Шоқан Уәлиханов – қазақтардың рухани өмірі мен наным-сенімі туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2012 в 05:27, реферат

Описание работы

Шоқан - қазақ даласында туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш және талантты өкілдерінің бірі. Ол - өз дәуіріндегі орыстың прогресшіл ғалымы мен әдебиеті, мәдениеті дәстүріндегі тәрбие алған және әр алуан ғылым саласын алғаш рет зерттеген адам. Сондықтан да Шоқанды жолдастары "Еуропаға ашқан терезе" атады.

Работа содержит 1 файл

Қ.тарих №2 семестр.doc

— 208.50 Кб (Скачать)

"Манас" — бір  кезеңге және бір адамның —  Манас батырдың төңірегіне топтастырылған  барша халық ертегілерінің, хикаялары  мен аңыздарының, география, дін және салт-сана, әдет-ғұрып жөніндегі түсініктерінің энциклопедиялық жинағы. "Манас" — бүтін бір халықтың шығармасы, соның көп жылдық шығармашылығының жемісі — дала "Иллиадасы" десе де болғандай", деп бұл жырды аса жоғары бағалаған ғұлама ғалым өзін Алатаудың Зәукі асуына дейін шығарып салған Телтай манасшыны "Қашқар күнделігінде": "Телтай, как феноменальное явление", — деп ерекшелеген.

Зерттеуші өзінің "Қырғыздар  туралы жазбалар" еңбегінде халық  есінде атақты, тамаша философ ретінде  сақталған Асан қайғының Жырғаланда көшіп-қонып жүрген қазақ екенін, оның аты тек қазаққа ғана емес, көрші қырғыз еліне де мәлім болып, "Манас" жырында кездесетінін, зираты Ыстық көлдің маңында екенін ескертеді.

Шоқан аса қабілетті  қайсыбір жыршылар мен жыраулардың  өміріне, ол туралы айтылған естелік аңыздарға, жыршылар мен жыраулардың өздері шығарған өлеңдерге айтарлықтай мән берген. Ол "ХVІІІ ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар" деген мақаласында Бұқар жырауға қатысты біраз мәліметтер келтірді. Жыраудың Абылай алдында айтылған өлеңінің аудармасын жасайды. Сөйтіп, Бұқар жырауды орыс оқырмандарына тұңғыш рет Шоқан таныстырады.

Шоқан жазып алған  Бұқардың "Абылай туралы жырында" ("Песня об Аблае") үш жүздің басын  қосқан Абылай былайша суреттеледі:

Абылай ханым, жүрісің 

[Қаздай] болып қырқылдап, 

[Бурадайын] бұрқылдап, 

Сай суындай сарқылдап,

Жай тасындай жарқылдап...

О, хан Абылай, ты ходил,

Гогоча, как [гусь],

Бушуя, как [бура],

Бурля, как горный поток,

Сверкая, как метеор...

Сондай-ақ Қаракерей Қабанбаймен  бірге найманның рубасы көсемі, әрі әскербасы болған Ақтамберді жыраудың шығармашылығына да Ш. Уәлиханов көңіл бөледі. Абылай заманындағы, одан арғы дәуірлердегі халық даналығын бойына сіңірген Шал ақынның шығармашылық қабілетін жоғары бағалайды. Шоқан Абылай ханның замандасы, Арғын Атығай ішінде Бәйімбет тобынан шыққан Шал ақын қазақ халқының тегі, қазақ халқын құраған рулар жайлы аңыздарды жинақтап, эпос жасағанын айтады. Бұдан сол тұстағы ақындар мен жыраулардың халық мұрасын қастерлей білгенін, қазақ қауымының қалыптасу кезеңдерін өз жырларына арқау етіп, ерлікті асқақтата баяндағанын көреміз; осынау аласапыран тұстағы әдеби нұсқаларды Шоқанның талғампаздықпен жинап, зерттегеніне риза боламыз. "Тарихи жырлардың батырлық эпостан жанрлық айырмашылығы бар. Яғни тарихи жырларда эпостық баяндауға тән объективтік сарынның орнын оқиғаларды тікелей қабылдаған автордың әсері араласқан субъективтік баға басады". — Мұхтар Әуезовтің бұл пікірі бір кезде Шоқан жоғары бағалап, қайсыбір өлең-толғауларын қағаз бетіне түсірген Тәтіқара, Бұқар, Шал, т. б. ақын-жырауларға тікелей қатысты.

ХVIII ғасырда өмір сүрген қазақ ақын-жырауларының ішіндегі көрнектілерінің бірі Тәтіқара ақынның (бардтың) бір өлеңін Шоқан жолма-жол орыс тіліне аударған. Өлеңнің қысқаша мазмұны жоңғар басқыншыларына қарсы күресті суреттеуге негізделген. Елді ерлікке жігерлендірген Тәтіқара шығармаларын Шоқан қаһармандық дастаны деп білген.

Арабтардың жалаңаяқ, жалаңбас балаларына дейін өзіне  қойылған сауалға көркем өлеңмен  жауап бере алатыны жайында Арабстанның  шөлін кешіп, аптабына күйіп, көшпелілердің шатырында түнеген Еуропа саяхатшыларының қайсысы болса да таңырқай баяндайды, біздің қазақтардың да ақындары осы дәрежеде екенін дәлелдейді Шоқан.

Қазақтар импровизаторлық  өнерге шебер келетінін атап көрсетеді  ғалым. Зерттеушінің көшпелі елдердегі импровизаторлық (суырып салушылық) өнердің жоғары дәрежеде дамығандығы жайлы пікірлері назар аударарлықтай мәнді. Өлең сөзді суырып салып айту, кідіру-мүдіру дегенді білмеу себебін өзінше топшылай келіп, Шоқан: "Мұндай қасиеттің болуына көшпелілердің алаңсыз өмірі әсер етті ме, болмаса ұшы-қиыры жоқ жасыл дала мен моншақтай тізілген жұлдызды, көк, ашық аспанды сұлу табиғат әсер етті ме - ол әзір бізге мәлімсіз", - деп жазады және "қазақ ақындарының импровизаторлық өнері көшпелі елдің салт-тұрмысына байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан ақындық дөстүр негізінде туып, дамыды"... "Импровизаторлық өнері жағынан қазақ ақындары көшпелі араб ақындарынан бір де бір кем түспейді", -деп салыстыра ой түйеді.

Естеліктерден Ш. Уәлихановтың өнерге, оны баяндаушыға деген сүйіспеншілігін, екіншіден, ана тіліміздің қоспасыз, таза күйінде сақталуын қадағалаған қамқоршы екенін және халық арасында жылт етіп көрінген игі нышанды қалт жібермей тыңдай да, зерттей де білгенін аңғарамыз.

"Қазақтар жаратылысының өзінен-ақ қабілетті, дарынды және ғажайып сезімтал келеді... Сұлтандардың ерлік істері мен естеліктерін жырлайтын суырып салма ақындары олардың барлық руларында кездеседі. Қазақтардың батырлық эпосы мен аңыздары, ертегілері өте көп және олар өлең мен музыканы жақсы көреді".

Шоқанның бұл пікірлері  поляк саяхатшысы Адольф Янушкевичтің ойларымен үндес келеді: "... мен  алғаш рет өлеңшілерді тыңдауға мүмкіндік алдым. Бұлар қазақ  трубадурлары, даланың бардтары - ұлы  ақындары. Олардың өлең шығаруы мен  қазақтардың көбіне тән орындау дарыны осы халықтың ақыл-ой қабілетін тамаша айғақтайды".

Ш. Уәлиханов импровизаторлық  өнердің тамаша көрінісі өнер сайысы үстінде, айтысқа түскен шақтарда, белгілі  бір ақындардың өзара білім салыстыруы, тапқырлықтары мен шешендіктерін ортаға салуы тұсында айқын аңғарылатынына көңіл беледі. Ақындар айтысының үлкен онер екенін жоғары бағалай келіп, Орынбай, Шөже, Жанақ, Түбек айтыстарына ерекше тоқталады. "Соқыр қылды көзімді көрмесін деп, жамандықтың соңынан ермесін деп"... "Көзіме он жеті ақын түк қылған жоқ" деген Шөже ақынның соқыр екенін бетіне басқысы келген кейбір айтыс ақындарына тайсалмай дау айтқаны, ұтымды, ұтқыр тапқырлығымен тыңдаушысының қадір-құрметіне бөленгені, от ауызды, орақ тілді өткірлігі Шоқанның да назарын аударды. Үлкен эпик ақынның қобыз тартып, өлең шығарумен күн көріп жүрген жұпыны халі, тағдыр тәлкегіне ұшыраса да, шындықты, әділдікті жақтаудан қажымаған қайсарлығы, бай-сұлтандардың озбыр парақорлығын бетіне басатын батылдығы, төкпе жырларды орындау шеберлігі ғалымды қатты тебірентеді. Шоқан Шөже Қаржаубайұлының (1808—1895) халық ауыз әдебиетінің асыл үлгілері мен ел шежіресіне асқан білгір екенін, айтыс ақындарының ішінде таланты артық ірі тұлға болғанын, әйгілі "Қозы Көрпеш — Баян сұлу" жырының ең көркем нұсқасын үш жүзге таратушылардың таңдаулысынан саналатынын жазған.

Кезінде есімдерін Ш. Уәлиханов құрметпен атаған Асан-қайғы, Бұқар, Тәтіқара, Шал, Ақтамберді, Орынбай, Шөже, Жана Түбек, т.б. тарихи тұлғалардың  жыр-толғаулары, асыл сөздері бүгінде  ұрпақ кәдесіне жаратылуда. Төл әдебиетіміздің тарихын ғасырлар қойнауына тереңдете түсуде.

"Қытайлар мен мұсылман  жазушыларының деректері бойынша,  ертедегі қазақтардың өз жазуы  болған және басқа көшпелілерге  қарағанда мәдениеттің анағұрлым  жоғары сатысында тұрған". Шоқанның мұндай қорытындыға келуіне оның Орхон-Енесей, Талас жазба нұсқаларымен де таныс болуы, Қасым ханның тұсында (1511—1523) Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайының нығайғаны, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің арасындағы алғашқы саяси байланыстар осы кезенде жасала бастағаны, мұндай дипломатиялық қатынастардың болғандығын 1575—1584 жылдары жүргізілген патша архивінің тізімдері айқындайтыны, "38-ші жәшікте Қасым ханның тұсындағы қазақ кітаптары мен көшірмелері бар" (Археологиялық экспедиция жинақтаған актілер. СПб., 1836, I t.,N 289, 339-бет) деген деректі дәлел, басқа да көптеген көне жазба нұсқаларда сақталған нақты фактілер себепші болған сияқты.

Шоқан Уәлихановтың әдебиет  зерттеу ғылымына қосқан үлесі оның И.Н. Березиннің "Хан жарлығына" жазған рецензиясы мен Жалайыридің "Жәмих-ат-тауариғы" ("Жылнамалар жинағы") тарауларын алғаш орыс тіліне аударып, ондағы шығыс терминдерінің сөздігін жасағанынан да көрінеді.

"Хан жарлығында" кездесетін тарихи-этнографиялық  терминдерге, сирек қолданылатын көне сөздерге түсініктеме берген Шоқан өз ойларын бекіте түсуде Жалайыридің еңбектеріне сүйенген. Тоқтамыс жарлыктарындағы кейбір сөздердің мәнін ашуда көнекез қариялардан көп жәрдем көргенін ризалықпен айтқан. И. Н. Березинге жазған хатында: "Сіз аударған Тоқтамыстың Ягайлоға жарлығы мен Тимур-Құтлықтың тархан жарлығын және Сеадат-Гирейдің аудармасын оқығанда, мен күні бүгінге дейін Орта орда қазақтары қолданып келе жатқан бірнеше сөз таптым, солардың қазіргі мәнін Сізге хабарлауды жөн көрдім", — деген. Одан әрі Ш. Уәлиханов хандардың таралу ұрпақтарына, Едіге бастаған батырлар тобына, Жалайыри, Фирдауси, Абылғазы, Бабыр деректеріне токталған.

Тоқтамыс жарлығының жазылу мерзіміне, қағазының сапасы мен көлеміне, ұйғыр әрпімен көне түрік тілінде жазылғанына, оның N 1, яғни бастапқы жолы алтын әріппен терілгеніне, ол, Қазембектің оқуынша, "менің сөзім Тоқтамыс" ("Токтамыш мое слово"), ал Березиннің оқуынша, "Тоқтамыс сөзі" ("Токтамышево слово") деген ұғым беретініне назар аударады. Банзаровтың монғол транскрипциясы бойынша да, Қазембек пен Березиннің араб транскрипциясы бойынша да "Тоқтамыс сөзі" деп оқудың түсініктілігін айтады. Шоқан жарлықтың "Тоқтамыс сөзі" деген тұсынан орысша аударма береді. Онда Асанның поляк корльдігіне елшілікке барғаны, Троки қаласында болғаны жайлы мағлұмат бар.

Ш. Уәлиханов "Профессор  И. Н. Березиннің "Хан жарлығы" кітабына ескертпе" деген шығармасында Сеадат-Гирей жарлығында (54-бет, N 99) ноғайлының Орал ордасындағы рубасы, ақтастық Әли биді қазақ жырларында (сагасында) күні бүгінге дейін айтылатын Кіші орданың батыры Шораның қалай талқандағаны суреттелген.

"Жәмих-ат-тауарихты" тарихи, әдеби құнды мүра ретінде бағалаған Ш. Ш. Уәлиханов Қадырғали Жалайыри халқымыздың тарихын, өмірін басқа тарихшылардан жақсы білгендіктен, өз еңбегінде оларға кең орын бергенін, тілі өте көркем екенін қызыға жазған. Есімі аңызға айналған, түрік тілі арқылы дүние жүзінің барлық негізгі тілдеріне аударылып, әлемді шарлаған атақгы "Оғыз-нама ("Огуз-намэ") эпопеясының бас қаһарманы Оғызхан жайлы мәліметтерге зор көңіл болген.

Қадырғали Жалайыридің  И. Н. Березин бастырып шығарған Жәмих-ат-тауарих" кітабының сөздері мен сойлемдері өте тартымды екенін, бұлардың көпшілігі күні бүгінге дейін қазақтарда тамаша сақталғанын айта отырып, Шоқан бұл еңбектің басылымында кеткен әріп қателеріне, терушілердің түсінбестігінен жіберілген жаңсақ ұғымдарға тоқталады, түзетулер енгізеді...

Ш. Уәлиханов зерттеулерінде "тарихи жыр" ("исторический джир") терминін қолданған. А. Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегінде тарихи жырдың жанрлық ерекшелігіне мынандай анықтама берілген: "Тарихи жыр деп, тарихта болған оқиғалар, қазақтан шыққан адамдар турасында басқа жұрттардың тарихында жазылған мағлұматтар бар, халыктың өзінің есінен кетпеген, қазақ басынан кешірген оқиғалары толып жатыр, солар туралы өлең етіп шығарған сөздер болса, солар тарихи жыр болады". Шоқан ХVIII-ХІХ ғасырларда, Абылай заманы тұсында ерекше дамыған тарихи жырларға зор мен берген. Ғалымның " ХVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар" ("Истоические предания о батырах ХVIII в.") еңбегінде тарихи жырларда, аңыздарда есімдері зор сүйіспеншілікпен айтылатын тарихи тұлғаларға, олардың қаһармандығына ғылыми дәлдікпен, көркем барлау жасаған.

Шоқан Уәлихановтың бұл шығармасы  — әдеби тілмен, зор сүйіспеншілікпен жазылған, он төрт тармақтан тұратын ғылыми, тарихи очерк. Оның көтеретін жүгі, берер мағлұматы қайсыбір "роман", "повесть" деп айдар тағылып жүрген қалың кітаптардан әлдеқайда салмақты. Қорғасыннан құйылғандай шып-шымыр, көлемі шап-шағын осы бір алтын қазыналы туынды (кейбір авторлардың оны мақала ретінде ғана сөз арасында үзіп-жұлып мысалға келтіргенінен басқа) әзірге өз бағасын ала қойған жоқ. Енді, мүмкіндігімізше, осы тарихи очерктің жазылу ерекшелігіне көз жіберіп көрейік.

Тарихи жазбалардың, көне жырлардың  баяндағанын білікті қарттардың айтқандарымен үнемі салыстырып қарап, шындыққа ең жанасымдысын өз шығармашылығында барынша іріктеп, талғап пайдаланатын ғұлама ғалым ХҮІІІ ғасыр батырлары туралы еңбегінде де осы ізденімпаздығын толық сақтаған деп білеміз. Абылай тұсындағы кезең қазақ жырларында ерлік заманы ретінде жырланатынын әділдікпен бағалаған ұлы зерттеуші халықтың ар-ожданы, елдігі тезге түскен осы бір алмағайып дәуірдің нақты көрінісін көркем тілмен беруді көздеген. " ХVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздың" жазылу мәнері осыған саяды.

Шығармада отыздан астам тарихи адамның аты аталады; бәрі де өзді-өз ерекшеліктерімен қысқаша болса  да дараланып суреттелген. Олардың  екеуі жырау (Бұқар, Тәтіқара) - ел басына күн туған қысылтаянда халықты рухтандырушы, батырларға күш-қайрат қосушы ақылгөй кемеңгерлер; екеуі би (Қазыбек, Ерден); қазақ ханы Абылай мен жоңғар (ойрат) ханы Галдан-Церен (сөз орайына қарай басқа да хандардың есімі еске түсіріледі); өзгелері кілең ел қорғаушы асқан батырлар, бұған қоса жауынгерлер, бұқара халық... Шоқан осылардың арасынан бес-алтауын басты кейіпкер дәрежесінде ерекшелейді; Абылай, Байғозы, Жәнібек, Баян, Жантай, Галдан шығарманың негізгі желісіне қатысып отырады, сөйтіп, әр қырынан танылады.

Оқиға жоңғар шапқыншылығына қарсы алдын ала аттандырған 1000 адамдық барлаушылардың кешігуіне, олардың тағдырына аландаған Абылайдың жанындағы Бұқар жырауға тіл қатуынан басталады. Барлаушылар екі топқа бөлінген: оның біреуін Қанжығалы қарабұжыр Жантай батыр, екіншісін Қанжығалы қарт Бегенбай батыр бастап кеткен.

Шоқан Абылайдың ұйымдастырушылық батылдығын да, қайғыра-қуана білетіндігін де шебер береді. Бірде Қытаймен арадағы соғыста Абылайдың қолы сирей бастайды. Хан жауынгерлерінің қайратсыздығына налып, қатты күйзеледі, ашу шақырады. Сонда оның бардтарының бірі Тәтіқара жырау топ жарып, қалың қолға рух беретіндей жалынды сөздерді барынша зор шабытпен бората жөнеледі: "Жаудан "қашу" жақсы сөз емес, Абылай жене оның қолы кейін бүғып қашқан жоқ, тек бұрылыс кетті. Бәсентиін Сырымбет оқ жаудыра шегінді... Қашқаннан ақыл сұрама! Асығыс түбі — өкініш!.. Уақ Баянның қарсыласын жайратқан онды-солды қимылына осындағы бәріміз де куә болдық...", — дейді. Жыраулар бейнесі, олардың тапқырлығы, Қаз дауысты Қазыбек сияқты билердің кемелді парасаттылығы бұл очеркте келісімді шешім тапқан.

Батырлардың басын күрап, үйытқы болған Абылай да — ер жүрек  батыр. Оған жақсы ат лайық. "Аңыз айтады, — дейді Шо-қан, — Абылай туысы Әбілмәмбет ханды іздеп, ағайыны  Ораздың артына мінгесіп сапарға шығады. Жол-жонекей Қарауыл руының қазағы Дәулетбай деген байдың ауылында болып, біраз уақыт оның жыл-қысын бағуына тура келеді. Дәулетбайдың әйелі богде бала-ның тегін адам емес екенін байқайды: ол тамақ бермесе, ешқа-шан сүрамайды және бейжай алады; кір ьщыстан дәм татпайды. Бұл жайды күйеуіне айтқанында, үй иесі Ораздан бала жігіттің мәніне қанығады. Содан үйірден бір ат алғызып мінгізеді де,

Әбілмәмбет ханға жеткізіп салады. Бұл таңцаулы ат жас сұлтанды алғашқы жорықга-ақ батыр атандырып, қазақгардың құрметіне бөленген атақгы Шалқүйрық еді.

Абылай үлкен айқастарда, шешуші сәттерде жекпе-жекке өзі  де шығып отырғаны белгілі. Жоңғарлармен соғыста Галдан-Цереннің ұлы Шарышты жекпе-жекте өлтірген Абылай тұтқынға түседі. Онымен бірге бірнеше би, Атығай руының атақты батыры Жапақ сүйікті баласының қазасын қайғырып отырған Галданның алдына әкелінеді.

Информация о работе Шоқан Уәлиханов – қазақтардың рухани өмірі мен наным-сенімі туралы