Қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың дидактикалық мүмкіндіктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 16:26, курсовая работа

Описание работы

Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына ідектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.

Работа содержит 1 файл

Курстык жумыс.doc

— 213.00 Кб (Скачать)

     Мектептерде аппараттық, телекоммуникациялық және программалық жабдықтар аймағында  тәжірибелік (немесе арнаулы) емес, индустриялық, яғни әрекеттік шешімі бар жұмыстарды енгізуге тырысу керек - олар практикалық  қажетгілік пен ол істі жалғастырудың тиімділігіне кепілдік бере алады. Информациялық технологиялардың екпінді түрде жылдам дамуы аппараттық және программалық жабдықтар өндірісі өзіндік құнынын арзандауына, оған қоса ИКТ-ның негізгі даму бағытында программалар мен құрылғылардың бір-бірімен сәйкес келіп үйлесуіне әкеліп отыр.

      ИКТ-ны практикаға енгізу жолында туындайтын мәселелерге салқын қандылықпен  карап, оларды шешу кезінде мектептегі информациялық жүйелердің мынадай  негізгі әлементтеріне әсер ететінін айту керек:

    ·        әдістемелік жабдықтау жағына;

    ·        мұғалімдер мен әкімшілік органдарын дайындауға;

    ·        қолданбалы программалық жабдықта-маларға (әнциклопедиялар, меди-ресурстар, моделъдеу, әкімшшк-шаруашылық кешенін баскаруға)

    ·        базалык программалық платформаға (Windows операциялық жүйесі + Office);

    ·        аппараттык кешенге (компьютерлер, жергілікті желі, Интернетке крсылу).

      Интеллектуальды ұлттық қорларды дамытудың басыңқы  бағыттарына бағытталған бағдарламалар  мен білім технологияларын жетілдіру - саяси маңызды стратегия.

      Мұндай  процестің маңыздылығы Әкономикалық ынтымақтасу және жетілдіру ұйымына  кіретін көптеген елдердің осындай  жоспарларды тиянақты түрде құрастыруынан  көрінеді. Мысал ретінде "Тһе National Сгіd fог Lеаrning" (Ұлыбритания) және "Schulen und Netz" (Германия) жоспарларын көрсетуге болады, осындай жоспарларды АҚШ, Қытай, Индия, Индонезия, Оңтүстік Корея, Тайлан мемлекеттері де жүзеге асыруда. 2000 ж. аяғында АҚШ Білім министрлігі жасап шыққан Білім технологияларының ұлттық приоритет ретінде кдрастырылуы тиіс. Олар білім беру процесінін шет жағында қалмай, оның негізгі ядросы болып қалыптасуы керек".

      Жаңа  жоспар негізінде әлектрондық оқыту (е-Lеаrning) тұжырымдамасы жатыр, оның стратегиялық рөлі бұған дейін кең  тараған әлектрондық бизнес үғымынан гөрі маңызды болып саналады.

      Осындай жағдайда біз не істеуіміз керек? Біздің білімге деген көзкарасымызды қайта қарайтын кез келді. Алдыңғы  қатардағы дамыған елдердің білім  саласындағы АКТ-ны өмірге енгізу тәжірибесін  өз жағдайымызға сай икемдеу қажет.    

2 ТАРАУ. Қашықтықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың дидактикалық негіздері  

      2.1. Қашықтықтықтан оқыту  технологиясын жетілдіру  негізінде оқу  матералдарына қойылатын  дидактикалық шарттар  мен оқыту тәсілдері   

      Қазіргі кезде адамзат дамуының ерекше артықшылығы-ақпараттық өркениетке көшу, адамдардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін арттыратын есептеуіш техника мен ақпараттық технологиялардың жедел дамуы болып табылады.

   Қоғамды ақпараттандыру Қазақстан дамуының маңызды бағыттарының бірі болып  саналады. Біздің еліміздегі үздіксіз білім беруді қарастыратын болсақ (орта мектеп-жоғарғы оку орны-білім жетілдіру институты-мамандарды қайта даярлау), осы сатылардың барлығында ақпараттандырудың әсерін көруге болады. Оның мақсаты -әффективтілікті радикалды және мамандарды даярлау сапасын дамыған елдердің деңгейіне көтеру. Осы үрдісте келесі әлементтер ерекше маңызды болып саналады:

    ·        Техникалық құралдармен оқытудың педагогикалық әдістерінің приоритеттілігі.

    ·        Алгоритмдік білім мен ойлау стилінің өсуі;

    ·        Студенттердің информатика мен есептеуіш техника құралдарын меңгеру және қажеттеріне   қарай   жаңа   ақпараттық технологияларды қолдану қабілеттіліктерін қалыптастыру.

   Осының  барлығы жеке тұлғаның ақпараттық мәдениет деңгейінің жоғарылауы мен дамуына  әсер етуі керек. Осы тұрғыда үш деңгейді ерекшелеп көрсетуге болады: жалпы, кәсіби және жоғарғы логикалық. Адамдардың ақпараттық мәдениеті олардың еңбек қызметін анықтаушы факторы болып табылады. Акпараттык коғамға, қозғалысқа қарай оның рөлі арта түседі. Ақпарат бағалылығы да арта түседі. Адамның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы - оның күнделікті тіршілігіндегі білім, біліктерімен өз білімІн жетілдіру кезінде жүзеге асады. Бұл - басқарылмайтын үрдіс. Әйтсе де, оның құрылымын анықтап, оқыту және тәрбие жүйесімен жеке түлғаның ақпараттық мәдениетін бағытталған түрде дамыту кезінде күшейтуге, ұйымдастыруға болады. Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың компьютерлік технологиясын келесі әдістерді қолдану аркылы жүзеге асыруға әсер етеді:

    ·        Ақпараттық әдіс, үйренушінің танымдық қызметін;

    ·        Компьютерлік модельдеу әдісі, мәліметтер базасы мен білімді, гипермәтіндерді қолдану арқылы білім алушының танымдық қызметін жүзеге асыру;

    ·        Автоматты оқыту және білімді бақылау әдісі, математикалық және логика-лингвистикалық модельдерді қолдануға негізделген, танымдық кызметті дамытады;

    ·        Авгоматтандырылған оқыту және білімді бағалау әдісі, автоматтандырылған оқыту  жүйелерін.  тестілеу  жүйелері  мен  мультимедианы  қолдануға  негізделген, танымдық қызметті дамытады;

    ·        Ойындық  әдіс,  компьютерлік,  іскерлік  ойындарды,  әксперттік  жүйелерді қолдануға негізделген танымдык қызметті дамытады.

    ·        Білім беруде ақпараттық технолоғияларды сәтті тарату, сауатты қолдану және интенсивті дамыту бірнеше факторларға байланысты екендігі аныкталды:

    ·        Техникалық (компьютерлік) база жағдайы;

    ·        Ақпараттык жоне компьютерлік аймағындағы маман-оқытушылардың кәсіби дайындық деңгейі;

    ·        Басқа пән окытушыларының компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениет дәрежесі;

    ·        Нақты  аймақтағы ақпараттық технологияны дамыту тенденцияларьгна оқу жоспары мен бағдарламалар мазмүндарының сәйкес келуі.

   Қазіргі қойылатын талапка сай жаңа технологиялар - берілетін білім деңгейінің кенейтілуінің  және студенттердің білім дәрежесінің артуын талап етін отыр.

   Әсіресе қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын  оқыту жүйесін құру мүмкіндігін  береді. Бұл жүйеде оқытушы студенттің жүмыстарын, жеке қызығушылықтары мен  сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында студент тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Оқытушы студентке арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді.

      Осымен  байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дүрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайды.    
 
 

 

       2.2. Білім беру  мекемелері қызметкерлерінің  білімін қашықтықтықтан  арттырудың аймақтық  моделі  

Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін қашықтықтықтан арттырудың аймақтық жүйесі бір-біріне тығыз байланысты үш мәселені қамтиды:

    1.     Қашықтықтықтан оқыту курстары түріндегі әлектрондық библиотекаға  материалдар базасын   жасау және жинақтау;

    2.     Білім беруге бағытталған сыртқы ақпараттық ресурстарды пайдалану (қашықтықтықтық курстар, әлектрондық кітапханалар);

    3.     оқу процесін ұйымдастыру;

Білім беру мекемелері қызметкерлерінің білімін  қашықтықтықтан арттыруды ұйымдастыруда  оқу процесінің екі түрлі моделі болуы мүмкін.  

Бір деңгейлі модель

Қашықтықтықтан  оқытуды іске асыратын білім мекемесі Қашықтықтықтан  оқытуды іске асыратын коммуникация құралдары Қашықтықтықтан  оқытудың тыңдаушылары
Қажет  алғы шарттары:

-                     оқытушылар, тьюторлар, координаторлар;

-                           компьютерлер, оргтехникалар, Интернетке шығу құралдары;

-                           Электрондық тасымалдаушыларда жазылған қашықтықтықтан оқыту  курстары.

Қажет  алғы шарттары:

-кейс-технологиясын  қолдануда  CD жеткізу каналы; телефон байланысы; Интернетке шығудың  мүмкіндігі;  

 

Қажет  алғы шарттары:

-    компьютерлер;

-    кейс-технологиясын қолдануға  байланыс каналы;

-    әлектрондық почта;

-    телекоммуникациялық технологияларда цифрлық байланыс каналы (ISDN); 

 

 Бір деңгейлі модельді мына жағдайларда қолдануға  болады:

    -         тыңдаушылар тұратын  аудандарда қашықтықтықтан оқытудың бөлімін орналастыруға мүмкіндік жоқ;

    -         белгілі бір курс бойынша бір топтың тыңдаушылары облыстың әр түрлі аудандарында тұрады;

    -         белгілі бір аудан бойынша тыңдаушылар саны өте аз.

Бұл модельде тыңдаушыға оқу мерзімін өзі анықтауға  мүмкіндік беріледі.

Бұл модельдің кемшіліктері:

    -         оқу процесінде тьютормен тірідей қарым-қатынас жоқ;

    -         оқытушының кеңесі телефон арқылы алынады;

    -         тыңдаушының техникалық мүмкіндіктері болмаса,  оқу мүмкін емес.   
     

Екі  деңгейлі модель

Қашықтықтықтан  оқытуды іске асыратын білім мекемесі Қашықтықтықтан  оқытуды іске асыратын коммуникация құралдары Жергілікті  жер-лердегі қашықтық-тықтан оқытуды қолдайтын орталықтар Қашықтықтықтан  оқытудың тыңдаушылары
Қажет  алғы шарттары:

- оқытушылар,  тьюторлар, координаторлар;

- компьютерлер, оргтехникалар, Интернетке шы-ғу  құралдары;

- электрондық  тасымалдаушы-ларда жазылған қашықтықтық-тан оқыту  курстары.

Қажет  алғы шарттары:

-кейс-техноло-гиясын  қолда-нуда  CD жет-кізу каналы-ның, телефон байланысының, Интернетке шығудың  болуы;  

 

Қажет  алғы шарттары:

-         оқытушылар,  тьюторлар, координаторлар;

-         компьютерлер;

-         кейс-технологи-ясына-электрон-дық пошта, желі-лік технологияға- Интернет байла-нысы,

-телекоммуника-циялық  техноло-гияға-  цифрлық байланыс каналы (ISDN); 

Қажет  алғы шарттары:

- компьютерлер;

- байланыс каналдары:  кейс-технологияға - электрондық почта;   

желілік техноло-гияға- Интернет байланысы,

-телекоммуника-циялық  техноло-гияға-  цифрлық байланыс каналы (ISDN); 

Информация о работе Қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың дидактикалық мүмкіндіктері