Белгілі баспа жүйесі Аdobe page Maker

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 17:37, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі әлемде көптеген мамандық иелерінің өкілдеріне столүстілік баспа жүйесі және бейнелермен жұмыс істейтін тәсілдер өте қажет. Бұл тираждауға даярланып арналған баспа өнімдерін дайындау және үлгілерін құрудың аппараттық және бағдарламалық құралдар жиынтығы

Содержание

1.PageМaker бағдарламасының қызметі
2. Баспа жұмысының компьютерлік технологиялары
3.PageМaker бағдарламасымен танысу
4.Қондырғыларға және бағдарламалық қамсыздандыруға арналған талаптар
5.PageMaker көмегімен графикалық объектілерді құру

Работа содержит 1 файл

Комп..doc

— 1.09 Мб (Скачать)

    Түзу  сызықтар.

    Келтірілген сызықты салу үшін, яғни қатаң көлденец, тік немесе 450 бұрылған, «Келтірілген» («Приведенная») құралын таңдаңыз. Көрсеткіш крест түріне енеді. Тышқанды тартып қажетті сызықты саламыз.

    Дербес  бағыттағы сызықты тура сол сияқты салады, бірақ «прямая» құралын таңдау қажет. Бұл құралдардың көмегімен тек қана жалғыз қиындылар салуға болады.

    PageMaker бағдарламасында сыртқы түрі фреймдерге ұқсас, бірақ оларға мәтінді немесе графиканы орналастыруға болмайтын объектілерді құруға мүмкіндік беретін құралдар тобы бар. Олардың фреймдерден айырмашылығы қиылысатын сызықтардың болмауында.

    Сынық сызық.

    Сынық сызықты «көпбұрыш» құралының көмегімен  салуға болады. Бірінші, екінші, үшінші т.с.с нүктелерінде шертіңдер. Бұл нүктелердің барлығы сынық сызықтармен байланысқан. Сынықты аяқтау үшін соңғы нүктеде екі рет шертіңдер.

    Тұйық жиекті құру үшін оның соңғы нүктесін бастапқы нүктемен қосу керек. Сіз оған түскеніңізді көрсеткіштің жанында  пайда болған төртбұрыш түрінен  білесіз. Сол кезде жиек автоматты  түрде аяқталады.

    Габариттік  жақтау. Сіз сынықты аяқтаған кезде назар аударсаңыз оның жанында қара төртбұрыш аршылармен және қабырғаларының ортасында – шектеуіштер – көрінбейтін төртбұрыш габариттік жақтау пайда болады. Бұл жақтау объектінің өлшемдерін анықтайды. Сондай-ақ габариттік жақтау ерекшеленген объектілердің жанында пайда болады.

    Төртбұрыштар  мен шаршылар.

    «Төртбұрыш» құралын таңдаңдар. Келешек төртбұрыштың жоғарғы бұрышына меңзерді орналастырып көрсеткішті қарсы бұрышқа шертіп тартыңдар. Шаршы салу үшін көрсеткішті Shift пернесін басып тұрып тартыңдар.

    Төртбұрышты немесе шаршыны салып оның бұрыштарын дөңгелектеуге болады. «Көрсеткіш»  құралымен оны шертіп ерекшелейміз және Элемент/Дөңгеленген бұрыштар (Элемент/Скругленные углы) командасын орындаймыз. Диалогтік терезеде қажетті дөңгелектеуді таңдаңыз.

    Эллипстер мен шеңберлер.

    Эллипстер мен шеңберлер тура төртбұрыштар сияқты салынады. Shift пернесін басса шеңбер салынады.

    Көпбұрыштар мен жұлдыздар.

    Симметриялық  және дұрыс көпбұрыштар және жұлдыздар  бір құралмен «Көпбұрыш» («Многоугольник») салынады. Фигураны салмас бұрын Көпбұрыш диалогтік терезесінде оның параметрлерін беру керек. терезені шақыру үшін құралда екі рет шерт немесе Элемент/Көпбұрыш (Элемент/Многоугольник) командасын орындаңдар.

    Жақтар  саны (Число сторон) өрісінде көпбұрыштың немесе жұлдыздың санын енгізіңдер, Сәулелердің тереңдігі (Глубина лучей) өрісінде – жұлдыздың сәулелерінің тереңдігін енгізіңдер. Келесі суретте төбелерінің саны 3, 4, 5 және  6 үш көпбұрыш және төбелерінің саны бірдей, бәрақ сәулелерінің тереңдіктері 30% және 50 % әр түрлі екі жұлдыз салынған.

     Диалогтік терезеден  шығып осы фигураларды салыңдар. Егер бұл кезде Shift пернесін басып ұстап тұрсақ, дұрыс фигура салынады.

    Бояу  мен жиектің атрибуттары. Фигураны салып болған соң Элемент/Түс және Сызық (Элемент/Фон и Линия) командасын орындау арқылы оның бояуы мен жиектерінің атрибуттарын таңдаңдар.

    Түстік  палитра. Жиектің түсі мен объектілердің бояуын беру үшін түс палитрасы қызмет атқарады. Терезе (Окно) мәзірінен Түстерді көрсету (Показать цвета) командасын орындаңдар. 

 

       

                                                 Қорытынды

       Қолданбалы бағдарламалық қамсыздандыру бойынша дәрістер курсы «Ақпараттану» (күнтізбе, жедел оқыту) , «Ақпараттық жүйелер», «Аударма ісі» мамандықтарының суденттерін оқыту және дәріс оқу тәжірибесі негізінде даярланған.

       Ол Мемлекеттік стандарт пен Типтік оқыту жоспарының мазмұнында қарастырылған PageMaker 6.5 , CorelDraw 9 бағдарламалық өнімдерінің барлық бөлімдерін қамтиды.

       Дәрістер сыналған, студенттер материалды берудің жетіктілігін, нақты, айқын және қысқа болуын белгілейді, өйткені атап өтілген бағдарламалық өнімдер бойынша әдебиеттер көп, олар негізінен мамандарға арналған.

       Бұл дәріс курсы PageMaker 6.5, CorelDraw 9 болжамдарына бағдарланған. Қазіргі уақытта кейбір сәйкес келмеушіліктері бар басқа болжамдар құрылған, бірақ білікті қолданушы пайда болған ахуалдан шыға алады.

       Келешекте барлық тақырыптар практикалық мысалдармен, бақылау сұрақтары және тестік тапсырмалармен бекітілген толық мазмұнды дәрістер курсын шығаруға болады.  

       ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

              1. Панкратова Т.В. Настольная издательская система Adobe PageMaker /Т.В. Панкратова. – М.: Издательство «ЭЛИОТ» - «ПРИОР», Москва, 1998
              2. Миронов Д. CorelDraw 9: учебный курс/Д.Миронов. СПБ.: Издательство  ««Питер», 2000. -464с.: ил.
              3. Глушаков С. В., Кнабе Г.А. Adobe для дизайнера / Шеф-редактор С.В. Глушаков; Худож.-оформитель А.С. Юхтман. – Харьков: Фолио, 2002. – 696 с. – (Учебный курс).
              4. Апышева Х.К. Графический редактор «COREL DRAW 9» / Х.К.Апышева, З.З. Оразалина / ВКГУ. – Усть-Каменогорск: Издательство ВКГУ, 2003. – 93 с.
              5. Апышева Х.К. Первые шаги в PageMaker: учебно-методическое пособие, - Усть-Каменогорск, 2002. – 68 с.
              6. Журнал Информатика и образование, № 8-1999
              7. Кириленко А.П. Самоучитель по компьютерной верстке /А.П.Кириленко. – Киев: Издательская группа BHV, 2000. – 608 с., ил.
              8. Тайц А. Самоучитель CorelDraw9/А.Тайц, А.Тайц. СПБ.: БХВ - Санкт-Петербург, 1999.-688с.: ил.
              9. Понамаренко С.И. CorelDraw9/С.И.Понамаренко. СПБ.:БХВ-Санкт-Петербург, 2000. -560с.:ил 

Информация о работе Белгілі баспа жүйесі Аdobe page Maker