Маршалл жоспары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2013 в 14:01, реферат

Описание работы

Маршалл жоспары (ағылш. Marshall Plan, ресми атауы ағылш. European Recovery Program – «Еуропаны қайта құру бағдарламасы») — Батыс Еуропа мемлекеттеріне Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін АҚШ тарапынан экономикалық жәрдем жүргізу бағдарламасы. Еуропада экономикалық тұрақтылық орнатып, батыс Еуропа мемлекеттеріне АҚШ экономикалық ықбалын жайылу үшін жүргізілген. Жоспар АҚШ мемлекеттік хатшысы Джордж Маршаллдың атымен аталған, ресми атауы European Recovery Program (Еуропаны қалпына келтіру бағдарламасы).

Работа содержит 1 файл

1.docx

— 432.26 Кб (Скачать)

Маршалл жоспары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан  алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу

Маршалл жоспары (ағылш. Marshall Plan, ресми атауы ағылш. European Recovery Program – «Еуропаны қайта құру бағдарламасы») — Батыс Еуропа мемлекеттеріне Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін АҚШ тарапынан экономикалық жәрдем жүргізу бағдарламасы. Еуропада экономикалық тұрақтылық орнатып, батыс Еуропа мемлекеттеріне АҚШ экономикалық ықбалын жайылу үшін жүргізілген. Жоспар АҚШ мемлекеттік хатшысы Джордж Маршаллдың атымен аталған, ресми атауы European Recovery Program (Еуропаны қалпына келтіру бағдарламасы).

 

Маршал жоспарының алғашқы  беті (ағыл.)

Маршалл жоспары бойынша  көмек алған елдер (қызыл баған  биіктігі салыстырмалы түрдегі көмек  деңгейін көрсетеді).

Алғаш рет бағдарламаның  идеясын 1947 жылы маусымның 5-інде Джордж Кэтлетт Маршалл Гарвард университетінде сөйлеген кезде ұсынған. маусым — шілде айларында жеңімпаз державалар (АҚШ, Ұлыбритания, КСРО және Франция) Сыртқы істер министрлерінің Париж Кеңесінде талқылауға ұсынды. М. ж-н Ұлыбритания мен Франция қолдады. КСРО және Албания, Болгария, Венгрия, Польша, Румыния, Чехословакия, Югославия мен Финляндия М. ж-на қатысудан бас тартты. Жоспардың шарттарын 16 мемлекет — Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия, Голландия, Люксембург, Швеция, Норвегия, Дания, Ирландия, Исландия, Португалия, Австрия, Швейцария, Грекия мен Түркия мақұлдады. Бұл мемлекеттер қатарына 1948 ж. Бат. Германия қосылды. М. ж-н қабылдаған елдер 1947 ж. шілдеде “Еуропаны қалпына келтіру бағдарламасын” жасайтын экон. қатынастар ұйымын құру жөніндегі конвенцияға қол қойды. Қаржының таратылуы АҚШ үкіметінің бақылауында болды. АҚШ М. ж-ның көмегімен Бат. Еуропадағы экон. дағдарыс қарқынын едәуір баяулата отырып, аталған аймақты өз ықпалында ұстады. Нәтижесінде 1949 ж. 4 сәуірде Вашингтонда 12 мемлекеттің қатысуымен (АҚШ, Канада, Франция, Италия, Исландия, Ұлыбритания, Норвегия, Голландия, Дания, Бельгия, Люксембург, Португалия) Солт. Атлантик. пактіге (НАТО) қол қойылды. АҚШ үкіметі федералдық бюджет есебінен жоғарыда аталған елдерге 17 млрд. долл. көлемінде жәрдем берді. Бағдарлама 1948 жылының сәуір айында бастап 1951 жылының желтоқсанына дейін созылған. Жәрдемнің басым көпшілігін Ұлыбритания, Франция, Италия мен ГФР пайдаланып, өздерінің экон. қуатын қалпына келтіруге біршама мүмкіндік алды. Жәрдем бөлуінің шарты бойынша Еуропаның мемлекеттері өз үкіметтерінің құрамынан коммунист-саясаткерлерін шығару міндетті еді. Осылайша, АҚШ Батыс Еуропа мемлекеттерін КСРО-ның саяси ықбалынан және коммунисттік идеологиясының әсерінен сақтап, оларды экономика тарапынан өзіне қарай жақындатқан.

Маршалл жоспары бойынша  жәрдем алған мемлекеттерінің тізімі:

  • Батыс Германия (1,3 млрд.)
  • Австрия
  • Бельгия
  • Ұлыбритания (2,8 млрд.)
  • Люксембург
  • Дания
  • Франция (2,5 млрд.)
  • Греция
  • Исландия
  • Ирландия
  • Италия (1,3 млрд.)
  • Нидерланды (1 млрд.)
  • Норвегия
  • Португалия
  • Швеция
  • Швейцария
  • Түркия

[1]

«Қырғи қабақ  соғысы» немесе Қырғи Қабақ Соғыс— 1945 — 1991 ж. аралығында әлемдегі екі саяси жүйедегі аса ірі мемлекеттер КСРО мен АҚШ арасындағы бақталастық саясат. 2-дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Гитлерге қарсы одақ ыдырап, КСРО мен АҚШ басшылары дүние жүзін қайта саяси бөліске салды. КСРО Шығыс және Орталық Еуропа елдеріне социолистік жүйені енгізді. Ал АҚШ бастаған Батыс Еуропа елдері “коммунистік ағымды” әлемге таратпауға, бұрынғы жүйені сақтап қалуға тырысты. АҚШ пен Батыс Еуропа елдері КСРО мен социолистік жүйеге қарсы тұру үшін НАТО соғыс блогіне бірікті. Ал КСРО бастаған социолистік елдер Варшава шартын құрды. Екі жақ та жанталаса қаруланып, ядролық, химиялық, биологиялық қарулар жасауға кірісті. Екі жүйенің бақталас-тығы қоғамның барлық салаларында (ғылымда, өндірісте, баспасөзде, өнерде, т.б.) жалғасып жатты. ұылым мен техниканың соңғы жаңалықтары соғыс мақсатына бағытталды. Идеологиялық мақсатта әр түрлі радиостанциялар ашылды (“Америка дауысы”, “Азаттық”, т.б.). Екі саяси жүйе арасындағы текетірес нәтижесінде Кореяда, Вьетнамда, Ауғанстанда, Таяу Шығыс, Латын Америкасы және Африка елдерінде әскери қақтығыстар жиі болып тұрды. Нәтижесінде социолистік жүйе дағдарысқа ұшырап, 1985 ж. Кеңес Одағында басталған қайта құру саясатынан кейін социолистік елдер нарықтық қатынастарға көше бастады. 1991 ж. КСРО-ның тарауымен Қырғи Қабақ Соғыс аяқталды. [1] 
Тарих және саясаттануда қолданатын ұғым, Екінші дүниежүзілік соғысынан кейін бастап Кеңес Одағының ыдырауына дейін созылған АҚШ басқарған "батыс мемлекеттерінің" және КСРО басқарған социалистік лагерінің идеологиялық қақтығысы (яғни либерал және коммунистік екі идеологиясының қақтығысы) және сол себептен жүргізілген АҚШ пен КСРО арасында қаруландыру бәсекесі.

Суық соғыс -1980ж


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. «Қырғи қабақ соғысы» екінші дүние жүзілік  соғыстан кейінгі кеңестер одағы  мен Америка Құрама Штаттарының  арасындағы ауқымды идеологиялық және геосаяси ұрандағы биполярлық қарама-қайшылығы  болып табылады. Бұл қарама-қайшылық сферасына тек екі супер держава  ғана түсіп қоймай, сонымен бірге  оның ықпалына әлемнің жүздеген елдері тартылды. Мақсаты мен міндеттері. Бұл курстық жұмыстағы басты  мақсатым халықаралық жағдайлардағы  ең басты мәселеге арналған қырғи-қабақ  соғысқа сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру. Бұл үшін мынадай міндеттерді  алдыма қойдым: қырғи-қабақ соғысқа  қатысушы ірі мемлекеттердің әрқайсысының өзіндік мақсат-мүдделерін ашып беру. Курстық жұмыстың мақсаты - Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі  заман тарихының деретанулық  проблемаларын зерттеу. Курсты белгілеу қазіргі кезеңдегі шет ел және отандық деректанудың теориясы мен  әдісін, Европа және Америка елдерінің  жаңа және қазіргі тарихы бойынша  тарихи деректерді іздестірудің шеберлігімен белгіленеді. Осыған байланысты курста тарихи құжаттардың қалай және қайда  сақталуы туралы ақпарат түсінігі беріледі, аталған мамандықтың проблемалары бойынша маңызды публикациялар  мен библиографиялық дерктер  бойынша анықтама беріледі. Жаңа және қазіргі замандағы Батыс елдерінің  деректері аймақ және ел бойынша  іріктелген. Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеуші Берге И. В. «Қырғи қабақ  соғысының» туындауының себептерін көрсетуді мұнда үш басты себеп  орын алған. 1) 1917 жылғы Ресейдегі  Ұлы Қазан революциясы әлемді екі қарама-қайшы бөлікке (социализм  мен капитализм) бөлді. Сөйтіп «Қырғи қабақ соғысының» басталуы механизмін іске қосты. 2) Екінші дүние жүзілік  соғысы кезеңіндегі державалардың  ықпал ету аймақтары үшін күресі.Сондай ақ осы кезеңдегі социализм мен  капитализм арасындағы қайшылықтың  белең алуы. 3) Ядролық жаппай құрып  жою қаруының пайда болуы - әлемдік  саясатқа мүлде өзгеше сипат берді. Тарих - бұл адам қоғамының өткені мен осы уақыты туралы, нақты формадағы, кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым. Тарихтың мазмұны - бұл адам өмірінің құбылыстарындағы көрінетін тарихи процесс, тарихи ескерткіштер мен деректерде сақталған мәліметтер болып табылады. Бұл құбылыстар әртүрлі, яғни шаруашылықтың  дамуына, елдің ішкі және сыртқы қоғамдық өміріне, халықаралық қатынстарына, тарихи тұлғалардың қызметіне қатысты  болып келеді. Тарих - ғылым бір-біріне сәйкес көп жақты, ол тарихи білімнің жеке салаларынан қалыптасады, дәлірек  айтқанда: экономикалық, саяси, әлеуметтік, азаматтық, әскери, мемлекет пен құқық, дін т.с.с. Тарихи ғылымдарға халықтардың  тұрмыс-салтын зерттейтін этнография, және ежелгі дәуірдің заттай деректер - еңбек құралы, үй жиһаздары, әшекей заттар, қоныстар, молалар т.б. зерттейтін археологияның да қатысы бар. Тарих  объектіні зерттеу бойынша ендік  жағынан да бөлінеді: әлем тарихы (бүкіл  әлем тарих немесе жалпы тарих), континенттер тарихы (мысалы, Азия және Африка тарихы), жеке елдердің, халықтардың немесе халық топтарының тарихы (мысалы, Ресей тарихы). Тарихи пәндерге тарихи деректерді зерттейтін деректану және тарихшылардың көзқарастарын, идеялары мен концепцияларын суреттеу мен талдау мақсатындағы, сонымен қатар тарихи ғылымның дамының заңдылықтарын зерттейтін тарихнаманың да қатысы бар. Келесі зерттеушілер М. Бэшлосс және С. Тэлботт «Қырғи қабақ соғысы» кезеңіндегі халықаралық қатынастардағы негізгі проблемалармен тенденцияларды зерттеуге айтарлықтай көңіл бөлді. Бұл зерттеушілер әсіресе бұл соғыстың соңғы кезең деріндегі орын алған оқиғаларға назар аударып, Кеңес одағындағы жаңа басшы М.С. Горбачевтың бейбіт сүйгіштік иницативаларына жоғары баға береді. Тарихнамалық шолу. Зерттеуші Нарочницкая Е.А. 60-шы жылдардан кейінгі Францияның батыс блоктағы саясатын бастапқы кезде, яғни генерал де Голль кезінде прогрессивті сипатқа ие болғанмен, ол кейіннен агрессивті, антисоциалистік сипат алды деп пайымдады. А.М. Филатов соғыстан кейінгі кезеңнен бастап «Қырғи қабақ соғысы» аяқталғанға дейінгі аралықтағы «Герман мәселесін» және ондағы АҚШ, Франция, Англия мен Кеңес Одағының саясатына назар аударады. Зерттеуші Германияның қосылуы «Қырғи қабақ соғысының» іс жүзінде аяқталғанын білдірді деген пікірде болды. Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыстың құрылымы әдеттегідей кіріспе, 3 тарау, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ТАРАУ. ЕКІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАҒДАЙ

«ҚЫРҒИ ҚАБАҚ  СОҒЫСТЫҢ» ШЫҒУ СЕБЕПТЕРІ

Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы оғы атылғанда дүние  өз дамуының жаңа бір дәуіріне енгендей болды. Адамзат баласының тарихындағы  ең сұрапыл, ең ауыр соғыс аяқталды. Осы сұмдықтан кейін жаңа соғыс  туралы ойлаудың өзі қылмыс болатын. Ол қайталанбас үшін қолдан келгеннің  бәрі істелінді. Германия талқандалып  қана қойған жоқ, оны женгендер оккупациялады, енді герман милитаризмінің қайта өрлеуі туралы сөз болуы мүмкін еместей  көрінді. Антигитлерлік коалиция мемлекеттерінің  арасында орнаған ынтымақтастық  деңгейі оптимизм сезімін ұялатты. «Үлкен үштіктің» жоғарғы дәрежедегі кездесулері үнемі өткізіліп  отырылды. Соғыс қимылдарын үйлестіру, саяси қатынас келісімдері, экономикалық ынтымақтастықты кеңейте тусу жүзеге асырылып отырды. Осы қатынастардың  символы ретінде «Үлкен үштіктің»  үшінші кездесуін - Берлин (Потсдам) конференциясын айтуға болады. Ол Берлиннің жанындағы  Потсдам калашығында 17 шілде-2 тамыз 1945 жылы өтті. АҚШ-тан 1945 жылы сәуірде  қайтыс болған Франклин Рузвельттің  орнына болған Гарри Трумэн, Ұлыбритания - Уинстон Черчилль, КСРО - Сталин қатысты. Алайда конференция барысында күтпеген оқиға болды. Соғыстан кейінгі парламент  сайлауында Черчилль бастаған консерваторлар жеңіліс тапты. Тұңғыш рет лейбористер  көп орынға ие болып, оның лидері Клемент  Эттли үкіметті басқарды. Ол жаңа құраммен Потсдамға келді. Қырым конференциясымен салыстырғанда «Үлкен үштік» құрамы жаңарды, Берлин конференциясы Париж  конференциясы сияқты бейбіт конференция  болған жоқ. Себебі ешкіммен бітім жасалынбайтын  еді. Германия оккупацияланды, оның территориясында  билікті төрт оккупациялық зонаға бөліп, Ұлыбритания, КСРО, Франция, АҚШ жүргізді. Конференцияның басты мақсаты одақтас  державалардын Германияға деген  саясатын анықтау болатын. Конференцияның шешімі: барлық ұлтшыл-социалистік  ұйымдарды тарату; бұрын тыйым  салынған саяси партиялар мен  негізгі азаматтық бостандықтарды қалпына келтіру; соғыс өнеркәсібін  жою; нацистік Германияға қызмет еткен, өнеркәсіпті милитаризациялаудың  құралы болған картельдерді тарату. Сондай-ақ одақтастар қолына түскен нацистердің  ең жоғарғы басшыларын арнайы Халықаралық  трибунал сотына беруге келіеті. Германияның мемлекеттік шекарасы анықталды. Германиядан Польша мен КСРО-ға Шығыс Пруссия берілді, Польшамен шекара батысқа, Одер-Нейсе өзені сызығына жылжыды. Жалпы айтқанда Германияның территориясы 1938 жылмен салыстырғанда 1/4 азайды. Германияның 1938 жылдан бастап иемденген жерлерінің бәрі ешқандай қарсылықсыз қайтарылатын болды. Конференция осы территориялардан (9 млн-нан астам адам) немістердің жаппай көшірілуіне келісті. Сондай-ақ әр зонадағы соғыс тұтқындарын өзара алмасу туралы да келісім болды. Сонымен қатар КСРО Англия мен АҚШ-ты КСРО-дан батысқа қашқан азаматтардың бәрін еріксіз болса да қайтаруға келісімдерін алды. Олардың КСРО-дағы тағдырының қандай болатындығы айқын болса да, одактастар бұл мәселе бойынша Сталинмен қақтығыскысы келмеді: Трумэн Жапония туралы ойлады, өйткен КСРО-ның қатысуынсыз оны жеңу қиынға түсетін еді, ал Эттли немістер тұтқынында болып, КСРО оккупациялаған территорияда қалған 25 мың ағылшындардың тағдыры туралы ойлады. Репарацияның жалпы сомасы 2 млрд. доллар көлемінде анықталды, оның 50%-ын КСРО алатын болды Германияда репарация төлеуін жоққа шығаратындай финанстық қиындық туғызбау үшін, репарацияны өнеркәсіп құралдарын әкету арқылы алу көзделді. Берлин конференциясында Германияны біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалу қарастырылды. Нацизмді құртқан соң елде жалпы сайлау өткізіп жаңа демократиялық Германия үкіметімен бейбіт келісімге қол қою жоспарланды. Оған дейін Германияда билікті оккупациялық үкіметтер атқаратын болды. Осыған сәйкес Германия төртке бөлінді және Берлин Германияның астанасы болып қалды. 1945 жылы қарашада Нюрнбергте соғыс қылмыскерлеріне сот басталды. Ұлыбритания, Франция, КСРО, АҚШ-тың білікті заңгерлері рейх басшыларын соғысты дайындау мен тұтандыруға ғана емес, соғысты жүргізу заңдары мен адамгершілік принциптерін бұзғаны үшін айыптады. Сот процесі он айдан астам созылды, үш ғана айыпталушы ақталды.

 
Суық соғыс -1959ж

 

Суық соғыс -1980ж

 

ЧЕРЧИЛЛЬДІҢ ФУЛТОНДА СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ – «ҚЫРҒИ ҚАБАҚ СОҒЫСТЫҢ»  БАСТАМАСЫ

КСРО-ның жүргізген саясатына  Батыс елдері әр түрлі көзқарас ұстады. Бірқатар саяси қайраткерлер КСРО-мен  ымырашылдықты жақтады. Әсіресе  бұл позицияны АҚШ сауда министрі Генри Уоллес қолдады. Ол КСРО-ның  талабы орынды деп есептеп, КСРО-ның  Европа мен Азияның кейбір аудандарында басымдық құқын мойындап, дүниені  қайта бөлуді жүргізуді ұсынды. У.Черчилль басқа көзқараста болды. 1946 жылы 5 наурызда президент Трумэннің туған штаты  Миссуридың Фултон қаласында президенттің қатысуымен сөйлеген сөзінде Европада қалыптасқан жағдай батыс демократиясы тағдырына қауіпті деп сипаттады. Кеңес халықтарының ерлік күресі мен КСРО-ның қауіпсіз шекараға ие болу құқын мойындай отырып ол кеңес  экспансионизмінің етек алуын үрейлене ескертті. Батыс демократиясын қорғау үшін, оның ойынша, АҚШ пен Ұлыбританияның күшін біріктіріп, «англо-саксон дүниесінің бар қуатымен» КСРО-ға тойтарыс беру керек. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті де кеңестік әрекеттерге қарсы жауап  іздеді. Мұнда американ дипломаты, Ресей  бойынша маман Джордж Кеннан маңызды  роль атқарды. 1946 жылы ақпанда, Москвада АҚШ елшілігінде жұмыс істей  жүріп ол Вашингтонға жолдаған жеделхатында «тежеу» саясатының негізгі принциптерін айқындады. Оның пікірінше, АҚШ үкіметі КСРО-ның өз ықпал аймағын кеңейту әрекетінің әрқайсысына дер кезінде қатты тойтарыс беріп отыруы қажет. Коммунизмнің еніп кетуіне қарсы тұра алу үшін, Батыс елдері өзіне сенімді, қолайлы әрі толыққанды қоғам орнатуға тырысуы керек. «Тежеу» саясатына олар соғыстың алдын алу тәсілі ретінде қарады және КСРО-ны соғыста жеңу көзделмеді. Трумэн, Черчилль, Кеннан КСРО-ны тежеуде АҚШ басты рольді өзі атқаруы керек деген түйін жасады. Бұл Трумэнді қиын жағдайда қалдырды. Соғыс кезінде КСРО-ға катынастың өзгеруі, соғыс ауыртпалығынан шаршау еш нәрсеге қарамай КСРО-мен ынтымақтастықты жалғастыра беруді жақтаған Уоллес типті саясаткерлерге де көбірек қолдау көрсетілді. Осы бағытты жақтайтындар соғыс тәжірибесіне Рузвельт Сталинмен компромисске келе алған жағдайға, Рузвелытің елемеуге болмайтын зор беделіне сүйенді. Сондай-ақ «тежеу» саясатына көшу АҚШ-тың саясатын түбегейлі өзгертетіндігі анық еді, енді Америка Европаның барлық істеріне қоян-қолтық араласатын болды. Трумэн саясатта мұндай бетбұрысты жүзеге асыруға ықпалы мен беделі жетпейтіндей сезінді, өйткені 1944 жылы американдықтар президент Рузвельтке дауыс берген еді. 1946 жылы өткен аралық сайлау қорытындысы да Трумэнге 1948 жылы жеңіс әкелетіндей нәтиже бермеді. Республикандықтар 1930 жылдан кейін алғаш рет конгресте бақылауын орнатты. 1919 жылғы Париж конференциясының кезіндегідей жағдай қалыптасты: президент - демократ, ал конгресс - мемлекет басшысының кез келген сырткы саясат шараларын тоқтата алуға күші жететін республикандықтардан құралды. Трумэннің солқылдақтығын түсінуге болады: бұрынғы саясатты жалғастыру немесе жаңа саясатқа көшу. Алайда оқиғалардың барысы Трумэннің көп ойлануына мүмкіндік бермеді. 1947 жылдың ақпанында ағылшындар Түркия мен Грецияға әскери жоне экономикалық көмек беру мүмкіндігі жоқ екенін АҚШ үкіметіне мәлімдеді. Грециядан ағылшын әскерлерінін шығарылуы мен көмектің тоқтатылуы Жерорта теңізі аймағында стратегиялық жағдайды түбімен өзгертетін кеңес бақылауы орнау мүмкіндігін тудырды. Италияда коммунистердің билік басына келу жағдайы жасалды, Суэц каналына кеңеі бақылауы орнау қаупі төнді. Осы жағдайлар Трумэннің өз бағытын түпкілікті айқындауына итермелемей қоймады. 12 наурызда Трумэн Греция мен Түркияға 400 млн. доллар көлемінде әскери және экономикалық көмек көрсету ойы бар екенін жариялады. Сонымен қатар ол «сыртқы қысым мен қарулы азшылық жағынан езгіге түсіруге қарсы болған ерікті халықтарға көмек көрсетуге бағытталған АҚШ саясатының міндеттерін айқындады. Осы мәлімдемесінде Трумэн АҚШ пен КСРО арасында басталған қайшылықтың мазмұнын демократия мен тоталитаризм арасындағы қақтығыс деп сипаттады. Осылайша соғыстан кейінгі ынтымақтастықтан бәсекелестікке көшудің бастамасы болған Трумэн доктринасы пайда болды.

Информация о работе Маршалл жоспары