Шоқан Уәлиханов – қазақтардың рухани өмірі мен наным-сенімі туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2012 в 05:27, реферат

Описание работы

Шоқан - қазақ даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш және талантты өкілдерінің бірі. Ол - өз дәуіріндегі орыстың прогресшіл ғалымы мен әдебиеті, мәдениеті дәстүріндегі тәрбие алған және әр алуан ғылым саласын алғаш рет зерттеген адам. Сондықтан да Шоқанды жолдастары "Еуропаға ашқан терезе" атады.

Работа содержит 1 файл

Қ.тарих №2 семестр.doc

— 208.50 Кб (Скачать)

ә) Шоқан Уәлихановтың қазақ эпосының шығу арналарына, рухани өміріне қатысты ойлары

 

Қазақ әдебиеттану ғылымы ұлы Абайға дейін қазақ поэзиясында екі тур — жыр мен қара өлең түрі болған деген тұжырымға ден қояды. Алайда бұл салада әлі де болса ойланатын мәселелер жоқ емес. Оның қайсы бірін Шоқан жіктеулеріне байланыстыра баяндап көрейік.

Шоқан өз тұсындағы өлеңдердің сыртқы көрінісіне, ішкі мән-маңызына, ұйқас, ырғақ жүйесіне қарап, казақ поэзиясын бес түрге бөледі. Олардың тууы, жетілуі, қолдануы жайынан қызықты мәліметтер мен деректер келтіреді.

Шоқан «жыр» мен «өлең» түрлеріне мол тоқтап, «жоқтау», «қайым», «қара өлеңдердің» мәні мен ерекшелігін қысқа қайырған.

Қазақ өлеңінің, «жыр»  түрі көбіне белгілі бір батырдың өмірі мен ерлігін баяндауға қолданылатындығын айтады да, «жыр дегеніміз — рапсодия. Жырламак етістігі ұйқастырып айту деген мағынаны білдіреді. Дала жырларының бәрі де қобыздың сүйемелдеуімен айтылады.... Жыр әдетте көне заманның атақты батырларының өмірі мен ерлігіне арналады. Батыр өмірінің бел-белесі, оның ерлігі, не керек, баяндауды тілейтін оқиғалардың бәрі де прозамен әңгімеленеді. Ал поэманың қаһарманы не басқа негізгі кейіпкерлері сөйлеуге тиіс болған кезде ғана өлеңмен жырланады» деген анықтама береді.

Батырлар жырынан нақты  мысал алып, оның өлеңдік құрылысын талдамағанымен, Шоқан жырда әуен мен ойдың үйлесімді («полная гармония звуков и мыслей») шығатыңдығын атап көрсетеді.

Шоқанның ерекше назар  аударғаны — жырдың тарихи тағдыры. Жанақ, Орынбай, Шөже, Арыстанбайлардан бірқыдыру батырлар жырын естіп, жазып алған Шоқан қазақ поэзиясында жыр формасы ескіре бастады деп пікір айтып, «көне жырлар жаңа ұрпаққа түсініксіз болғандықтан жылдан жыл айтылуы кеміп барады және оны білетіндердің өзі мүлде азайып келеді. Қобыздың сүйемелдеуімен жыр айту атақты ақын-импровизатор Жанақ өлгеннен кейін модадан шығып қалды» деп жазды.

Тарихи деректер Шоқанның бұл пікірін дәлелдемейді. Қырымның қырық батырын жырлаған Мұрын жырау Сеңгірбаевтың, «Қобланды», «Құбығұл», «Төреқан» сияқты жырларды өзінше жырлаған Нұрпейіс Байғаниннін, тағы басқа халық жыршылары мен ақындарының бай мұраны советтік заманга жеткізіп беруінің өзі Шоқан пікірін дәлелдемейтіні айдан-анық.

Екіншіден, Шоқан Орта жүз қазақтарының арасында батырлар жыры онша көп айтыла бермейтіндіктен, қазақтың басқа өлкесінде де солай шығар деп жорамалдауы ықтимал. Сондықтан да «Домбыра мен соңғы шыққан өлеңдер қобыз бен жырды мүлде ығыстырып тастады» деген пікірді тарихи шындықтар растамайды.

Жырдан кейін Шоқан  қазақ поэзиясында жиі кездесетін жоқтау өлеңдерге тоқталып, оның кімге, қалай арналатындығын баяндаған. Шоқан жоқтауды «жылау» деп атап, «надгробная песня» деп түсіндірме берген. Басқа жоқтауларға қарағанда «Айғанымның жоқтауы» мен атастырылған 14 жасар қыздың жоқтауы адамның жан-жүйесін босататын әсерлі, сазды, жыр үлгісімен тегеурінді жырланатын жоқтаулар екендігін хабарлайды.

Шоқанның қайым өлеңге «үйлену тойы кезінде жігіттер мен қыздардың сұрақ-жауап түрінде айтатын өлеңі... Бұл өлеңдер кейде жұмбақ, арнау, кейде қалжың-қағытпа боп келеді, ал қалжың-қағытпаларының кейде тым анайылау болатыны да бар» деп түсіндірме беріп, қазақ поэзиясының бір түрі деп тапқан.

Содан кейін Шоқан  қара өлеңнің төрт жолдан құралып, белгілі  бір мағнаны білдіретіндігін, көбіне әнге салып айтылатындығын баяндайды.

Ал Шоқанның қазақ поэзиясын жіктеуінде бесінші түр— «өлең» деп аталады. Бұл түр қазақ поэзиясына соңғы елу жылдың ішінде енді, казіргі ақындар оны шығарып айтуга да, ұзақ сонарлы дастанды жырлауға да қолданады. Бұл тұрдің қазақ поэзиясына сіңісіп кетуіне Орынбай мен Шөже көп еңбек етті. Бұл түр бізге татар поэзиясынан ауысты деген пікір айтып, оған дәлелдер келтіреді.

Шоқанның осы пікіріне, яғни қазақ поэзиясына «өлең» түрі соңғы елу жыл ішінде енді деген мәлімдемесіне назар аударған жөн. Қазақ эпостары мен толғаулары, сондай-ақ тарихта аты калған ақындардың шығармалары негізінен жыр үлгісінде шығарылған. Қазақтың көне әдебиетінің үлгілері де, XV—XVIII ғасырда жасаған ақындардың да, Бұқар жыраудың да, Дулаттың да, Махамбеттің де шығармалары ылғи жыр үлгісінде шығарылған. Ал Шал акынның творчествосында он бір буынды қара өлең мен жыр үлгісі араласып отырады. Қазақтың ертеден келе жатқан «жар-жарының» өзі құрылысы жағынан алғанда қара өлең түрінде екені тағы бар.

Поэзия әлеміндегі осындай  көрініс жайында Шокан пікір  айтқан уакытта, Шөже мен Орынбай  сықылды ақындардың творчестволық практикасына сүйеніп, ақындар өлең формасын өлең шығаруға ыңғайлы деп импровизацияға қолданады, бұл түрге олар қазір әбден машықтанып алды деп тұжырым жасаған.

Қалай болғанда да, он бір  буынды өлең қазақ поэзиясының ең көне түрі деген тұжырымды ойластырған  жөн сияқты. Өйткені қазақ поэзиясының  бар дәуірдегі, әсіресе XVIII ғасырдағы және XIX ғасырдың алғашқы ширегіндегі ақындардың өлеңдерінің басым көпшілігі (тіпті барлығы десе де болғандай) жыр үлгісімен келетіндігі бұған айқын дәлел. Ал XIX ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ақындардың шығармаларында он бір буынды өлеңнің бірқыдыру мол болуы, Шоқанға жыр формасы ескіріп бара жатыр деп пікір түйіндеуге негіз бола аларлықтай.

Сонымен, қазақ поэзиясындағы  формалардың өзгеру процесі әрқашанда  сапалық жаңалықтармен тікелей  байланысты болып отырғандығын тиянақты ескеру шарт, сонда ғана профессионалдық поэзияның қалыптасу сырларын анық аңғара аламыз, сонда ғана ұлы новатор Абайдың творчестволық тұлғасын өзіне тән нақты ерекшеліктерімен көретін боламыз.

Шоқан «өлең» түрінің  құрылысын басқа түрлерге қарағанда анығырақ баяндайды. «Өлең төрт жолдан құралады, алдыңғы екі жолы мен төртінші жолы силлабикалық жүйемен бір ырғаққа ұйқастырылады, үшінші жол ұйқаспайды» деп анықтама береді де қазақ поэзиясының үлгілеріне араб поэзиясының мөлшері сай келе бермейтінін, әр поэзияның өзіндік ерекшелігі болатынын ғылыми тұрғыдан дәлелдейді.

Шоқанның осы еңбегінде  айрықша назар аударатын мәселенің  бірі — қазақ поэзиясын тудыратын, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін творчество адамдарын сала-салаға ажыратуы (квалификациялауы). «Өлеңші», «ақын» деген терминдердің Шоқан талдауында біраз жігі ашылған. «Өлеңші» деген терминді «жыршы» деген мағынада түсіндіріп, бұрыннан кейінгіге мұра болып қалған шығармаларға олар өз тарапынан тек кіріспе мен соңғы сөз қоса алатындығын хабарлайды. Ал «ақын» деген атауды өз жанынан өлең шығаратындарға лайықтайды, бірақ кейде оларды да «өлеңші» деп кететін кезі бар.

Қазақ әдебиеттану ғылымының  қарқынды өркендеген бүгінгі шағында  поэтикалык творчество өкілдерін ақың, өлеңші деп қана қарау әрине аздық  қылады. Алайда сыншылық ойдың таң шапағында осындай эстетикалық категорияларға Шоқанның ой жүгіртуі, кейінгі ұрпаққа осы салада зерттеу жұмысын жүргізу қажет деп ескертуі таыаша бастама екені айдан-анық. Әрине, Шоқан тек қазақ поэзиясының табиғатын зерттеумен ғана шұғылданса, талай соны ойлар мен пікірлер айтары белгілі ғой. Жол-жөнекей айтқан пікірінде осындай эстетикалық жүйелерге көз тастауы, мәнді де жаңа тұжырымдар жасауы оның сыншылық көзқарасының тереңдігі мен молдығын аңғартатын деректер.

Сонымен, Шоқанның әдебиет туралы айтқан шұрайлы ойлары мен зерттеулері қазақтың сыншылық ойын ғылыми өңірден өрбітіп кең арнаға бастады. Қазақ халқының рухани байлығын ғылыми тұрғыдан зерттеп, тұжырымды пікірлер айтқан Шоқанның тарихи еңбегі қазақтың сыншылық ойының қарлығашы болды.

Шоқанның эстетикалық  талап-талғамын қалыптастырған арналар  да ұмытылуға тиіс емес. Шоқанның асқан  ғалым болуына, көркемдік сырын  жыға түсінуіне, оны әсем де көрікті  баяндап беруге оның табиғи дарын-қабілеті ғана емес, сонымен қатар бірнеше шет тілін меңгеруі де көп септігін тигізді. Ол адамзат жасаған асыл мұралардын, әсіресе Шығысқа.байланысты әдеби-тарихи және материал-дық мүралардың шын мәні мен қасиетін жете ұғынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Заманында дүние жүзілік  ғылымға елеулі үлес қосқан Уәлихановтың барлық саладағы еңбектері әр кезеңде де жоғары бағаланды. Шығысты зерттеуші әйгілі ғалым Е. И. Ковалевский Шоқанды «Асқан данышпан жас жігіт», «тамаша ғалым» деп атады. «Шоқан қазақ ішінен оқырман қауымын тапқан болса, ол өз халқының шын мәнісіндегі асқан данышпаны болар еді» — дейді Потанин. «Шоқан Шыңғыс ұлы Уәлиханов Шығыс тану әлемінің аспанынан құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өте шықты. Орыс ориенталистері бір ауыздан оны таңғажайып құбылыс деп қарады, одан түркі халықтарының тағдыры туралы аса маңызды ұлы жаңалықтар ашады деп үміт күтіп еді» — деп жазды Н. И. Веселовский. Шоқанды көрген, оны жақсы білген ғалымдардың осынау жан тебірентерлік жылы сөздері — оның еңбегіне ғылым әлемінің бір ауыздан берген әділ бағасы болып қала бермек.

Петербургте болған жылдары 1859-1861 Шоқан өміріндегі ең бір қызықты  кезең болды. Орыстың озат ойлы интеллигенциясымен араласа жүріп ол өзінің білімділігін, талантын танытты. Шоқан шығыс зертеушілері В.В Грирорьевпен, В.П.Васильевпен, В.В.Веньяминов-Зерновпен, Құлжадағы бұрынғы орыс елшісі А.Н.Захаровпен, сыншы Н.Н.Страховпен, ақындар А.Н.Майковпен, Я.П.Полонскиймен және басқа  орыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы өкілдерімен байланысын үзбеді. Шоқанның достарыныың ішінде аса көрнекті орыс жазушысы Ф.И.Достоевский де болды. Тұңғыш рет 1854 жылы Омбыда танысқан кейіннен Семейде жалғасқан бұл достық Петербургте де үзілмеді.

1861 жылдың көктемінде  белгілі ғалым болып танылған  Шоқан ауруға шалдығып, аулына  қайтады. Пікірлес достарының  арасында Петербургте екі жылдай болған Шоқан үшін бұл кезең жарқын да, қуанышты да болды. Ағайын-туысымен келісе алмаған соң Шоқан Омбыға келіп қазақтың сот реформасындағы мәселелерімен айналысты. 1864 жылы Шоқан генерал Черняевтің әскери экспедициясының құрамында Әулие ата бекінісін алудағы әскери қимылдарға қатысады.

1865 жылдың “Русский  инвалид“ газетінің 51 санында  көрнекті жас қазақ ғалымының  Қытайдағы дүнгендер көтерілісі  туралы ақырғы еңбегі жарияланды.

Шоқан Уәлиханов 30 жасында  туберкулез ауруынан 1865 жылдың сәуір  айында Алтын Емел жотасының етегінде Көшен тоғаны деген жерде, албан руының аға сұлтаны Тезектің ауылында қайтыс болды.

Шоқан өзінің қып-қысқа  ғұмырында Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихына, географиясы, этнографиясы, фольклорына және қоғамдық-саяси  құрылысына арналған көптеген құнды еңбектер қалдырды. Шоқанның жазып қалдырған күрделі және бағалы еңбектері: „Жоңғария очерктері“, „Қырғыздар туралы жазбалар“, „Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы“, „Ыстық көл сапарының күнделіктері“, „Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы“ “Хаттар”, “Шаман діні”, “Күнделік дәптерлер”, “Тау қырғыздары туралы” әсіресе, Шығыс халқының этнографиясы туралы көптеген материалдары бүгінге дейін жойылмаған асыл мұра.

Бұл еңбектерді орыс ғалымдары  аса зор бағалаған. Оларда жеткілікті халықтардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті, әдет-ғұрпы, жан-жақты зерттелді. Табиғатты және ел тұрмысын Шоқан жазушылық шеберлікпен суреттеген. Осыдан барып оны орыс достары «Қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы» деп атаған.

Ол өзінің ойындағы көп армандарын орындалмай кетті. Бірақ алғыр ғалым-философ өз елінің болашағына толық сеніп, қазақ халқының азаттық алатындығын ешбір күмәнданбады.

1958 ж. Уәлихановтың  Алтынемелдегі қабірі басына  биік обелиск орнатылды. Кауфман қойғызған мәрмәр тас соның қабырғасына өріліп жымдастырылды. Алматыда (мүсінші X. Е. Наурызбаев, арх. Шота Уәлиханов), Көкшетауда (мүсінші Т. Досмағамбетов, арх. К. Әбдәлиев) Шоқанның мүсіндік ескерткіші орнатылды. Қазақстанның FA-ның Тарих, археология және этнография институтына Уәлихановтың есімі берілді.

Шоқан — Шығыстың жарық  жұлдызы, Ұлы Дала данышпаны.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Аманжолов Қасым. Жұлдыздай жарқ етіп. Алматы, 1989 ж.

2. Достоевский Ф.М.. Шоқан туралы естеліктер. Москва, 1976 ж.

3. Қазақ Халқының Ұлы Ғұламалары. Алматы, 1996 ж.

4. Қазақтың ұлы ғұламалары. Алматы, 1993 ж.

5. Ч. Ч. Валиханов, Избр. призв., под ред. А. X. Маргулана, А.-А., 1958;

6. Ч. Ч. Валиханов Собр. соч., в 5 тт., т. 1— 5, А.-А., 1961—72.

7. Марғұлан Ә. X., Шоқан және «Манас», А., 1971;

8. Н.Баяндин “Орта және Орталық Азияны зерттеушілер”.




Информация о работе Шоқан Уәлиханов – қазақтардың рухани өмірі мен наным-сенімі туралы