Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2012 в 05:27, реферат
Шоқан - қазақ даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш және талантты өкілдерінің бірі. Ол - өз дәуіріндегі орыстың прогресшіл ғалымы мен әдебиеті, мәдениеті дәстүріндегі тәрбие алған және әр алуан ғылым саласын алғаш рет зерттеген адам. Сондықтан да Шоқанды жолдастары "Еуропаға ашқан терезе" атады.
— Менің ұлымды қай жерде өлтірдің? — деген сауалға Абылай:
— Кінә маған тағылғаны болмаса, сенің балаң Шарышты өлтірген халық, халықтың еркі мен арқылы орындалды, — деп жауап береді. Галдан:
— Үш ордадағы барлық батырлардың ішінен ең құрметтейтінің кім? — дегенде, Абылай:
— Өзінің 90 тұтқынын Галданды сөзбен жеңіп босаттырған Қаракесек Қазыбек пен үйінде отырып жауының үрейін алған, сөйтіп, өз тұтқындарын қайтартқан Уақ Деріпсалы мақтауға лайық; ал байлығы, ерлігі, мінезділігі жөнінен Бәсентиін Малайсары батыр мен ақылдылылығы, қаһармандығы бойынша Уақ Баян батыр бәрінен де жоғары тұрады, — дейді. Галдан:
— Қандай мемлекет басшысы басқалардан жоғары? — деп сұрағанда, Абылай іркілместен:
— Қондакер, орыстың ақ патшасы, Еженхан, Галдан, одан кейін мен өзім, — дейді". Сөйтіп, қазақ елінің басқа елдермен терезесі тең болған кезін еске түсіреді, тұтқындамын-ау деп ықпайды.
Мұндай диалогтардың көркем шығармаға тән екені аян. Ғылыми диалогтың асқан шеберлері Аристотель, Платон, Сократ, Геродот... еңбектерін құныға оқыған Шоқан өзінің тарихи очеркінде бұл тәсілді аса ұтымды қолданған.
Қазақ халқы басқа елге өз бетімен тимеген, егер біреу-міреу жерінің байлығына қызығып, оқыстан өзіне соқтыға қалса, ешқашан намысты қолдан жіберіп көрмеген ер де өр халық екенінен мағлұматты мол Галдан артын ойлап, Абылайды өлтіруге бата алмайды, Жапақтың баласын аманатқа алып қалумен тынады. Жауынгершілік заманның рухын Шоқан зор талғампаздықпен, жазушылық шеберлікпен, Жәнібек, Байғозы, Жантай, Баян... сынды қас батырлардың образдары арқылы ерекше асқақтата суреттеген.
Епті де шапшаң қимылымен даңққа бөленген Балталы Оразымбет батыр, "қара мылтыктың қорымындағы пілте от алғанша" қарсыласын қағып түсіретін Сырғалы Елшібек батыр, Қоянкөздің бал асы атақты Қонай батыр, ішегін сүйретіп жүріп соғысқан Үйсінбай батыр, Бағаналы Баянбай батыр бейнелері де ел қорғау кезіндегі ерлік дәстүрді толықтыра түскендей әсерлі берілген. Очеркист бұларды басты қаһармандардың тұлғасын сомдап көрсету, заман сырымен тереңірек қанықгандыру үшін қосалқы баяндаған. Бірақ оның өзінде әр батырдың түлғасы есте қаларлыктай ерекшелігімен тартымды дараланған.
Кдшқан торғауттардың соңғы жортуылына карсы күрес халық аңызында "Шаңды жорық" деген атпен белгілі. Оған сансыз көп адам қатысқан. Хан өзінің орнында қозғалмай тұр; ол басқа батырлардың көңіліне келетініне қарамастан, ер жүрек Баян батырды тағатсыз күтуде. Ақырында 540 адамымен оралған ол ханның алдына келіп: "Қайда, не бүйырасың, мен орындаймын", — дейді. Хан халыққа арнап: "Міне, менің Баянды неге ұзақ күткенім", - деп түсіндіреді. 500 әскерімен 10 мың қалмаққа қарсы тұрған Жантай батырдың қаһармандығын, өлер алдында атынан түсіп, баласы Тоқышқа бергенін, тірі қалған 8 адамға: "Үйге қайтындар, мен жауымды тосып қалайын", — деп барып құлап түскенін естігенде, Абылай: "Қайран қайыспас қара болатым-ай!", — деп көзінің жасын тия алмайды. Бұл — басшы мен батырдың, батыр мен халыктың арасындағы мүлде бірлігін танытар көркем шешім.
Шоқанның " ХVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыз" шығармасында атакты Баян батырдың қазасы; қалмақ әйелдерінің (Шарыштың анасының, Теміржан батырдың қарындасының) жоқтау зары; елшілік алмасу дәстүрі және басқа да жайлар қамтылған.
" ХVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыз" — белгілі сюжетке құрылған, оқиғасы қызғылықты, адам психологиясын терең ашып суреттеген асыл мұра; әрі қысқа, әрі нұсқа туынды. Ұлы зерттеуші осынау құнды шығармасында тарихи кейіпкерлерді қандай шебер шоғырландырған, заман тынысын қалай дөп басып, естен кетпестей айшықты бейнелеген десеңші! Көз алдыңызға кесек бітімді, мәрт мінезді ірі тұлғалар, жанды қаһармандар келеді. Өзіңізді Қазақ даласындағы ұрыс майданына араласып кеткендей сезінесіз. Бұл қаламгер дарынының сиқырлы құдіреті болса керек!
Ш. Уәлиханов: «Шайбаннамада» - «қазақ» өте қадірлі сөз, мықты, күшті, шабытты көрсетеді. Европа тілінде ондай ұғымды рыцарь (ер) деп атайды. Орта Азия тарихшысы Розбехан: «Бұл кездегі қазақтар өзінің жойқын ерлігімен, алып күшімен барлық дүниеде даңқты болды; олардың қайтпайтын ержүректік мінезі араб тілі секілді тілдерде ашық жазылған» дейді.
«Шайбани-наме», «Шежре-и түрік», Абулғазы туындылары негізінде теориялық мәні зор «Қазақтың шежіресі» атты еңбек берді. «Жәми-ат-тауарихты» Шоқан сирек кездесетін тарихи шығарма, қазақтың 15—16—17 ғ-дағы тарихи аңыздарының жиынтығы деп таниды. Кейін «Бабур-наме», «Тарих и-Рашидиге» терең үңілген ол өз еңбектерінде солардың деректерін орынды пайдаланды.
2. Шоқан Уәлиханов – халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, зерттеуші.
Шоқан қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін көп жинады және қажетті кезінде пікір айтып отырды. Қырғыз халқының ұлы дастаны «Манас» туралы ғылыми қорытындылар жасады, орыс тіліне аударды. «Қазақтың халық өлеңінің түрлері туралы» ғылыми еңбек жазды. Өзінің басқа шығармаларында әр елдің әдебиеті, аңыз-жырлары жөнінде тамаша ойлар айтып, өз көзқарасын білдіріп отырды.
Шоқанның әдеби-эстетикалық көзқарасының дәйектілігі мен құнарлығын дәлелдейтін еңбектері өте мол. Өзгенің бәрін былай қойғанда, қырғыз халқынын, «Манас» эпосы туралы айтқандары күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймай, дүние жүзіндегі ең үлкен эпосты зерттеушілердің аттанар өрісі болып отырғаны осының айғақты дәлелі.
Шоқан — «Манасты» бірінші жинаушы ғана емес, оның қоғамдық-әлеуметтік мәніне, көркемдік құнына түңғыш рет дұрыс ғылыми анықтама жасаған ғалым.
«Сөз жоқ, қара қырғыздардың
халықтық кемеңгерлігінің ең басты
және бірден-бір шығармасы — «Манас»
Шоқанның «Манас» эпосы
туралы айтқан пікірлері мен тұжырымдары эсте
Шоқанның ұлан-ғайыр еңбектерінен қазақ халқының өнерпаздық дарыны жайындағы пікірлерін, әсем ән, келісті мақам, үйлесімді ырғаққа құмарлығын, құлақ құрышын қандыратын өлең-жырлардың қандайлық поэтикалық қасиеті бары туралы шұрайлы ойларын молынан кездестіреміз.
Қазақ халқының ақынжандылығын, көркем сөздің қасиетін қадірлей білетіндігін Шоқан шығысты зерттеуші ғалымдардан көп бұрын айтқан және сөз өнерінің сыртқы көрінісіне мазмұнын, ішкі мән-маңызын қабыстыра, терең зерттей айтқан.
Шоқан «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы жайында» деген еңбегінде Европа зиялыларының көшпелі тайпалар мен елдерді әлі күнге дейін тағылық деңгейіндегі надан халықтар деп түсініп келе жатқанына қарсы шығып: «Бүл тағылардың басым көпшілігінің жазбаша да, ауызша да әдебиеті мен аңыз-жырлары бар. Жазба әдебиеті барлар монғолдар мен жоңғарлар, ал ауыз әдебиеті барлар — монғол-түрік тұқымдас көшпелілер. Дала халқы — қазақтар өзінің моральдық жағынан да, ой-санасы жағынан да отырықшы қара шекпендерден, татар, түріктен әлдеқайда биік. Поэзияға құмарлығы, әсіресе өлеңді шығарып айтуға құмарлығы — көшпенділердің айқын бір белгісі»,— деп пікір түйді де, мұның негізгі себебі не екенін дәлелдемек те болды. «Дала көшпенділерінің поэзия мен шынайы сезімділікке бейім болуына өмір бойы табиғат құшағында жүруі, жасыл желекті даланың, ашық аспанның көріністері мен көшпенділік тұрмысы әсер етпесіне кім кепіл?»— деген ой айтып, осының сырын түсінуге үндеді. Бұл мәселе күні бүгінге дейін шешуін тауып, белгілі бір тұжырымға келе қоймаған болжам.
Жалпы көшпелі елдерге, әсіресе Оңтүстік Сібір тайпаларына тән осы қасиетті айта келіп, Шоқан «татар халықтарының ішінде өзінің поэтикалық дарындылығы жағынан қазақтар бірінші орынға ие екеніне дау айту қиын» деп жазды.
Мұндай пікірді көптеген ориенталистер, әсіресе В. Радлов пен Г. Потанин ашық айтты. Тіпті олардан бұрын А. Левшиннің 1832 жылы «Кез келген қазақ — суырып салма ақын, көзіне түскеннің бәрін өзінің ақыл-ой, сезіміне лайықты суреттейді»,— деп ой түюі Шоқан түжырымын дәлелдей түседі.
Қазақ халқының ақындық
өнерге бейімділігін Шоқан белгілі
бір теориялық қорытындыға
Халықтың рухани өмірінің бір мәнді саласы болған поэзияға Шоқанның сонша мән беруінде талай себептер бар. Сол себептердің негізгілерін Шоқан барынша дәл тауып, асқан оқымыстылықпен түжырымдады. Халық творчествосының айрықша мәнді екенін әр шығармасында құлақ күйіндей қайталап отырып, Шоқан қазақ халқының поэтикалық рухына, оның әрбір өлең-жырының тарихи оқиғалардан туып, кейінгі ұрпакқа мұра болып қалып келе жатқандығын және бір тамашасы, ешбір бұрмасыз, қоспасыз тарихи шындыққа сай жетіп отырғандығын атап көрсетті. Сондықтан оны өткенді еске түсірудің амалы емес, тарихи шежіре деп санап, айрықша мән берді. Қазақ ақындарының сонау Алтын орда заманындағы батырлардың ерлігін мадақтаған жыр-дастандарын таза күйінде сақтап келе жатқандығына Шоқан қайран қалып, айрықша қадірледі. Өйткені әр кезеңде жасаған ақындар халықтың әр замандағы ұлы оқиғаларын жырға бөлеп, халықтың жүрегінде сақтата білді, соның нәтижесінде шежіреге ұқсас түсінікті қалыптастырды, халықтың әдет-ғүрпына, макал-мәтелдеріне, өсиет-нақылдарына және халықтық құлық-мінездің сыр-сипатына толы дастандар арқылы бүкіл бір халықтың әлеуметтік және өнерпаздық тіршілігінің толық картинасын жасап берді деп түйіндеді.
Көзі көргенінен ғана қорытынды жасап, зиялылар дүниесінде жалған түсінік таратып келе жатқан кейбір ориенталистермен іштей егесе отырып, Шоқан «қазақтардың көне аңыз-ертегілерді таза қалпында сақтай білгендігі қайран қалдырады, ол ол ма, өлең түрінде таралған дастандардың қазақ даласының қай түкпірінде болса да егіз қозыдай болуы, яғни бір кітаптың көп данасындай бір-бірінен айнымайтын бірдейлігі мүлде қайран қалдырады. Көшпелі, сауатсыз халықтың ауызша таратқан шығармаларының осынша дәлме-дәл болуы таңғажайып болып көрінсе де, бұл ешбір күдік келтіруге болмайтын шындық» деп ой түюі шығыстану ғылымында бірінші рет тұжырымдалған пікір. Шоқанның бұл пікірін кейінгі уақыттағы зерттеушілердің бәрі де қолдады, өйткені оның растығы күнделікті ғылыми тәжірибеден көрініп отырды. Шоқанның жан-жолдасы Г. Потанин қазақ халқы өтірікті білмейді, ақындық жанынан туған туындылардың бәрі де тарихи шындыққа сай нақты деректермен дәлелденеді деп айрықша бағалаған болатын.
Демек, халық творчествосының арғы негізі қазақ елінің басынан өткен тарихи оқиғалардан туып, кейін шежірелік сипатқа ие болды деген Шоқан тұжырымы әдебиеттің әлеуметтік мәнін жете түсінуге бағытталған тұңғыш ғылыми қадам екенін еш уақыт естен шығармауымыз керек.
Шоқан әр қашанда қоғамдық ғылымдардың бар саласын тұтас қамтып, пікір түйіп отырғандықтан оның негізгі тұжырымдары барынша қомақты да ғылыми дәлелді шығып отырады.
Осы реттен алғанда, күні бүгінге дейін мәнін жоймаған тамаша бір тұжырымға назар аударайық. Бұл тұжырым әдебиеттің, жалпы көркем туындының қаншалықты мән-маңызы барын аңғартып қана қоймайды, оның қандай тарихи негіз екенін дәлелдейді. Шоқан «Жазу дәстүрі болмаған көшпелі халықтар мен тайпалар тарихының ең негізгі қайнар бұлағы — олардың шындыққа жанасымы бар аңыз-ертегілері және қарым-қатынас жасаған мәдениетті елдердің жылнамаларында ізін қалдырған үзінді деректер болды және бола бермек» деп ескерткен еді.
Шоқанның бұл пікірін ғылымның бар саласы гүлдене «өркендеп отырған шағында айрықша ескеру қажет екені өзінен өзі түсінікті. Өйткені ол жазу-сызу не материалдық ескерткіш сақталмаған заманның шын сырын түсініп-білуге мұрындық бола алады. Азаматтық тарихымыздың да, әдебиет тарихының да көп жаңа беттерін ашуға мүмкіндік береді. Осы жөннен келгенде, XVIII ғасырға дейін өмір сүріп, талай өлең-жыр шығарып кеткен ақын-жыраулардың шығармалары ғана емес, Алтын орда заманында туған батырлар жырының, аңыз-ертектердің халық тарихы үшін айрықша мәні барын ешкім жоққа шығара алмайды. Сондай-ақ, Қорқыт, Асан қайғы, Шалкиізге байланысты ел ішіне кең тараған аңыз-әңгімелердің өзіне тарихи тұрғыдан қарап, зерттеу жасаған да орынды. Өйткені Шоқан Уәлиханов мұндай мәселелердің бәріне айрықша зейін қойып, зерттеу жүргізген, қорытынды жасаған. Өнеге көрсеткен.
Шоқан өзінің осы көзқарасын бар еңбектерінде дәйекті сақтап, «Қазақтардың талай батырлық жырлары, аңыз-ертегілері бар, қазақтар өлең мен әнді ерекше қадірлейді» деп зор мақтанышпен айтып, қазақ халқының тарихи даму жолдарын зерттеуге пайдаланып отырған.
Орыстың көрнекті ақыны Апполон Майковқа 1862 жылы жазған бір хатында «Қазақтың өлең-жыры көп, ақылды бабаларымыз шығарып кеткен мақал-мәтелдер мен нақылдары телегей-теңіз»,— деп хабарлап, прогрессивті бағыттағы «Отечественные записки» журналына қазақ жырлары жайындағы зерттеу еңбегін жолдамақ болған.
Шоқанның бұл еңбегі әзірге бізге бимағлүм. Алайда қазақ поэзиясының өсіп-өркендеу және іштей жіктелуі жайындағы алғашқы еңбектерінің бірі «Қазақтың халықтық поззиясының түрлері туралы» деген зерттеуіне айрықша назар аударған жөн. Өйткені бүл еңбекте өлең-жырлардың жалпы мән-мақсаты ғана емес, олардың қалың тыңдаушыға қалай әсер ететіні, қай формада жететіні сөз болады да, Шоқанның эстетикалық талап-талғамы мен білігінің биік өресі айқын аңғарылады.
Үлкен бір зерттеудің үзіндісі іспетті бұл еңбегінде Шоқан өз түсындағы қазақ поэзиясын бес түрге (формаға) бөледі. Бұл — поэзияның ішкі ерекшеліктерін ескере отырып айтылған тұңғыш эстетикалық пікір. Шоқанның бұл жіктеулері қазіргі зерттеу еңбектерінде еленіп те, еленбей де жүргені бар. Мәселенің түйіні бұл жіктеулердің дұрыс-бұрыстығында емес, қазақтың эстетикалық ойын ең бір қиын салаға аударып, шұрайлы ойлар айтуында екенін айрықша қадірлеген жөн.
Информация о работе Шоқан Уәлиханов – қазақтардың рухани өмірі мен наным-сенімі туралы