Белгілі баспа жүйесі Аdobe page Maker

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 17:37, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі әлемде көптеген мамандық иелерінің өкілдеріне столүстілік баспа жүйесі және бейнелермен жұмыс істейтін тәсілдер өте қажет. Бұл тираждауға даярланып арналған баспа өнімдерін дайындау және үлгілерін құрудың аппараттық және бағдарламалық құралдар жиынтығы

Содержание

1.PageМaker бағдарламасының қызметі
2. Баспа жұмысының компьютерлік технологиялары
3.PageМaker бағдарламасымен танысу
4.Қондырғыларға және бағдарламалық қамсыздандыруға арналған талаптар
5.PageMaker көмегімен графикалық объектілерді құру

Работа содержит 1 файл

Комп..doc

— 1.09 Мб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым министірлігі Академик Е.A.   

          Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

 

Курстық жұмыс

Белгілі баспа жүйесі Аdobe page Maker 
 
 

                                                            Дайындаған: Метжанова.A.Ж

                                                              Тексерген: 
 
 

Қарағанды 2011

                                               МАЗМҰНЫ 

І бөлім Adobe PageMaker 6.5 

1 ADOBE PAGEMAKER 6.5 туралы жалпы мәліметтер 

    1. PageMaker бағдарламасымен танысу 
    2. PageMaker бағдарламасының қызметі  
    3. Басқа жұмысының компьютерлік технологиялары 
    4. Қондырғыларға және бағдарламалық қамсыздандыру арналған талаптар 
    5. Word және PageMaker бағдарламаларының айрықша функциялары 
    6. PageMaker-дегі шрифтер 
    7. Графикалық бейнелердің пішімдері 
    8. Негізгі жағдайлар 

2 PAGEMAKER ИНТЕРФЕЙСІ 

2.1 PageMaker бағдарламасының терезесі  
 
 
 
 
 
 
 

                                           Жоспар:

1.PageМaker бағдарламасының қызметі

2. Баспа жұмысының компьютерлік технологиялары

3.PageМaker бағдарламасымен танысу

4.Қондырғыларға және бағдарламалық қамсыздандыруға арналған талаптар

5.PageMaker көмегімен графикалық объектілерді құру

 
 
 
 
 
 
 
 

                                         

             КІРІСПЕ

       Қазіргі әлемде көптеген мамандық иелерінің өкілдеріне столүстілік баспа жүйесі және бейнелермен жұмыс істейтін тәсілдер өте қажет. Бұл тираждауға даярланып  арналған баспа өнімдерін дайындау және үлгілерін құрудың  аппараттық және бағдарламалық құралдар жиынтығы.

       Алғашқы столүстілік баспа жүйелері Apple Computer фирмасы алғашқы жоғарғы сапалы баспаға шығарылатын лазерлік принтер құрастырған кезде 1980 жылдары дербес компьютерлердің негізінде пайда болды. 

       Бұл принтерлердің пайда болуы баспа  жүйесін қамтамасыз етуге мүмкіндік  беретін аппараттық және бағдарламалық құралдардың тез қарқынмен дамуына ынталандыру болды. Столүстілік баспа жүйелерінің пайда болуы типографиядан қарапайым жұмыс столына баспа шығаруды дайындаудың  негізгі кезеңдеріне мүмкіндік туды.

       PageMaker бағдараламсы 1984 жылы Aldus фирмасымен жасалып шығарылды және кейіннен Adobe фирмасымен сатып алынды. Содан бері бағдарламада ешқандай өзгеріс болған жоқ, себебі олардың интерфейсі мен функционалдық мүмкіндіктері өте ұқсас. Бағдарлама Windows графикалық қабыршағының кең таралу негізінде тез дамыды және столүстілік баспа жүйелерінің арасында көшбасшысы болды.

       PageMaker басқа туысқан Adobe Illustrator және  Adobe Photoshop бағдарламаларымен тамаша бірлеседі. Жаңа интерфейске байланысты бұл бағдарламалардың барлығы енді өте ұқсас палитралары, мәзір командалары және бағдарламалар арасында жеңіл ауысуға мүмкіндік беретін шапшаң пернелері бар.

       Сондай-ақ Интернетте жариялымдарды да даярлауға  болады. Гиперсілтемелер палитрасы  гипермәтіндік сілтемелерді құруға рұқсат береді, броузерлердегі Web-адресті жылжытуға, содан кейін PageMaker-ден шықпай-ақ олардың бар болуын тексереді.

       Ақпарат түрлерін қабылдау үшін біршама тиімді және қолайлы болып, бар және болашақта  болатын графикалық ақпарат болып  табылады.  Сондықтан  мамандық іс-әрекетінің  кез-келген түрінің графикалық деректер үлесі үздіксіз өседі. Компьютерлік графикамен жұмыс- ДК қолданудың ең бір танымал бағыты, сондай-ақ бұл жұмыспен тек қана маман суретшілер және дизайнерлер айналысып қана қоймайды. Кез-келген кәсіпорында уақыт өћткен сайын жарнамалық хабарламаларды газеттерге және журналдарға немесе жай жарнамалақ беттерге немесе буклетке беру қажеттілігі туады.  Олай болса, бейнелермен жұмыс істейтін құралдар және бұл құралдармен сауатты жұмыс істей білетін мамандар қажет.   Графикалық ақпартпен жұмыс істеу құралының бірі болып   CORELDRAW 9 (COREL канадалық фирмасы, 1999 жылы шыққан) бағдарламсы болып табылады.

       CorelDraw- мәтіндерді, логотиптерді, суреттемелерді, кітап және журналдардың мұқабасын, этикеттерін және т.б әдемілеп көркемдеу үшін арналған суретші-дизайнер құралы. Бұл бағдарлама өнеркәсіптік және полиграфиялық дизайнде және жарнамалық өнімдерді даярлауда, жариялымдарды дайындауда және  WEB– түйіндерінің бейнелерін құруда қолданылады.

       Берілген  дәріс курсы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі компьютерлік беттеудің ең бір қуатты жүйесі - Adobe PageMaker 6.5 арналған. Екінші бөлімінде суреттемелерді дайындау бағдарламасы CorelDraw 9 қарастырылады.

       PageMaker және  CorelDraw бойынша теориялық курс әдістемелік құралдарда мазмұндалған, ертеректе шыққан және зертханалық сабақтарда,  атап айтқанда   [4], [5] әдебиеттер тізімінде пайдаланатын, зертханалық жұмыстардың айналымын қолдайды.  
 
 
 
 
 

 

 

       Adobe PageМaker туралы жалпы  мағлұматтар

       PageМaker бағдарламасымен  танысу

       PageМaker столдық баспа жүйесі мәтіндік ақпарат орын алатын газеттерді, журналдарды, кітаптарды және басқа баспа өнімдерін беттеу үшін қолданылатын қуатты баспа жүйелерінің бірі.

       Бағдарлама PDF және HTML (Web тораптары үшін) пішімдеріндегі құжаттарды сақтауға мүмкіндік береді. Кешенге электрондық кестелерді құру бағдарламасы Adobe Table, АТМ шрифтерімен басқару бағдарламасы Postscript, Acrobat Reader құжаттарын оқу бағдарламасы PDF және т.б. пайдалы қабықшалар қатары қойылған. PageМaker-де түстермен жұмыс істеу тәсілдері ыңғайлы. Графикалық тәсілдердің мүмкіндіктері шектеулі. Құрылатын графикалық блоктар қисықтардың элементтерінен тұруы мүмкін емес. Жақтаулар стильдерін таңдау жеткілікті шектелген. Бағдарлама графикалық тәсілдердің минимальды жиынтығынан ғана тұрады деп айтуға болады.

       Бірақ та PageМaker-де қабаттарды құру қасиеттерімен  бейнелерді өңдеуге арналған сүзгілердің  болуымен, импорт-экспорт сүзгілерінің жиынтығымен, мазмұн мен пәндік көрсеткіштерді құруда қуатты тәсілдерді иемденеді.

       PageМaker бағдарламасының қызметі

       Adobe PageМaker баспаға дейінгі дайындық  саласында еңбегі сіңіп кең  танымал қолданылатын компьютерлік  беттеу жүйесін құрайды. PageМaker көмегімен іс жүзінде дайын мәтіндік және графикалық материалды, сондай-ақ бағдарламаның өз мүмкіндіктерін пайдаланып кез келген қиындықтағы қалыптарды (макеттерді) құруға болады. World Wide Web және басқа да тораптарда таратуға арналған. Бағдарлама мүмкіндіктерінің кең спектрі суретші-графиктерге және баспашыларға уақытты шығындамай кішкентай жарнама парақтарынан бастап, үлкен плакаттармен аяқталатын жоғары сапалы өнімдерді құруға мүмкіндік береді.

       Бір беттік шаблондарды өзгерту арқылы беттер жиынтығының қалыптауын тез  өзгертуге болады. Бір құжатта  суреттемелі журналдарды шығаруда аса маңызды емес, бірнеше беттік шаблондарды беттерді әр түрлі етіп түрлендіруде қолдануға болады.

       PageМaker трекинг және кернинг сияқты  мәтіндердің атрибуттарын үлкен  дәлдікпен беру мүмкіндігін береді, разрядкамен және қысылған шрифтермен  басуға себебін тигізеді.

       Баспа жұмысының компьютерлік технологиялары

       Баспа басылымын дайындау – кешенді  үрдіс, ол өзіне келесі кезеңдерді қосады: мәтіндерді теру, редакторлеу және түзету, суреттемелер дайындау, барлық басылымның дизайнін жасау. Бұл міндеттерді  жүзеге асыру үшін ақпараттық және бағдарламалық қолдау деңгейінің болуы қажет.

       Қолдаудың ақпараттық деңгейі:

       а) Ақпаратты енгізу құрлығылары (ДК пернетақтасы, сканер, сандық фотокамера, дайын бейнелер көздері);

       б) Ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғылары (компьютер, қатқыл дисктер, иілгіш дисктер, оптикалық жинақтауыштар);

       в) Ақпаратты шығару құрылғылары (монитор, принтер, фототеруші автомат).

       Қолдаудың бағдарламалық деңгейі:

       а) Бейнелерді өңдеу технологиясы

       б) Полиграфия дизайнінің технологиясы

       в) Меншікті стол үстілік баспа жүйесінің  технологиясы

1 кесте Баспа  жүйесінің компьютерлік технологиялары

       Технология        Объектілермен негізгі амалдар        Бағдарламалық өнімдер
Бейнелерді  өңдеу технологиясы Суреттемелелі материалдарды құру және өңдеу Adobe Photoshop

Corel Photo-Paint Publisher

Полиграфиялық дизайн технологиясы Өзіндік графиктік  өнімдерді даярлау (фирмалық таңбалар, логотиптер, визиткалар, бланктер, хабарландырулар, шақыру қағаздарын, открыткалар және т.б.) Adobe Illustrator

Corel Draw

Меншікті  столдық баспа жүйесінің технологиясы Жариялымды  дайындау (газеттер, кітаптар, журналдардың, кітапшалардың, көп беттік құжаттың) Adobe PageMaker

Microsoft Publisher

Microsoft Word

       Қондырғыларға және бағдарламалық  қамсыздандыруға  арналған талаптар

       PageMaker бағдарламасының жемісті инсталляциялануы  бағдарламалық қамсыздандыруға келесі минимальды талаптардың орындалуын талап етеді:

  • 486 процессоры (Pentium ұсынылады);
  • Windows 95, 98 операциялық жүйелері және т.с.с
  • 16 Мб оперативті жады (32 Мб ұсынылады);
  • VGA дисплейі (SVGA немесе VXGA аса жоғары рұқсаттары бар дисплей ұсынылады);
  • Бағдарламаның инсталляциялануы үшін қатқыл дискте 24 Мб бос орын (40 Мб ұсынылады) және қосымша виртуальды жады үшін 25 Мб (50 Мб ұсынылады) қажет;
  • компакт-дисктерді оқу құрылғысы;
  • тышқан.

       Word және PageMaker бағдарламаларының  айрықша функциялары

       Қазіргі Word мәтіндік редаторы баспа басылымын беттеу үшін жеткілікті зор мүмкіндіктерді игерген: әр түрлі шрифтерді пайдалану, көпбағаналы беттеу, стильдерді қолдану, колонтитулдар құру, графикамен жұмыс және т.с.с

       PageMaker 6.5 және Word жүйелерінің беттеуге ұсынылған мүмкіндіктерін салыстырайық.

       Бұлардың  екеуіне де қатысты функциялар:

       а) Емлені тексеру;

       б) Мәтінді пішімдеу;

       в) Көпбағаналы беттеу;

       г) Графиканы импорттау;

       д) Колонтитулдар қою;

       е) Мазмұн құру;

       ж) WordArt объектілерін құру;

       з) Құралдар есебінде сызғыштарды және сурет салудың кіріктірілген құралдарын пайдалану.

       Ал  енді бір бағдарламалық ортаны екіншісінен  ерекшелейтін функцияларды қарастырайық.

2 кесте  Word және PageMaker айрықша функциялары

       Функциялар        Word        PageMaker
Мәтінді енгізу Макет режимінде  мүмкіндігі бар мәтіндік редакторды береді Қарапайым кіріктірілген  редактор және макет режимінде мәтінді  енгізу
Сөз аралық интервалды орнату Ені бойынша  пішімдегенде автоматты түрде пайда  болатын «Пробел» символы қосылғанда ғана өзгереді.

Бұдан кейін сөздердің ара қашықтықтары бір жолда әр түрлі болуы мүмкін.

Максимальды, минимальды қалауымызша алынған мәндер интервалдарында  тапсырма мүмкіндіктеріне қарай  реттелетін баптау.

Бұл бір  жолда сөздердің арасындағы қашықтықтарды  біркелкі етіп орнатуға мүмкіндік береді.

Символаралық  интервал орнату Символаралық  интервалдың үш түрі: қарапайым, қиылған, батырылған Максимальды, минимальды қалауымызша алынған мәндер интервалдарында  тапсырма мүмкіндіктеріне қарай  реттелетін баптау.
«Сұйық» жолдарды, яғни өте үлкен сөз аралық интервалдары бар жолдарды бақылау Жоқ.

Мұндай  жолдарды табу үшін беттелген парақтарды мұқият қарау керек.

Берілген жолдардың  сұр және сары түстермен ерекшеленген автоматты түрде бақылау.
Мәтіндік  блоктарды орналастыру Жоқ. мәтін бағаналарға бөлінеді, бірақ мәтін үзінділерін еркін манипуляциялау мүмкін емес, мәтін үзінділерін жақтауға орналастыру және оларды көшіруден басқа Мәтін өзара  байланысқан блоктар жиынына  бөлінуі мүмкін. Олар бетте дербес ретте орналасады және еркін көшіріледі. олардың өлшемдерін, көлбеулігін, бұру және бейнелеуді өзгерту мүмкіндігі бар.
Кестелер  қою. Шектелмеген беттер санында орналасқан кестелерді қою  мүмкіндігі бар. Басылымның  бір бетінен артық бетінде  орын алатын кестелердің сыртқы редакторы  кесте қоюға мүмкіндік береді.
Графикалық  объектілермен жұмыс Графикалық  объектілерді төртбұрышты аймаққа  қоюға мүмкін болады. Масштабтау рұқсат етіледі. Графикалық  объектілерді көп бұрышты аймаққа  қоюға мүмкін болады, масштабтау, шеттерін қию, айналдыру, бейнелеу.
Графиканың  мәтінмен жанасуы Мәтіннің шекарасы төртбұрыш пішіндес болады Мәтіннің шекарасы дербес пішінде болады.
Мәтін блоктар мен бейнелердің бірге  басылуы Функция жоқ. Мәтін блоктары мен суреттердің өзара басылуы  мүмкін.

Информация о работе Белгілі баспа жүйесі Аdobe page Maker