Белгілі баспа жүйесі Аdobe page Maker

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 17:37, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі әлемде көптеген мамандық иелерінің өкілдеріне столүстілік баспа жүйесі және бейнелермен жұмыс істейтін тәсілдер өте қажет. Бұл тираждауға даярланып арналған баспа өнімдерін дайындау және үлгілерін құрудың аппараттық және бағдарламалық құралдар жиынтығы

Содержание

1.PageМaker бағдарламасының қызметі
2. Баспа жұмысының компьютерлік технологиялары
3.PageМaker бағдарламасымен танысу
4.Қондырғыларға және бағдарламалық қамсыздандыруға арналған талаптар
5.PageMaker көмегімен графикалық объектілерді құру

Работа содержит 1 файл

Комп..doc

— 1.09 Мб (Скачать)

       Аталған айырмашылықтардан басқа мәтіндік редакторда жоқ кейбір функциялар мен құралдар бар.

       а) PageMaker-де барлық жұмыс «монтаждық стол»  деп аталатын арнайы өріске ұйымдастырылған. Оның айырмашылығы – мұнда бір мезгілде беттеуге қажетті әр түрлі материалдың орналасу мүмкіндігі.

       б) Барлық қайталанатын элементтер шығарылған бет-шаблондарын құру, яғни беттерде колонтитулдар, колонцифрлар, графикалық безендіру, бағаналардың бағыттауыштары, сондай-ақ келешекте осындай қажетті беттер санын кірістіру.

       в) Модульдік тор құру. Модульдік  тор – дегеніміз бетте ақпараттар блогының орналасу тірек - сызбасы. Ол бағаналардың саны мен енін анықтау кезінде пайда болады және блоктың жоғарғы және төменгі шекарасын көрсететін көлденең бағыттауыштардың орналасуына байланысты.

       Сонымен кәсіптік баспа жүйесі бірінші кезекте жариялымдарды беттеуге арналған, ол мәтіндік процессорға мүмкін емес бірқатар функцияларды орындауға қабілетті. Атап өтілген өзгешеліктерден басқа тағы да біреуін ерекшелегім келіп отыр. Көп бетті жариялымды сауатты беттегенде әрбір беттегі мәтіннің төменгі шекарасы тек бір деңгейде болу керек. Мәтіндік процессорда оған іс жүзінде жету мүмкін емес, сондықтан баспа жүйесі көлденең бағыттауыштар мен бет-шаблондарын пайдаланып осындай беттеуді орындауға мүмкіндік береді.

                               PageMaker-дегі шрифтер

       Шрифт деп мәтінді қандай да бір тілде  өндіруге қажетті таңбалар жиынтығын  атайды. Windows қолданбаларында үш түрлі  шрифтер қолданылады: жүйелік, True Tуpe және PostScript.

       Жүйелік шрифтер диалогтік терезелерде  және менюде қолданылады және іс жүзінде баспа жүйесіне қатысы жоқ. Жүйелік шрифтердің сипаттамасы .fon кеңейтілуі бар файлдар аттарында сақталып және Windows/fonts қапшығында орналасады. Шрифтер тізімінде белгілеуі жоқ.

       True Tуpe шрифтері офистік бағдарламаларда  кеңінен қолданылады және өздерін лазерлік принтерлерде шығаруға жеткілікті жұмыстарда жақсы ұсынған. True Tуpe шрифтерінің гарнитураларын сипаттау файлдары .tif кеңейтілуі бар және Windows/fonts қапшығында орналасады. Шрифтер тізімінде ТТбелгілеуі бар.

       Баспа істерінде сипаттамалары PostScript тілдерінде құрылатын масштабталған шрифтер пайдаланылады. Бұл беттерді сипаттау тілі. Оның көмегімен мәтіннің мәтіннің параметрі векторлық графиканың басылған немесе бейнеленген бетте растрлық бейнелер сипатталынады. PostScript тілінде арнайы командалар мен математикалық теңдеулер қарастырылған, олардың көмегімен әріп нүктелердің жиыны түрінде немесе, олардың жиектеріне сәйкес келетін қисықтардың жиынтығы түрінде беріледі. Осыған байланысты шрифт кеглін өте үлкен шекте өзгертуге болады (4 тен 650 пунктке дейін). PostScript шрифтінің бір ыңғайсызы ол екі бөліктен тұрады: экранның шрифті (шын мәнінде растрлық болып саналатын) және принтерлік. Шрифтің бейнесі лазерлік принтерде ғана емес, монитордың экранында болу үшін Windows ортасында Adobe Type Manager (ATM) бағдарламасын пайдалану қажет.

                       Графикалық бейнелердің пішімдері

       PageMaker көптеген графикалық пішімдерді bmp, wmf, tiff және т.с.с., жиынын қолдауға  қабілетті, бірақ Tiff және Eps пішімдерін  қолданған кезде жақсы сапаны игереді.

       Eps пішімі векторлық графикаға қолданылады.  Бұл пішімдегі файл принтерлерге  арналған сондай-ақ суреттің бейнесін  немесе экранда мәтінді көру  үшін PostScript тіліндегі графикалық  объектілердің сипаттамасын құрады. Tiff пішімі растрлық графикаға қолданылады, іс жүзінде барлық қазіргі графикалық редакторлар осы пішімдегі файлдарды экспорттай алады, мұның ішінде сканерлердің көпшілігінің бейнесі қалыптасады.

       Басқа пішімдердегі графикалық файлдарды  импорттамас бұрын оларды қолдау үшін сүзгілер орнатылғанын тексеріңіз. Сүзгілер тізімін көру үшін Ctrl пернесін басып тұрып Көмек (Помощь) мәзірінен Бағдарлама туралы (О программе) командасын орындаңыз. Сүзгілер тізімі “installed importfilters” сөзінен кейін пайда болды. Сүзгілер – құжатты басқа пішімдерден PageMaker жүйесінің пішімдеріне конверттелетін (конвертирующие) арнайы бағдарламалар. Clipart жиынтығынығ офистік суреттерінің .wmf кеңейтілуі болады. .Bmp кеңейтілуі бар файлдар Windows қапшығында орналасады. Файл/Орналастыру/С қапшығы/ Windows қапшығы командасы .bmp пішімінде кез келген нүктелік сурет (толқындар, орнамент, клыктар және т.б.).

                                      Негізгі жағдайлар

       PageMaker бағдарламасы объектілі бағдарланған  болып табылады, біз не құрамыз  ол оның барлығын жеке объектілер ретінде құрайды және өңдейді. Объект түзету алдында ерекшеленуі керек. Ерекшелеудің негізгі тәсілі – Көрсеткіш (Стрелка) құралы.

       Бірнеше объектілерді бірден ерекшелеу тәсілдері.

       а) Көрсеткіш (Стрелка) құралымен Shift пернесін басып тұрып ерекшеленуге қажет объектілерде шертеміз.

       б) Көрсеткіш (Стрелка) құралының көмегімен барлық ерекшеленген объектілерді қамтитын шартты төртбұрышты сызуға болады.

       1 тарау PageMaker

       Бақылау сұрақтары

  1. Баспа жүйесі не үшін қолданылады?
  2. Мәтіндік процессор және баспа жүйесі қандай бірдей функциялар атқарады?
  3. Бет-шаблон дегеніміз не?
  4. Модульдік тор дегеніміз не?
  5. Сұйық жолдар дегеніміз не?
  6. Баспа жүйесіне қатысты қандай функциялар мәтіндік процессорда жоқ?
  7. Сіздерге белгілі баспа жүйелерін атаңыздар
 

 

       

                                 PageMaker интерфейсі 

                           PageMaker бағдарламасының терезесі

       1 суретте PageMaker бағдарламасының терезесі, оның элементтері көрсетілген. 

       Терезенің тақырыбы. Бұл редактор терезесінің жоғарғы (үстіңгі) жолы. Мұнда терезенің түрін басқарушы 3 батырма орналасқан. Олар Windows-тың барлық қосымшалары үшін стандартты.

       Меню  жолы. терезе тақырыбынан төмен қарай Мәзір жолы орналасқан. Ол бағдарламаның негізгі мәзірлерінің аттарынан құралады: Файл, Редактирование, Макет, Текст, Элемент, Сервис, Просмотр, Окно, Помощь.

       

       1 сурет PageMaker бағдарламасының терезесі

       Жанама  мәзір. Мұнда дәл осы сәтте орындауға мүмкін болатын командаларды ған көруге болады. Сіз қай жерде: объектіде, бетте немесе монтаждық столда шерткеніңізге байланысты жанама мәзірде әр түрлі командалар болады.

       Құжат терезесі. PageMaker терезесіндегі сияқты құжат терезесінде де тақырып жолы бар. Сондай-ақ мұнда терезенің түрін басқаратын өз батырмалары бар.

       Бір мезгілде бірнеше құжаттарды құрып  немесе ашасыз. Сіз оларды экранда бірнеше терезе орналастыра аласыз. Оларды каскад түрінде бірінен кейін бірін немесе бір-бірінің (плитканың) жанына орналастырасыз.

       Монтаждық стол. Монтаждық стол – қолмен беттеу кезінде қолданылатын Монтаждық столдың аналогі. Көру (Просмотр) мәзірінен Монтаждық үстел (Монтажный стол) командасын орындаңдар. Сары фондағы ақ төртбұрыш – осы монтаждық стол. Мұнда құжаттың беттерін орналастыруға мүмкін болады.

       Айналдыру жолақтары. Айналдыру жолақтары терезенің оң жақ және төменгі бөліктерінің маңында орналсқан. Олар бейнені немесе терезедегі құжатты айналдыруға мүмкіндік береді, егер олар өлшемі бойынша терезеден үлкен болса.

       Координаттық  сызықтар. Координаттар сызығы терезенің үстінде және оның сол жағында орналсқан. Сіз бетте тышқанның көрсеткішін қозғалтқанда оның көлеңкесі екі жақ сызғыш болса сырғитынын көресіз, ол сізге оның дәл орналасуын білуге мүмкіндік береді.

       Координаттар  басы. Координаттар басы екі жақ сызғышта да болған нүктеде орналасады. Сызғыштардың қиылысуындағы сол жақ бұрышында нөлдің батырмасы көрінеді. Ол пунктирленген сызықтармен қиылысқан шаршы сияқты көрінеді. Нөлді кез келген жағдайда жылжыту үшін осы пиктограммада шертіп және көрсеткішін жаңа орынға сүйре.

       Көру/Нөлді  бекіту (Просмотр/Закрепить ноль) командасын орныдау арқылы оны тұйықтауға болады. 
 

                                          Беттерді беттеу (верстка)

                                             Жаңа құжат құру

       Жаңа  құжат бастау үшін Файл /Новый командасын орындаңдар немесе CTRL+N басыңдар. Экранда Параметры страницы диалогтік терезесі пайда болады, оның көмегімен құжетті орнатуларды орындауға болады:

       а) Өлшем – А4 форматын таңдаңдар

       б) Беттің кітаптық бағдарын таңда

       в) Екі жақты баспаны қос

       г) Бұруды көрсету

       д) Беттер саны (Число страниц) алаңында 5-ті енгіз

       е) ОК батырмасын бас. Диалогтік терезе жабылады және PageMaker жаңа құжаттың терезесін ашып оның 1-ші бетін монтаждық столда орналастырады.

       ж) Файл/Сохранить как … командасын орындау арқылы құжатты сақта.

                                       Беттік шаблондар

       PageMaker құжатында қарапайым беттердің  басқа беттер-шаблондар болады. Бұл  дегеніміз не? Ереже сияқты құжаттың барлық беттерінің көп ұқсастықтары бар: алаңдар, бағаналар ені мен саны, жоғарғы және төменгі колонтитулдар, беттер нөмірлері. Бұлардың барлығын құжаттың әр беті үшін жеке – жекеқұрмас үшін оны бет-шаблонында құруға болады, ол содан соң шаблонды құжаттың барлық беттеріне немесе олардың кейбіреулеріне қолдануға болады.

       Шаблоны бар бетке өту үшін құжаттың сол  жақ төменгі бұрышында орналасқан R немесе L пиктограммаларының бірінде  шерту қажет. Бір басылымда бірнеше  әр түрлі бет-шаблондары қолданылуы мүмкін. Шаблонды белгілі бір беттерге қолдану керек және ашылған диалогтік терезеде беттер диапазонын көрсету керек.

       Беттер  шаблондарының палитрасы - Палитраның беттер шаблоны/Бетті қалай сақтау керек …/ Шаблон аты/Қолдану/ Беттер нөмірлері (Палитра страниц шаблонов – Меню данной палитры /Сохранить страницу как…/Имя шаблона/Применить/Номера страниц).

       Шаблондық беттерді қолдану. PageMaker бағдарламасында үнсіз келісім бойынша тек негізгі шаблондық беттің элементтері автоматты түрде басылымның барлық беттеріне қосылады. Қосымша шаблондық беттерде берілген параметрлер амалдар орындалмайынша құжаттың бірде-бір бетінде бейнеленбейді. Бетке қосымша шаблонды екі тәсілмен тағайындауға болады:

       а) Қосымша шаблон тағайындайтын басылымның бетіне көшіңдер. Шаблоны палитрасында керекті шаблон атауында шертіңдер. Бұл тәсіл көп бетті басылыммен жұмыс істеуде ыңғайсыз.

       б) Қажетті шаблондық бетті ашу. Шаблоны палитрасында көрсеткіші бар  батырмада шертіп және ашылған мәзірде  Применить командасын белсенді ет, содан соң экранда Применить страницу-шаблон диалогтік терезесі бейнеленеді.

       Қосымша шаблонды басылымның барлық беттеірне  және сондай-ақ беттердің берілген бөлігіне ғана қолдануға болады. Аралас емес беттердің нөмірлері үтір арқылы ажыратылады, ал диапазонды белгілеу үшін дефис қолданылады.

                              Модульдік тор. Бағыттауыштар

       Модульдік тор мәтін мен графиканы туралаудың шекаралары мен сызықтарын беретін  бағыттаушы қосымша сызықтардан  тұрады.

       Бағыттауыштардың  үш түрі бар: алаңдарды бағыттаушы, бағаналарды бағыттаушы, бағаналарды бағыттаушы, бағыттауыш сызықтар.

  • Алаңдарды бағыттаушылар беттің алаңдарын құру кезінде автоматты түрде құрылады және тік, көлденең болуы мүмкін. Экранда олар қызыл күлгін түзу сызықтармен бейнеленеді.
  • Бағаналарды бағыттаушылар мәтінді енгізу кезінде шектейді. Бұл бағыттауыштар әрқашан тік, көк түспен бейнеленеді. Олар да бағаналарды құру кезінде автоматты түрде құрылады.
  • Бағыттаушы сызғыштар мәтінге ешқандай қатысы жоқ, олар бетте объектілерді орналстыруға көмектеседі. Олар қолмен құрылады және көлденең де, тік те болуы мүмкін. Олардың саны бетте 120 жасыл түс болуы мүмкін. Бағыттауыштар баспаға шығарылмайды.

       PageMaker жүйесінде арнайы режимі бар  объектілер бағыттауыштарға тартылады,  егер объектілер оларға жеткілікті жақын орналасқан болса.

       Бағыттауыштарды жылжытпас үшін Көру (Просмотр) мәзірінен Бағыттауыштарды бекіту (Закрепить направляющие) командасымен бекітуге болады. Бағыттауыштар объектілерді белгілеуге кедергі болмас үшін оларды Көру/Бағыттауыштарды жасыру (Просмотр/Спрятать направляющие) командасының көмегімен артқы жоспарға орналастыруға болады.

                                    Бағаналарды құру

       Бетте немесе шаблонда бағаналар санын  беру үшін Макет/Бағаналар жақтаулары (Макет/Границы колонок) командасын орындаңдар. Границы диалогтік терезесінде Бағаналар саны (Количество колонок) алаңында бағана санын және Средник (интервал) алаңында бағаналар арасындағы просветті енгіземіз.

Информация о работе Белгілі баспа жүйесі Аdobe page Maker