Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2012 в 16:26, курсовая работа
Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына ідектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.
10. Курстарды әзірлеушілер мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың пәндері үшін оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес пәннің мазмұнын өз бетінше анықтауы мүмкін.
11. Білім беру ұйымы, телекоммуникациялық және спутниктік байланыс арналары бойынша жіберуге арналған оқу материалдарын, басқа да материалдарды, ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттаудың материалдарын дайындау мен көбейтуді жүзеге асырады және олармен әрбір оқушыны қамтамасыз етеді.
12. Қашықтықтықтан
оқыту нысанын іске асыратын білім беру
ұйымдарында әлектронды ақпараттық-білім
беру ресурстары болуы керек.
1.3.4.Қашықтықтықтан оқытуды кадрлық қамтамасыз ету
· Қашықтықтықтан оқытуды кадрлық қамтамасыз ету – қашықтықтықтан оқыту, сондай-ақ процестерді техникалық қамтамасыз ету барысында оқытушылық, әдістемелік және әкімшілік қызметтерді жүзеге асыратын тұлғалар жиынтығы.
· Қашықтықтықтан оқытуды жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы мен мамандар мынадай топтарға бөлінеді:
1. қашықтықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуді жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы;
2. сабақты жүргізетін және білім алушыларға кеңес беруді және олардың білімдерін бақылауды жүзеге асыратын профессор-оқытушылар құрамы;
3. қашықтықтық курстарын ұйымдастыру жөніндегі мамандар (ұйымдастырушылар);
4. қашықтықтықтан оқыту жүйесін техникалық қолдау жөніндегі мамандар (әкімшілер);
5. тьюторлар;
· Қашықтықтықтан оқытудың әлектрондық курстарын әзірлеушілер шешетін міндеттер:
1. әлектрондық оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу және уақытылы көкейкесті ету;
2. тьюторларды дайындау және олардың қызметтерін ғылыми-әдістемелік қолдау;
· Тьюторлар шешетін міндеттер:
- білім алушыларды қашықтықтықтан тікелей басқару.
· Дидактикалық материалдарды жасау үшін ақы төлеуді қашықтықтықтан оқыту проблемалары бойынша жоғары оқу орны ішілік зерттеу тақырыптарын қалыптастыру жолдары арқылы жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі анықтайды.
· Қашықтықтықтан оқыту бойынша оқу процесіне қатысты профессор- оқытушылар құрамы қашықтықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін арнайы дайындалған болуы керек және сол саладағы кәсіби біліктілігі туралы құжаты болуы тиіс.
Қашықтықтықтан оқытумен жұмыс жасайтын оқытушы:
1. қашықтықтықтан оқыту технологияларын оқыту мен қолдану әдістемесін игеруі;
2. Интернет арқылы кеңес беруді қоса, жекелеген оқу кеңестерінің әдістері мен тәсілдерін игеруі;
3. білім сапасын мониторингтеуді, тексеруді, рецензиялауды, курстық және бақылау, оның ішінде жобалық және зерттеу жұмыстарының жазылуын басқаруды ұйымдастыру саласындағы арнайы білім мен іскерлікті меңгеруі;
4. ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, әсіресе әлектрондық ақпараттық желілермен жұмыс жасау әдістерін білуі тиіс.
· Қашықтықтықтан оқыту үшін қызметкерлердің саны кемінде 1:8 (бір оқытушыға кемінде 8 студенттен) ара қатынасындағы олардың тәртіптік қамтамасыз етулерін есепке ала отырып, іске асырылатыг бағдарламалардың әрбіреуі бойынша білім алушы студенттердің саны бойынша анықталады.
· Жоғары оқу орнының қашықтықтықтан оқыту жүйесінің профессор-оқытушылар құрамы тек осы жоғары оқу орнының ғана емес, сонымен қатар телекоммуникацияның ұйымдастырылған, әдістемелік құралдарымен біріккен және желілік режимде білім беру процесін жүргізетін басқа да жоғары оқу орындарының және басқа да өңірлердің профессорлары мен оқытушыларынан тұрады.
· Жоғары оқу орындарының қашықтықтықтан оқыту жүйесінің профессор-оқытушылар құрамы кафедраларда (аумақтан тысқары кафедраларда) құрылуы мүмкін.
· Профессор-оқытушылар
құрамының педагогикалық жүктемесін жоспарлау
білім беру ұйымы өздігінен белгілеген
оқу жұмыстарының түрлері бойынша уақыт
нормаларының негізінде жүзеге асырылады.
1.3.5.Қауіпсіздікке қойылатын талаптар
1. Ақпараттың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
Бағдарламалық қамтамасыз ету соңғы қолданушының шұғыл контентіне, ресурстары мен функцияларына қол жеткізуді ішінара шектеу мен басқарудың мүмкіндіктерін қарастыруы тиіс.
Ақпаратты қорғау және қауіпсіз қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін қашықтықтықтан оқыту кешені SSL, PKI сияқты Интернет-коммуникациялары қауіпсіздігі саласындағы өнеркәсіп стандарттарын, 128-1024 бит көлеміндегі кілттері бар күшті шифрлеу технологияларын, ақпаратқа қол жетімділікті авторландыру үшін сертификатты және қашықтықтықтан оқыту жүйесімен қорғалған өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді қолдау қажет. Жүйенің инфрақұрылымы ішкі аудиттің дамыған құралдарын және жүйеде болып жатқан оқиғаларды хаттамалауды меңгеруі керек.
АЖ аппараттық және бағдарламалық деңгейдегі деректерді жоғалтпау және рұқсат етілмеген кіруден сенімді қорғалуы керек. Базалық жоғары оқу орнында, оның барлық оқу орталықтарында білім алушылар туралы деректерді апаттық орнына келтіру мен резервтік көшірмесінің тетіктерін өңдеу қажет.
2. Тьюторлық сыныптарды қосқанда, барлық жұмыс орындары мен үй-жайлар ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына талаптарына, сондай-ақ Санитарлық тәртіптер мен нормаларға сәйкес келуі керек.
3. Үй-жайдың
ауданына қойылатын талаптар нормаларына
сәйкес белгіленеді. Тьюторлық сыныптар
компьютерлермен және
1.4. Қашықтықтан
оқыту – білім саласындағы
нарықтық қатынастарды
жетілдіру жолы
Бүгінде, информация өңдеу мен халықаралық деңгейде еңбек түрлерін бөлу әлемдік әкономиканың ең негізгі ерекшеліктері болып отырған кезде, білім алу кез келген маманның жеке және кәсіби табысының негізгі көзі болып қала береді. Білімнің адамнын жұмысқа түру мен өмір сүру деңгейіне тигізетін әсері бұрынғыға қарағанда анағұрлым күшейе бастады. Әрине, білімге қойылатын талаптар да өзгеріске ұшырады: әрбір жанның негізгі білімі мен оның тұрақты жаңарып отыруымен қатар қазіргі маман информациялық қорларды табысты пайдаланып, заң және әкономика негіздерін де игеруі тиіс. Қазіргі мамандардан шығармашылық тұрғыдан ойлай білуі, соның негізінде шешім қабылдауы және өмір бойы оқып үйренуі талап етіледі.
Функциональдық дайындау тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына ауысу. Бұл ауысудың негізі тек приоритеттер ауысуы ғана емес, мұнда мамандарды мемлекетгік тапсырыс бойынша дайындаудан жеке тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға көшу жүзеге асырылады. Жаңа түжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есепке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл оқушылардың және мүғалімдердің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын жасау арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып оқушылардың қазіргі және болашакта қолданылатын информациялық коммуникациялық технологияларды (ИКТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін), өздерінің жеке басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады.
Бұдан бұрынырақ көркем етіп қолмен жаза білудің өзі қартайғанша қам жемей тыныш өмір сүруге кепілдік бере алатын еді. Соңғы онжылдықта әр түрлі қызмет салаларында технологиялар мен білім түрлерінің жаңаруының жылдам үрдіс ала бастағаны байқалды. Мектептен, тіпті жоғары оку орнынан алған білімнің өзі ұзақ уақыт өмірге тірек бола алмайды.
Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы, оның іс жүзінде пайдалануға ұмтылу қоғамдағы ересек адамдардың білім алу мәселесін қиындатып жіберді. Ересек жандардың білім алуына деген көзқарас және оның қазіргі замандағы рөлі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Ол қазіргі білім беру жүйесі кризисін аттап өтудің және жаңа заманға сәйкес білім жүйесін қалыптастырудың тікелей жолы ретінде қарастырылып отыр.
Білімді негізгі қоғамдық капиталға айналдыру және білім алуға байланысты табыстың өсуі осы тауарды пайдаланатын адамның, жалпы қоғамның және накты бір мекеменің пайда табуына байланысты болып отыр. Осыдан барып білім беру саласын аралас түрде қаржыландыруға, осы саладағы нарықтық қатынастарды дамытуға негіз болатын мүмкіндіктер пайда бола бастайды.
Мектептегі
информациялық технологиялар
Орта мектеп өмірге білікті программалаушылар беруі тиісті емес (оларды университеттер дайындауы керек), оның атқаратын қызметі де ондай емес. Балаларды оларға қызыкты, әрі өмірде керек болатын нәрселерге үйрету қажет. Оның үстіне дәл осы сәттегі мәселелер жалпы жеке адамның жан-жақты және гармониялық түрде дамуымен қайшы келмеуі тиіс. Менделеев атап өткендей "орта білімнің негізгі мақсаты оқушыларды жеке жетілдіру, олардың қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру және жеке қасиеттерін (байқампаздық, ой таластыра білу, еңбек сүйгіштік, т.б.) дамыту".
Компьютер балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуға көмектеседі, әсіресе егер оған үйренуді емес, оны құрал ретінде пайдалануды игерсе, яғни ИКТ-ның техникалық жағына ғана қарастырмай, оның танымдық жағына көңіл бөлу керек. Мұндайда оны дұрыс пайдаланса, компьютер білімді жетілдіру құралы рөлін жақсы атқара алады.
Компьютер мен оқушының өзара әрекеттесуі қызғылықты процесс, ол педагогикалық новацияларда есепке алынып отыруы қажет.
Педагогиканың негізгі козғаушы күші ретінде барлық тәрбиелік әрекеттер негізі ынта болып саналатынын айтқан артық болмас. Өндірісте де ынталандыруға байланысты менеджмент ең бағалы ресурсты - кадрларды жетілдірудің негізгі құрамды бөлігі болып табылады емес пе? Балалар
ересек адамдар тәрізді егер оқу нәтижесі ертеңгі күні пайдалы болатынына көзі жетсе, оған зор ықыласпен қарап, тез үйренуге тырысады. Егер оқу процесі дұрыс құрастырылып, компьютер оның жылдам игерілуіне көмектесетін болса, оқушылар мақсаттарына жыддам қол жеткізе бастайды.
Информация о работе Қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың дидактикалық мүмкіндіктері