Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 16:26, курсовая работа
Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына ідектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.
· Базалық жоғары оқу орны мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім сапасын қамтамасыз ететін қашықтықтықтан оқытудың кез-келген технологиясын қолдануға құқығы бар.
· Білім беру ұйымы қашықтықтықтан оқыту кезінде әрбір білім алушыға ақпараттық-білім беру ортасына кіруге мүмкіндік береді. Білім алушыда қажетті аппараттық-бағдарламалық құралдар болмаған жағдайда білім беру ұйымы оларды оған жалгерлік негізде беруіне болады.
· Тьюторлық сынып компьютерлік оқу жұмыс орнына өткізу мүмкіндігі кем дегенде 50 Кбит/сек болатын Интернеттің ғаламдық желісіне қосуды қамтамасыз ететін коммуникациялық байланыс арналары болуы керек.
· Компьютерлердің саны мен оларды орналастыру. Санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес белгіленеді. Барлық компьютерлер локалдық желіге біріктірілуі керек. Компьютерлік жұмыс орнының конфигурациясы оқу қызметінің тиісті түрлерінің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Оқытушыларға арналған жұмыс орнының саны күніне 3 сағаттық жұмыс және 2 оқытушыға бір жұмыс орны нормасына сәйкес анықталады.
· Білім беру ұйымы білім алушылардың мүмкіндіктерін есепке ала отырып, телекоммуникациялық құралдарды пайдаланумен бірге оқу процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылы арқылы білім алушыларды ғылыми және әдістемелік көмекпен қамтамасыз етеді. Сессиялар арасындағы кезеңде қашықтықтықтан оқыту нысаны білім алушыларға теориялық материалдарды өз бетінше зерделеуді және тьюторлардан қашықтықтық кеңестерін алуды ұсынады. Студенттің өзіндік жұмысына әлектрондық оқу-әдістемелік кешенімен және қосымша материалдармен атқарқан жұмысы жатады. Оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына барлық оқу пәндерінің материалдары бойынша интерактивті консультация жатады (чат, форум арқылы).
· Қашықтықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып білім беру бағдарламаларын іске асыру кезіндегі консультациялар жүйесі бірнеше түрдегі консультацияларды қарастыруы мүмкін:
жеке күндізгі (білім алушылардың бастамасы бойынша жекелеген жағдайда);
жеке қашықтықтықтан (бақылау және аттестаттау жұмыстарына арналған рецензиялар, телефон, e-mail, чат, форум бойынша);
топпен қашықтықтықтан (чат арқылы, Web-сайтында жиі қойылатын FAQ айдары, телеконференциялар түрінде).
· Қашықтықтықтан оқытудың нысандары: бейне лекциялар, теледидар лекциялары; радио-лекциялар; мультимедиалық лекциялар; бейне конференциялар; телеконференциялар; әлектрондық оқу басылымдары бойынша (әлектрондық оқулықтар, мультимедиалық оқыту бағдарламалары, тренажерлар, ақпараттық-анықтамалық жүйелер) студенттің өзіндік жұмыстары, виртуалды зертханалық практикумдар (имитациялық модельдер); компьютерлік тестілеу жүйелері; форумдар, чаттар мен әлектрондық пошта арқылы консультациялар беру.
· Телеконференцялар өкізу үшін білім беру ұйымының жабдықталған студиясы мен тиісті бейне және проекторлық аппаратуралары болуы керек.
· Жоғары оқу орны білім алушылардың ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттау жүйесін, олардың білімдері мен біліктерін және тәелсіз бағалау әдістерін, қол жетімділікті шектейтін әлектрондық әдістерді қолдану арқылы бұрмалауларға, жалғандыққа қарсы қорғауларды, аумақтан тысқары аттестаттау комиссиясының көпшілік қорғау жұмыстарын бағалаудағы әділдігін ұйымдастырады Бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестаттау (мемлекеттік емтихан, дипломдық жұмыстарды, жобаларды қорғау) базалық жоғары оқу орындарында дәстүрлі әдістермен жүргізіледі.
· Жоғары оқу орны білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен көзделген, кәсіптік практиканың барлық түрлерінен өткізу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді.
Білім алушылар практиканы виртуалды зертханаларда, кіруге рұқсат етілмеген зертханаларда немесе виртуалды оқу фирмаларында өтеді. Мұндай практитканы жоғары оқу орындарының өздері, сондай-ақ жоғары оқу орындары тиісті ақпараттық ресурстары бар кәсіпорындардың, мекемелердің және басқа да ұйымдардың арасындағы шарттар негізінде ұйымдастырады. Сонымен қатар, практика жоғары оқу орны мен практикадан өту үшін орындар бөлетін кәсіпорындар, мекемелер және басқа да ұйымдардың арасындағы шарттардың негізінде ұйымдастыру-құқықтық нысандарына қарамастан жүзеге асырылады.
Қашықтықтықтан оқыту бойынша білім алушылар үшін оқу жоспарында көзделген практика ретінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында қарастырылған сағаттар көлемінде бейіндік кәсіпорындардағы, мекемелердегі немесе басқа да ұйымдардағы жұмыстары есептелуі мүмкін.
· Жалпы немесе жеке оқу жоспарларына сәйкес таңдауы бойынша мамандықтарға сәйкес оқу бағдарламаларын толық орындаған, яғни теориялық оқытуды аяқтаған және дипломдық жобаны (жұмысты) қорғаған студенттерге мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжат беріледі.
· Жоғары оқу орны білім
берудің компьютерлік ақпараттық жүйесінің
көмегімен білім алушылардың біртума
немесе лицензияланған, жетекші әлектрондық
жеке істерін барлық білім алушылардың
оқу процесінің қорытындысын есепке алу
мен мұрағаттық сақтауды жүргізеді.
1.3.3.Қашықтықтықтан оқытудың дидактикалық құралдары
1. Білім алушыларды қашықтықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін қашықтықтық технологияларын қолданумен іске асырылатын білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша әлектрондық оқу-әдістемелік кешен болуы керек.
2. Әлектрондық оқу-әдістемелік кешенін дайындауды үлгілік оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестендіріліп әзірленген, бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы бойынша курсты әзірлеуші жүзеге асырады.
3. Әрбір пәннің әлектрондық оқу-әдістемелік кешені міндетті және қосымша комплектілерден тұруы керек.
Міндетті комплект мыналардан:
a) үлгілік оқу бағдарламасынан;
· оқу жұмыс бағдарламасынан (пәннің мазмұны, күнтізбелік- тақырыптық жоспар, ұсынылатын әдебиеттердің тізімі (негізгі және қосымша), курстың модулдық бөлінуі, қашықтықтық кеңестерін өткізу кестесі);
b) лекциялардың әлектрондық курсынан;
c) практикалық және семинарлық сабақтардың материалдарынан;
· зертханалық практикумнан (тапсырмалар, мысалдар, әдістемелік нұсқаулар);
d) студенттің өзіндік жұмысына және оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалардан;
· рубеждік бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан (бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, жеке тапсырмалар және тағы басқа);
· қорытынды бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан (емтихандық тестілеу тапсырмалары, емтиханға арналған сұрақтар, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары) тұрады.
Әлектрондық
оқу-әдістемелік кешенін
Қосымша
комплект курстық жұмыстарды орындау
жөніндегі әдістемелік
Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету автономды және желілік өзіндік жұмыстар мен білім алушыларды аттестаттауға дайындау үшін жеткілікті болуы керек.
4. Қашықтықтықтан оқыту жүйесімен оқыту білім алушылардың оқу курстарын оқытушы-консультанттың (тьютордың) басшылығымен қашықтықтықтан оқыту жүйесіне арналған оқу-практикалық құралдарды, сондай-ақ оқытудың қазіргі құралдарын (компьютерлік, телекоммуникациялықағы пайдалана отырып, өзіндік зерделеуді ұсынады.
· Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе спутниктік теледидардың көмегімен ұжыммен немесе жеке қолданатын бейне лекциялар, сондай-ақ интерактивтік режимдегі теледидар сабақтары жатады.
· Оқытудың компьютерлік құралдарына әлектрондық оқулықтар, мультимедиалық курстар, кері байланысы бар тренингтік бағдарламалар (супертьюторлар), кәсіби бағдарламалардағы оқыту тапсырмалары (профтьюторлар), желілік іскер ойындар жатады.
· Оқытудың ойындық құралдарына іскер және операциялық ойындар түріндегі ұжымдық сабақтардың белсенді әдістері, дискуссиялар, коммуникативтік сабақтар, сондай-ақ виртуалды білім беру ортада оқылатын проблемалық және пәнаралық лекциялар жатады.
5. Қашықтықтықтан оқытуда консультациялар телефон, әлектрондық пошта, чат, сондай-ақ телеконференцияны пайдалану түрінде өткізілуі мүмкін.
6. Қашықтықтықтан оқытуда зертханалық практикум мультимедиа-технологияларды, гипер ақпараттық жүйе (ГАЖ)-технологияларды, еліктеуді модельдеу қолданумен өткізіледі.
7. Барлық оқыту қызметінің түрлері:
· әлектрондық байланыс тәсілдерін қолдана отырып оқытушының (тьютордың) студентпен (тыңдаушымен) педагогикалық қарым-қатынасы;
· студенттің оқыту құралдарымен өзіндік жұмысы арқылы жүзеге асырылады.
Байланыс уақытына кеңестермен қатар барлық бақылау іс-шаралары кіреді: емтихан, зертханалық жұмыстарды, рефераттарды, әсселерді, курстық, есептеу-кестелік жұмыстарды, жобаларды қорғау, қорытынды мемлекеттік атестаттау.
8. Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл. Синхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен әлектрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.
Оқытушының кеңесі (синхрондық немесе асинхрондық) – қашықтықтықтан оқытуды орындаудың міндетті шарттары.
9. Оқу процесін басқару және білім алушыларға дидактикалық материалдарды жеткізіп беру үшін көліктік және ақпараттық коммуникациялар, сондай-ақ автоматтандырылған құжат айналымы жүйесі кіретін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету, білімнің әлектрондық банкілері және оқытудың интерактивтік мультимедиалық құралдары қолданылады.
Информация о работе Қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың дидактикалық мүмкіндіктері