Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 04:45, курсовая работа
Ұлы Қытай қорғанынан Дунайға дейінгі аралықты мекендеген бір-бірімен тығыз байланыстағы өзара туыс көшпенді /халықтарды/ ұлыстарды бір мемлекетке біріктіру.
КІРІСПЕ 2
1. ШЫҢҒЫС ХАН ҚҰРҒАН МОНҒОЛ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ 3
1.2 Орталықтанған монгол мемлекетінің құрылуы және оның саяси-әлеуметтік жағдайы 3
1.3 Шыңғыс ханның керей, найман хандықтарын жаулап алуы және Шыңғыс хан империясының құрылуы 8
1.4 Шыңғыс хан империясының заңдары, құрылымы мен ұйымдастыру принциптері 14
ҚОРЫТЫНДЫ 21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР TI3IMІ 23
Құртпай тынбас халқын.
Қақырағаның — халқыңның соры.
Бөлшектенгенің — бөрінің жемі болғаның,
деген екен.
Шыңғыстың дүние танымы — тәңірге табыну. Ол барлығын Тәңірдің бүйрығымен болады деп көрді де, көкте жалғыз Тәңір, жерде жалқы хан болуға тиіс деп сенді. Көп жағдайда Шыңғыс хан керейдің Түғырылымен "Тонымен туған әке-баланың" ара жігін ашпауға айтқан серт, ішкен антқа беріктігін таиытады. Бірақ опасыз Жамуха оспадар Сеңгеннің азғыруына көніп, Шыңғысты өлтірмек болып, оған елші де жөнелтеді. Шыңғыс осының алдында "керей мен монғолдар тамыр-таныстығымызды жалғастырып, үрпақ пен аманат берейік. Менің Жолшымның қызын Сенгеннің баласы Шауырбекке үйлендірейік. Осыған кепілдік беріп, аманат жіберсін" деп сөлем айтқанды. Бүған Сенген қарсы болып, "Менің балам олардың төрінде отырып, есікке қарап мүрид болады, оның бал асы есікте отырып, төрді дәметіп есімді алады" деп маңайлатпаған.
Бұл жолы әдейі райдан қайтқан олар, қүда болайық, Шыңғыс хан "бауыздау жеуге" келіп кетсін деп елші шаптырыпты. Шыңғыс та бұл сөзге иланып, керей еліне аттанып келе жатып, жолда өгей әкесі Меңліктің үйіне түседі. Ақсақал оларға бұл мәні бар шақыру екенін ескертеді де: "ат арық, жер алыс, жете алмадық, күзде барайық" деп кері қайтарады. Құпия ашылып, сыр шашылып қалды деп күдіктенген Сенген мен Жамуха Тұғырылды торықтырып, іле Шыңғысқа қарсы шабуылды бастаттырып жібереді. Ал Жамуха болса бұл соғысты қашан, кім бастайтынын Шыңғысқа күнілгері хабарлап қойыпты. Керейлерге Жамухамен қоса Қатуланың Алтын, Хушары, Шыңғыстың туған бауыры Хасар да келіп қосылғандықтан, Тұғырылдың жеңіске жетуі әбден мүмкін еді.
1202 жылы Тұғырыл ханның соғыс ашуы Тэмучин үшін күтпеген оқиға болды. Оны толық талқандалудан кездейсоқ жағдай аман алып қалды. Керейлер мен олардың одақтастарының өзіне қарсы шабуылға шығуға дайындалып жатқанын ол сол жақтан қашып шыққан екі бақташыдан естіді. Тэмучин шұғыл түрде әскерді қорғанысқа дайындады. Монғолдарда бар болғаны 4600 жауынгер бар еді. Ал дұшпан әскері бұлардан бірталай басым болатын. Тұғырыл хан шайқасқа кірісер алдында Жамухадан Тэмучиннің негізгі әскерлері кімдер екендігін сұрады. Ең сенімділері екі ру болатын: урут пен маңғыттан шыққандар. Олар бала кездерінен найза мен қылышқа жаттыққандар, сондықтан кез келген шепке жасқанбай кіреді. Олардың туы қара немесе түрлі түсті. Егер олар пайда болса, жан-жақты абайлау қажет. Тэмучин жау әскерінің шабуылына төтеп берді, алайда қарсы шабуыл ұйымдастыруға күші жеткіліксіз болды. Шайқас барысында оның негізгі жауларының бірі Тұғырыл ханның ұлы Сенгун жарақаттанып қалды. Ал монғолдар жағынан Тэмучиннің үшінші ұлы Үгедей мен екі сенімді серігі Борокула мен Богурши жараланды.
Тэмучин керейлерге шешуші соққы беру үшін көп күш жинау қажет екендігін түсінді. Сондықтан шайқас аяқтала салысымен дереу кейін шегініп кетті де, әскерді тың күштермен толықтыруға кірісті. Мұнымен қоса ол уақыттан ұту үшін Тұғырыл ханмен келіссөз жүргізе бастады. Ол өзін Уан ханның өкіл ұлымын деп атап, өзінің оны қатты құрметтейтіндігін, сондықтан онымен татуласқысы келетіндігін жеткізді.
Кеңеске қатысушылар келіссөзді қысқартып, тез арада соғысқа әзірлену қажет деп шешті. Бұл кезде Тэмучин өзіне бірнеше одақтастар тауып үлгерген болатын. Сонымен соғыстың болмай қоймайтындығы белгілі болды. Шайқасты өзіне қолайлы жағдайда бастау үшін Тэмучин өз әскерін орманға тығып қойды. Олардың жақсы тығылғандығы соншалық, жаулары олардың тіпті іздерін де таба алмай қалды. Оларды табу үшін Тұғырыл хан тұтқынға түскен Тэмучиннің інісі Хасарды алдарына салып алды да, әйелі мен балаларын кепілдікте ұстады. Содан кейін оның өзін Тэмучинді іздеуге жіберді. Хасар ағасын тапты, ол інісіне мынандай ақыл айтты: "Сен Уан ханға өзің бармай, бір сенімді жолдасыңды жібер. Ол оған монғолдар еш жерде жоқ, сенбесеңдер өз адамдарыңды бізбен бірге жіберіңдер десін"12. Бұл қулық жүзеге асты. Керейлердің еріп келген сенімді адамдары қолға түсті. Олар кезекті қинау кезінде Тұғырыл ханның ордасында болып жатқан барлық жағдайды баяндап берді. Ордада жау қарасы көрінбеген соң, бітпейтін тойлар басталған екен. Нақты жағдаймен танысқаннан кейін, монғолдар түнде жасырынып жатқан жерлерінен дереу аттанды да, тойлап жатқан жау әскерін қоршап алып, күтпеген шабуыл бастады. Тұғырыл хан әскері қатты қарсылық көрсеткеніне қарамастан, толықтай талқандалды. Уан хан мен оның ұлы Сенге жараланып, аздаған адаммен қашып құтылды. Ал керей ұлысын Тэмучин өз жұртына қосып алды.
1203 жылы күзде Керей мемлекетінің ордасын ойрандаған Шыңғыс оның елінен қолға түскен Тұғырылдың інісі Жақай-Қамбының бойжетіп отырған қызы Ибағатты өзі алып, сіңлісі Сорқақтанды баласы Төлеге берді де, әкесі Жақай-Қамбыны "арбаның бір дөңгелегіндей тірегіміз болып жүр, өз басыңа азаттық бердім" деді. Тұғырыл хан найманға қашып бара жатып, қарауыл басы Қорсаубештің қолына түсіп ажал құшса, Сенгенді атқосшысы Көкешім бетпақ далаға жаяу тастап кетті. Ол Шыңғысқа Сенгенді ен далаға тентіретіп жаяу тастап кеткенін айтып куанышты хабар жеткізгенде "хан иесіне қас қылған қараша ешқашан ешкімге де дос болмас" деп басын алдырады да, керісінше Сенгеннің сусын ішетін алтын тостағанын тастатқан әйелін азат етеді.
Даладағы ең куатты ұлыс керейлерді талқандағаннан кейін монғолдар, шын мәнінде, сол өлкенің нағыз қожайынына айналды. Даладағы бүкіл көшпенділерді біріктіру үшін Тэмучинге енді қалған екі ұлысты /наймандар мен ұйғырларды/ өзіне бағындырып қосып алу керек болды. Бұл екі ұлыс даладағы ең қуатты әрі мәдениеті жағынан басқаларға қарағанда көш ілгері тұрған ұлыстар болатын. Сондықтан олармен соғысуға Тэмучин мұқият дайындалды. Ол Уан ханды талқандағаннан кейін үш жыл бойы әскерді тынықтырып, болашақ ұрысқа дайындала бастады. Екі ұлыстың ішінде, әсіресе, наймандар сол кезеңде өзінің ең күшейген, дамыған шағында еді. Тэмучин өз адамдарын найман ұлысына барлауға жіберіп, оларды жан-жақты зерттеді. Сонан соң соғысуға сылтау іздей бастады. Бұл сылтау коп ұзамай-ақ табыла кетті. Найман ұлысының билеушісі Таян хан 1204 жылы монғолдарға қарсы бірлесіп соғысу жөнінде Ұлы Қытай қорғанының іргесінде мекендейтін онғұттарға елшілік жіберді. Парсы жылнамасында көрсетілгендей, ол онғұт билеушісіне мынадай мазмұнда хат жолдады: "Менің естуімше, бұл өңірде Шыңғыс хан деген патша пайда болыпты. Менің білетінім: көкте ай мен күн кезек-кезек өмір сүреді. Ал жерде қалайша екі патша болуы мүмкін? Сен менің оң қолым бол және әскеріме көмектес. Біз оның хандығын тартып алайық"13.
Бірақ онғұт әміршісі Ала-күш айдаладағы Таян ханнан гөрі жақындағы Шыңғыс ханға көбірек сенді. Сондықтан бұл хатты өз қолымен оған әкеліп тапсырды. Монғолдар дереу құрылтай шақырып, наймандарға қарсы жорыққа аттану керек деп шешісті. Жорыкқа қажеттінің бәрі алдын-ала дайындалып қойылған болатын. 1204 жылы 16 маусым күні Шыңғыс хан тікелей өз басшылығымен Алтай тауын мекендейтін найман ұлысына күйрете соққы берді. Әскердің орталық бөлігін өзінің туған інісі Жошы-Хасар басқарды.
1204
жылғы соғыста Таян хан мен
оның баласы Күшілік
Тайталасқан тайпалар бас-басына билік құрып, қырқысқан көшпелілер әулеті бір орталыққа бағынып, елдікке қолы жетуі Шыңғыс ханның тарих алдындағы қайталанбас ерлігі. Бұл, әрине, ілгерілеушілік, айрықша маңызды бетбұрыс.
Наймандар талқандалғаннан кейін Шыңғыс хан солтүстік пен батыстағы ұсақ тайпаларды талқандау үшін жан-жаққа әскери жасақтар жіберді. 1205 жылы ол Батыстағы ұсақ тайпаларды бағындыру үшін әрі Таян ханның ұлдарын ұстап әкелу үшін Сүбедей бастаған әскер аттандырды.
Шыңғыс ханның басқалардан бір ерекшелігі — ол дұшпанын тек талқандап қана қоймай, түбіне жеткенше тыным таппайтын, кез келген істі ақырына дейін жеткізіп тынатын. Наймандар талқандалғаннан кейін Жамухаға тығылатын ешқандай жер қалмады. Сондықтан ол өз маңайына бір топ қарақшыларды топтастырып, өзі солардың атаманына айналды. Алайда ол қарақшылар оның өзін Шыңғыс ханға ұстап әкеліп берді. Ақсүйектер заңын қатты құрметтейтін Шыңғыс қарақшыларды түгелдей өлім жазасына бұйырып, Жамуханың өзіне кешірім жасады. Алайда Жамуха монғол салты бойынша одан өзінің қан шығармай өлуіне бөгет болмауын өтінді. Өтініш қанағаттандырылғаннан кейін, Шыңғыс хан өзінің негізгі бәсекелесінің жаназасын салтанатты түрде өткізді.
1190—1206
ж.ж. Орталық Азиядағы
Кейіннен наймандардың бір бөлігі Шығыс Қазақстаннан Жетісуға қоныс аударып, Сырдарияның бойына дейін жетті. Ал керейлер Батысқа қарай кетіп, Еділ бойына дейін жетті де, енді бір бөлігі Солтүстік Қазақстанды мекендеп қалды. Кейіннен бұл екі ұлыс та осы өңірлердегі қазақ халқының қалыптасуына түп қазық болды. Сөйтіп бұл өз заманына сай алға басушылық фактор болды. Сонымен Тэмучин ханның керей, найман меркіттерді монғолдарға бағындыру жөніндегі алдына қойған бірінші мақсаты орындалды.
1207—1208
жылдардың қысында Шыңғыс
1205 жылы монғолдар Таңғұт мемлекетіне /Батыс Қытайға/ сәтсіз жорық жасады. Бұл елге келесі жорық кейінге қалдырылды. 1207 жылы Шыңғыс хан Батысқа шегініп кеткен наймандарға Жебе мен Сүбедейді жіберіп, бұл жорық та көздеген мақсатына жете алмады. Олар осының алдында ғана қырғыздарды талқандаған Ұйғыр хандығын бағындырып келді.
Даланы мекендейтін барлық тайпалар бағындырылғаннан кейін, монғолдар Алтайдағы Қытай қорғанына дейін ұланғайыр аймақты бір өздері биледі. Бұл өңірді мекендеген тайпалар ежелгі түркі мемлекеті құлағаннан кейін, тұңғыш рет бір орталыққа бірікті. Сөйтіп Шыңғыс ханның көшпенділерді бір орталыққа бағындыру жөніндегі алдына қойған бірінші мақсаты орындалды.
Алтайдан Ұлы Қытай қорғанына дейінгі өңір, негізінен, шөл және шөлейтті аймақтардан тұратын. Бұл далада халық өте сирек қоныстанған болатын. Әрбір ру, тайпа өз қалауынша ешкімге бағынбай, еркін өмір сүретін. Бұларды бір орталыққа бағындыру Шыңғыс ханның өте мықты ұйымдастырушы мемлекет қайраткері, аса талантты қолбасшы болғандығын көрсетеді.
Әйгілі
саяхатшы Марко Поло Шыңғыс хан өмірінің
осы кезеңін былайша
Ұлы даладағы билік үшін жиырма жылға созылған қиян-кескі шайқастарда Шыңғыс хан өз жауларының бытыраңқылығы мен ала ауыздығын шебер пайдалана отырып, оларды бір-біріне қоспай, жеке-жеке талқандады. Ол қарсыласқандарға садақ атып, тізе бүккендерге табақ сыйлады. Оған жан аямай қарсылық көрсеткен Тоқтабек, Жамуха, Бұйрық, Таян хандар қан майданда қазаға ұшырады. Өз еркімен берілген Үйсін қарт пен Көкше бақсыға төрден орын берілді. Жалайыр тайпасынан шыққан Мукалыны гоуаң /мемлекет әмірі/ етіп тағайындады. 1204 жылы тұтқынға түскен найман ханының бас уәзірі Тататонды хатшылық қызметке тағайындап, наймандардың ел басқару ережесін, жазу мәдениетін бұған дейін найман, керей меркіттер қолданған ұйғыр жазуын қабылдады. Монғол әскері Жетісуға келгенде, өз еркімен ел болған арғын /қарлық/ Арыстан ханға /Балқаш көлінің шығысындағы Қиялық қаласын билеген/ Шыңғыс хан өз қызы Алқа бикені атастырды.
Іле алабындағы Алмалық қаласында тұрып Жетісуды билеген қаңлы тайпасының ұлыс бегі Тұғырыл мен оның ұлы Сунак тегін өз әскерлерімен монғолдарға қосылғанда, Шыңғыс хан Жошының үлкен қызы Бикені Сунак тегінге қосты. Сөйтіп Шыңғыс хан Жоңғария, Жетісуда тұрған найман, үйсін, арғын /қарлық/ қазіргі қазақ халқының бір бөлігі Шыңғыс хан мемлекетіне өз еріктерімен қосылды, сөйтіп оның Батысқа жасаған жорықтарында шешуші рөл атқарды.
1206
жылы көктемде /барыс жылы/ Онон
өзенінің жоғарғы жағында
Сөйтіп Шыңғыс хан ежелгі түркі дәстүрі бойынша хаған /хахан/ атанды. Құрылтай оған арнайы басылған мөр тапсырды. Онда төмендегідей жазулар ойылып жазылды: "Аспан тәңірінің жерді билеушілерге жіберген хағаны. Адамзамат билеушісінің мөрі". Құрылтайда Шыңғыс хан мынадай сөздер айтты: "Көк тәңірі маған барлық халықтардың үстінен билеуге әмір берді. Тәңірінің қалауымен мен керейлерді талқандап, ұлылық дәрежеге жеттім. Менің сөздерім — көк тәңірінің сөзі. Менің тоғыз шашақты ақ туымды ұрпақтарым қадірлеп сақтасын. Бұл ту оларды әлемді билеу үшін жеңісті жорықтарға бастайды"18. Бұған қоса құрылтай кезінде өзінің жақын серіктері мен тайпа көсемдеріне әртүрлі сыйлықтар тапсырып, түрлі қызметтерге тағайындады. 95 қолбасыға мыңбасы атағын беру жөнінде арнайы жарлық шығарды. Тек өзінің жақын досы Бұғыршы ноянға кезек келгенде: "Оның дәрежесі барлық мыңбасылар мен нояндардан жоғары, тек ханнан төмен, оған атақ не керек", — деді19.