Торғай жерінен
шығып, бүтін бір халықтың маңдайына
біткен жұлдызына Ш.Жәнібек, Төлек,
Жәуке, Әбдіхаппар хан, Кейкі
батыр құрметіне туған елде
ескерткіштер қойылып, мұражайлар
ашылды.
Қалада тұратын
сексеннен астам ұлт өкілдерінің
тату, тәтті, түсіністікпен еңбек
етіп, өмір сүруіне жан-жақты жағдай
жасалынады. әр ұлттың мәдениеті мен
әдеп-ғұрпының сақталуына, онан әрі дамуына
кең жол ашылды. Оған біршама ұйымдардың,
мәдени орталықтардың «Достық үйінің»
жұмыстары үйлестірілді.
Ежелден халқымыз
«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем
ән мен тәтті күй» деп Абай
атамыз жырлағандай, әуелеп шырқалатын
асқақ әндер мен жанға жайлы
күйлерді ерекше балаған.
Торғай ақындары
мен жыршыларының күйшілері мен
әншілеріні, мәдени ескерткіштерінің,
қол өнерінің соңғы кезде бағын
көтерген Ө.Жәнібеков. Ө.Жәнібековтің
орны Торғайлықтар үшін биік
тұрғыда. Ол кезде фестивальдар,
айтыстар өткізу ансамблдер ұйымдастру
дағдылы іске айналғанды. Ө.Жәнібековтің
ықпалы мен Шәмшінің «Арқалықтың
ақ таңы», Әсет Бисеуовтің «Арайлым,
Арқалығым» әндері өмірге келді.
ІІІ тарау. Бірінші
рет «Торғай әуендері» фестивалі
1971 жылы 19-20 маусымында Арқалықта
керемет дүрілдеген салтанатты
да, шерулі жағдайда өтті. Фетивальға
деген құмаршылық құдіретінен
Арқалық халқы бұл күні 4-5 есе
өсті деуге болар. Осы фестивальде
осы күні аттары бүкіл Қазақстанға
мәлім С.Ордабаев, Ғ.Беріпсалдин,
Ғ. Құрмановтар сиқты талантты
жастар мәлім болды.
«Торғай әуендері»
фестивалін өткізу дәстүрге айналып,
ол «Торғай жәрменкесі», «Ақындар
айтысы» сияқты тамашалармен
толығып жатыр. Әр фестиваль
сайын жаңа талант көзі ашылуда.
1971 жылы 21-22 маусымда
Арқалық қаласында Торғай облысы
мәдениет қызметкерлерінің І
съезі болды. Съезді Торғай
облысының алғашқы хатшысы С.Құсайынов
ашып, Ө.Жәнібеков баяндама жасады.
Осы съезд көптеген рухани
жақсы істерге мұрындық болды.
Кейінгі жылдарды айтпағанның
өзінде, сол 1971 жылы 48 клуб пен
кітапхана толық жөндеуден өтіп,
22 клубтың құрылысын ақтаумен, кітапханалардың
облыстағы жалпы санын 215 –ке
жеткізумен қатар, мектептердегі
орынды 51-5 мыңға, балалар мекемелеріндегі
орынды 9,5 мыңға, ауруханалардағы
төсек санын 2625-не жеткізу ауадай
қажет екендігі, атап көрсетілді. Сол жылдарда
рухани жағдайар қала талабына сай емес
еді.
Әртүрлі товарлар
сататын дүкен бұрыштарында 40-50 қазақша
кітаптар қалада мүлде болмайтын
тұраты өнер коллективтер қалада
жоқ еді.
Съездің соңында
Торғай облысының барлық зиялы
қауымы үндеу қабылдап, барша
жұртшылық жоғарыдағы мақсаттарды
жүзеге асыру жолындағы мақсаттарды
жүзеге асыру еді. Қалаға сан
тараптан келіп жатқан басқа
ұлт өкілдеріне көне мәдениетніміздің
болғанын көрсету.
- Өзбекәлі Жәнібеков «Тағдыр тағылымы» Алматы 1996 жылы 89 бет.
Міне ослайша жас
Арқалықтың тарихы аздаған жылдар
ішінде қайнап жатты. Оның ішкі
тынысымен қала ақуалы сәйкес
болады, яғни әлеуметтік, мәдени, ағарту
көлік қатынасы құрлыс, тұрмыс
қажетін өтеу, денсаулық сақтау
орындары қоса қабат оралып, қазақтың
мәдениетін, әл лауқатын көтеруге
үлес қосып жатты. Қаламызға
келген мәдениет, өркениет,бұрынан
да бар Торғай, Атбасар,зиялыларының
жаңа жас тобын қалыптастырады.
Арқалықта
қазақ зиялыларының көш басында
мәденеи саладағы қызметккерлер
болады, десек ортақ айтпағандық
болар. Солардың бірі атақты
қазақ жазушы, сатирик, этнограф
С Кенжахметов болып табылды.
Оның «Кәрі жеңгей», «Қурдақ»,
«Киіз қазық», «Сөзсемсер», «Ел
қумағы елу», т.б. көптеген кітаптары
мен зерттеулері осы қалада
туды.
Облыс 1990
жылы қайта ашылғаннан бері, 1991
жылы Ахаң мен Жақаңның Торғайдағы
күндерінде республикалық ақындардың
үлкен айтысы өтті. Оған Қазақстанның
халық ақыны Әлихан Қалыбеков,
Еркін Асқаров сынды айтыскерлер
қатысты. 1994 жылы Ш. Жәнібек батырдың
300 ж өткен республикалық ақындар
айтысында да республикаға танымал
Қазақстанның халық ақыны Ә.
Беркенов қатысты. Жалпы облыс
қайыра ашылғалы Есіл өңірінің
атақты ақыны Қ. Көппайұлының
туғанына 110 жыл, белгілі халық
ақыны Сәт Есенбайұлының 100 жылдық
меретойы, белгілі ақын Құтжан
Қажығалиннің 90 жылдық, Төлек Жәуке батырдың
175 ж құрметіне арнаған ірі-ірі айтыстар
өткізді. Халық өнерінің бағы жануына
үлес қосар осы шаралармен бірге, облыс
білім басқармасы мен мәдениет басқармасымен
бірге өткізген, оқушылар айтысы, бұл үлкен
шоғырға қосылудың үлкен себін тигізді.
Мәдени рухани
кеңестігіміз туралы сөз қозғағанда
өзінің елі мен жеріне, өнеріне
жан- тәнімен берілген оның
болашағын қалап жүрген. Өнер
жұлдыздары Қ. Әбілов, А. Мұздаханов
т.б.
Торғай жерінің
кешегісі мен бүгінгісін көненің
көзі бай ою-өрнектердің көздің
қарашығындай сақтап халқына
көрсететін, келер ұрпаққа мұра
етіп қалдыратын әсіресе жас
ұрпақты туған ел тарихымен
таныстырып,сүйіспеншілікке тәрбиелейтін
үлкен орын мәдени-тарихи мұражайлар.
Осы мақсатта облыс тарихында
1973 жылы 23 маусымда облыстық тарихи
өлкетану мұражайы ашылуы. Тарих-дәуір,
өмір мектебі мұражайларында
патшалық Ресей кезіндегі Торғай
облыста тарихынан бастап, ұлт-азаттық
көтеріліс, төңкеріс және Ұлы
Отан соғысы кезіндегі торғайлықтардың
ерлігі, соғыстан кейінгі жылдар
тың игеруі, Торғайдың кен байлығы
жайында тарихи деректер жиналды.
1970 жылы облысты
басқарушылардың бірі, мемлекеттік
қайраткері Ө.Жәнібековтің
басшылығымен мұражайға құнды
экспонаттар жиналды, кейінгі
жазған кітаптарына арқау болды.
Сондай құнды экспонаттардың
бірі- соңғы кезде қосылған сәукеге,
бұл да Ө. Жәнібековтың эскизімен
жасалған еді.
Соңғы жылда
мұражайда қазақ жоңғар шапқыншылығы
бейнеленген диарама ашылды. Оған
атақты батырлар Ш. Жәнібек
батыр, оның серіктестері жайлы
тың дерек жазылады.
1991 жылы
ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің
туғанына 150 жыл толуына байланысты
мұражай экспонаттарын қайта
қарапкөптеген өзгерістер енгізген.
Әсіресе халқымыздың ұлы перзенттері
жерлестеріміз Ахмет Байтұрсынов
пен М.Дулатов өмірі мен
шығармашылық еңбек жолын айқындайтын
ресми материалдар және құнды құжаттармен
мұражай эксперциясы толтырылды.
Өнер шеберлері
деген айшықта сөз ойға оралғанда
ең алдымен Торғай театры көз
алдыңа келеді. Торғай өңірінде
ерекше орын алатын оқиға 1972
жылы Торғай облысының қазақ
музыка драма театрының құрылуы.
Театр шымылдырығын ең алғаш
М. Әуезовтың «Айман-Шолпан» комедиясымен
ашылды. Театрдың негізін қалаған
сол жылы Мәскеудегі М. Шепкин
атындағы жоғары театр училищесін
бітірген түлектер еді.
1998 жылы Театр
ұжымы Торғай облыстың жабылуына
байланысты Жезқазған қаласына
көшірілгенімен торғайлық өнер
сүйер қауым өздерінің сүйікті
актерларын ризашылықпен еске
алып отырады.
Торғай облысы
қайтадан ашылған соң 1992 жылы
театр өмірі қайта жанданып
«Қалқаман Мамыр» қойылымы мен
сахна шымылдығын ашты. 1972 жылы
алғаш театр ашылғалы еңбек
етіп келе жатқан әртістер
О. Мұқашаев, М. Қоочақов көрерменықыласына
бөленген өнер шеберлері болып
шықты.
Жаңашадан
ашылған театрдың творчествалық
өсуі кезінде оларға
С. Қожамқұлов атындағы театр
әртістері жеткен биікке жетуі
үшін көп ізденіс, профессионал
актерлер қажеттігі туды. Облыс
басшыларының өтінішін қолдаған
мәдениет министрлігінің орынбасары
Б. И.Обаев, мемлекеттік театр
өнер институтының ректоры Г.
Теияновтердің көмегімен облыстың
театрға институтты жаңа бітірген
1 топ түлек келіп, театрға тың
серпіліс әкелді. Облыс тарихында
1996 жылы алғаш рет театр ұжымы
бөлек шығып, өзі жеке шаңырақ
көтерді. Белгілі қоғам қайраткері
Ахмет Байтұрсынов атындағы
облыстың музыкалық драма театрының
жас ұжымы үлкен үміт, тың ізденістер
үстімде болды.
Қазақ мәдениеті
мен өнерінде Торғай өлкесінің
одан шыққан әнші сазгерлердің
де өз үлестері бар, ұлттық
сөз өнері дамуының көш басында
тұрғындардың бірі-Бақытжан, Байқадамов,
Б. Хамзиндер. Қазақ қорының
қалыптасуында Б. Байқадамов орны
ерекше. Торғай елінің мақтанышына
айналған Б. Хамзиндер қазіргі әуесқой
сазгер, әнші ретінде танылып жүрген республикаға
еңбегі сіңген мәдениет қызметкерлері
шебер сазгерлері:
Қ.Деріпсалдин, Б. Сәукиов. Олардың әндерін
республикаға танымал әншілер орындауда.
Республикаға
танымал болған фальклорлық-этногрфиялық
«Шертер», «Ғасырлар кеніші», «Торғай
әуендері», ансамблдері көпшіліктің
ықпалына бөленген.
«Қазақстан
Республикасына еңбегі сіңген
әртісі» атаған 1993 жылы алған
Ғазиза Жумекенова, әртістер Қыпшақ
Қойғарин, Отаркүл Мұқатова, Сайлау
Ордабаев, Асқар Болтов, Алмас Сұлтанғазин
сынды әншілерді көрермендер
ыстық ықыласпен қабылдайды.
Торғайлық
өнерпаздар мен орындаушылар
республикалық байқау фестивальдарға
қатысып жүлдегі орындар алып,
табыспен оралып еді. Әнші Ғазиза
Жұмекенова, Шәмші Қалдаяқов атындағы
байқауда лауреат атанды. 1992 жылы
Аманкелді Досжанов Республикалық
«Үкілі үміт» байқауында жүлдегі
1-ші орынды иеленді.
Көп ұлтты
Торғай жерінің өнері туралы
айтқанда фольклоры-этногрфиялық
Марий ансамблін, башқұрт фольклорлық
тобын т. б. Айтпай кетуге
болиайды.
Сонымен қатар
отбасы ансамбльдерінің қалыптасып
көбеюіне кезінде жағдай жасалды.
Отбасылық ансамбльдердің байқауы
өткізіліп тұрды. Көпшілікке танымал
Сауекеновтер, Молдахметовтер, Әбішевтер
ансамбльдерінің орындауындағы
концерттер үнемі, табыспен өтетінді.
Қазіргі эстрадалық жастар әуенін
орындауда, жас таланттардың өнер
жолына шығуына ықпал ететін
байқаулар «Торғай жұлдыздары»,
«Шанс-шанс», «Студенттер көктемі»,
фестивальдары жылына-жыл өткізілді.
Осы байқауларда ұйымдастыруда
да жастардың жаңа тың ізденісі
байқалады: «Шанс-шанс» байқауын
ұйымдастырушы продюссер Алмат
Сұлтанғазин сондай шебер жастардың
бірі.
Халық биі
өнерінің өркендеуінің үлкен
әлеуметтік мәселе екендігі белгілі.
Кезінде ән салып, би билегендердің
бірі Қарсақ Қапабайұлы. Сол кісі
«Би қанаттанса, ел қанаттанады»11
, деген екен.
Қазақстан
өз дербес мешекет болып көк
байрағы аспанда желбіреп, әлемге
танылды. Ұмыт бола бастаған
ұлттық салт-дәстүрге, өнерге жан
кірді.
Қазаққа
қалқан, жауына олдаспан болған
Ш. Жәнібек пен Төлек Жәуке
батырлар жөнінде театрландырылған
көріністер еліміздің өтпелі
тарихынан зердей ой беруге, кең
байтақ қазақ жерін қорғау, оңайға
соқпағанын, ол үшін қан мен
тердің аз төгшегенін айқын
сездірді.
Бір
сөзбен айтқанда бұл меретойлар
данышпан, ер жүрек баиыр бабаларымыздың
аруақтары алу, сол арқылы ұрпаққа
ұлағат болар үлгі өнеге қалдыру.
Күй құдіреті Құрманғазы мен
күй дүлділі Қазыбек Әбішев
мектептерінен үлгі алған күй
өнері жұлдыздарының Арқалықтағы
өкілі болып С. Жәлімішевті
айта кеткен жөн. 175 күйді
жатқа орындаушы
С.Жәлімішевті қала тарихына игі
із қалдырған зиялы адам. Нәзік
жырлары, сезімдері жұртқа танымал
Н. Мұқатов, Ж. Сабыржанов, Қ.
Әбіловтер Арқалықтың бел балалары.
Қайда жүрсе таныс тіршіліктері
Арқалық тағдырына нешқұрайлы
қарамайтын, талай шығармаларды
Арқалығым деп жырға қосқан
ақындар. Міне, көріп отырсыздар
тарих дөңгелегі, жапан далада
қала көтерді. Арқалық ашулы
алақанын сонау ғарыштан түскендерді
де осылай қарсы алып отырды.
Соның бірі Қазақстаннан шыққан
ғарышкер Т. Әубәкіров болды.
Қала
халқының 70 % -і жастар, жас жұбайлар
болды. 1990 жылы одан саны керемет
өсті. Бұл жағдай бала-бақшалар
мен мектептер салуға ықпал
етті. Осы жылдар аралығында ата-аналар
алаңсыз жұмыс істеу мақсаиында
20-ға жуық бала-бақшалар жұмыс
істеді. Егемендік алған кезеңнен
бастап, яғни 1991 жылдан бері сәбилерді
ұлттық рухты тәрбиелеу, ана
тілін меңгеру қолға алынды. Қазақ
тілі мемлекеттік тіл болып
бекіп заңдасқаннан кейін басқа
да ұлт өкілдерінің балаларына
қазақша үйретіле бастады.
Осы заманға
лайық жұмыс жасап, оқушыларға
жақсы білім мен тәрбие беруде
А. Құнанбаев, Ш. Уалиханов,
Б. Майлин атындағы мектептерді
атауға болады. Мектеп түлектері
қазіргі таңда Отанымызбен қатар
ТМД елдерінде де қызмет атқарып
жүр.
Қала
іргетасы қаланған күннен бастап
және облыс орнағаннанақ қадр
дайындауға, әсіресе жұмысшы мамандықтарын
дайындауға зор көңіл бөлінді.
Қазіргі таңда нарық заңына
байланысты және қала халқының
құрт төмендеуіне қарай қаладағы
оқу орындары бірігіп, Торғай
аграрно-технткалық колледжі және
экономика және құқық коледжі
жұмыс істеп, мамандар даярлауда.
Аталған коледждердің кейбіреулері
жартылай мемлекет мойнында болса,
экономика және құқық колледжі
толық дербес оқу орны болып
есептеледі.