Белгілі баспа жүйесі Аdobe page Maker

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 17:37, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі әлемде көптеген мамандық иелерінің өкілдеріне столүстілік баспа жүйесі және бейнелермен жұмыс істейтін тәсілдер өте қажет. Бұл тираждауға даярланып арналған баспа өнімдерін дайындау және үлгілерін құрудың аппараттық және бағдарламалық құралдар жиынтығы

Содержание

1.PageМaker бағдарламасының қызметі
2. Баспа жұмысының компьютерлік технологиялары
3.PageМaker бағдарламасымен танысу
4.Қондырғыларға және бағдарламалық қамсыздандыруға арналған талаптар
5.PageMaker көмегімен графикалық объектілерді құру

Работа содержит 1 файл

Комп..doc

— 1.09 Мб (Скачать)

       PageMaker бірдей енді бағаналар құрады  және оларды беттің ені бойынша  біркелкі реттейді. Бір беттегі бағаналардың максимальды саны 20.

       Егер  бетте мәтін немесе графика бар  болса, бағаналардың санын өзгерту  оларға еш әсер етпейді.

       Бағаналарды туралау. Егер тіркелген мәтіндік блоктар көрші бағаналарда орналасса, олардың арасында мәтінді бірқалыпты орналастырып биіктігі бойынша автоматты түрде туралауға болады. ол үшін “Көрсеткіш” (“Стрелка”) құралын таңдап және Shift пернесін басып ұстап тұрып туралауға қажетті барлық блоктарды ерекшелеңдер. Содан кейін Сервис/Дополнения/Баланс колонок мәзірінің командаларын орындаңдар.

                               Мәтінді енгізу және түзету

       PageMaker файлдарын басылымдар деп ату  қабылданған. PageMaker бағдарламасында  мәтіндік объектілердің екі түрі  ерекшеленеді: мәтіндік блоктар  және мәтіндік фреймдар.

  • мәтіндік блоктар тек төртбұрыш пішінде болады, оларға жиек немесе фон беруге болмайды;
  • мәтіндік фреймдер әр түрлі пішінде болады, олар жақтаулар мен әр түрлі стильдегі фондармен жабдықтауға болады.

       Мәтін енгізу үшін “Мәтін” (“Текст”) құралы қолданылады. Қалыптау режимінде мәтін мәтіндік объектінің блоктың немесе жақтаудың ішінде тұрады. Мәтіндік блоктар екі түрлі тәсілмен құрылуы мүмкін:

  • Мәтін құралын белсендіріп мәтінді бастайтын нүктеде шертуді орындау;
  • Өлшемі түзілген бағаналардың енінен тәуелсіз мәтіндік блокты алу үшін Текст құралын белсенді етіп тышқанның батырмасын бас және мәтін енгізетіндей етіп төртбұрыш аймақ сыз.

       Мәтіндік  блок барлық материалды құра ма немесе оның бөлігі басқа байланысқан блоктарға  жалғасып жатыр ма екендігін мәтіндік блоктың жоғарғы және төменгі бөліктерінде орналасқан белгілегіштер түрінен білуге болады. Белгілегіштер көріну үшін мәтіндік блокты Көрсеткіш (Стрелка) құралымен ерекшелеу керек. Егер жоғарғы ілгек бос болса, онда мәтіндік блок материалдың соңын құрайтындығын білдіреді. Егер жоғарғы да, төменгі де ілгек бос болса, мәтіндік блок барлық орналасқан материалды құрайды. (2 сурет)

        Егер мәтіндік блок орналастырылымаған материалды құрайтын болса төмендегі  белгілегіш қызыл түске енеді  және ішіне үшбұрыш көрсеткіш  орналасқан ілгек түріне келеді.

                 2 сурет                                                                             3 сурет

        Егер мәтіндік блоктың төменгі  және жоғарғы белгілегіші “+”  таңбасы бар ілгек түріне енсе, материал басқа мәтіндік блоктарда  басталады немесе жалғасады деген сөз (4 сурет).

       4 сурет

       PageMaker жүйесіндегі мәтінді түзетудің Microsoft Word-тан аз ғана айырмашлығы бар. Мәтіндік бөліктердің ерекшеленуі, символдарды кірістіру, символдарды жою, көшіру және кірістіру тура Word-тағы сияқты орындалады.

                              Мәтіндік блоктармен жұмыс

       Мәтіндік блоктың орнын ауыстыру. Мәтіндік блоктың орнын ауыстыруға болады. Блоктың орнын ауыстыру үшін «Көрсеткіш» құралын таңдап блокты ерекшелейміз. Содан соң оның ішінде шектеуіштерге түспейтіндей етіп шертіңіз.

       Мәтіндік блоктың өлшемдерінің өзгеруі. Мәтіндік блоктың енін де, биіктігін де өзгертуге болады. Бір уақытта ені мен биіктігін өзгерут үшін бұрыштағы шектеуіштердің біріне шертеміз және оны блок қажетті өлшем алғанға дейін диагоналі бойынша тартамыз.

       Бағаналарды толтыру. Бағаналарды мәтінмен толтырудың 3 әдісі бар:

  • қолмен, мәтінді әрбір бағанаға қолмен орналстыру;
  • автоматты – PageMaker бағдарламасы мәтінді бағанаға өзі бөледі және қажетінше керекті беттер санын қосады;
  • жартылай автоматты – алғашқы екеуінің біреуінің комбинациясы.

       Автотолтыру режимін қосу үшін Макет мәзірінде Автотолтыру командасын белсенді ету керек. Бұдан соң мәтін симайтын мәтіндік блокты ерекшелеңдер және толтыру индикаторында шертіңдер. Нәтижесінде тышқан көрсеткіші ирек сызықты бұрыш түріне енеді. Келесі бағананың сол жақ жоғарғы бұрышында шертіңдер. Барлық мәтін автоматты түрде бағанаға орналасады, сондай-ақ PageMaker өздігінен қажет болса керекті беттер санын қосады. Қолмен де тура сол сияқты, тек қана Автотолтыру командасын өшіріп тастау керек.

       Мәтіндік  блокты жою. Мәтіндік блокты мәтінмен бірге жою үшін оны «Стрелка» құралымен ерекшелеп Delete пернесіне басыңдар.

       Блоктарды жалғастыру. Мәтіндік блокты толтырғанда беттің төменгі бөлігіне жеткенге дейін ұлғаяды. Мәтінді енгізу кезінде төменгі индикаторда қызыл стрелка – блокты қайта толтыру символы пайда болады. Мәтіннің бөлігі сыйған жоқ және де жаңа блок біріктірілген болады, яғни бір материалды құрайды және де блоктардың өлшемдерінің өзгеруі кезінде бірінші блок ылғи да толтырылатындай бір-біріне көшіріледі.

       Блоктарды біріктіру. Екі жалғаспаған блокты бір блокқа біріктіру үшін «Текст» құралын таңдап бір блоктағы бүкіл мәтінді ерекшелейміз, Редактирование/Вырезать командасымен оны буферге жоямыз және екінші блоктың ішіне Редактирование/Вклеить командасымен кірістіреміз. Бұл кезде сәйкес материалдар біріктіріледі.

       Беттермен жұмыс істеу. Беттерді қосу және жою Макет/Беттерді кірістіру немесе Беттерді жою (Макет/Вставить страницы немесе Удалить страницы) командасымен жүзеге асырылады. Беттердің орнын ауыстыру үшін Макет/Беттерді сұрыптау (Макет/Сортировка страницы) командасы қолданылады.

                                             Фреймдер

       Фреймдер  деп мәтіндерді немесе графиктерді  орналастыруға арналған әр түрлі  пішіндегі объектілерді атаймыз. Фреймнің айқын қасиеттерінің бірі ондағы қиылысқан сызықтардың орналасуы. Үш түрлі фреймдер құруға болады: тік бұрышты, овалдық және көп бұрышты. Сәйкес элементтер құралдар тақтасында бар.

         
 
 

       Фреймге дұрыс пішін беру үшін сурет салу процесі кезінде Shift пернесін басып тұру керек. Тік бұрышты фреймдердің пішіндерін әр түрлі өзгерту үшін Элемент – Скругленные углы командасы қолданылады. Көп бұрышты фреймдер құрудың 2 тәсілі бар. Бірінші тәсілі фреймнің төбелері орналасатын позицияларда біртекті шертулердің орындалуы. Құрамын тұйық емес жиекпен немесе түспен фреймді толтыру кезінде бағдарлама жиектің соңғы нүктелерінің арасында шартты сызық жүргізеді.

       Екінші  тәсілі – көп бұрышты фрейм  құралын белсендіріп тышқанмен  созамыз.

       Фреймдердің қасиеттері. Фреймдер қарапайым объектінің қасиеттерін игереді, олардың өлшемін өзгертуге болады, орнын ауыстыруға, түспен толтыруға және т.с.с. Фреймді айналдыру үшін Айналу (Вращение) құралын қолданамыз. Берілген құралмен сол нүктенің маңайында шерткенде айналу орындалады.

       Айналу  центрі объектінің центрімен дәл  болу үшін фреймнің ішінде сызықтардың  қиылысқан жерінде шертуді орындау  қажет.

       Фреймді жақтаумен қамтамасыз ету керек, яғни жиек сызығының типін өзгерту  керек. Бұл мүмкіндік Элемент-Линия  командасының көмегімен іске асырылады. Оны белсендіру кезінде экранда әр түрлі қалыңдықтағы сызықтардың нұсқалары көрсетілген бағынышты мәзір шығады. Қалаған үлгіге шертуді орындаса фрейм жақтауға алынады. Бағынышты мәзірдің төменгі жағында жақтауды мөлдір, сондай-ақ инверсті қылуға мүмкіндік беретін екі жалауша орналасқан.

        Мәтінді кез  келген пішіндегі фреймге орналастыруға  болады. Текст құралымен фреймнің шегінде шертуді орындап, содан  соң мәтінді енгізуді бастаймыз. Фреймге орналастырылған мәтін  блоктағы мәтін сияқты принциптермен түзетіледі. Келесі суреттерде мәтіннің фреймге алынуы көрсетілген. Ол үшін алдымен мәтіндік блок құрылады (5 сурет), овалдық фрейм (6 сурет).

       5 сурет Мәтіндік блок     6 сурет Овалдық фрейм

       Содан соң төмендегі командалардың  тізбегін орындау керек:

       а) «Стрелка» құралымен фреймді таңда;

       б) Shift пернесін басып тұрып мәтіндік блокты ерекшеле;

        в) Элемент  мәзірінен Фрейм/Добавить содержимое командасын орында, сонда мәтіндік блок фреймге көшіріледі (7 сурет).  
 
 
 

       7 сурет фреймге орналастырылған мәтін

       Мәтінді баспаға орналастыру тәсілдері

       Мәтінді PageMaker баспаға қосу үшін бірнеше тәсілдермен қолдануға болады: мәтінді тікелей PageMaker-де теріп алып, алмасу буферінің көмегімен мәтіндік процессордан көшіру немесе мәтіндік файлды импорттау. Олардың қайсысын таңдау нақты есепке байланысты, бірақ негізгі болып мәтіндік процессорлардың немесе редакторлардың бірінде басылған мәтіндік файлды импорттау болып табылады.

       Кіріктірілген мәтіндік редактор режимінде  мәтіндер теру. PageMaker-да мәтінді басу және форматтау үшін 2 режимді: қалыптау режимін және мәтіндік режимді қолдануға болады. Мәтіндік режимде терілетін немесе түзетілетін мәтін арнайы терезеде біркелкі өлшемде берілген гарнитурамен бейнеленеді, абзац немесе сөз үшін қандай гарнитура немесе өлшем таңдалғаннан байланыссыз. Бұл енгізуге қарамастан мәтінде өзгерістерді жасау керек, өйткені ол мәтіннің безендірілуі емес, оның мазмұнына икемделуі керек.

       Мәтіндік  режимде экранды бояу әлдеқайда  тез жүреді, өйткені онда графикалық объектілер және мәтіннің шынайы пішіні бейнеленбейді, сондай-ақ мәтінді ауыстыру жеңілдейді.

       Редакторлеу мен түзетуді берілген режимде орындау  ыңғайлы, өйткені Орфография, Найти, Заменить командалары тек осы  режимде ғана мүмкіндігі бар.

       Алмасу  буферін қолдану. Егер терілген мәтін болса (мысалы, Microsoft Word құжаты) оны Түзету/Көшіру (Правка/Копировать) командасымен көшірмесін алуға болады. PageMaker-ге көшіп Текст құралын таңдап және жұмыс аймағының кез келген жеірнде шертеміз, содан соң Редактирование/Вклеить командасын орындаймыз.

       «Поместить» командасын қолдану. Берілген бұл тәсіл PageMaker-де мәтінді орналастыруда негізі тәсіл болып табылады. Ол дегеніміз басылымның баспаға дейінгі дайындығымен бірнеше адам айналысады, олардың әрқайсысы өзінің міндеттерін атқарады: Қалыптаушыға мәтін терушімен алдын ала басылған корректорлармен оқылған және керекті түзетулермен мәтіндік файл ретінде түседі. Сондықтан беттеушіге басылымға барлық мәтіндік файлды орналастыруға ыңғайлы, бұдан кейін ол оны орналастыру жұмысын бастайды. Мәтіндік файлды импорттау үшін Файл/Орналастыру (Файл/Поместить) командасын қолдану керек. Орналастыру (Поместить) командасының диалогтік терезесінде кейбір қосымша орнатуларды беруге болады. Поместить терезесінде параметрлерді алу қандай объектіні: мәтінді, кестені, деректер қорын немесе бейнені импорттау көзделетініне байланысты, сондай-ақ Файл/Орналастыру (Файл/Поместить) командасын таңдағанда объект немесе фрейм ерекшеленуіне байланысты.

       3 тарау PageMaker

       Бақылау сұрақтары

  1. Шаблондық беттердің қолданылуы
  2. Бағыттауыштар, олардың түрлері және құру
  3. Бағаналарды құру
  4. Мәтіндік блок дегеніміз не?
  5. Мәтіндік блоктарды құру тәсілдері
  6. Мәтіндік блоктың элементтері
  7. Тіркескен блок
  8. Мәтіндік блоктармен қандай амалдар орындауға болады?
  9. Фреймдер? Фреймдер қасиеттері
  10. Мәтінді басылымға орналастыру тәсілдері
  11. Беттермен жұмыс
 

 

       

                    PageMaker көмегімен графикалық объектілерді құру

    PageMaker жұмыс істей алатын объектілер үш типке бөлінеді: мәтіндік блоктар, импортталған графикалық объектілер және тікелей PageMaker –де құрылған объектілер. Бағдарламаның жұмыс аймағы екі негізгі бөліктерге бөлінеді – басу аймағы және монтаждық стол. Объектілер басу аймағының негізінде де және монтаждық столда да орналасуы мүмкін, бірақ баспаға басу аймағының шегінде орналасқандары ғана шығарылады.

    PageMaker-дің графикалық құралдары басылымдарда шекаралардың әр түрлі типтерін және ішкі облыстарды тағайындауға болатын қарапайым объектілерді құруға және түзетуге мүмкіндік береді. Қарапайым геометриялық фигураларды салу үшін келесі құралдар қолданылады:

Информация о работе Белгілі баспа жүйесі Аdobe page Maker