Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 20:08, шпаргалка
Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезде адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас қүралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққа созылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды
1.1.Тас дәуірі.
Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезде адамның жерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас қүралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққа созылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Батыс Еуропаның тарихи материалдары негізінде құралған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошель, шель, ашель болып бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады. Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізілді. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге - ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен соңғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошельді қамтитын ежелгі кезең бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталады. Ол б.з.б. 2,6 млн. жылдан басталады. Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі - шель мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті /соңғы ашель мен мустьені/ біздің заманымыздан бұрынғы 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді.
1-сұрақ
Алғашқы адам тақылеттес тіршілік иелері мен оның қарапайым шаруашылығының қалыптасу кезеңін қамтитын ежелгі тас дәуірі өндіргіш күштердің өте төмен деңгейімен сипатталады. Ол тұстағы адамдардың кәсібінің мәні табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланумен шектелген. Олар өздігінен өсіп тұрған дәндерді, жеміс-жидектерді теріп жеп, жабайы аңдарды аулап, олардың етімен қоректенді. Бұл тұстағы адамдардың өзара қарым-қатынасы олардың теңдігіне, еңбек бөлінісінің жынысқа, жасқа қарап реттелуіне негізделді.
Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда презинджантроп деген атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары Шығыс Африкадан табылған. Ғылымда "Ноmо һаЬіlіs" /"шебер адам"/ деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Оның миының аумағы 652 см3, яғни ертедегі маймылдың миынан әжептеуір көлемді де салмақты болған. "Шебер адамның" еңбек құралы малта тастың сындырылған түрлерінің қырлары пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланылған.
Адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріне сәйкес келетін "Ноmо еrесtus" /"түрегелген немесе бойын жазған"/ питекантроп /"маймыл адам"/ және синантроп /"адам"/ болып екіге бөлінеді. Оның алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, жетілудің оң өзгерістері болғанын, сонымен бірге олардың дамуында сабақтастық барын байқатады.
Бірінші питекантроп 1891 жылы Индонезиядағы Ява аралында табылды. Питекантроп бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген. Ол "Ноmо һаЬі1іs"-пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшыраған. Ми көлемі үлкейіп (959 см3), бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген.
"Ното егесtus"-тің екінші бір түрі синантроп болды. Синантроп 1927 жылы Қытай жерінде Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды. Одан синантроптың сүйектерімен бірге әр түрлі формадағы тас құралдар, ошақта көп жатқан тастар және төменгі антропоген /геологиялық жер қыртысы/ тарихындағы ширектік дәуір фаунасы жануарларының көп сүйектері табылған. Бұдан синантроптар сол кездің өзінде-ақ от жағуды білген деген корытынды жасауға болады. Бұл кезде піскен етгі, өсімдікті тамақ ету адамның дамуына, әрине, өзінің игі әсерін тигізбей қойған жоқ. Б.з.б. 300 мың жыл бұрын "Ноmo егесtus" қазіргі кезендегі адам түріне, немесе "Ноmо sаріеnsке" /"ақылды адамға айналды. "Ақылды адамның" қалдықтары Еуропада, соның ішінде Германиядағы Неандерталь жотасында табылған. Сондықтан ол тарихта неандерталь адамы деген атпен белгілі. Ал б.з.б. 45-35 мың жылдықта Франциядағы Креманьон жотасында қазіргі адамдарға ең жақын ертедегі адамдардың қалдығы табылды.
Қазақстан жерінде,
ежелгі адамның қазынды қалдықтары
әзірге кездесе қоймағанына
Климаттық жағынан алғанда, Қаратау жері ертедегі адамдар үшін айрықша қолайлы болып келген. Мүндағы жағдай Қаратау қыраты аймағында ұзақ замандар бойы қалыптасқан. Онда көп түрлі өсімдіктер өсіп, жануарлардың мекендеріне қолайлы табиғи жағдай жасалған. Осының бәрі ежелгі адамдардың бұл араны мекендеуіне жол ашқан. Олар бұл жерлерден қоректі де, су көздерін де, сонымен қатар өзендер жағалаулары мен үңгірлерден, бортопырақты аудандардан шұрайлы мекен жайлар тапқан. Олардың ең бастылары археологиялық зерттеулерде керсетілгендей, ашель дәуіріне жататын Бөріқазған, Тәңірқазған түрақтары болып табылады. Қаратаудың алғашқы түрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген. Олар аң аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған.
Ашель дәуірінің ескерткіштері Орталық Қазақстанда да табылған. Оған Жезқазған қаласынан 150 шақырым жердегі Жаман айбат, Қарағанды облысының Жезді ауданынан табылған Обалысай тұрақтарын бөліп айтуға болады.
1.2.Неолит дәуіріндегі Қазақстан.
Б.з.д.5 мың жылдықта басталған неолит – тас құралдарын барынша пайдалан дәуір.Бұл кезде еңбек құралдары жетілдіріліп, тастарды бұрғылау, тастарды тегістеу, ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістер қолданылған.Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының тууы, ертедегі адамдардың бұрынғы табиғаттың даяр өнімдерін иемденуден, яғни өсімдік дәндерін жинау, аң аулау орнына, өндіруші шаруашылыққа көшуге жағдай жасады.
Тас дәуірінің соңғы кезеңінде
мәдени-тұрмыстық
Қазақстан жерінде ғылымға белгілі
600-ден астам неолиттік
1.3.Қола дәуірі.
Біздің заманымыздан бұрынғы екі мың жылдықта мал және егіншілік шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Мұның өзі Қазақстан жеріндегі әлеуметтік өсіруші тайпалар ірі және қуатты бірлестіктер құрды. Бұлардың арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстар да орын алды. Қару енді жабайы аңдарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың соқтығыстарында да жиі қолданылды, қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.
Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола - әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайының, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек қүралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылады. Қазақстан жерінде түсті металдар өңдеуге, әсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген. Сөйтіп, б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында - 1 мың жылдықтың басында дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі - көшпелі мал шаруашылығына ауысады.
Қола дәуіріндегі
экономикалық басты-басты екі бағыттағы:
мал шаруашылығы мен металл өңдеу
кәсібінің тез дамуы, ең алдымен
еркектердің еңбегін қажет
Қола дәуірінде Сібірдің, Қазақстанның және Орта Азияның кең-байтақ далаларын тегі және тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бүл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас мәдениет қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің табылған жері Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андронов селосының атымен ғылымда шартты түрде "Андронов мәдениеті" деп аталды.
Андронов
мәдениетінің негізгі
Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер, егін оратын орақ, пішен шабатын шалғы сияқ-ты қүралдарды өздері жасап, күнделікті түрмыста кеңінен қолданды.
Андронов мәдениетінің
алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я.
Тугаринов ашты. Содан бері өткен
уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен
бірге Қазақстанда бұл
Қазақстан жерінде мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дамыған. Мәселен, Усть-Нарым қонысында /Шығыс Қазақстан/ табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Тастан астық үгетін құралдар: астық түйгіштер, тоқпашалар, келілер, келсаптар жасалған. Егін жинауда алғашқы кезде пышақ пайдаланылған болса, соңғы қола дәуірінде әр түрлі қола және мыс орақ, шалғы қолданылады. Алқаптарда негізінен бидай, қара бидай, тары егілген.
Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуында мал өсіру және егін егумен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті пайдалану аса маңызды рөл атқарған. Оған Қазақстан жеріндегі мыстың, қалайының және алтынның бай кендерінің болуы қолайлы жағдай жасаған.
Андронов мәдениеті
кезінде Қазақстан жерінде меке
Қола дәуірінде
Қазақстан жеріндегі тайпаларды
Б.з.б. 1 мың жылдықтың басында андроновшылар отырықшы болған, мал үй іргесінде жайылған. Мал өсірудің мұндай түрінен жайылым тез тозған. Сондықтан мал шаруашылығының өнімділігін бір деңгейде сақтап, оның санын арттыру үшін мал өсірудің жаңа тәсілі - жартылай көшпелі маусымдық шаруашылыкқа көшу басталады.
Қоныстарды мекендеушілерде керамика ыдыстарын жасау кеңінен дамыған. Оның бәрі шаруашылық пен түрмыста пайдалануға арналды. Бұл тұстағы құмыра жасаушылардың көбі әйелдер еді. Күйдірген балшықтан ыдысаяқтардың бірнеше түрі жасалған. Ыдыстарға әшекейлеп өрнек салынған. Соңғы қола дәуіріндегі құмыралардың дені иіні дөңгелек, бүйірі шығыңқы болып жасалынды. Андроновшылардың құмыра, козелерін көркемдеп көрсететін ою-өрнектері мыңдаған жылдар бойы сақталған.