Шоқан Уәлиханов – қазақтардың рухани өмірі мен наным-сенімі туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2012 в 05:27, реферат

Описание работы

Шоқан - қазақ даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш және талантты өкілдерінің бірі. Ол - өз дәуіріндегі орыстың прогресшіл ғалымы мен әдебиеті, мәдениеті дәстүріндегі тәрбие алған және әр алуан ғылым саласын алғаш рет зерттеген адам. Сондықтан да Шоқанды жолдастары "Еуропаға ашқан терезе" атады.

Работа содержит 1 файл

Қ.тарих №2 семестр.doc

— 208.50 Кб (Скачать)

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА және БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Ғарыштық техника  және технология факультеті

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік  пәндер кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан тарихы

№2 семестрлік жұмыс

 

Тақырып: Шоқан  Уәлиханов – қазақтардың рухани өмірі мен наным-сенімі туралы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                     Орындаған: БКТТк – 12 -1 Туралиев Ербол

                                            Тексерген: Сәуле Байдильдина

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2012

 

Шоқан Шыңғысұлы  Уәлиханов

(1885-1865)

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАРЫ:

 

I.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Бізден жасы кіші болса  да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен  сықылды еді де, біздер оған қарағанда  бала тәрізді едік.

Г. Н. Потанин 

 

Шоқан - қазақ даласында  туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш және талантты өкілдерінің бірі. Ол - өз дәуіріндегі орыстың прогресшіл ғалымы мен әдебиеті, мәдениеті дәстүріндегі тәрбие алған және әр алуан ғылым саласын алғаш рет зерттеген адам. Сондықтан да Шоқанды жолдастары "Еуропаға ашқан терезе" атады.

Шоқан саяхатшы болуды, ең алдымен Орта Азияны аралап, зерттеуді  армандайтын. Осы арман оны тың  саяхаттар жасауға жетеледі. Өйткені, Қашқарияның географиясы, тұрмыс-салты, мәдениеті туралы мәліметтер Еуропа үшін жұмбақ болатын. Осынау тылсым сырдың бет-пердесін айдай әлемге Шоқан ашып берді.

Шоқандай жалынды жас  жүректің іздері Жоңғарияды, Ыстықкөлде, Қытайда сайрап жатыр. Ал, Қашқар сапары Шоқанның атағын күллі әлемге паш  етті. Қазақ халқының маңдайына біткен біртума ұлы Шоқанның Жетісудағы іздері де сайрап жатыр.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов XІX ғасырда қазақ халқынан шыққан бірінші ғалым-географ, Орта, Орталық  Азия саяхатшыларының бірі және тарихшы, философ, этнограф, шығысты зерттеуші, өз Отанының патриот қайраткері.

Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекінісінде туған. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол жерде аға сұлтан болған, 1840 жылы Россияға бағынған, белгілі Абылай ханның немересі еді. Шоқан Уәлихановтың шын аты - Мұхаммед Қанапия, ал Шоқан -анасының еркелетіп қойған аты. Шоқан балалық шағын әуелі Құсмұрында, содан кейін туған елі Сырымбетте өткізді. Сырымбет Солтүстік Қазақстандағы тарихи аңызға айналған сұлу өңір. Болашақ ғалым бойындағы рухани қасиеттердің басты белгілері жастық шағынан-ақ қалыптаса бастады. Ерте есейген Шоқан өз пікірлерін үлкендерше тұжырымдайтын. Оның жетіле беруіне, сана-сезімнің ерте оянуына әжесі Айғаным үлкен әсер етті. Жасында ауыл мектебінде мұсылманша хат таныған Шоқан кейін орыс мектебі тәрбиесінде өскен. Батыс Сібір генерал-губернаторының жанында төтенше тапсырмалар орындайтын офицер қызметін атқарып жүрген Шоқан сүйікті әжесі жөнінде суық хабар алысымен Сырымбетке арнайы келіп, Айғаныммен қоштасып, оны ақырғы сапарға шығарып салады.

Шоқанның жас шағынан  ғылымға ден қоюына әкесінің алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясы өкілдерімен тығыз байланысты болуы үлкен әсер етеді.

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Шоқан Уәлиханов қазақ этносының шығуы, сенімі және рухани өмірі туралы еңбектері

 

   Шоқан ең алдымен, өз заманының аса мәдениетті, зор білімді азаматы болды. Ол Шығыстың, орыстың, тіпті сонау Батыс Европа елдерінің тарихы мен әдебиетін еркін игерді. Бұған оның көптеген шығыс тілдері мен Европа тілдерін жетік білуі себеп болды. Соған орай ол көптеген тарихи еңбектерді түпнұсқасында оқып-таныды. Мәселен, ол Шығыстың ежелгі тарихи мұраларының қатарынан орын алатын, бірақ көптеген ғалымдардың тісі батпай жүрген Рашид-ад дин, Әбілғазы еңбектерін, «Бабырнама», «Тарихи-Рашиди», «Шайбани-нама» сияқты тарихи шығармалардың мәтіндерін емін-еркін оқи алған.

Шоқан Уәлиханов шығармалары, ең алдымен өз халқының тарихын, этнографиясын  және фольклорын зерттеуге арналған. Мәселен, оның «Абылай», «Қазақтардың ертедегі қару-жарақтары», «Шона батыр», «Қазақ батырлары», «Қазақтардың ата-тегі», «Қазақтардың көшіп-қонуы атты еңбектері қазақ халқының тарихы, этнографиясы, әдебиеті жөнінде тұңғыш реет анық деректерге сүйеніп жазылған ғылыми еңбектер. Ғалымның шығыс, батыс халықтарының көптеген тілдерін білуі әр түрлі қайнар көздерге сүйене отырып, көне жазбаларды, жылнамаларды салыстыра зерттеуге, тарихи шындыкты ашуға мүмкіндік туғызды. Шоқан өз ойын нақты дәлелдеу үшін Орта Азия халықтарының тарихын көп зерттеген Жолбарыс әулетінен шыққан Абылғазының "Түрік шежіресі" атты белгілі кітабына жүгінеді. "Түрік шежіресін" толықтыра түсу мақсатында ол "Казақ шежіресі" еңбегін жазады. "Қазақтардың көшпелі еркін тірлігі Азияда дүниеге келіп, дамығаны күмән туғызбаса керек. Олай дейтін себебіміз, орыс жылнамалары (Псков жылнамалары) біздің сөзімізді растайды", — деп баяндайды да, сол кездегі көптеген авторлардың еңбектеріне шолу жасайды, олардың деректерін шежірелермен салыстырады.

Қазақтың әрбір ру басылары өз ру-тайпасының шежіресін  — шыққан тегін, елдің әдет-ғұрып  заңдарын, ескі жарлықтарын, халықтың басынан өткен тарихи жайларды көп жасаған ақсақалдардан ыждаһатпен үйреніп, өзінің шешендік өнерін шындауда аңыз-әңгімелерді, мақал-мәтелдерді, маңызды оқиғаларға қатысты ұлағатты асыл сөздерді ұзақ уақыт жаттайтынын, сондай дайындығы бар билердің аузынан шыққан сөздерді халық ұйып тыңдайтынын, ол нақыл сөздердің өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет-өнегеге, тәлім-тәрбиелік, ғибраттық мазмұнға толы болатынын ұлы ғалым тебірене жазған.

Зерттеуші тарихи аңыздар  — тарихи деректер жаңғырығы деп  білген. Оның танымдық мағлүматтарын ғылыми еңбектерінде шебер пайдаланған. Ауызша айтылған тарихи толғаныстарды, жазба және археологиялық мәліметтерді өзара салыстырып, ең сенімді дегенін кәдеге жаратқан. Тарихи аңыздардың маңызын ашуда Шоқанның асқан білімпаздығын танытатын мұрасының бірі — "Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихынан жазбалар". Зерттеуші бұл еңбегін жазу үстінде дүние жүзі шығыстанушыларының бұрын-соңды жарық көрген шығармаларына жүгінгенін көреміз: Левшин, Риттер, Клапрот зерттеулеріндегі пікір қайшылықтарын, неміс шығыстанушысы Вильгельм Шоттың (1843 ж. және орыс этнографы Евлампий Огородниковтың (1846 ж.) (саха) халқының тарихы туралы айтқан пікірлеріндегі бұрмалаушылықты, қателер мен үстірт жорамалдарды ғалым аталған еңбегінде сынайды, өзінің батыл ойларын айтады. Академиь Фишердің "Сібір тарихына", Иакинфтың "Ойраттарға тарихи шолуына", Огородниковтың "Якут тілі туралы жазбаларына", орыс публицист жазушысы Н. Щукиннің "Якутияға сапар" еңбегінің мәніне тоқталады. Фин этнографы, филолог, "Калевала" эпосын зерттеуші академик Н.А. Кастерннің (1813-1852) Георгафиялық қоғамның тапсырмасымен Сібірде жүрген кезінде Баян тауы туралы пайымдауына көз жібереді. Фин, түрік, монғол тайпаларының адамзат дамуында әр түрлі себептермен жақындасуы, тілі жөнінен де ұқсастықтары болуы күмәнсіз, олардың тілін, әдет-салтын зерттеу үшін монғол немесе түрік тілінің қандай да бір диалектісін жетік білу керек екенін айтады.

"Қазіргі қолда бар  деректерді ел аузындағы аңыздармен, ноғайлармен қарым-қатынас жайлы  орыстың елшілік фактілерін Жалайыридың "Жылнамалар жинағымен" салыстырған жөн", - деп жол сілтеген кемеңгер ғалым "Қырғыздар туралы жазбаларында" Орта Азия көшпелілерінің өздерінің арғы ата-бабаларының, даңқты батырларының ерлік істерін баяндайтын, құйма құлақ аңызшылар аумай-төкпей жеткізген аңыздары бар, бұл аңыз-ертегілер халықтың өткендегі өмірінің қысқаша тарихи суретін бейнелейді, өздерінің батырлары мен халық арасындағы оқиғалары туралы аңыздарды жырға айналдырып, келешек ұрпаққа от басындағы естелік-әңгіме ретінде жеткізіп отыру барлық көшпелілерге тән салт", — деген салиқалы қорытынды жасайды.

Тарихи аңыздарда айтылатын  Шыңғысхан, Александр Македонский, Тоқтамыс, Әмір Темір сиякты адамдардың өмір сүрген дәуірлеріне барлау жасаған  ойшыл Геродот жинаған тарихи аңыздардың маңызы қандай зор болса, өмір танытуда фольклорлық туындылардың да мәні сондай құнды екенін жазған.

Ал "Оңтүстік Сібір  тайпаларының тарихынан жазбалар" атты еңбегінде Шоқан якут (саха) халкының аңыз-дастандарына зор көңіл  бөлген. Бұл халықтың мифтік сарында  айтылатын ауыз әдебиеті үлгілерінде, әсіресе Хорлан, Мохсогол, Еберен-Эмехсин жырларында, романтикалық Қыланных-Қыс батыр туралы дастанында саха халқының әдет-ғұрпы, салты, өткен тарихының болмыстары сақталғаны, саха халық аңыздарындағы Оногай бай, Эллей батыр, Бағани батыр, Немей бай ерліктерінің халық санасында берік ұялағаны зерттеушіні қатты қызықтырған. Ол қазақ, қырғыз, өзбек, монгол, үйғыр, ноғай, татар, башқүрт, түркмен, қарақалпақ, зеңгер, болгар, хакас және басқа да халықтардың ауыз әдебиеті үлгілерін жоғары бағалаған. Бұл халықтардың қазіргі ұрпақтары ғалым еңбектерінен өздерінің өткен ата-бабаларының тарихына, мәдениетіне, әдебиетіне байланысты мол деректер табуда, зерттеудің ғылыми дәлдігіне тәнті болуда...

Ш. Уәлихановтың әдеби  мұрасынан халық ауыз әдебиетінің барлық нұқсаларына байланысты ойлы тұжырымдарды, тың мағлұматтарды табуға болады. Талантты ғалымның "Бұқардың Абылайға айтқаны", "Абылай туралы жырлар", "Шора", "Орақ жырлары", " ХVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар" т.б. шығармалары қазақ әдебиеті тарихына қатысты көлемді зерттеулер болып табылады. Сондай-ақ Шоқанның "Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы" еңбегі поэзиямыздың теориясы жөніндегі алғашқы зерттеулердің қатарына жатады. Ал атақты "Жоңғар очерктері", "Қырғыздар туралы жазбалар" сияқты монография дерлік шығармаларының көптеген беттері қазақ әдебиеті мәселелеріне арналған.

Әдеби мұраның тарихи маңызын терең ұғынып, оны ғылыми зерделеген Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың еңбектерін жан-жақгы, жүйелі зерттеуді  қазіргі уақыттың өзі талап етіп отыр. Ғалым шығармалары дәуір рухымен үндес, пікірлері күні кеше немесе дәл бүгін айтылғандай тың, құнды.

Әдебиет — халықтың жаны, құлақ күйі, ар-ожданы, зор байлығы, елдігінің белгісі деп білген, одан "халықтық рух, ұғым, әдет, өмірлік  кейіп" көрінеді деген ғалым қазақ ауыз әдебиетін жинау, зерттеуде басқа ел ауыз әдебиеттеріне кең барлау жасады. Фольклорлық материалдарды бірнеше топқа бөліп қарады. Эпостағы кейіпкерлерді француз жырындағы бас қаһарман Роландқа, эпикалық жырларымызды Ирландияның сагасына, жыршыларымызды көне Грецияның рапсодтарына немесе "Игорь полкы туралы сөзді" шығарыпты-мыс дейтін жыр атасы Боянға, Шотландия мен Ирландияның бардтарына теңеді. Шоқан қазақ ұлттық әдебиеттану ғылымының негізін қалады.

Рас, Шоқаннан бұрын да қазақ ауыз әдебиетін жинап, зерттеуші адамдар болды. Бірақ олардың көпшілігі жол-жөнекей жазған күнделіктерінде, белгілі бір саяхатнамалары мен хаттарында, арнайы құжаттық есептерінде, мемлекеттік елшіліктер кезіндегі толтырылған "журналдарында" халықтың өзіндік ерекшелігіне тоқтала келіп, олардың тіл байлығын, әдет-салтын, мақалдап-мәтелдеп сөйлеуге шеберлігін, суырып салма ақындардың тапқырлығын, дала тұрғындарының әнге, күйге, жырға құмарлығын, басқа да байқағандарын қысқа баяндаумен шектелген. Олардың жазбаларында құнды деректермен қоса үстірт пікірлер, жаңсақ топшылаулар да ұшырасып отырады. Мұндай кемшіліктердің бетін ашуда, төл әдебиетіміздің көне нұсқаларына әділ баға беруде Шоқанның орны ерекше. Бұл ретте Ш. Уәлиханов қазақ өлеңдері мен ауыз әдебиеті туралы алғаш деректер жинаған Н. П. Рычковтың 1770 жылы жарық көрген "Күнделік жазбаларын", П. С. Палластың "Россия мемлекетінің түрлі провинцияларына саяхатын", А. И. Левшиннің 1832 жылы баспадан шыққан "Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен даласы туралы жазбаларын", т.б. ғалым-саяхатшылардың жазғандарын ой елегінен өткізіп, сын-ескертпелер жасағанын айта кеткен жөн. Мысалы, А. И. Левшиннің қазақ өлеңдерінің суырып салып айтылатын ерекшелігіне байланысты "Осындай тұтқиылдан туған өлендер, көбінесе, мағынасыз, шатпақ, жарымжан бірдеңе болып шығады" деген жаңсақ пікірін Шоқан аталған еңбекке жазған сын мақаласында ("Замечания на третью часть описания киргиз-казачьих орд А. И. Левшина") білгір сыншы ретінде жоққа шығарған.

Орыс географиялық қоғамындағы (Петербургта) Шоқан Шыңғысұлына арналған архивте "Словесность" деген үлкен еңбек сақтаулы тұр. Ол қазақ әдебиетін зерттеуге арналған. Өзі бірнеше бөлімдерден түрады: "Тіл", "Поэмалар", "Импровизация және импровизаторлар", "Ертегілер", "Мақалдар", "Мәтелдер мен жұмбақтар". Оны кезінде Шоқан оқып, әділ де қатты сынапты. Бұл жинақты жазған Батыс Сібір казак әскерінің (линейный казачьи войска) офицері Е. И. Шебелин деген. Оның жазғандарын Шоқан бұрыннан да ұнатпаған.

Әдебиетімізді, тарихымызды, мәдениетімізді теріс түсіндіруді көздегендерге батыл наразылық білдірген Уәлиханов өзі бас болып әдеби мұрамыздың шынайы мәнін ғылыми негіздеуге арналған зерттеулер жазды. Қазақтың халық поэзиясына алғаш теориялық талдау жасады.

Өкініштісі халық ауыз әдебиеті туралы бұрынырақта айтылып, қалыптаса бастаған қате мағлұматтардың сол ұлт үшін зияндылығын бұлтартпас деректер арқылы дәлелдеген, сөйтіп, шынайы ақиқатқа жүгінген Шоқанның құнды материалдарының біразы қолды болып кетті; жеке кітапханасы өртелді; қолжазбаларының қайсыбірі бізге жетпеді; ал бірталайы архивтерде сарғайып, шаң басып жатыр. Оларды жинап, зерттеу, кәдеге жарату — келешектің абзал борышы.

Ғалым өзінің "Жоңғар очерктерінде" халық аузындағы  нақыл сөздерді зерттеудің этнография үшін орасан зор маңызы бар екенін, оны өзінен бұрынғы ғалымдар да сан рет аңғарғанын, өйткені одан халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпы айқынырақ көрінетінін тебірене жазған: "Ескі нақыл сөздерге бай келу Солтүстік Азия мен Орта Азияның көшпелі халықтарының ерекше бір қасиеті болып табылады. Ондай нақыл сөздер не ру ескерткіші ретінде, мәселен заң, аңыздары ретінде қариялар аузында қасиеттеліп сақталып отырады, не халық жыры түрінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа белгілі жыршылар арқылы жеткізіліп отырады".

Қазақ мақалдары ықылым замандағы көріністі, сенімді айқындай түсетін құрал ретінде пайдаланылатынын жазады оқымысты. Қазақ тілінде халықтың мінез-құлқын, жалпы ерекшелігі туралы ұғымды нақты білдіретін мақалдар да бар екенін айта келіп, мақалдарды бір тілден екінші тілге аударғанда мәні кететінін, оны дәл аударудың қиыңдығын айтқан және өзінің үш жүздей мақал жинағанын да білдірген. Зерттеуші халықтың тұжырымды ойға құрылған мақал-мәтелдерінің қайсыбіреулерінің мазмұнын дәл сақтай отырып орыс тіліне аударды, оған түсініктер берді. Ондағы ойы орыс оқырмандарын халқымыздың мәдениетімен, әдебиетімен тереңірек таныстыра түсу болды.

Әпсаналар мен аңыздарда  әр қырынан көрінетін, бүкіл түркі  тектес халықтарға ортақ тарихи тұлғалардың  бірі — ұлы бабамыз Қорқыт Ата  туралы Шоқан Уәлиханов қысқа  болғанымен мәнді, мағыналы мағлұматтар келтіреді. Әр халықтың жазба мәдениеті, ауыз әдебиетінің үлгілері жайлы баяндағанда, Қорқыт Атаның да көптеген халықтарға танымал бейне екеніне тоқталады. "Жоңғар очерктерінде" Қорқытқа байланысты ертегі, жырлар территориялық және тіл жағынан жақын халықтардың әдеби, мәдени бірлігін нығайтуға септігін тигізгенін айтады.

Әлемдік өдебиет мен  мәдениеттен де мол хабардар болған Шоқан — түркі тектес халықтардың  әдеби мұраларын да білгірлікпен зерттеген ұлы ғалым. Әсіресе, қырғыз елінің "Манас" жырына айырықша көңіл бөледі. "Манасты" өркениетті елдерге тұңғыш таныстырушы Ш. Уәлиханов екенін мақтан етуге тиіспіз.

Информация о работе Шоқан Уәлиханов – қазақтардың рухани өмірі мен наным-сенімі туралы