Экономикалық қызметте АЖ-ны технологиялық қамтамасыз ету

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 00:17, курсовая работа

Описание работы

Ақпараттық жүйелерді (АЖ) әзірлеген кезде жекелеген, орындалу сипаты бойынша жақын операциялар технологиялық үдерістің іріленген элементтеріне – процедураларға (кезеңдерге) біріктіріледі. Мұндай әдіс процедура құрамына кіретін барлық операцияларды орындау үшін жалпы мамандандырылған аспап құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді. Ақпараттарды жинау және тіркеу, оны беру, өңдеу, шығару, сақтау, жинақтау, қорғау, іздеу, талдау, болжау, шешімдер нұсқасын дайындау типтік технологиялық операцияларға жатады.

Содержание

I. Кіріспе
1. АТ құрамындағы операциялар мен процедуралар туралы түсінік.

II. Негізгі бөлім
2.1 АТ аспап құралдарының құрамы.
2.2 Корпорациялық АТ-инфрақұрылым. АЖ және АТ-ның даму эволюциясы. Базалық серверлік технологиялар және АЖ-ны жүзеге асырудың қазіргі кезеңдегі шешімдері.
2.3 Деректерді өңдеу режимдері және пайдаланушылар интерфейсін жүзеге асыру ерекшеліктері.
2.4 Қазіргі кезеңдегі экономика саласындағы біріктірілген АТ.
2.5 Экономика саласы үшін АТ-ны дамытудың келешекті бағыттары.

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

реферат.docx

— 69.52 Кб (Скачать)

Қазіргі заманғы  корпорациялық АЖ дегеніміз –  күрделілігі пайдаланушылардың  айтарлықтай санымен, ЖКЖ-ның ғаламдық желілермен (Интернет) өзара әрекеттесуімен, әр түрлі ОЖ-лардың қатар қолданылуымен, серверлер жүйесі мен қосымшалардың  күрделі конфигурациясымен, құрал-жабдықтардың және түрлі өндірушілердің БҚ-ларының  бірігуімен, пайдаланушылардың ресурстарға  және т.б. қол жетімділігі құқықтарын бөле отырып, ақпараттық қауіпсіздік  жүйелерін жүзеге асырумен анықталатын  үлкен жүйелер.

Ұйымның АТ-инфрақұрылымдар  аясында ОЖ-ны таңдауға ерекше мән  беріледі. 1990 жылдардың ортасынан  бастап белгілі барлық ОҚ-лар жұмыстың желілік режиміне қолдау көрсете  бастады. Желілік ОЖ-ға желілік ресурстарды  қатар пайдаланған кезде жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін, «клиент-сервер»  технологиясына бағытталған қосымшаларды тиімді орындайтын, желілік жабдықтардың кең спектрі бар әр түрлі салада жұмыс жасай алатын, Интернет желісімен  және онда жүзеге асқан қызметтермен (электронды пошта, WWW және т.б.) өзара  әрекет жасауды қамтамасыз ететін хаттамаларға қолдау көрсететін аумақтық бөлінген, көпсерверлі желілерді ұйымдастыру  мүмкіндігі тән. ОЖ-ның жаңа нұсқаларында әр түрлі техникалық және бағдарламалық  құралдармен жұмыс жасау мүмкіндіктері  кеңейіп, оның құрылымының ауқымдылығы (қажет болған жағдайда оның құрылымының  күрделілігін арттыру) қамтамасыз етіледі, қауіпсіздіктің қажетті деңгейіне  қолдау көрсетіледі, орталықтандырылған әкімшілік ету және басқару құралдары  дамиды, пайдаланушымен интерактивті жұмыс жасау мүмкіндігі кеңейеді.

 Жүйелік  БҚ рыногында Windows тобына жататын  ОЖ (Windows NT4.0/98/2000/XP/2003) және UNIX-ұқсас жүйелер  (Linux, Solaris, FreeBSB және т.б.) басым болып  келеді.

Linux ОЖ-сы UNIX-ұқсас  жүйелер ОЖ-сының біршама кең  тараған нұсқасы ретінде Интернет  желілерінде серверлер ұйымдастырған  кезде, ДҚ-ны пайдалана отырып  жадылар жүйесін құрғанда, анықтамалық  қызметтерді ұйымдастырғанда жүйелік  БҚ ретінде кеңінен қолданылады.  Соңғы жылдары дәстүрлі UNIX-ұқсас  жүйелер ОЖ-сы салаларында Windows тобына жататын ОЖ-ны пайдалану  күн сайын артып келеді. Windows ОЖ-ның  түрлі нұсқалары қазіргі заманғы  АЖО-ның жүйелік БҚ-сының негізі  болып табылады.

Қазіргі заманғы  АЖО-мен техникалық қамтамасыз етудің негізін барабар ДК құрайды. КЖ-ны серверлер ретінде ұйымдастырған  кезде техникалық сипаттамалары  айтарлықтай жоғары (жоғары ресурсты) компьютерлер, соның ішінде мэйнфрейм  сыныбына жататын компьютерлер қолданылады. Компьютерлердің техникалық сипаттамалары  жүйелік және қолданбалы БҚ-ны таңдауға тікелей ықпал етеді.

Ұйымдардың  аумақтық бытыраңқы бөлімшелерімен байланыс орнату үшін тәжірибеде виртуалды  жеке желілер (Virtual Private Network, VPN) кең қолданылады. VPN – ортақ қолданылатын желілер ресурсының, мысалы Интернет желілерінің негізінде жасалған жеке желінің аналогы (4.5-сурет).  Ұйым бөлімшелерінің арасында Интернет желісінің ресурстарын пайдаланатын, бірақ провайдер қызметіне қосымша ақы төлеуді (Интернетке кіру төлемінен басқа) талап етпейтін  деректер беру арналары (Ipsec немесе L2TP хаттамаларының негізінде жұмыс жасайтын туннельдер) құрылады.

Пайдаланушының  компьютерінде ұқсас модемнің болуын болжайтын Dial-up режимі пайдаланушыларды ғаламдық желіге қосудың ең кең тараған  нұсқасы болып табылады; және де байланыстың телефон желілері арқылы жұмыс жасаған кезде хабарламаны  провайдерден пайдаланушыға берудің  шекті жылдамдығы хабарламаны кері жібергенде 56 Кбит/с-дан 33 Кбит/с-ға дейін  шектеледі.

 Қосылудың  тағы бір кең тараған нұсқасы  – сандық арналар арқылы деректерді  табыстау. ISDN желілері (Integrated Services Digital Network – біріккен қызметтердің  сандық байланысы) бастапқы кезден  деректерді де, сондай-ақ дауысты  да жеткізуге бағдарланған. Пайдаланушының  компьютері ISDN желіге әрқайсысының  кепілдікті өткізу қабілеті 64 Кбит/с  болатын екі сандық арна арқылы  қосылады. Аталмыш шешімді компьютерде  жүзеге асыру үшін  алдын ала  ISDN арнайы бейімдегіші орнатылуы  тиіс. Қазіргі таңда ISDN желілері  деректерді табыстау, ЖКЖ-ны біріктіру,  ғаламдық компьютерлік желілерге  қосылу, уақытша кешігуге сезімтал  трафиктерді табыстау (дыбысты, бейнені), телефонияны жүзеге асыру үшін  пайдаланылады.

Деректерді  табыстаудың жоғары жылдамдығын  қамтамасыз ететін көпталшықты сымды  пайдалана отырып, ғаламдық желілерге  кең жолақты қосылу технологиясы кеңінен қолданылады; бірақ, көпталшықты  сымды төсеу пайдаланушылардың  компактілі орналасқан бірнеше компьютерлерін, мысалы, көпқабатты үйлердің шағын  аудандарының шегін қамтыған кезде  ғана өтелетін айтарлықтай шығынды  қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.5-сурет. Корпорациялық деңгейдегі ақпараттық жүйелерді ұйымдастыру моделі

 

Жақын келешекте  қолданыстағы сымды жүйелерді, мысалы телефон желілерін жоғары деңгейде қолданатын технологияның қарқынды дамуы күтіледі. Олардың арасында телефон желілері арқылы бірнеше  километр қашықтықтан жоғары жылдамдықпен байланысуды (қосымша сандық трафик ұқсас телефонияның төмен жиілікті белгілеріне еш әсер етпестен жоғары жиілікті диапазонда қатар беріледі) қамтамасыз ететін DSL (Digital Subscriber Line –  сандық абоненттік желі) технологиясын пайдалану тез тарауда. хDSL-модемдері тобына жататын модельдердің арасында провайдерден пайдаланушыға деректер жіберу жылдамдығын 8 Мбит/с және кері бағытта 1,5 Мбит/с қамтамасыз ететін ADSL-модемдер (Asymmetric Digital Subscriber Line – ассиметриялық сандық абоненттік желі) өте танымал.

Соңғы жылдары  құрал-жабдықтар бағасының айтарлықтай  төмендеуінің арқасында сымсыз қол жеткізу технологиясы қарқынды дамып келеді. Техникалық сымсыз жергілікті компьютерлік желілер (СЖКЖ) қарапайым ЖКЖ-ға (комьютерді біріктіру үшін кабельді пайдалануға) қарағанда күрделірек. Пайдаланушылардың желіге қосылу нүктесінен ажыратқан және жұмыс жасайтын пайдаланушылардың санын ұлғайтқан кезде деректерді алу жылдамдығының азаюы СЖКЖ-ға тән ерекшелік болып табылады. Өткізудің қол жетімді алабы пайдаланушылар арасында оларға еш берілместен бөлінетін СЖКЖ ажыратушы желі болып табылады; нәтижесі – пайдаланушылардың әлеуетті аз саны қол жеткізудің бір нүктесі арқылы жұмыс жасайды (әдетте, 4-8 пайдаланушы).

Қазіргі таңда  екі сымсыз желілік технология дамып  келе жатыр: Wi-Fi және Bluetooth.

Wi-Fi (Wireless Fidelity – деректерді нақты сымсыз  беру) радиоарнасы арқылы беру  технологиясы 802.11* стандарты хаттамаларының  негізінде жүзеге асырылады, ал  едәуір кең тараған 802.11g стандарты  деректер алудың 54 Мбит/с ең жоғары  жылдамдығын анықтайды, алайда  нақты тиімді жылдамдық 30 Мбит/с  аспайды.

Bluetooth («көк тіс» технологиясы) технологиясы Bluetooth 1.0 айрықшалауына сәйкес 10 м қашықтықтан 721 Кбит/с дейін деректерді табыстау жылдамдығымен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Bluetooth 1.2 айрықшалауы деректермен алмасу қауіпсіздігінің деңгейін айтарлықтай арттыруға бағытталған.

ІР-телефония (Voice over IP, VoIP) сөйлеу мен деректерді қатар табыстауды қамтамасыз ететін алыстырмалы түрде дамып келе жатқан жаңа технология болып қала береді. Желіге ІР хаттамасымен бірге сөйлеу трафигінің қосылуы оның өткізу қабілетіне қойылатын талаптарды айтарлықтай арттырады. Телефон байланысының қолайлы сапасын қамтамасыз ету мақсатында сөйлеу трафигі пакеттерінің ықтимал кідірулерін қысқарту үшін QoS (Quality of Service – қызмет көрсетудің кепілдікті сапасы) алгоритмінің негізінде қабылданған шешім пайдаланылады. Ол қажетті пакеттерге басымдық дәрежесін белгілеуге мүмкіндік береді, соған сәйкес желідегі маршруттау оларға деректерді табыстауда артықшылық береді.

Интернет  желісіне қосылу қажеттігі туындаған  кезде оны ұялы телефоннан жүзеге асыруға болады, осылайша пайдаланушы тиісті құқықтары бола отырып, ұйымның ақпараттық ресурстарына қол жеткізе алады. Телефон және компьютер байланыстары үшін әдетте арнайы кабель пайдаланылады.

Жүйелі БҚ-ның  кең номенклатурасы қолдау көрсететін компьютерлер мен байланыс құралдары  дамуының қазіргі кездегі деңгейі  шешілетін міндеттер шеңберінің өзгерістеріне және сыртқы ортаның  әсерлеріне сәйкес ұйымның АТ-инфрақұрылымының жылдам бейімделуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ АТ-инфрақұрылымының бөлінген бөлімшелерінде қызмет атқаратын және ұйымның нақты бөлімшелерінде топталған қызметкерлердің жұмысын автоматтандыруға арналған ЖКЖ ұйымның АТ-инфрақұрылымының салыстырмалы түрде дербес типтік элементі болып қала береді. Телекоммуникация құралдары аумаққа бөлінген бөлімшелердің жұмысын біртұтас етіп біріктіретін ортақ ақпараттық кеңістік құруға мүмкіндік береді.

Алайда, ұйымның  АТ-инфрақұрылымын дамыту қара бастың қамы емес; ол жұмыс орындарындағы (қызметтік  қажеттелікте және олар ұйымнан тыс  жерлерде болған кезде) ұйым қызметкерлерінің нәтижелі жұмыс жасауына қолдау көрсетуі тиіс. Және де қызметтің әр түрлі  салаларындағы қызметкерлер жұмысының  нәтижелілігін арттыруға арналған АЖО-ның сапалық сипаттамалары  анықтаушы мәнге ие.

 

2.2. Экономикалық қызметтегі ақпараттарды автоматтандырылған өңдеу режимі

 

Нақты мазмұнына  қарамастан, деректерді өңдеу үдерісі  екі: пакеттік немесе диалогтық режимнің біреуінде  жүзеге асырылады.

Деректерді  өңдеудің пакеттік режимі пайдаланушының тікелей қатысуынсыз ары қарай орындалатын бірқатар тапсырмалардың (бағдарламалардың) бір пакетте қалыптасуын болжайды. Пакеттік режимді пайдаланудың негізгі мақсаты – компьютер ресурстарын тиімді пайдалану есебінен деректерді өңдеу үдерістерін жылдамдату. Пакеттік технологияның негізгі кемшілігі – пайдаланушының өңдеу үдерісінің орындалу барысында өзгерістерді жылдам енгізуге мүмкіндігінің жоқтығы. Әр түрлі АТ-ны жүзеге асырған кезде пакеттік режим қарқынды қолданылады: желімен берілетін пакеттерге топтық қызмет көрсететін Интернет желісі коммутацияларының тораптарында; ДҚ-да сақталған деректер негізінде әр түрлі есептер жасаған кезде; электронды поштамен жұмыс жасағанда (спамды жойғанда, поштаны қабылдағанда, оларда вирустың бар-жоғын тексергенде, өзінің хаттарын жібергенде); басқа бағдарламаларды қатар орындай отырып, фондық режимде бағдарламаларды орындағанда (мысалы, басу).

Пакеттік  режим компьютердің бастапқы жүктемесінде, яғни бағдарламалар берілген тәртіпте іске қосылып, оның алдын ала қалыптастырылған жүйелілігі орындалғанда жүзеге асады. Бағдарламалар атауындағы командалық файлдарды дайындау және оны ары  қарай орындау арқылы пайдаланушылар жүйелі іске қосылатын бағдарламалардың жеке жинақталымдарын қалыптастыра алады.

Деректерді  өңдеудің диалогтық режимі пайдаланушы мен жүйенің нақты уақытта, яғни өңдеу үдерісін тиімді басқаруға жағдай жасайтын болып жатқан оқиғаларға пайдаланушы реакциясының қарқынында хабарламамен алмасуын білдіреді. Көп пайдаланыушылар жүйесінде диалогтық технология барлық пайдаланушылардың (шешілетін міндеттердің) үдерістік уақытты уақыттың аз квантасымен ерекшелеген кездегі уақытты бөлу режимінде жүзеге асады. Мұндай кезде әр пайдаланушының оның деректерін өңдеу үдерісінің үздіксіздігі туралы пікірі қалыптасады.

Нақты уақыт  режимі (технология сияқты) деректерді өңдеудің диалогтық немесе пакеттік режимдерінен тыс жүзеге асуы мүмкін. Ол қандайда бір бұйымды, өнімді дайындау жөніндегі технологиялық үдеріске басқарушылық ықпал ету белгілі  бір технологиялық операциялардың орындалуымен немесе сыртқы ортаның  әсерлерімен байланысты өндірістік үдерістерге тән; және де адамның  қатысуы міндетті емес.

Интерактивті  режим, керісінше, адамның қатысуын болжайды. Жүріп келе жатқан автомобильді басқару интерактивті режимді жүзеге асырудың мысалы бола алады. Интерактивті режим нақты уақытта жүзеге асырылады, әдетте, адамның ағымдағы үдеріске ықпалын болжайды. Мысалы, қаржы  рыногындағы саудаға қатысушының  мінез-құлқын сипаттай отырып, оның қаржы  құралдарымен нақты уақыт режимінде  операция жүргізіп отырғанын айта кетуге болады. Егер ол сатылып жатқан құралдарға белгіленген бағаларға айтарлықтай  ықпал ете алса, онда ол рынокта  интерактивті режимде әрекет етеді.

Диалогтық режимнің кең таралуы бірқатар себептермен  байланысты: пайдаланушының тікелей  қатысуымен болатын деректерді өңдеу  үдерісінде міндеттерді шешуді қарастыратын кең міндеттер аясының болуымен; тікелей жұмыс орындарында пайдаланушымен интерактивті өзара әрекет жасауды  қолдайтын тиімді құралдары бар  ДК-ны пайдаланушының пайда болуымен; пайдаланушылардың кез келген қашықтықта өзара әрекет етуін қамтамасыз ететін ЖКЖ мен телекоммуникация құралдарының дамуымен.

Пайдаланушылардың жұмыс жасау режимдерін жіктеген кезде желілік режимге баса назар  аударылады. Алайда, желілік жүйе түсінігі көп деңгейде пайдаланушының компьютердегі  жұмысының ерекшеліктерін емес, АТ-ны тұтас жүзеге асыру ерекшеліктерін сипаттайды (4.1-тақырыпты қараңыз). Қазіргі  заманғы БҚ өзінің атқарымдық қолданысына  сәйкес, пайдаланушының желі ішінде бөлінген ресурстарға, сондай-ақ, оның өз компьютеріндегі  ресурстарға (кей кезде айтарлықтай  уақытша кешігулермен) қол жеткізуін  қамтамасыз етеді. Сәйкесінше, пайдаланушының желіде бөлінген ресурстармен жұмысы бұрын қарастырылған режимдердің (технологиялардың) аясында жүзеге асырылады.

Пайдаланушы интерфейсі дегеніміз – пайдаланушының қосымшалармен өзара әрекеттесу әдістерінің жинақталымы. Интерфейстің маңызды қасиеттері: жұмыстың нақтылығы, көркемділігі және ыңғайлылығы. Соңғы жылдары деректерді әр түрлі өңдеу мүмкіндіктері мен қолайлылығының арқасында Windows-ке-ұқсас күнделікті жұмыс үшін оңтайлы болды. Бірыңғай базалық интерфейсті қолдану түрлі қосымшалармен жұмыс жасағанда пайдаланушылардың бірдей реакциясын қалыптастырады, ал бұл қосымшаларды меңгеруге кететін уақытты қысқартып, олармен жұмыс жасағанда туындайтын қателерді азайтады және қолайлылық пен сенімділік береді.

 Диалогтық  технология негізінде пайдаланушы  интерфейсін жүзеге асырудың  белгілі типтеріне мезірет, үлгі, сұрау салу тілі, WIMP-, Web және SILK-интерфейстер  жатады.

Мезірет дегеніміз  – пайдаланушы таңдай алатын экрандағы  объектілердің (операциялардың) ретке  келтірілген тізімі. Көпдеңгейлі  мезіреттердің ең жақсысы – үш деңгейден тұратын жүйе. Windows-ке-ұқсас  интерфейсте мезіреттің мүмкіндіктері  барынша толық көлемде көрсетілген.

Информация о работе Экономикалық қызметте АЖ-ны технологиялық қамтамасыз ету