МАРШАЛЛ ЖОСПАРЫ
Маршалл жоспары (ағылшынша:
Marshall Plan, ресми атауы ағылшынша: European
Recovery Program — «Еуропаны қайта құру
бағдарламасы») - Батыс Еуропа мемлекеттеріне
Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін
АҚШ тарапынан экономикалық жәрдем
жүргізу бағдарламасы. Еуропада экономикалық
тұрақтылық орнатып, батыс Еуропа мемлекеттеріне
АҚШ экономикалық ықбалын жайылу
үшін жүргізілген. Жоспар АҚШ мемлекеттік
хатшысы Джордж Маршаллдың атымен аталған,
ресми атауы European Recovery Program (Еуропаны
қалпына келтіру бағдарламасы). Алғаш
рет бағдарламаның идеясын 1947 жылы
маусымның 5-інде Джордж Маршалл Гарвард
университетінде сөйлеген кезде
ұсынған. Кейін Парижде өткен
Еуропа мемлекеттерінің конференциясында
талқыланған. Бағдарлама 1948 жылының
сәуір айында бастап 1951 жылының желтоқсанына
дейін созылған. Жоспар жүзеге асыру
барысында төрт жыл ішінде АҚШ
Еуропа елдеріне 12,4 млрд доллар бөлініп
жұмсалуға арналған. Ақшаның негізі
Ұлыбританияға бөлінген. Жәрдем бөлуінің
шарты бойынша Еуропаның мемлекеттері
өз үкіметтерінің құрамынан коммунист-саясаткерлерін
шығару міндетті еді. Осылайша, АҚШ Батыс
Еуропа мемлекеттерін КСРО-ның саяси ықбалынан
және коммунисттік идеологиясының әсерінен
сақтап, оларды экономика тарапынан өзіне
қарай жақындатқан. 1947 жылы 5 маусымда
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джордж Маршалл
европалық демократияны нығайту үшін
оларға тез арада финанстық және экономикалық
көмек көрсету қажет деп мәлімдеді. КСРО
бұл жоспарды Американың Европаны экономикалық
қанауға салуға; бағытталған деп есептеп,
шығысевропа елдерін Маршалл жоспарын
жүзеге асыруға қатыстырмау мақсатында
қысым жасады. Осы елдерде өкімет билігі
коммунистердің қолына көшу процесі жеделдетілді,
ол негізінен 1948 жылы аяқталды. 1948 жылдың
сәуірінде 16 Батыстық елдер Маршалл жоспарын;
қол қойды. Бұл бойынша олар 4 жыл ішінде
АҚШ-тан 17 млрд. доллар көмек алатын болды.
Сонымен бірге американдықтар көмек көрсетудің
алғышарты ретінде үкімет құрамынан коммунистерді
шығаруды талап етті. 1948 жылға қарай Батыс
Европаның бірде-бір үкіметінде коммунистер
болмады. Бұрынғы одақтастар арасындағы
алауыздық Европаның бөлшектенуіне әкеліп
соқты. Европада орын алған оқиғалар Германия
тағдырына да әсер етті. Батыс елдер үшін
олардың оккупациялық зоналары «тежеу»
саясатының алдыңғы шебіне айналды. Бұл
саясаттың табысты болуы немістерге байланысты
екен айқын болды. Сондықтан АҚШ Маршалл
жоспарының әрекет ету аймағын Батыс Германияны
қосуды талап етті. Репарация алу және
осы өтем үшін КСРО-ға құрал-жабдықтарды
тиеу тоқтатылды. Батыс елдері Германияның
экономикалық тұрақтылығына және оккупациялық
үш батыстық зона негізінде мықты мемлекет
құруға қол жеткізді. 20 маусым 1948 жылы
онда ақша реформасы жүргізілді. Құнсызданған
рейхсмарканы жаңа неміс маркасымен ауыстыру
экономиканы қалпына келтірудің басталуына
түрткі болды. Бірақ ол Герман проблемасын
бірігіп шешу туралы келісімді ашық бұзғандық
болып табылады. Берлин статусы туралы
мәміледе Берлиннің батыс секторларының
батыстық оккупациялық зоналармен транспорттық
байланыстарын қамтамасыз ету жөнінде
КСРО-ның нақты міндеті көрсетілмегендігін
пайдаланып, КСРО Берлиннен Батысқа барар
жолды кесіп тастады. Берлин блокадасы
- КСРО-ның өзінің бұрынғы одақтастарымен
алғашқы ашық конфронтациясы басталды.
Бұл 24 маусым 1948 жылы басталып 324 күнге
созылды. Сол уақыт ішінде Берлиндегі
одақтастардың әскерін және Батыс Берлиннің
2 млн-дық халқын қажет жабдықтармен қамтамасыз
етуді әуе көпірі арқылы одақтастардың
авиациясы жүзеге асырды. Кеңес әскері
Шығыс Германия территориясы арқылы одақтастар
самолеттерінің ұшуына кедергі жасамады.
Берлин блокадасы саяси аренада жаңа өзгерістер
туғызды. Осы блокада тұсында 1948 жылғы
қарашада өткен президенттік сайлауда
Трумэн жеңіске жетті. Демократтар қайтадан
конгресстің екі палатасына да бақылау
орнатты. Сайлау американдықтардың көңіл
күйінде болған өзгерісті айқын көрсетті:
оларда Америка қорғаныс шебі Европа мен
Азияда орналасқан деген түсінік пайда
болды және Трумэн бастаған КСРО-мен күшпен
қарсыласу бағытын қолдады. АҚШ-тың оқшаулануына
соңғы нүкте қойылды. Берлин блокадасы
Батыс елдерінің әскери қуатын нығайту
қажеттілігін көрсетті. 4 сәуір 1949 жылы
10 Европалық мемлекет (Бельгия, Ұлыбритания,
Дания, Исландия, Италия, Люксембург, Нидерланды,
Норвегия, Португалия, Франция), АҚШ және
Канада Солтүстік Атлант келісіміне қол
қойды. Онда аталған елдер БҰҰ Жарғысы
шеңберінде жау шабуылынан бірлесіп қорғануға
дайын екендіктерін мәлімдеді және осы
мақсатты жүзеге асыру үшін Солтүстік
Атлант келісімі Ұйымы (НАТО) құрылды.
Осы келісім негізінде Дуайт Эйзенхауэр
басқарған біріккен қарулы күштер жасақталды.
Өз тарапынан Шығыс Европа елдері өзінің
топтасуын нығайта түсуді жалғастыра
берді. 25 қаңтар 1949 жылы Болгария, Румыния,
Венгрия, Польша, КСРО және Чехославакия
Европаның бөлшектенуіне байланысты экономикалық
проблемаларды бірігіп шешу үшін Өзара
Экономикалық Кеңес (СЭВ) құрылатындығын
жариялады. Ақпанда СЭВ-ке Албания, кейінірек
ГДР қосылды. 1955 жылы осы елдер өздерінің
әскери-саяси одағын -Варшава Келісімі
Ұйымын (ОВД) құрды. 1949 жыл Германияның
бөлшектену жылы болып табылады. Ақша
реформасы жүргізілгеннен кейін көп ұзамай-ақ
батыс зоналарда мемлекеттің конституциясын
жасау басталды, ол осы үш зона негізінде
жасалуға тиіс болды. 1949 жылы мамырда Германия
Федеративтік Республикасы (ФРГ) құрылды.
Сол жылы қазанда оккупациялық шығыс зонада
Германия Демократиялық Республикасы
(ГДР) дүниеге келді. ГДР-мен қатар Қытай
Халық Республикасы жарияланды. Гоминьданмен
соғыс коммунистердің жеңісімен аяқталды.
Дүниежүзіндегі ең халкы көп мемлекетте
өкіметтің коммунистер қолына көшуі АҚШ-та
абыржу туғызды. 1949 жылы американдықтар
КСРО-да атом бомбасының сәтті сыналғаны
жөнінде естіді. Кеңес атом қаруы қарулануға
тек 1953 жылы ғана енсе де әскери-саяси
бәсекелестіктің жаңа сипатқа ие болғандығы
айқын еді, өйткені осы салада АҚШ-тың
монополиясы жойылды. Осыған байланысты
АҚШ ядролық қару мен оны жеткізу құралдарын
жетілдіру туралы шешім қабылдайды. 1952
жылы АҚШ алғашқы сутегі бомбасын сынады.
Сутегі бомбасын жасау онша күрделі емес
болатын, ал оның қуаты тасымалдау құралының
(носитель) мүмкіндігімен шектелді. Американдықтар
сынаған бірінші сутегі бомбасының қуаты
10 млн. тонналық тротилдің жарылысымен
тең еді. Осындай қару он ай өткен соң КСРО-да
сыналды. 50-ші жылдары екі елде де ядролық
қаруды тасу құралдарының жаңа түрін тез
арада жасап, жүзеге асыру жұмыстары жүрді.
Соғыс кезіндегі неміс ракета құрылымы
жетістігінің негізінде континентаралық
баллистикалық ракета жасалынды. Алғашқы
атомдық суасты ракета тасушы кемелер
пайда болды. АҚШ пен КСРО-ның бәсекелестіп
ракеталық-ядролық жанталаса қарулану
сипатында жүргізілді. 1950 жылы АҚШ Корея
жарты аралындағы жанжалға араласып, алғаш
рет өзінің қарулы күштерін пайдалануға
мәжбүр болды. Соғыстан соң Корея, солтүстігінен
Кеңес Одағы, оңтүстігінен АҚШ оккупацияланды.
Германия сияқты екі үкімет құрылды. Олардың
арасындағы қайшылық американ кеңес қатынастарының
шиеленісуіне байланысты күшейіп отырды.
1949 жылға қарай АҚШ пен КСРО әскерлері
Кореядан шығарылды, Кореяның ек бөлігінде
де сайлау жүргізілді. 25 маусым 1950 жылы
Солтүстік Корея әскер 38 параллель бойынша
демаркациялық шепті бұзып, оңтүстікке
қарай тез жылжыды. АҚШ Солтүстік Корея
әрекетін агрессиялық деп танытып Біріккен
Ұлттар Ұйымына Оңтүстік Кореяға көмек
көрсету туралы шешігі қабылдатты. БҰҰ
туы астында Корея жартыаралына көпшілігін
американдықтар құраған бірнеше елдің
әскері түсірілді. 1953 жылға дейін созылған
Корея соғысы басталды. Осылайша АҚШ пен
КСРО арасында бітіспес қайшылық туды.
Егер оның басталуын 12 наурыз 1947 жылғы
Трумэн доктринасы деп, ал аяқталуы 8 желтоқсан
1991 жылы КСРО-ның құлауы десек сонда ол
45 жылға созылды. Осы жылдары АҚШ пен КСРО
арасында қайшылық қанша асқынса да соғысқа
ұласқан жоқ. Сондықтан да осы кезеңді
«қырғи қабақ соғысы» деп сипаттауға негіз
бар: екі жақ та «қанды соғысқа» дайындалды,
бір-біріні жау ретінде қарады, дүниенің
барлық аймақтарында және қарудың ба;
түрінен бәсекелесті, қару Жер бетіндегі
бар тіршілікті бірнеше рет жойып жібере
алатындай көлемде жиналды, бірақ бұл
қуатты бір-біріне қарсы ешқашан да қолданбады.
Не себептен? Бас кезеңде екі жақ та мұндай
соғыс түрін қаламады. Конфронтация шындыққа
айналған кезде екі жақ та жаңа соғыс тұтана
қалған жағдайда жеңетініне сенімді болмады.
Соғыс қорытындысының айқын болмауы ек
жақты да бір жақты басымдылыққа ұмтылдырды,
алайда неғұрлым жаңа түрлерінің пайда
бола беруі қақтығыстың соңының қандай
боларын болжауды тіпті қиындатты. «Қырғи
қабақ соғыс» бүкіл планетаны шарпыды
Ол дүниені екіге, екі соғыс-саяси және
экономикалық топтарға, екі қоғамдық-саяси
жүйеге бөлді. Осы ауқымды бәсекелестіктің
өзіндік саяси логикасы туындады - кім
бізбен бірге болмаса, ол бізге қарсы.
Дүние жүзіндегі барлық оқиғалар бәсекелестіктің
айнасында «қара-ақ» деп қаралды. «Қырғи
қабақ соғыс» бағымызға қарай «қанды соғысқа»
ұласпаса да саясат пен ақыл-ойды барынша
милитиаризациялады. Дүниежүзілік саясатт;
барлықы соғыс қуаттылығы жағынан есептелінді.
Күш қолдану қаупі БҰҰ жарғысына сәйкес
болмаса да «ядролық қорқыту» саясаттың
басты қаруы болып табылды. Жанталаса
қарулану бейбіт кезеңде АҚШ пен КСРО-да
соғыс-өнеркәсіп комплексін қалыптастырды.
Осы саланы басқарған министрліктер мен
ведомстволардың беделі мен саяси ролі
ості. Халықтың санасын милитаризациялау
жүргізілді. Соғыс қызметі ерлікке саналды
Жауыз, аяусыз коммунист және дәл сондай
империалист бейнесінде жаңа образы қалыптастырылды.
Екі елдің мәдениетіне де осы сіңдірілді
«Шпиондық» романдар дәстүрлі детективтерді
ығыстырды. «Қырғи қабақ соғыс» дүниежүзілік
саясаттың басым құбылысы ретінде ішкі
өмірге де едәуір ықпал етті. Дүниені «қара-ақ»
деп тану сыртқы дүниеге қауіп-қатер сезімін
ұялатты және сыртқы жау алдында жасанды
іштей топтасуға итермеледі. Алдыңғы ой-пікір
арандатушылық іс-әрекет деп табылды.
Осы АҚШ-та азамат құқы мен бостандықтарының
жаппай бұзылуына, ал КСРО-да тоталитарлық
режимнің нығаюына әкеп соқты. Сонымен
қатар «қырғи қабақ соғыс» Батыс елдерінде
«берекелі мемлекеті құру мақсатындағы
әлеуметтік реформаларды жүргізуді аяқтау
үшін стимул болды және ол коммунизм идеясы
еніп кету барьері ретінде саналды. «Қырғи
қабақ соғыс» қарулануға көп қаржы шығаруды
талап етті, инженерлер мен жұмысшылардың
ең таңдаулылары қарудың жаңа түрін шығарумен
айналысты. Жанталаса қарулану адам естіп
білмеген ғылыми жаңалықтар тудырды. Ол
ядролық физика мен космостық зерттеулердің
дамуына ықпал етті, электроника қуатының
өсуі мен жаңа материалдар жасауға жағдай
туғызды. Жанталаса қарулану кеңес экономикасын
қанаттандырып, американ экономикасының
бәсекелестік қабілетін төмендетті. Сонымен
қатар кеңес-американ бәсекелестігі АҚШ-тың
коммунизммен күресінің алдыңғы шебі
болған Батыс Германия мен Жапонияның
саяси және экономикалық позициясын қалпына
келтіруге қолайлы әсерін тигізді. АҚШ
пен КСРО бәсекелестігі отар мен тәуелді
елдер халықтарынын тәуелсіздік үшін
күресін жеңілдетті, әрі туындаған «үшінші
дүниені» ықпал ету аймағы үшін аймақтық
және жекелеген қақтығыстардың бітпейтін
орталығына айналдырды. Былайша айтқанда,
«қырғи қабақ соғыс» екінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі дүниежүзілік тарихқа
терең және жан-жақты әсер етті. «Қырғи
қабақ соғысты» болдырмауға болар ма еді?
Онын пайда болуы көбіне екінші дүниежүзілік
соғыс қорытындысының әр түрлілігіне
байланысты болып табылады. Оның ең бастысы
дүниеде ғаламдық бәсекелестікті бастай
және ұзақ жүргізе алатын екі державаның
ғана қалғаны еді. Басқа ұлы державалардың
бұған күш-қуаты жетпеді. АҚШ пен КСРО
осы жағдайда тек ұлы державалар ғана
емес, басты ұлы державаларға айналды.
Осылайша дүниенің екі полюстікке айналуы
бәсекелестікті тудырмай қоймайтын еді.
Осы тартысқа тарихи дамуы, географиялық
жағдайы, экономикалық, әлеуметтік және
саяси құрылысы әр түрлі ғана емес, дүниетанымы
да әр түрлі мемлекеттердің қатысуы оған
ерекше форма, орта ғасырлардағы діни
соғыстарды еске түсіретін идеологиялық
қақтығыс сипатын берді.
ТАРАУ. «ҚЫРҒИ ҚАБАҚ
СОҒЫС» ЖЫЛДАРЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
1947-1959 ЖЫЛДАРДАҒЫ
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЯСАТ БЕЛЕСТЕРІ
«Қырғи қабақ соғыс» жылдарында
халықаралық қатынастардың дамуы
ірі державалар арасындағы қатынастармен
анықталды. Олардың бәсекелестігі
әскери-саяси сипатта болды, солай
бола тұрса да, екі жағы да оның қорытындысының
қандай болатынына сенімді болмағандықтан,
ашық соғыс қақтығысына бармады.
Осы соғыстан кейінгі дүниежүзілік
саясатқа белеңдік сипат берді. «Қырғи
қабақ соғыс» халықаралық қатынастағы
шиеленісу мен бәсеңдеудің алмасуы
болды. Шиеленіскен жағдайда ірі
державалар компромиске бару жолын
іздеді. Қауіпсіздік сезіле бастасымен
бәсекелестік қайтадан күшейді. 1950 жылы
15 қыркүйекте оңтүстікке кеткен Солтүстік
Корей әскерінің тылына БҰҰ-ның
туы астында Инчхонге әскерін
түсіріп американдықтар қазанның соңында
демаркациялық шепке шығып, Оңтүстік
Кореяны азат етті. Біріккен күштердің
бас қолбасшысы генерал Макартуі
Трумэнді Солтүстік Кореядағы режимді
жою мен Кореяны біріктіру
мүмкіндігін пайдалану қажет
деп көндірді. 1 қазанда солтүстікке
шабуыл басталды, айдың соңында Солтүстік
Кореяның астанасы Пхеньян алынды, американ
әскері Қытай шекарасына шықты. Осы кезенде
қақтығысқа Солтүстік Корея жағында Қытай
араласты. 26 қарашада танкілер мен самолеттер
қолдаған Қытай «еріктілері» шабуылға
шығып американдықтарды шегінуге мәжбүр
етті, майдан демаркациялық шептің оң
жағына қарай тұрақтанды. Генерал Макартур
қақтығыстың масштабын кеңейтуді, яғни
Солтүстік-Шығыс Қытайды бомбылауды және
оның жағалауына блокада орнатуды ұсынды.
Алайда Трумэнге бұл жағдайда осы уақытқа
дейін Кореяға ұшқыштарын жіберіп қана
отырған КСРО-ның ашық араласатыны және
соғыс аймақтық шеңберден шығатыны айқын
еді. Сондықтан Макартур жоспары қабылданбады,
ол жұмыстан шығарылды. 1951 жылы қаңтарда
майдан демаркациялық шепте тоқтады, ал
маусымда КСРО-ның инициативасымен мәмілеге
келу туралы келіссөз басталды. Келіссөз
американ президенті ауысқан соң (1953 жылы
қаңтарда АҚШ президенті Дуайт Эйзенхауэр
болды) және И.В.Сталин қайтыс болған соң
аяқталды. Екі жақ соғысқа дейінгі шекараны
қалпына келтіруге ризашылық білдірді.
Корея Германия сияқты бөлшектенді. Осы
жылдары аймақтық шиеленіс ошақтары қалыптасты.
Таяу Шығыста соғыстың аяқталуы Палестина
халықтары еврейлер мен арабтар арасында
қайшылықтың өсуіне әкеп соқты. Палестина
(Жерорта теңізі мен Аравия шөлейтті арасындағы
құнарлы жер) ежелден иврий (еврей) халқы
орналасқан жер. Осы халық б.э.д. XI ғасырда
өз мемлекетін құрған. Палестинаны Египет,
Ассирия, Вавилон сияқты күшті көршілері
қайта-қайта жаулап алып отырған. Ол Рим
империясының құрамына енген сон, еврейлер
тәуелсіздік алу үшін бірнеше рет көтеріліске
шыққан. Олардың көтерілістері аяусыз
басылып отырылған. Еврейлердің діни өмірінің
басты орталығы -Иерусалим храмы бұзылды.
Еврейлер Палестинадан көшіп, Европа мен
Таяу Шығыс елдеріне қоныстанды. Жаңа
жерлерде олар өз діндерін (иудаизм) сақтады
және жергілікті халықтар арасында сіңіп
кетпеді. Әр елде оларға әр түрлі қарады.
XIX ғасырдың соңында Европада антисемитизм
(еврейлерге жау ретінде қарау) күшейді.
Еврейлер қайда жүрсе де пана табуға тырысып,
өз ұлттық мемлекетін құруға әрекеттенді.
Олар осындай мемлекет үшін Палестинаны
таңдап алды. Еврейлер Палестинаға жиналды.
Осман империясы құлаған соң Палестинаны
басқарған ағылшындар еврейлердің өз
ұлттық ошағын құруын қолдады. Жергілікті
палестиндік арабтар бұған мүлдем қарсы
болды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі
еврейлер трагедиясы Палестинада өз мемлекетін
құру үшін қозғалысты одан сайын жандандырды.
Ағылшындар Палестинада еврейлер мен
арабтар арасында туындаған қайшылықты
шешуге дәрменсіздік көрсетті. Соғыс аяқталған
соң Палестинаға еврей эмигранттары ағылды.
Олар бұл мәселені шешуді БҰҰ-на тапсырды.
БҰҰ 1947 жылы Палестинаны Израиль еврей
мемлекеті мен арабтық Палестина деп бөлу
жөнінде жоспар жасап бекітті. Осы кезеңнен
бастап онда қарулы қақтығыстар орын алды.
Израиль мемлекеті құрылып, одан ағылшын
әскерлері шығарылған соң жеті араб мемлекеті
бірігіп Израильге қарсы шықты. Бірінші
араб-израиль соғысы басталды. 1949 жылы
БҰҰ-ның араласуымен мәміле жасалынды.
Израиль өзінің өмір сүру құқын сақтап
қалды, алайда оны араб мемлекеттері мойындамады.
Араб Палестина мемлекеті құрылмады, оның
территориясының біразын Израиль, біразын
араб елдері басып алды. 1947 жылы Британ
парламенті Үндістанның тәуелсіздікке
көшу жоспарын бекітті. Жоспар елді Үндістан
және Пәкістан деп екі бөлікке бөлуді
көздеді. Территорияны бөлшектеуде әр
түрлі халықтар орналасқан аудандарда
тайпааралық қақтығыстар орын алды, оның
барысында территориялық дау туды. Соның
бірі - үнді-пәкістан қақтығысы. Үндіқытай
түбегінде тағы да бір қақтығыс туындады.
1940 жылы француз отарларын басып алған
Жапонияның капитуляциялануы Вьетнам
коммунистерінің лидері Хо Ши Минге тәуелсіз
Демократиялық Вьетнам Республикасын
(ДРВ) жариялауға мүмкіндік берді. Алайда
Франция бұл тәуелсіздікті мойындаудан
бас тартып, Вьетнамға күшпен қайтадан
бақылау орнатуға әрекет жасады. Осыған
байланысты 1946 жылы соғыс басталды. 1949
жылға дейін басымдылық француздар жағында
болды. Алайда Қытайда өкімет басына коммунистер
келген соң Хо Ши Мин КСРО мен Қытайдан
көмек алып басымдылық вьетнамдықтар
жағына көшті.
«ҚЫРҒИ ҚАБАҚ
СОҒЫСЫ» ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚШ ПЕН
СОВЕТ ОДАҒЫ ЖӘНЕ ФРАНЦИЯ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ
Екінші дүние жүзілік
соғыс әлемдегі халықаралық қатынастардағы
қалыптасқан жағдайды түбірімен
өзгертті. АҚШ пен Кеңестер Одағының
жетекшілігіндегі екі, әскери-саяси
блоктың НАТО мен Варшава пактсының
қарама-қайшылығы халықаралық қатынастарда
екі жүйені қалыптастырды. Екі блоктың
арасындағы қайшылық барлық салаларды
қамтып жатты. Кеңестер Одағы мен
АҚШ-тың арасындағы қайшылық яғни «Қырғи
қабақ соғыс» екі супер державаның
идеологиялық күресі мен геосаяси қарама-қарсылығында
көрініс алды . Деголльдік қарсыласу
қозғалысының неміс фашизміне қарсы
белсенді күресуінің нәтижесінде Францияның
халықаралық статусы нығая түсті.
Соғыс аяқталған соң Франция
Потсдам конференциясында Сыртқы істер
министрлігінің Кеңесіне мүше болып
қана қоймай, сонымен қатар Франция
Германияны оккупациялаушы державалардың
қатарына ілікті . Екінші дүние жүзілік
соғыстан кейінгі Америка Құрама
Штаттары мен Францияның арасындағы
стратегиялық одақтастық қарым-қатынасының
алғы шарты 1946 жылы Вашингтон келісімінде
көрсетілді. Бұл келісім бойынша
АҚШ Францияға несие беру, екі
жақтың экономикалық қатынастарын либерализациялау,
берік үкімет аралық байланыс орнату,
мәдени байланыстарды дамыту белгіленді
. 1947-1948 жылдардағы Герман проблемасының
өрши түсуі Франко-американ байланыстарын
жақындастыра түсті. Осы кезде АҚШ-тың
үкіметі соғыстан кейінгі Еуропаның
экономикасы мен халық шаруашылығын
қалпына келтіру мақсатында осы
құрлықтың елдеріне қыруар қаржы
көмегін беретінін жария етті.
Бірақ осы жоба іске асу үшін АҚШ
үкіметі аталған құрлықтың мемлекеттерінің
басшыларынан үкімет құрамынан барлық
коммунистерден тазартуды талап
етті. Бұл ұсынысты 16 капиталистік ел,
оның ішінде Франция, Италия, және Англия
секілді ірі державаларда болды
. АҚШ-тың бастамасымен іске қосылған
«Маршалл жоспары» 1948-1952 жылдары қызмет
етті. Осы уақыт ішінде АҚШ Батыс
Еуропа елдеріне барлығы 17 млрд. доллар
субсидия берді. Оның ішінде Англия 2,8
млрд, Франция 2,5 млрд. алды. Францияның
«Маршал жоспарына» белсенді араласуы
оның сыртқы саясатындағы «Атлантикалық
ынтымақтастық» принципін нығайта
түсті. Францияның көптеген жетекші
саяси партиялары мұны ең маңызды
бағдарламалық ұстанымдардың бірі
деп есептеді. Шындығына келгенде
Франция өзінің ұлттық тәуелсіздігіне
нұқсан келтірді. оның бұл әрекеті
франко-кеңес одағы қатынастарының
нашарлауына әкеліп соқты . Сондай ақ
Франция АҚШ-пен тізе қоса отырып
әскери – саяси блоктарды құруға
да белсенді түрде қатысты. «Қырғи қабақ
соғысы» жылдарында АҚШ-тың билеушілері
Еуропа, Азия мен Латын Америкасында
«коммунизмге қарсы» ұранымен көптеген
әскери саяси блоктарды жасақтады.
1949 жылы 4 сәуірде Франция Солтүстік
Атлантикалық Одақты (НАТО) құрушылардың
бірі болды . Сөйтіп қысқа мерізім
ішінде Франция АҚШ-тың Батыс
Еуропадағы маңызды пландарының
біріне айналды. Оның территориясында
НАТО-ның әскери және транспорттық
инфрақұрылымының басым бөлігі орналастырылды.
Ал Фонтенблода НАТО-ның бас штабы
орнықты . 1950 жылғы 27 қаңтардағы келісім
бойынша АҚШ Францияға қомақты
мөлшердегі әскери және материалдық
көмек берді. Осы жылдары АҚШ
пен Франция Оңтүстік Шығыс Азия
регионында коммунизмге қарсы тұру
мақсатында бірқатар мәселелер бойынша
бірігіп әрекет етті. Үндіқытай түбегіндегі
өз отарларынан айырылғысы келмеген
Франция соңына дейін қарсыласуға
дайын тұрды. Бірақ 1954 жылдың 7 мамырында
Дьенбенфу түбіндегі соғыста 150 мыңдық
Француз корпусы жеңіліс табады
. Вьетнам проблемасын шешу мақсатында
КСРО, АҚШ, Франция, Англия осы жылы
Женевада бас қосты. 21 шілдеде Женева
бітіміне қол қойылды. Вьетнам 17 параллель
бойынша екі бөлікке бөлінді.
Солтүстігінде Вьетнам Демократиялық
Республикасы (коммунистер), оңтүстігінде
– Вьетнам Республикасы (капиталистік).
Сөйтіп Франция Азиядағы өзінің орталық
иелігінің ең маңызды бөлігінен қол үзді.
Осы кезден бастап АҚШ Үндіқытайдағңы
ықпалынан үдете түсіп, Францияның орнын
басты . 1954 жылдың 8 қыркүйегінде Франция
АҚШ-тың бастамасымен құрған СЕАТО әскери-саяси
блогына мүше болды. Бұл блок оңтүстік
және Оңтүстік Шығыс Азиядағы НАТО-ның
аналогы. Оның басты міндеті «Коммунизмге
қарсы тұру» болды . 1956 жылы Египет Суэц
каналын национализациялауы француз-британ-израиль
агрессиясын тудырды. Бірақ бұл үшін агрессия
ешқандай да нәтиже бермей керісінше Франция
өзінің Таяу Шығыс пен Египеттегі позицияларынан
айырылды. Осы жағдайдың барлығы Франциядағы
ІV-ші республиканың құлауына алып келді.
1958 жылы елде V-ші Республика орнауымен
Францияның сыртқы саясатында түбірлі
өзгерістер орын алды. Республиканың жаңа
президенті генерал Шарль де Голльдің
сыртқы саяси доктринасы ұлттық мүдде
мен дәстүрлі тәуелсіз дипломатияны приоритетті
деп таныды. Осы кезден бастап АҚШ пен
Францияның арасындағы байланыстарда
да түбірлі өзгерістер бой алды. Енді де
Голль «солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық»
идеясынан бас тартып, әлемдік екі қарама-қайшы
полюстің үстемдігіне қарсы шықты. Франция
өзін Батыс пен Шығыстың арасындағы конструктивті
диалог жүргізудегі тірек ел ретінде жария
етті. Бұл жағдай Франция мен Кеңес Одағының
байланыстарының жақсара түсуіне ықпал
етті. Президент де Голль ең бірінші болып
соғыстан кейінгі Шығыс Еуропадағы қалыптасқан
жағдайды танып, Герман Демократиялық
Республикасының Тәуелсіздігін мойындады
. Осының салдарынан 60-шы жылдары АҚШ-пен
Францияның қарым-қатынасы суыйи түсті.
Осында де Голль ұлттық қауіпсіздік мәселесінде
Францияның саяси тәуелсіздігін қамтамасыз
етуді көздеді. Алғашқы кезде ол НАТО-дағы
одақтастарымен қарама-қайшылыққа барғысы
келмеді. Француз дипломатиясы «триумвират»
идеясының – яғни Солтүстік Атлантикалық
Одақта АҚШ, Франция, Ұлыбританияның тең
басшылық етуіне мүдделі болды. Париж
американдықтардан НАТО-ның ядролық қаруын
бақылау монополиясынан бас тартуға талап
етті. Бұл саяси инициативалардың сәтсіз
болуы, 60-шы жылдардың басындағы Халықаралық
қатынастардағы дағдарыстың белең алуы
(Берлин және Кариб дағдарыстары) де Голльді
жекелей тәуелсіз ұлттық қорғаныс жүйесін
құруға мәжбүр етті . 1962 жылы англо-француз
және англо-американ ядролық қару жүйесін
дамыту келіссөздері маңызды сәт болды.
Мұнда Ұлыбритания НАТО құрамында «көпсалалы
ядролық күшке» американдық проектіге
және біріккен ұлттық ядролық күштерді
құрудағы Францияның ұсынысын қабылдамай
тастады. 1963 жылы Франция «атлантикалық
курстан» толық бас тартатындығын және
өзінің жеке ұлттық қауіпсіздіктегі ядролық
жүйесін құратындығын жариялады. 1964 жылы
президент де Голль Францияның ядролық
державаға айналғандығы туралы салтанатты
түрде жария етті. Осы кезден бастап Франция
біртіндеп АҚШ-тың бақылауындағы НАТО-дағы
әскери-саяси блоктан шыға бастады. 1965
жылы Франция СЕАТО-ның кеңесіне қатысуын
іс жүзінде мүлдем тоқтатып, осы әскери-саяси
блоктан шықты. 1966 жылдың наурызында фрнцуз
үкіметі НАТО-ның әскери ұйымынан шығатындығын
жариялады. де Голль НАТО-ның жетекшілерінен
аз, қысқа мерзім ішінде басқа да Еуропалық
елдердің территориясында орналастырылған
40 мыңдық американ-канадалық әскери қызметкерлерді
алып кетуді талап етті . Франция НАТО-ның
инфражүйесіне 2,5 млрд. доллар компенсация
төлеуден бас тартты. Бұл АҚШ-тың Еуропадағы
мүддесіне қатты нұқсан келтірді. Францияның
территориясында НАТО-ның 46 аэродромы,
жүздеген километрлік мұнай құбырлары,
жүздеген километрлік телеграф және радиобайланыс
желістері, теңіз докторы мен қоймалары
тағы басқа стратегиялық объектілер орын
алды. Сонымен қатар президент Шарль де
Голль Ұлыбританияны Еуропалық экономикалық
қауымдастыққа (ортақ рынок) мүше болып
енуіне қарсы болды. Өйткені де Голль егер
Англия бұл қауымдастыққа енетін болса,
онда мұнда американдықтардың ықпалы
күшейеді деп тұжырымдады . Ядролық қарулардың
санын қысқарту мәселесінде де Голль бұл
қаруды тек АҚШ пен КСРО ғана қатысты,
ядролық қаруды осы екі Супер держава,
яғни «Қырғи қабақ соғысының» негізгі
қозғаушы күштері болғандықтан қысқартуға
міндетті делінді. Франция өзінің Азия
мен Африкадағы отарларына тәуелсіздік
берді. Сөйтіп француз отарлық империясы
күйреді. 1965 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымындағы
(БҰҰ) француз өкілдері АҚШ-тың Доминикан
Республикасы мен Вьетнамдағы әскери
агрессиясын айыптады. 1969 жылы Шарль де
Голль отставкаға кеткен соң, Жорж Помпиду
жаңа президент болды. Ол Францияның сыртқы
саяси курсына айтарлықтай өзгерістер
енгізді. Осы жылы Жорж Помпиду АҚШ-пен
жаңа қарым-қатынасты бастайтындығын
жариялады. Ол АҚШ-тың Батыс әлеміндегі
саяси лидерлігін мойындап, осының нәтижесінде
американ басшылығын өзінің одақтастары
мен серіктестеріне деген үстемдігін
жою жетістігіне қол жеткізді . 1974 жылғы
НАТО-ның қайраткерлігіндегі коллективті
принциптің күшеюі туралы шарттың жаңа
Атлантикалық хартияға енуі Француз дипломатиясының
үлкен жеңісі болды. Осы кезден бастап
Франция өзінің ұлттық мүддесіне зиян
келтірмейтін жағдайда НАТО-мен қайта
саяси ынтымақтастыққа түсе бастады. 1970
жылы президент Жорж Помпиду ресми сапармен
АҚШ-қа келді. Мұнда АҚШ президенті Никсонмен
болған кездесуде бірқатар халықаралық
мәселелер қаралды.
ТАРАУ. ҚЫРҒИ ҚАБАҚ
СОҒЫСТЫҢ ШЫРҚАУ БИІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЯҚТАЛУЫ
КАРИБ ДАҒДАРЫСЫ
– «ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫСЫНЫҢ» ШЫРҚАУ
БИЛІГІ
КСРО мен АҚШ теке тіресі
Кариб теңізіндегі дағдарысқа алып
келгені тарихтан мәлім. 1962 жылдың қазан
айында «қырғи-қабақ соғыс» аяқ асты
«қайнаған соғысқа» айналып кете
жаздады. Оқиғаның ойда-жоқта бел
алуы АҚШ пен НАТО-ның Түркияда
баллистикалық зымырандарды орнатуы
әсер етті. Осыған байланысты КСРО оған
қарсы Кубада тактикалық зымырандарды
орналастыруды жөн деп тапты.
КСРО бұл кезде қарулану мәселесінде
көп кейіндеп келе жатқан. Орыстар
жай қарулану бойынша Орталық
Еуропада зор артықшылыққа ие болды,
бірақ олардың аса сенімді
емес, небары 300 ғана алысқа ұшатын баллистикалық
зымыраны болды. АҚШ-та керісінше, КСРО
аумағына соққы жасай алатын 5000 ядролық
зымыран бар-ды. Хрущев бұған «ассимметриялы
жауап» ойлап тапты: орта қашықтыққа
ұшатын зымырандарды коммунистік режим
билеп тұрған Куба аралына орналастырды.
Әрине, социализмнің жақтаушысы Кастро
оған қарсы болмады. Қайта АҚШ
тарапынан болатын қауіп-қатерге
қалқан болатынана бек сенді. Мәскеу
жауынгер саны 43 мыңдық бірнеше зениттік-зымырандық
дивизияның Куба жеріне жасырын жеткізуге
тырысты. Оған 270 мыңдық Куба армиясы
көмектесті. Операцияның кодтық аты
«Анадырь» деп аталды. 43 мың жауынгермен
зениттік-зымырандық кешендерді жеткізуге
80 кеме жұмылдырылып, олар 183 рейс жасады.
Операцияның жасырын жүргізілгені
соншалық жағалауды күзетіп жүрген
АҚШ әскери кемелері кеңестік зымырандардың
Кубаға қалай жеткізілгенін білмей
қалды. Тек 1962 жылдың 14 қазан күні АҚШ
барлау ұшағы алғаш реет Кубада орналасқан
Кеңестік зымырандарды байқап қалды. Бұл
– Ақ үйге үлкен соққы еді. Ядролық
зарядтармен жарақтанған Р-12 зымырандарының
ұшу қашықтығы 2 мың шақырым. Бұл
АҚШ үшін өте қауіпті болды. Вашингтон
санаулы сағаттар ішінде 40 мыңдық теңіз
жаяу әскерімен Куба территориясындағы
Гуантанамо базасында орналасқан 5
мыңдық әскерін аяғынан тік тұрғызып,
соғысқа сақадай сай етті. Аралды
қоршай 28 шақырымдық мина алаңын жасады.
Ал санаулы күндерден кейін Кубаға
шабуыл жасау үшін АҚШ Флорида
штатына саны бір миллионға таяу
әскерін жинақтап үлгерді. Соғыс
өрті әні-міні басталып кету қауіпі туындады.
Кез келген сағатта АҚШ тарапынан
ядролық соққы берілуі мүмкін
еді. Кариб дағдарысы 11 қыркүйектен
21 қарашаға дейін жалғасты. Мұны артынан
тарихшылар «ХХ ғасырдың ең қауіпті ядролық
теке тіресі» деп атады. Соғыс қаупі «қаралы
сенбі» атанған 27 қазан күні шырқау шегіне
жетті, бұл күні кубалықтар америкалық
барлаушы-ұшақты атып түсірді, ал АҚШ әскери-теңіз
күштерінің кемелері кеңестік сүңгуір
қайықтың су бетіне шығуға мәжбүрледі.
Дегенмен сол қараша айында КСРО мен АҚШ
басшылары бейбіт келісімге келіп, дағдарысқа
нүкте қойылды. КСРО амалсыз қаншама шығын
жасап алып барған зымырандарын Кубадан
алып кетуге мәжбүр болды. Ал АҚШ оның
өтеміне Түркия, ФРГ және Италиядағы КСРО-ны
көздеп қойған зымырандарын шығарды. Осылайша
әлем ядролық қақтығыстан аман қалды.
Ол кезде байланыс құралдары жетіліп бітпегенді,
сондықтан «сол жерлердегі командирлер
өз еріктерімен қару қолдануға бұйрық
беруі мүмкін-ау» деген қауіп туды. Дүниежүзілік
соғыстан бізді жалғыз ғана зеңбіректің
атылуы бөліп тұрды. «Егер сол жерде шүріппені
басып жібергенде не болар еді? Қарымта
әрекеттерді қиындату үшін Лондонға бомбалар
28 қазан, жексенбі күні таңғы 8-де жауар
еді. Алғашқы соққылар әскери нысандарға
жасалар еді, сосын іскер және өндірістік
орталықтар – қалалардың кезегі келер
еді. Қарашаның ортасына қарай Британияны
суық пен қараңғылық жайлап тұрар еді,
тырысқақтың, сүзектің және іш өтуінің
індеттері асқынар еді. Әрине, Аман қалғандарды
құтқаруға, бұзылған нәрселерді қалпына
келтіруге, өлгендерді жерлеуге талпыныстар
жасалар еді. Тонаушылар қылмыс істеген
жерінде атылар еді. Радиациялық сәуледен
өлушілердің саны 1962 жылдың желтоқсанында
өзінің шырқау шегіне жетер еді. Ядролық
жарылыстардан, радиациялық жауын-шашыннан
және суықтан 18-ден 38 миллионға дейін британдық
қырылар еді. 1967 жылға қарай елдегі халық
саны 4-8 миллиондай ғана болар еді», дейді
Индепендент газетінде өз болжамын жасаған
Стивен Бакстер атты зерттеуші.
1974-1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ
«ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫСЫ» ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ
АҚШ-ТЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ
Суық соғыс - тарих және
саясаттануда қолданатын ұғым, Екінші
дүниежүзілік соғысынан кейін бастап
Кеңес Одағының ыдырауына дейін
созылған АҚШ басқарған "батыс
мемлекеттерінің" және КСРО басқарған
социалистік лагерінің идеологиялық
қақтығысы (яғни либерал және коммунистік
екі идеологиясының қақтығысы) және
сол себептен жүргізілген АҚШ
пен КСРО арасында қаруландыру бәсекесі.
ХХ ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап Халықаралық
қатынастарда біршама өзгерістер орын
алды. Екі супер державаның яғни
АҚШ пен. КСРО-ның жоғары деңгейдегі
кездесулері, әсіресе ядролық қарулардың
санын қысқарту келісіміндегі біршама
жетістіктер «Қырғи қабақ соғысының»
біраз бәсеңдеуіне алып келді. Осы
кезеңде Еуропа тарихындағы аса
ірі оқиға Хельсинки актісінің
жүзеге асуы еді. Ол бойынша Еуропадағы
ынтымақтастық пен қауіпсіздік
кеңеске 33 мемлекет қатысты. Онда АҚШ,
Канада, КСРО және басқа да Шығыс
Еуропаның социалистік елдері болды.
Бұл кезеңде АҚШ пен Францияның
арасында бірқатар мәселелер бойынша
өзара жақындасулар байқалды. Әсіресе
НАТО-дағы ынтымақтастығы нығая түсті
. НАТО-дағы ынтымақтастықтың кеңейе түсуі
Франко-американ байланыстарына оң әсер
етті. 1975 жылы АҚШ пен Франция
Еуропадағы қауымдастық және ынтымақтастық
кеңесінің ақтық келісіміне қол
қойды. Француз президенті Жискар д’Эстен
«Қырғи қабақ соғысының» бәсеңдеуі
кезеңіндегі екі супер державаның
қарама-қайшылығындағы саяси және психологиялық
аспектілеріне зор көңіл бөлді.
АҚШ пен Францияның арақатынастарының
біраз жақсаруына Париж Кэмп-Дэвидскидегі
(АҚШ) израиль-египет келісіміне қарсы
шығып, Таяу Шығыстағы антиизраильдік
араб мемлекеттерін қолдады. 80-ші жылдардың
басынан бастап Франко-американ қарым-қатынастарында
бетбұрыстар байқалды. Өйткені АҚШ-та
сайлау бойынша президент болған
республикандық Рональд Рейган мен
Франциядағы сайлау бойынша президент
болып сайланған социалист Франсуа
Миттеран Кеңестер Одағы мен Социалистік
елдерге қатаң саясат жүргізе бастады
. Бұл кезең «Қырғи қабақ соғысы» тарихындағы
өрлеу кезеңі болды. АҚШ президенті Рональд
Рейган Кеңес Одағын «зұлымдық империясы»
ретінде жария етіп, оны экономикалық
жағынан әлсіретуге өз одақтастарын шақырды.
Екі супер державаның қаруланудағы жарыс
жаңа, жоғары сипат алды. Рейганның тұсында
қымбат тұратын зерттеу жұмысы «Стратегиялық
қорғаныс бастамалары» іске асырылуға
көзделді. Бұл стратегиялық жоспарды сол
кездегі бұқаралық ақпарат құралдары
«Жұлдызды соғыс» деп атады. Бірақ бұл
бағдарламаны іске асыру жобасы дайындалмай
қалуынан аяғына дейін жүргізілмей қалды
. Осы кезеңде Франко-американ байланыстарындағы
оң сәттер байқалды. Президент Франсуа
Миттеран Францияның Батыс блогындағы
жағдайын нығайтуға және АҚШ-пен қатынасын
жақсартуға әрекет етті . Франция НАТО-мен
ынтымақтастығын нығайта түсті. Миттеран
Еуропадағы американдық ортақ қашықтыққа
ұшатын ракеталарды орналастыруды қолдады.
Кеңестер Одағын «зұлымдық империясы»
деп жариялаған соң АҚШ-пен Франция жаңа
қуатты еуропалық қорғанысты қамтамасыз
етуді мақсат етіп, сол жолда әрекет етті.
1983 жылы Францияның инициативасымен ұзақ
мерзімінен кейін өтіп, Франция бір жылға
Кеңестің төрағасы болды. Осы кезде ресми
Париж бен Вашингтон Кеңес Одағының Ауғаныстанға
жасаған агрессиясын айыптап, ол жерден
кеңес әскерін алып шығуды талап етті.
Сонымен қатар АҚШ пен Франция Кеңес Одағынан
Польшадағы әскери режимді жоюды, Кеңестік
қару жарақтарды қысқартуды, Шығыс Еуропаның
Социалистік елдеріне орналастырылған
ядролық және басқа да қаруларды қысқартуды
талап етті. Алайда АҚШ пен жақындасуда
атлантикалық позицияны ұстанудағы күшейтілу
әрекеті француз дипломатиясына жетістіктер
әкелді. «Керемет жетілікте» экономикалық
және саяси жағынан АҚШ, Жапония және Германиядан
кейінгі екінші эшалонда тұрды. НАТО-мен
қарым-қатынасты нығайтуының салдарынан
Франция ұлттық тәуелсіздігін шектеді.
Рональд Рейган екінші кезектегі сайлау
нәтижесінде тағы да президент болды.
Осыдан кейін АҚШ-тың сыртқы саяси курсында
бетбұрыс кезеңі болды. Сондай-ақ бұл бетбұрыстың
орын алуына Кеңестер одағының басшылығына
жаңа тың идеямен қаруланған жас саясаткер
М.С.Горбачев келді. М.С.Горбачев Батыс
блогы мен және АҚШ пен қарым-қатынасын
жақсартуға талпынды . Осы кезде АҚШ-тың
басшылары да жаппай қаруланудың, ядролық
соғыстың тек американдықтар үшін ғана
емес сонымен бірге бүкіл адамзатқа өте
зиянды, әрі зор қауіп екендігін түсінді.
Франсуа Миттеран да сыртқы саяси курста
айтарлықтай бетбұрыстардың болуын қалады.
Осы жолда Франция АҚШ пен Кеңе Одағының
қарым-қатынасының жақсара түсуін қолдады.
Миттеран М.С.Горбачевтың «жаңаша ойлау»
концепциясы мен жоғарғы деңгейдегі американ-кеңес
диалогтарына зор қолдау көрсетті. Бірақ
Франция жаппай қарулану инициативасына
қарсы шықты. Өйткені де Голль секілді
Франсуа Миттеран да жаппай қарулану тек
супер державалардың міндеті деген позицияны
ұстанды . Кеңес-американ байланыстарындағы
қарама-қайшылықтың әлсіреуі 1986 жылғы
Рейкьявиктегі келіссөздер ықпал етті.
Мұнда орта қашықтықта ұшатын ракеталар
мен жаппай жою қаруларын қысқартуда бірқатар
келісімдерге қол жеткізеді. 1987 жылы М.С.Горбачев
ресми сапармен АҚШ-қа келді. Вашингтонда
М.С.Горбачев пен Рональд Рейган орта және
кіші қашықтықтағы ракеталарды (әсіресе
Еуропадағы) жою туралы келісімге қол
қойылды. 1986-1987 жылдары Миттеран Кеңес
Одағының бейбітшілік бастамаларын қолдады.
Осы жылы АҚШ-Франция қатынасының суу
байқалды. Франсуа Миттеран АҚШ-қа Ливияны
бомбалауда өз территориясынан американ
ұшақтарының ұшуына рұқсат бермеді. Миттеран
осыдан кейін ұлттық және еуропалық мүдделеріндегі
атлантикалық курсты қайтадан қарайтындығын
ашық білдірді. 1989 жылғы М.С.Горбачев пен
жаңа АҚШ президенті Джодж Буштың Мальтадағы
кездесуі «суық соғыстың» немесе «қырғи
қабақ соғысының» іс жүзінде тоқтағандығын
білдірді . 1989 жылы АҚШ, Франция, Германия,
Англия, ГДР және ФРГ-нің жоғарғы деңгейдегі
кездесулерінің нәтижесінде Герман Демократиялық
Республикасы мен Герман Федеративі Республикасы
бір мемлекет болып бірікті. Сөйтіп социалистік
лагерь біртіндеп ыдырай бастады. Қарама-қайшы
екі блокты бөліп тұрған, «қырғи қабақ
соғысының» символы Берлин қабырғасы
құлады. Варшава пактісі мен өзара экономикалық
көмек кеңесі таратылды. «Бархаттық революциялар»
нәтижесінде Шығыс Еуропа Социалистік
елдерінде коммунизм біржола құлады .
«Қырғи қабақ соғысының» аяқталуымен
бір кездері социалистік лидері болған
аса ірі империя, коммунистік империя
Кеңестер Одағы құлады. Оның құлауымен
«қырғи қабақ соғысы» толық аяқталды.
Сөйтіп Халықаралық қатынастардағы жағдай
түбірімен өзгеріп АҚШ пен Франция енді
әлемге басқаша көзбен қарай бастады.