Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 04:45, курсовая работа
Ұлы Қытай қорғанынан Дунайға дейінгі аралықты мекендеген бір-бірімен тығыз байланыстағы өзара туыс көшпенді /халықтарды/ ұлыстарды бір мемлекетке біріктіру.
КІРІСПЕ 2
1. ШЫҢҒЫС ХАН ҚҰРҒАН МОНҒОЛ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ 3
1.2 Орталықтанған монгол мемлекетінің құрылуы және оның саяси-әлеуметтік жағдайы 3
1.3 Шыңғыс ханның керей, найман хандықтарын жаулап алуы және Шыңғыс хан империясының құрылуы 8
1.4 Шыңғыс хан империясының заңдары, құрылымы мен ұйымдастыру принциптері 14
ҚОРЫТЫНДЫ 21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР TI3IMІ 23
Шыңғыс хан! Осы тағдыры қайшылықты тұлғаның атағының өзі алыстағы арыстансыған алыптардың зәре-құтын қашырды. Ол езінің ежелгі бабалары түркі хағандары секілді "Бастыны еңкейтіп, тізеліні бүктірген" ғажайып тұлға болды.
Тэмучинге Шыңғыс хан атағын берген оның ордасындағы аса ықпалды адамдардың бірі Хөхөчу-көк тәңірі бақсы еді. Оның бақсылығы мен сиқыршылық өнерін қалың көпшілік, соның ішінде тәңір дінін ұстанған Шыңғыс хан да аса жоғары бағалады. "Монғолдың құпия шежіресінде" Хөхөчудің ағайынды алты бауыры бірге Шыңғыс ханның туған інісі Хасарды сабайтыны айтылады. Ағасына мұң шағып келгенде Шыңғыс інісіне: Сен еш пендеге күш бермеуші едің ғой, неге әлің келмеді? — деп елеусіз шығарып салады. Ағасына өкпелегеи Хасар үш күн бойы үй бетін көрмей кетеді.
Хөхечу жай ғана бақсы емес, ақылы мен айласы, ісі мен қайраты сай адам еді. Ол ағайынды екеуінің арасында болған әңгімеден кейін Хасардың түбіне біржолата жетуді мақсат етеді. Сәтті жағдайды пайдаланған ол өзінің белгілі сәуегейлігіне басып: "Жасаған ием елге бір рет Тэмучин, бір рет Хасар билік жүргізеді деп еді. Хасардан сақтанбаса, не боларын білмеймін", — деп ханды сендіреді. Бұл әңгімені ордадағылар Шыңғыс ханның шешесі Үлүн Екеге жеткізеді. Ол жедел түрде ордаға аттанып, таң алдында ханның інісін тергеп отырған жерінде үстілерінен түседі. Шешесінің "Жауды жайратып болды деп Хасарға көре алмастық жасағаның не?" — деген сөзінен кейін Шыңғыс хан райынан қайтады. Дегенмен шешесінен жасырып, Хасардың қол астындағы ел-жұртын тартып алып, оған тек 1400 үй ғана қалдырады. Осы оқиғадан кейін, көп ұзамай шешелері қайтыс болады. Ал шешесінің қол астындағы ел Хөхөчу бақсыға барып қосылады. Кеткен жұрттың ішінде Шыңғыс ханның кенже інісі Отчигиннің адамдары да болады. Хөхөчуге кеткен елді қайтару үшін Отчигин оған Сохор деген елшісін жібереді. Бірақ бақсы оның жіберген адамын сабап-сабап атын тартып алады да, ер-тоқымын жаяу арқалатып қоя береді. Ұлы хағанның туған інісі үшін бұл үлкен қорлық еді. Елшісі таяқ жегеннен кейін, Отчигин бақсыға өзі келеді. Бірақ бақсы оған ағайынды алты інісімен бірге тап беріп, өздеріне тағзым етуге мәжбүр етеді. Бұл оқиғаның барлығы Хөхөчу бақсының өзін Шыңғыс ханмен терезесі тең адамға санап, онымен бәсекеге түсе бастағанын көрсетеді.
Бақсының
алдында қатты жәбірленген
Ағасынан рұқсат алғаннан кейін, Отчигин алдын-ала үш мықты жігітті дайындап, бақсының келуін күтеді. Кешікпей хан ордасына Шыңғыстың өгей әкесі Меңлік, еш қаперсіз өзінің жеті үлын ертіп кіреді. Хөхөчу абаның оң жағына /құрметті орынға/ жайғасады, Осыны күтіп отырған Отчигин: "Сен кеше мені бас идіріп едің ғой, кел енді күш сынасайық" — деп, жағасынан ала түседі. Хөхөчу күресе кетеді. Оларға Шыңғыс хан: "Далаға барып күресіңдер" — дейді түк сезбегендей. Ежелгі дәтүр бойынша жекпе-жекке ешкім араласпайды. Отчигин бақсыны далаға сүйреп шығарғанда, күтіп түрған үш адам жабыла кетіп, бақсының омыртқасын үзіп, шала-жансар күйінде арбаның қасына апарып тастайды. Ордаға жеңіспен кірген Отчигин Хөхөчудің күресуге жарамай, жатып қалғанын айтады. Ұлының мерт болғанын сезген Меңлік кемсендеп, алты ұл өре түрегеледі. Осы кезде сақадай ай тұрған сақшылар ордаға келіп кіреді20./
Сөйтіп Хөхөчу бақсы өлгеннен кейін Шыңғыс хан өзінің тағы бір бәсекелесінен құтылады, Ол бақсы жатқан үйдің түндігін жаптырып, бір адамға күзеттіріп қояды. Тарихи әдебиеттерде бақсының денесі екі күн жатып, үшінші күні көкке ұшып, көзден ғайып болды дейді. Бұл жөнінде белгілі шығыстанушы Б.Я.Владимирцев: "Хөхөчу бақсымен бірге Монғолияда Шыңғыс ханмен бәсекеге түскісі келген соңғы адам сахнадан кетті. Осыдан кейін императорға қарсы келетіндей хан ордасында бірде-бір адам қалмады" — деп жазды21. /81, 89/
Бұған қоса арнайы шығарылған "Жасақ" заңында "Ешкімнің монғолды құл немесе малай етуге қақы жоқ" деген арнайы бап енгізілді. Осылайша Шыңғыс хан арманына жетіп, Алтай мен Сібір тайгасынан Ұлы Қытай қорғанына дейінгі өңірді мекендеген көшпенділерді бір орталыққа біріктірді.
Біртұтас монғол мемлекетін құрғаннан кейін Шыңғыс хан екі нәрсеге назар аударды: а) мемлекеттің ішкі құрылымын жетілдіру; ә) әскер құрылымы мен соғыс жүргізу тәсілдерін жетілдіру.
Шыңғыс хан мемлекетінде хандық, билік, жарлық шығару және әскерді басқару құқықтарына ие болды. Хан өзге мемлекеттермен соғыс жүргізумен қатар соғыс пен бейбітшілікті жариялап, бітімге келіп отырды. Ол негізінен төмендегідей бес функцияны атқарды:
Хан мемлекет басшысы және жоғарғы бас қолбасшы ретінде астындағыларға жеке билік жүргізді, оның негізгі қызметі мен міндеті елді сыртқы жаулардан қорғау болды.
Хан бас қолбасшы ретінде соғыс ашу және бейбіт бітімге келуге құқылы болды.
Мемлекеттің сыртқы саясатын жалғыз өзі белгіледі.
Жоғарғы сот қызметін де атқарып, бағыныштыларды өлтіруге не тірі қалдыруға құқылы болды.
Мемлекеттегі тәртіп пен өмір сүріп отырған қоғамдық салт-дәстүрлерді сақтау үшін қол астындағы барлық азаматтарға міндетті бұйрықтар мен заң шығаруға құқылы болды.
Хандық, билік негізінен мұрагерлік жолмен жүзеге асып, хан өлсе орнына баласы, ер жеткен баласы болмаса аға-інілерінің бірі отырды. Мүрагердің таққа отыруы басқа ханзадалар мен ру-тайпа көсемдерінің жиналысы құрылтайда сайланудан өтуге міндетті болды.
XII—ХШ ғасырлар, жалпы орта ғасырлар — қай жағынан жау келіп қалады деп отырған жаугершілік заманы болды. Үнемі шапқыншылықтардан көз ашпағаннан кейін, түркі-монғолдар ертедегі сак-скиф, ғұн, түркілер заманындағы секілді "әскери-демократиялық қоғамда" өмір сүрді. Яғни ірі әскери мәселелерге және жорықтар еркек кіндік түгел қатыстырылды. Дала тұрғындары негізінен қарулы адамдар тобынан тұрды. Қару асынып жүру бейбіт өмірде де дәстүрге айналды. Аңға шықсын немесе көңіл көтеруге жиналсын ер азаматтар әрқашан садақ, жебе, қанжар асынып жүрді. Бірде-бір түркі-монғол халық жиналған жерге қарусыз келмеді. Қарусыз келген адамға орын берілмеді және ол сайлауға дауыс бере алмады. Шыңғыс хан империясы мен оның әскерлерінің құрылуы бір-бірінен ажырағысыз процестер, өйткені әскер мемлекет құру барысында қажеттілік үшін қалыптасса, мемлекет қалыптасқан әскердің арқасында нығайып отырды. Шыңғыс хан мемлекеті көшпелі және отырықшы қоғамның әрекеттестігі нәтижесінде ары қарай нығайды. Бұл жерде әңгіме олар мемлекеттікті отырықшы халықтардан алды деген сөз емес, керісінше түркі-монғолдар өздерінің өзіндік әскери саяси жүйесін құрды.
Көптеген зерттеушілер орта ғасырлардағы қоғамдық қатынастарды талдай келе көшпелі хандарда нақты билік, тұрақты салық жүйесі болған емес деп көрсеткілері келеді. Ал іс жүзінде еуропалық мемлекеттермен салыстырғанда көшпелі қоғамның көптеген өзіндік ерекшеліктері болды. Еркін жүрген дала халқының территориясы жаугершілік заманда үнемі өзгерістерге ұшырап отырды. Хан билігінің қуаты мен мықтылығы беделі, заман мүддесіне сай болды.
Монғол ақсүйектерінің ішінен Шыңғыс ханның асыранды баласы Шигихутуг оқу-білімге ерекше қабілеттілік көрсетті. Сондықтан хаған оны сот ісін басқарушы етіп тағайындап, оған былайша кеңес берді: "Мен қазір барлық халықтың үстінен қараған кезде, сен менің көзім мен құлағым бол. Саған қарсы сөз айтуға ешкімнің құқы жоқ. Ұрылар мен өтірікшілерді соттап жазалауды саған тапсырамын. Кінәсі барлардың барлығын халықтың атынан жазала, кім өлім жазасына лайықты болса, өлімге кес. Шешіміңді басқалар өзгертпеу үшін қара сиямен жазып отыр"22. Шыңғыс ханның бұл тағайындауы дұрыс болып, Шигухутуг сот істерін дәл орындап, тіпті кейбір мәселелерде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, ол қорқып тұрып куә болған адамдардың куәлігін қабылдамай тастап отырды.
Түркі-монғол тайпаларының ежелден келе жатқан заңдар жинағы, әдет-ғұрыптары, салттары сұрыпталып, бір жүйеге келтіріліп, хатқа түсірілді. Ол "Үлкен жасақ" деп аталып, екі бөлімнен тұрды:
1) Билік — Шыңғыс ханның ойлары мен берген бұйрықтары, қабылдаған шешімдері т.б. нақты іс-әрекеті.
2) Жасақ — әскери және азаматтық заңдар мен оны орындамағандар үшін қолданылатын жазалау түрлері.
Бұл заңдар Шыңғыс хан ұрпақтары үшін бұзылмайтын қағида болып табылды және үнемі бұлжытпай орындалып отырды. Көптеген зерттеушілер бұл заңдар 1206 жылы өткен құрылтайда қабылданған деп есептейді әрі бұл жинақ түркі-монғол тайпаларының болашақ даму процесінде үлкен тарихи рөл атқарған деп көрсетеді. Атап айтқанда, И.Я.Коростовец: "Жинақта барлық дінге бірдей көзқарас ұсталынды. Шіркеулерге, дін иелеріне, үлкендерге құрмет көрсету, қайыршыларға қайырымдылық жасау жөнінде айтылады. Онда әр монғолдың отбасылық және жеке өмірі тұтастай қамтылады. Жасақ заңы бойынша мынадай қылмыс жасағандар өлім жазасына кесіледі: шайқас кезінде көре тұра көмек бермеу, қолбасының келісімінсіз өз шебінен шегініп кету, қатардағы жауынгерлердің өз қызметіне немқұрайды қарауы, қолға түскен құлдар мен тұтқындарды иесіне қайтармау, кісі өлтіру, ұрлық істеу, жалған куәлік беру, жала жабу, сатқындық жасау, кісіні жасырын аңду, дауласқан екі адамның біріне әдейі көмек көрсету т.с.с", — деп баға береді23.
Бұл заңдарды монғолдардың бұлжытпай орындайтындықтары жөнінде батысеуропалық саяхатшылар таңдана жазады. Мысалы, П.Карпини: "Монғолдар арасында дау, төбелес, кісі өлтіру сияқты оқиғалар болмайды. Өзара келіспеушіліктері өте сирек. Әйелдері еш уақытта ерлеріне қарсы шықпайды. Ұрлық жасау, кісі тонау сияқты оқиғалар монғолдар арасында еш уақытта кездеспейді", — деп жазады24. Мұны хан ордасында болған қытай генералы Мэн-хун де растайды. Ал араб тарихшысы Ибн Батута: "Монғолдар арасында ұрлыққа қарсы заңның қаталдығынан ат ұрлығы мүлдем жоқ", — деп жазды25. /89, 489/
Жасақ заңы билеушіден бастап қатардағы шаруаға дейін орындалуға міндетті болып есептелінеді. Кейіннен көршілес отырықшы халықтар бағындырылып, бірте-бірте жартылай отырықшы мемлекетке айналған кезде де бұл заң сол күйі күшінде қалды.
Монғол билеушілері бағынған отырықшы елдердің ішкі істеріне көп араласқан жоқ. Алдын ала сотталмай тұрып, бірде-бір адам өлім жазасына кесілген емес. Салық жинау белгілі бір жүйе бойынша атқарылды. Мемлекеттік қызметтерде, почта жүйесінде, әкімшілік істерде үнемі реформалар жасалынып, жетілдіріліп отырды. Басып алынған кейбір аймақтарда сол жергілікті халықтың өкілі басшылық қызметке тағайындалды. Мысалы, Солтүстік Қытай бағындырылғаннан кейін монғолдар бұл өлкені жергілікті қытай чиновниктері басқарған 10 провинцияға бөлді.
Шыңғыс хан әскери құрылымды жетілдіруге үнемі баса назар аударып отырды. Ол өмір бойы үздіксіз жүргізген соғыстардан орасан зор әскери тәжірибе жинақтаған талантты қолбасшы әрі ұйымдастырушы болды. Көршілес дамыған елдердің соғыс өнерін, әсіресе ғылыми-техникалық жетістіктерін өз әскери құрылымына тиімді түрде енгізді. Ең алдымен, өзінің жеке гвардиясын құруға үлкен мән берді. Өзін қорғайтын жасақты кешіктер деп атады. Бұл жөнінде Б.Я.Владимирцев мынадай мәліметтер келтіреді: "Шыңғыс хан, ең алдымен, өте сенімді өз адамдарынан тұратын жеке гвардия кешік құруға үлкен мән берді. Осыдан кейін осы тандамалы әскердің ішінен өзі тандап жүріп ең тандаулыларына басшы қызметтер ұсынды. Қабілеттеріне қарай оларға әртүрлі тапсырмалар беріп, қолбасшы ретінде өзі тәрбиелеп шығарды"26.
Барлық гвардияшылар /кешіктер/ ақсүйектер әулетінен шығуы тиіс болды. "Көк тәңірі мені барлық халықтардың билеушісі етіп қойған кезде менің тікелей күзетімдегі кешіктерге жүздіктерден бір, мындықтардан он адам алуға бұйрық берді. Бұлар менің ерекше назарымда болатын адамдар. Ақсүйектердің балаларының ішіндегі ең алғыр, мықты, ептілері болуы тиіс. Егер мыңбасылар немесе жүзбасылар мұндай адамдарды жіберуге бөгет жасаса, дереу жазаланады"27.
Бұл аристократиялық жасақтың басқа әскери бөлімдерден көптеген артықшылықтары болды. "Менің өз кешіктерім, — деген Шыңғыс хан, — мыңбасылардан жоғары тұрады. Ал менің үй қызметіндегілер жүзбасылар мен онбасылардан жоғары. Егер мыңбасы өзін күзеттегі кешікпен тең санап, оған бағынбай, төбелесетін болса, дереу жазалануы тиіс"28. Кешіктердің барлығын Шыңғыс хан өзі тікелей бақылап отырды. "Күзетті басқарушы менің рұқсатымсыз өз бетімен ешкімді жазалауға құқы жоқ. Егер кешіктердің бірі тәртіп бұзған жағдайда ол алдымен маған сол оқиға жөнінде алдын-ала ескертуі қажет, содан соң кімнің басын алу, кімге дүре соғу сияқты жазалар белгіленеді"29.
Әскердің ішінен ерекше таңдап алынған Шыңғыс ханның өзін күзететін "баһадүрлер мыңдығы" ерекше жағдайда болмаса, шайқасқа қатыстырылмады. Үнемі /бейбіт уақытта да/ тікелей хан күзетінде болды. Сөйтіп дала ақсүйектерінен өзінің гвардиясын іріктеп алғаннан кейін Шыңғыс хан қалған әскерге де тәртіп орнатты. Әскерге қызмет ету мен әскер басылардың міндеттері заңдастырылды. Түркі-монғолдарда ерте заманнан келе жатқан әскер басқарудың ондық жүйесі /ондық, жүздік, мыңдық/ бар болатын.
Монгол армиясында қызметі жағынан қазіргі бас штабқа ұқсайтын "Юрт-жи" деп аталатын мекеме болды. Оның негізгі міндеттері: соғыс және бейбіт уақытта қарсылас жаққа барлау ұйымдастыру, жазғы жайлау мен қысқы қыстауды анықтау, жорық кезінде әскердің жүріс-тұрысын қадағалап, жоғарғы қолбасылар мен жауынгерлерге арналған арнайы лагерьлер ұйымдастыру, т.б. болды. Бұған қосымша олар отырықшы халықтардың жерінен өткен кезде әскердің олардың егінін таптамай, ауаша қоныстануын қамтамасыз етті.