Интернет ұғымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 20:25, реферат

Описание работы

Internet (бас әріппен жазылса) – кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік желі.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………………………..
1. Аздаған тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер ……………...
2. Internet желісінің құрылымы ……………………………………………...
2.1.Бағыттауыштар………………………………………………………... 3.Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау……………………………
4. Internet-тің қызмет баптары………………………………………………..
4.1 World Wide Web құрылымы…………………………………………..
4.2 Көру жабдықтары……………………………………………………...
4.3 URL адрестері………………………………………………………….
5. Internet Explorer аспаптар тақтасы ………………………………………..
5.1Web парақтарын көрсетуді басқару………………………………......
6. Іздеу серверлері ……………………………………………………………
6.1 Usenet ………………………………………………………………….
7. URL адресі…………………………………………………………………..
7.1 Гипермәтін,гиперорта………………………………………………...
8. Глоссарий…………………………………………………………………...
Қорытынды…………………………………………………………………..
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………...

Работа содержит 1 файл

Internet ugimi.doc

— 593.50 Кб (Скачать)
 

Мазмұны

Кіріспе ………………………………………………………………………..

1. Аздаған тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер ……………...

2. Internet желісінің құрылымы ……………………………………………...

     2.1.Бағыттауыштар………………………………………………………... 3.Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау……………………………

4. Internet-тің қызмет баптары………………………………………………..

     4.1 World Wide Web құрылымы…………………………………………..

     4.2 Көру жабдықтары……………………………………………………...

     4.3 URL адрестері………………………………………………………….

5. Internet Explorer аспаптар тақтасы ………………………………………..

      5.1Web парақтарын көрсетуді басқару………………………………......

6. Іздеу серверлері ……………………………………………………………

      6.1 Usenet ………………………………………………………………….

7. URL адресі…………………………………………………………………..

      7.1 Гипермәтін,гиперорта………………………………………………... 

8. Глоссарий…………………………………………………………………... 

Қорытынды………………………………………………………………….. 

Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………... 
 
 
 
 
 
 
 

                                     

               

                                                    
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

                             

                     Internet (бас әріппен жазылса) – кез келген компьютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік желі. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды (глобальный) желі деп атайды. Осылай   телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер бір-бірімен ТСР/ІР хаттама (протокол) ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір нұсқада, яғни бір тілде “сөйлейді” деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық Телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет желісі көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып (беріп), басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынысу жұмыстарын жұргізуге мүмкіндік бар.

           ТСР/ІР- Интернет желісіне қосылған  компьютер арасында ақпарат алмасуды қамтамассыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ержелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.

           ІР-(Internet Protocol)-мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желіаралық хаттама.

           TCP (Transmission Control Protocol)- мәліметті жөнелту  ісін басқаратын 

хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.

           Интернет жүйесін пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ көптеген елдерді,  қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды  көріп, дүниежүзілік мәдени және  ғылыми жетістіктермен танысып,  оларға өркениетті елдің азаматы ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.

          Интернет (кіші әріппен жазылса)  – ТСР/ІР хаттамалары негізінде  желіаралық байланысу технологиясы.

                                      

Аздаған тарихи деректер мен  статистикалық мәліметтер

             INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіру себеп болған 70-жылдар басында АҚШ қорғаныс министірлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделігіне байланысты жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.

            Дегенмен   INTERNET тек желі ғана  емес, ол – желілердің желісі. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды.

           Оның қарапайым желілік нүктелері  өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.

            INTERNET-тің бір ерекшклігі оның  құрамындағы көптеген компьютерлер  нақты BBS тәрізді жұмыс істейді  (шындығында, INTERNET компьютерлердің  көпшілігі BBS сияқты істемейді,  бірақ әркім одан файлдар алып, мәліметтер базасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға мұрсат алады). INTERNET-ке қосылу дегеніміз – басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университеттердің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлардағы көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, клиптерді, беинелерді және т.б цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз.

             INTERNET информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін INTERNET-тегі жүйенің номерін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен байланысып, өзіңізге қажетті материалға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз, NASA құжаттарында, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ құпия архивтерін де оқуыңызға болады екен.

      INTERNET желісін сипаттау үшін оны  телефон жүйесімен салыстыру  қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы  бомайтыны сияқты INTERNET компаниясы да біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісім арқылы ортақ пайдалануға арналған. Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, «телефон жүйесі» қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұқитаралық кабель құнын – кімдер, қалай бөлісіп көрсететінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. INTERNET желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.

      INTERNET-ті  пайдаланудың нақты себептері  өте көп. Мысалы, сіздің Бурабайға  барып демалғыңыз келіп отыр, сол жердегі акваланкпен жүзуге  ыңғайлы орын туралы білгіңіз  келеді делік.

      Олай  болса, «scuba» (акваланг) жаңалықтар тобын  қарап шығу керек, мүмкін сонда енгізіп, күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп  қалар (үлкен ықтималдықпен жауап  алатыныңызға сенгіңіз келеді).

      Әлде  әр түрлі заттар жинайтын коллекционермен  танысқыңыз келе ме, жоқ әлде торт жасау рецептерін іздейсіз бе? IBM супер компьютермен шахмат ойнауға қандайсыз? Периодты әдебиет жөніндегі анықтамалықты қарап, ресей журналдарын оқуыңызға болады.

      INTERNET-тің  бар мүмкіндіктерін, онда жиналған  мәліметтерді де түгел айтып  беру қиын. Оның үстіне күнбе күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.

      INTERNET-пен  байланысқан провайдер компаниясы  деп аталатын мекемелер әрбір  компьютерді INTERNET-ке қосып бере  алады. Желіге қосылудың бірнеше  түрі бар, олар:

      -қосылып  тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);

      -тұрақты  қосылып тұрмайтын байланыстар  (кіру жолдары);

      -почталық  байланыстар.

        Бұл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың ерекшеліктерін қарастырайық.

      Тұрақты қосылып тұратын  байланыстар – мұнда жеке компьютерлер тікелей ТСР/ІР желісіне қосылған (Transmission Control Protocol/ Internet Protocol –жеткізуді басқару протоколы/ интернетті протоколы) түрінде болады, бұл INTERNET-тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютерлер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютерлермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.

      Ерекшеленген  немесе  тұрақты тура байланыс тек  ірі компаниялармен корпараияларда болады. Провайдер – компания осындай  мекемеде бағдарлауыш орнатып, бағдарлауыш INTERNET-ке қызмет ететін компьютермен (хост – компьютері) қосатын телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен INTERNET арасындағы байланыс тұрақты сақталады, сондықтан провайдер – компаниясының компьютермен байланысуға телефон шалу қажет емес, ауқымды желіге  әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне INTERNET арқылы мәлімет жібере алады.

      Қосылып тұратын тура байланыс көбінесе SLIP, Point-to-Point  протокол немесе РРР деп аталады (Serial Line Internet Protocol –тізбекті желі үшін INTERNET хаттамасы, Compessed Slip – тығыздалған Slip, Point-to-Point Pro Protocol – «нүкте – нүкте» хаттамасы). Ал XRemote деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұл да TCP/IP секілді, бірақ телефон каналын тұрақты пайдалануға негізделген, ыңғайлылығы жағынан бұл түр тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында тұр.

      Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттылығына қарай әр компьютерге қойылмайды да, оның орнына Slip (арзан болғандықтан) қолданылып келеді. Ол желіге телефон арқылы қосылатындақтан, модем мен бір телефон номері қажет болады. Солар арқылы хост – компьютермен байланыс орнатылған соң, Slip-пен қосылып тұрмайтын байланыс аралығында (жылдамдықтан басқа) ешбір өзгеріс жоқ.

      Почталық  байланыс. INTERNET-пен қосыла алатын бірнеше почталық байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServer болып келген компьютерлер бірден INTERNET-пен почталық байланысқа кіре алады. Олар өз почтасын INTERNET-ке беріп, одан да бірден хат – хабар ала береді. CompuServer жүйесінде почта адресі алдына INTERNET деп жазылып қойылады. Бұл ортада әр түрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік көмек (network gateways) деп аталады, олар INTERNET желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.

      Почталық қатынастың қолмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі тағы бір түрі бар, бірақ ол тек почта жүйесімен қосыла алады. Тағы да UUCP деген почталық байланыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін жұмыс істейтін программа арқылы орнатылады.

                                        

                             

      Интернет  желісінің құрылымы

      Әрбір тұтынушы компютерді телефон арналарымен түйінді машиналармен байланысты. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір-бірімен қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді машиналар кез келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет, олар: тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта   жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды; ақпараттық серверлер деп аталатын мәлімет жинақтаушы компьютермен жұмыс істейтін оптикалық түрдегі байланысу ісін қамтамассыз етеді.

      Ақпараттық  серверлер – дегенеіміз қалың көпшілікке арналған әрбір тұтұнушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз (газет-журналдар), жарнамалар т.с.с. мәліметтер сақталады.

      Желіге  қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын айрықша өзіндік адрес (ІР-адрес) беріледі, адрес компьютердің типімен (ІВМ, Macintoch), операциялық жүйенің түрімен (MS DOS, Windows 98, Windows NT), байланыста болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адрес көрсетілген компьютерге келіп түседі. Түйінді машина мәліметтерді тасымалдау кезінде хабарды жіберген және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс барысында ол байланыс арнасының аралықтарын тиімді түрде пайдаланады. Бұл мүмкіндік INTERNET-ті қазіргі кездегі ең жылдам, әрі арзан, әрі сенімді байланыс жабдығына айналдырды деуге болады.

      Ал, енді түйінді машиналар жұмысы қалай  ұйымдастырылған, INTERNET-те адресті кім тағайындайды, компьютерлер арасындағы байланыс қалай қамтамассыз етіледі, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге келсек, бұның бәрін істейтін арнайы қоғам – INTERNET провайдері деген ұйым мекеме бар. Мысалы, Алматыда INTERNET провайдері болып қызмет атқаратын INTERNET трейнинг орталығы NURSAT, S&G Communications, Parasang Қазақтелеком Астел Арна Спринт т.с.с. мекемелер жұмыс істейді.

      INTERNET-те  қызмет көрсету провайдері –  (Internet Service Provider), INTERNET-пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.

                                    

      Бағыттауыштар

      Ақпаратты сақтау – желіге қосылған тұтынушыларға қызмет етуде арналған сервердің ішікі функциясы. Бұл қызметі үшін сервер провайдер ретінде ақша алады. Ал, сервердің сыртқы функциясына – ақпаратты тасымалдау жатады. Мысалы, Лос-Ан,желестегі сервермен алматыдағы компьютер (клиент) арасында байланыс болу үшін, жіберілген ақпарат жолдағы он шақты түйінді серверлерден өтуі керек. Алғашында, ол Алматыдан Мәскеуге барады, содан соң Хельсингке, ары қарай Европалық желі түйіндер арқылы транслантик кабелімен АҚШ-қа жеткізіледі. Ал егер ол бағыт бос болмай қалса, онда мәлімет бірден спутникалық арналармен Мәскеуден тура Нью-Йоргке кетіп қалуы да мүмкін. Ақпараттың қай жолмен жүретінін алдын ала болжауға болмайды, бұл ешкімді қызықтырмайды да.

Информация о работе Интернет ұғымы