Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 20:25, реферат
Internet (бас әріппен жазылса) – кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік желі.
Кіріспе ………………………………………………………………………..
1. Аздаған тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер ……………...
2. Internet желісінің құрылымы ……………………………………………...
2.1.Бағыттауыштар………………………………………………………... 3.Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау……………………………
4. Internet-тің қызмет баптары………………………………………………..
4.1 World Wide Web құрылымы…………………………………………..
4.2 Көру жабдықтары……………………………………………………...
4.3 URL адрестері………………………………………………………….
5. Internet Explorer аспаптар тақтасы ………………………………………..
5.1Web парақтарын көрсетуді басқару………………………………......
6. Іздеу серверлері ……………………………………………………………
6.1 Usenet ………………………………………………………………….
7. URL адресі…………………………………………………………………..
7.1 Гипермәтін,гиперорта………………………………………………...
8. Глоссарий…………………………………………………………………...
Қорытынды…………………………………………………………………..
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………...
Web парақтарын қарап отырып, вирус жұқтырып алу мүмкін бе?
Жоқ,
Web парақтарын көру кезінде оның шінде
суреттер, бейнежазбалар, дыбыстар немесе
көлемді суреттер бар болса да, комьютерге
вирус кіре алмайды. Бірақ жаңа қолданбалы
не басқа программаны іске қосқанда, оларды
жүктегенде кез келген зақымданған программаны
іске қосқан сияқты компьютерге вирус
еніп кетуі мүмкін. Сондықтан программа
алынған желі торабы сенімді ме, жоқ па,
ол жағын әркім өзі шешеді. Автоматты көру
режимінде компьютерге вирус кіріп кетуі
мүмкін емес.
Глоссарий
ASCII (American Standard Code For Information Inter-change) – мәліметтер алмасудың американдық стандартты коды. Көптеген есептеу жүйелерінде мәтіндік (текстік) мәліметтерді бейнелеу үшін қолданылатын жеті разрядты екілік код.
Bit-бит.
Цифрлық информацияны кодтау бірлігі
(0 немесе 1, ИӘ немесе Жоқ). «Binary digit» сөздің
қысқартылған түрі.
Baud – бод. Сигнал түріндегі элементтер мөлшерінің бір сеукундта жіберілетін көлемімен анықталатын мәліметтер алмасу жылдамдығының өлшем бірлігі. Мәліметтері тізбектей алмасу кезінде – 1 бод=1 бит/секундқа сәйкес келеді. Басқаша жағдайларда тасымалданатын сигнал элементі бір биттен артық та бола береді.
BBS (Bulleten Board System) – Электрондық хабарландыру тақтасы, электронды тақтаның компьютерлік аналогі. Бұл модем арқылы байланысуға болатын компьютерде сақталатын мәлімеииер, онда басқаларға арналған хабарламаларды қалдыруға, бұрын жазылған мәліметтерді оқуға болады. Егер компьютерде сізге керекті программалар немесе басқа мәліметтер бар болса, оларды көшіріп алуға болады. Әдетте бұл бейкоммерциялық жүйе болып саналады.
Виртуалды (елестейтін) желі – виртуальная сеть – virtual network. Ортақ пайдаланатын (жалпы мақсатта) желі компьютердің бірсыпырасын бір-бірімен байланысты, бірақ олар өз графигін жөнелту үшін осы желінің тасымалдау мүмкіндігін пайдаланады. Осындай компьютер желісінің басқа машиналармен байланысатындай, бір-бірімен виртуалды түрде қатынасады.
Виртуалды (елестейтін) байланыс – виртуальное соединение – virtual connection. Байланысқан компьютердегі бір деңгейдегі екі модульді біріктіру, негізінде, ол мұнан төмен орыны көптеген деңгейлерден тұратын көпсатылы мәлімет алмасудан тұрады. Осындай жолмен мәлімет алмасу кезінде әрбір деңгейде тасымалданатын информация бірнеше рет түрлендіруден өтеді.
Виртуалды арна – виртуальный канал – VC (Virtual channel или virtual circiut). Дестелерді (пакеттерді) байланыстыру желілерінде – мәліметтің батапқы кезегін сақтай отырып (маршруттары әр түрлі болса да), екі торап арасында дестелердің тасымалдауын қамтамассыз ететін арналар. Виртуалды байланыс шақыру кезінде орнатылады да, байланыс сеанс аяқталған кезде жойылады.
Бөлінген
сымжелі – выделенная
линия – dedicated line (DL). Ол желідегі екі
нүктені тұрақты байлап, толығынан тұтынушы
қарамағына беріледі. Провайдер компьютері
арқылы орта мөлшердегі жергілікті желіні
(локальная сеть) Internet-ке қосу үшін қолданылады.
Бөлінген немесе тікелей қатынас құру – выделенный или непосредственный прямой доступ – dedicated access. Internet-ке қосылған тұтынушылардың барынша жоғары мүмкіндіктерді пайдаланып қатынас құру мүмкіншілігін орнату. Мұндайда Internet-ке қосылып жұмыс істеу бірден хост арқылы жүргізіледі.
Domain – домен. Бір компьютермен басқаратын немесе бр желілік машинасының (желі торабының) басшылық етумен істейтін информацияның желі қорлары (ресурстары) табылды.
DOS (Disk Operation System) – дискілік операциялық жүйе. Ол жүйенің пограммалық жасақтар тобына жатады. Көп жағдайларда DOS ұғымына IBM компьютеріне арналған Microsoft фирмасы ұсынған программалық жасақтар жатады.
Қашықтан жүтеу – удаленная загрузка – download. Қашықтағы компьютерлердің мәліметін жұмыс істеп тұрған тұтынушы (қолданбалы) компьютеріне жіберу (алдыру).
E-mail (Electronic – Mail) – электрондық почта. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі.
FAQ (Frequently Asked Questions) – жиі қойылатын сұрақтар, яғни жиі қойылатын сұрақтар мен олардың жауаптарының тізімі. FAQ тізімдері көптеген Usenet жаңалықтар топтарында және кейбір телеконференцияларда болады.
FIDO (FIDONET) – ауқымды бейкоммерциялық виртуалды компьютерлік желі. Ол мәліметтерді тасымалдау ортасы ретінде қарапайым телефондық байланыс желілерін қолданады.
Gopher – Internet ресурстары мен сервистерін іздеу, олармен байланысу және пайдалану үшін қолданылатын интерактивті қоршау программасы.
HTTP (Hyper Text Transmission Protocol) – гипермәтінді жіберу хаттамасы. WWW-да клиент пен сервер арасында қатынас болу үшін қолданылатын хаттама.
Шоғырлауыш – концентратор – hub Жұлдыз тәрізді топологияны желідегі орталық құрылғы. Бұларда жұмыс станциялары арасындағы мәлімет алмасу тек орталық құылғы арқылы іске асырылады
IP (Internet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желіаралық хаттама interface – йнтерфейс. Жалпылап айтқанда – екі жүйенің бір-бірімен қатынасуы үшін қолданылатын аппараттық және программалық жабдықтар жиыны. Программалық деңгейде компьютерлер экранында информацияны көрсеу және онымен жұмыс істеп тұрған қолданбалы программаның сервистік функцияларын бейнелеу тәсілдері.
KOI – 8 (KOU-8) – мәлімет алмасудың сегіздік коды, ол көптеген жүйелерде, мысалы, UNIX жүйесінде қабылданған. Ресей территориясындағы Интернет желісінде тасымалданатын мәліметтерді көбінесе осы тәсілмен кодтау қалыптасқан болатын. KOU – 8 тәсілмен кодталған мәліметтерді басқа жүйелерде (DOS, Windows) оқу үшін почта программалары мен броузер программалар қайта кодтауыш жүйелермен қамтамасыз етіледі.
Бағыттауыштар (маршрутизаторы) – желі тораптары болып келетін серверлерде жұмыс істейтін арнайы аппараттық – программалық жабдықтар жиыны.
MINE (Multipurpose Internet Mail Extentions) – интернет почтасын жалпы мақсаттарға байланысты кеңейту. Бұл беймәтіндік мәліметтерді, мысалы, графиканы, аудиомәліметтерді, факстерді, т.с.с тасымалдай алатын электронды почтаның кеңейтілген стандартты болып табылады.
Желі тарабы – узел сети – node. Бірдей хаттамаларды пайдаланып желілерді байланыстыратын компьютерлер.
Pentium – латынша «бес» деген сөз. Әмбебап дербес компьютерлерге арналған Intel фирмасының жасап шығарған процессоры, олар бұрынғы 486 – типті проессор орнына пайдаланылады.
Көрсеткі – Browser – обозреватель, броузер (кейде браузер) Гипермәтінді (Гипертексті) көру программасы. Ол «to browse» - парақтау, қарау деген ағылшын сөзінен шыққан атау (зат есім). Қазіргі кезде бұл сөз WWW мәліметтері парақтарын аралап көру программасының жалпы аты ретінде қалыптасты. Мысалы: Microsoft Internet Explorer; Netscape Navigator, Mosaic. Кейде мұндай программаларды навигатор деп те атайды.
Internet-те қызмет көрсету провайдері – провайдер интернет – провайдер сервиса в Internet – ISP (Internet Service Provider). Internet-пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.
TCP/IP тобының хаттамалары – TCP/IP (Transmission Control Protocol/ Internet Protocol) - АҚШ қорғаныс министрлігі жасаған қолданбалы программалар мен тасымалдау хаттамалары жиыны. TCP/IP хаттамаларының іс жүзінде стандарт есебінде (де – факто) қолданылатыны белгілі. Ол UNIX операциялық жүйесінің құрамына кіреді, дегенмен кез келген операторлық ортада пайдаланыла береді. ТСР мен ІР тәрізді мұның да құрамына UDP тасысалдау деңгейі және SNMP желілік басұару хаттамалары бар, оған қоса қолданбалы деңгейдегі Telnet, FTP, SMPT сияқты хаттамалар да кездеседі. TCP/IP спецификациялары (Қолдану фарматтары) PFC құжаттарда жазылған.
Site – сайт. Бір адамның меншігіндегі өзіндік URL – адресі бар World Wibe web парақтарының жиыны. Тұтынушы белгілі бір сайтты көру үшін броузер – программасында оның адресін көрсету тиіс, мысалы, огонек журналы сайтының адресі мынадай: http://www.ropnet.ru/ogonyek/.
telnet - 1. Internet хаттамалары ішінен алынған виртуалды терминал хаттамасы. Internet – тегі басқа компьютерлік жүйелерге кіріп, жай тұтынушы ретінде жұмыс істеу мүмкіндігін береді.
2. telnet хаттамасын пайдаланып қашықтағы есептеу машиналары жүйелеріне кіру мүмкіндігін береді.
TCP/IP – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуда қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы. Ол Internet технологиясы үшін іргелі ұғымдардың бірі болып саналады. (TCP хаттамасы IP хаттамасына негізделген).
TCP
(Transmission Control Protocol) – мәліметтерді
жөнелту ісін басқаратын
Usenet – бір-бірімен жаңалықтар алмасып отыратын бейкоммериялық, бейформалдық, дәлірек айтқанда анархиялық жүйелер тобы. Жаңалықтар басқа желілердің жаңлықтарына ұқсайды. Басына Usenet бірнеше компьютерден тұратын UUCP желісі болатын. Usenet Internet-ң ішінде орналасады, дәлірек айтсақ оның жартысынан көбі Internet-те жазылған.
URL – “Uniform Resource Locator” – «ресурстардың әмбебап атауы». Бұл жерге қосылған компьютердің Web-тегі адресін нақты, әрі дәл белгілеп, олардың орналасуын ыңғайлы және бір мәнді түрде анықталған адрестеу тәсілі. URL адресінің ішінде бос орын таңбасы болмауы қажет.
Homepage – Web жүйесіндегі байланыстан мәліметтерді алғашқы іске қосу (үй парағы) парағы. World Wide Web жүйесіне саяхатты бастаған парақ, ол сайттың да алғашқы беті болып саналады.
Хост – host. Белгілі бір тораптың (түйіннің) желілік компьютері, ол желілік функциялардан басқа тұтынушының тапсырмаларын да орындайды (программалар, әр түрлі есептеу жұмыстары).
Hypertext – гипермәтін (гипертекст) – ішінде активті, яғни екпінді элементі (anchor) бар мәтін, мысалы, осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын сөз. Гипермәтінді оқу үшін browser – броузер деп аталатын арнайы көру прогшраммасы қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп ENTER пернесін бассақ (сілтеп тұрған) басқа құжатты оқимыз. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда, Web жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып, бейнежазба, сурет немесе жазылған дыбыс күйінде мүмкін.
Workstation
– жұмыс станциясы (торап,
WWW
(World Wide Web), Web – дүниежүзілік кеңейтілген
өрмек - әр жерде орналасқан мәліметтер
базасындағы керекті ақпараттарды Internet
– тегі гипермәтіндік логика арқылы іздеп
табатын тармақталған гипермедиялық информациялық
жүйе. Мұнда басқа файлдармен байланысты
кұсқап тұратын белгіленген өзекті сөздер
болады. Ол алғашқы рет CERN-дегі ядролық
зерттеулер орталығында жасалған. WWW Internet-тегі
барлық құжаттар және мултимедиялық ресурстарды
сипаттайтын термин. Бұл мәліметтерді
пайдалану жолында оларды оқып көру үшін
Microsoft Internet Explorer; Netscape Navigator сияқты программаның
жабдықтары қолданылады. Олар Internet-тен
керекті құжаттарды іздеп табуға, қарауға,
жазып алуға мүмкіндік береді. «Гипермәтін»
(байланысқан мәтіндер) мүмкіндігі Web мәліметтерінің
бірінен-біріне көшуді жеңілдетеді.
Қорытынды
Мен осы университеттің Есептеу техникасы және программалық қамтамассыз ету бөліміне түскеніме өте қуаныштымын. Себебі, бұл мамандық менің арманым болатын.
Мен осы курстық жұмысты жаза отырып, Интернет туралы жетік меңгердім.
Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстарып турған орасан зор колмьютерлік желі, ол хаттама (протокол) деп аталатын біріңғай стандарттан жұмыс істейді. Желідегі компьютерлерде мәтін (текст), сурет, аудио-бейнематериалдар, т.с.с өте үлкен ақпарат көлемі сақталады.
Желіні пайдаланудың ең негізгі түрлеріне – Бүкіләлемдік өрнек, электрондық пошта, желілік чат (әңгімелесу) және дискуссиялық топтар (конференциялар) жатады. Желіге қойылатын ең негізгі талап – байланыс арналары елеулі өзгерістерге ұшырағанмен, кез келген жағдайда информацияны бір орыннан екінші орынға сенімді түрде жеткізу қажеттілігі болып саналады. Желі тораптарының (түйіндерінің) бірсыпыра бөлігі істен шықса да, қалғандары өз жұмысын атқара алатын қалыпта қалуы тиіс болды.