, маркетинг, бизнес-үдерістерді басқару салаларында және адамзат қызметінің басқа салаларында қолдануға арналған коммерциялық жағынан табысты бірқатар ВІ-технологиялардың әзірлемелері дайындалды. Мамандарды ВІ терминін әр түрлі түсіндіруі білуге және түсінуге қабілеттілік; түсінуге дайындық; оқу, зерттеу немесе тәжірибе арқылы берілген немесе алынған білім; тану барысындағы жай-күй немесе іс-әрекет; барлау, барлау деректері деп аударылатын intelligence ағылшын сөзінің көпмағыналылығымен түсіндіріледі.

Мамандар business intelligence терминін бизнес-пайдаланушыларға көптеген деректерді талдау барысында  олардың арасынан маңызды ақпаратты  алуға көмектесе алатын деректерді талдауға, есептер мен сұрауларды жасауға арналған құрал деп түсіндіреді. Және де ВІ аспабы деп бизнес-пайдаланушыларға күрделі деректердің үлкен көлемін  көруге және пайдалануға мүмкіндік  беретін аппараттық-бағдарламалық  құралдар түсініледі. Жыл сайын  әлемде көбейіп келе жатқан деректердің  көлемі білім алудың тиімді құрал-аспаптарының жеткіліксіздігінен сұранысқа ие емес.

Кең мағынасында business intelligence термині төмендегідей анықталады:

• деректерді ақпаратқа және жақсартылған әрі  бейресми шешімдер қабылдауға қолдау көрсететін бизнес туралы білімге айналдыру  үдерісі;

• деректерді жинау, ақпараттарды шоғырландыру және бизнес-пайдаланушылардың білім  алуын қамтамасыз ету АТ-сы (тәсілдері  мен әдістері);

• бөлек-бөлек  деректер мен шоғырландырылған ақпараттарды терең талдау нәтижесінде алынған  бизнес туралы білім.

ВІ технологиясының  негізінде соңғы пайдаланушылардың  қол жетімділігін ұйымдастыру және өзінің табиғаты бойынша құрылымдалған  сандық деректер мен бизнес туралы ақпаратты талдау жатыр. ВІ деректер алуға және оларды талдауға, сөйтіп қорытынды жасап, мамандардың, сарапшылардың, басшылардың әр түрлі категориясының қатысуымен компанияны басқарудың тиімділігін  арттыру үшін мақсатқа лайық шешімдер табуға мүмкіндік береді.

Соңғы он жылда  АТЖ типтес сынып жүйелерінің  атауы мен мазмұны EIS басшысының ақпараттық жүйесінен бастап шешімдер қабылдауды қолдау жүйесі (decision support systems, DSS) мен ВІ жүйесіне дейін өзгерді. Әдетте, EIS қосымшалары басшылар мен  менеджерлердің нақты сұраныстарына  бағытталған және кесте немесе диаграмма  түріндегі біріктірілген ақпарат  болып табылады. Шығу құжаттарын қалыптастыру параметрлерді жинақтай отырып, реттемелі  сұраулар негізінде жүзеге асырылады. Қосымша ақпарат алу және ары  қарай талдау жүргізу үшін басқа  қосымшалар қолданылады немесе SQL тілін  пайдалана отырып тапсырыс бойынша  сұраулар немесе есептер жасалады. 

EIS-ке қарағанада DSS қосымшалардың бірінші буыны  икемді шешімдер ретінде пішіндеудің  белгілі бір мүмкіндіктері мен  есеп берудің бірнеше нұсқалары  бола отырып, бизнес сұрақтарының  кең спектріне жауап беруге  мүмкіндік берді, алайда олар  міндеттердің нақты жинақталымына  жасаған бағдарын сақтады. ДК  мен ЖКЖ-ның пайда болуы ВІ-технологиялар  негізінде DSS қосымшалардың келесі  буынын құру мүмкіндігіне себепші  болды.

 Пайдаланушы-бағдарламашы  еместерге әр түрлі көздерден  ақпарат алудың оңайлығын және  жылдамдығын, жеке есептер жасауын,  деректерге көпдеңгейлі талдау  жүргізуді қамтамасыз ететін  пайдаланушы интерфейсінің дамуы  мұндай технологияларға тән ерекшелік  болды. КЖ-ның кең қолданылуы  «жуан» клиенттерді жүзеге асырудың  ресурссыйымды технологияларынан  пайдаланушы браузердің көмегімен  зерттеу жүргізетін және жеке  жұмыс жасай алатын Web-қосымшаларды  пайдалануға ауысқан ВІ сыныбы  жүйелерінің дамуына мүмкіндік  берді. Бұл жағдайда «ал егер»  сценарийлерін талдау және ақпаратпен  ұжымдық жұмыс қамтамасыз етіледі.  Сонымен қатар, Интернет желілерінің  дамуы ұйымдарға қатысты ішкі  болып табылатын корпорациялық  ақпаратты пайдаланушылардың санын  арттырады.

Информация о работе Экономикалық қызметте АЖ-ны технологиялық қамтамасыз ету